Білім жүйесінде оқушыларға скаффолдинг әдісін пайдалана отырып, тәжірибе жүргізу


Білім жүйесінде оқушыларға скаффолдинг (әдісін) пайдалана отырып, тәжірибе жүргізу
Аннотация
Бұл мақалада Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама білім жүйесіндегі алдыңғы қатардағы Сингапур, Финляндия, Ұлыбритания сынды мемлекеттердің озық модельдеріне сүйене отырып, білім жүйесін реформалау болып табылады.
Көптілді оқыту - жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Еліміздегі жүріп жатқан өзгерістердің мәнін пайымдау бәрінен бұрын жастарды тәрбиелеп отырған ұстаздарға үлкен міндет жүктейді.
Аннотация
В статье Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011-2020 годы направлена на реформирование системы образования на основе передовых моделей ведущих стран в системе образования, таких как Сингапур, Финляндия, Великобритания.
Сегодня многоязычное образование - важнейшая потребность, позволяющая подрастающему поколению свободно летать в образовательном пространстве, познавать тайны мировой науки и проявлять свои способности. Понимание сути происходящих в стране изменений, прежде всего, возлагает большую ответственность на учителей, воспитывающих молодежь.
Аnnotation
In this article, the state program of education development of the Republic of Kazakhstan for 2011-2020 is to reform the education system based on the advanced models of the leading countries in the education system, such as Singapore, Finland, Great Britain.
Multilingual education is the most important need today, which allows the younger generation to fly freely in the educational space, to explore the mysteries of world science and to show their abilities. Understanding the essence of the changes taking place in the country, above all, imposes a great responsibility on teachers who educate young people.
Скаффолдинг дегеніміз - адамдар немесе материалдар көрсететін қолдау. Сол қолдау арқылы оқушы өз бетінше қолжеткізе алмайтын дүниеге қол жеткізе алады. Әрдайым сыни тұрғыдан ойлауға қолдау көрсетеді. Бұл қолдау оқуды жеңілдету дегенді білдірмейді, керісінше скаффолдинг оқушыға өзінің Жақын даму аймағында қалуына көмектеседі.
Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Халқына Жолдауында: “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінде айтқандай, әлемдік кеңістікке енуде ағылшын тілінің маңызы зор.
Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру - жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады.
Скаффолдинг - оқыту үрдісінде кең қолданылатын стратегиялардың бірі. Бұл мәлімдемеде көтерілетін сұрақтардың көбі оқу бағдарламалары мазмұны үшін маңызды болып табылады. Қазақстанда қолданылатын «қорғалған» стратегиялардың бірі тіл мен пәнді кіріктіріп оқыту болып табылады.
Сөздік қорды ұлғайтады
Жергілікті мұғалімдердің ағылшын тілі білімін дамытады
Оқушылардың дербестігін нығайтады CLIL-ды орта мектептерде қолдану мүмкіндігі:
4. Қажетті әдіс
Ертерек бастау қажеттілігі
CLIL көзделген тілмен жұмыс жасауға мүмкіндік береді
CLIL ағылшын тілі білімін дамытады
CLIL жоғарғы деңгейде ойлауды дамытады
Бүгінгі күні кіріктірілген оқу бағдарламасын Қазақстанда бірқатар мектептер қолданып отыр. Нақтырақ айтсақ, кейбір мектептерде Қазақстан тарихы, география, құқық негіздері пәндері қазақ тілінде, ал математика, биология, информатика, химия, физика пәндері ағылшын тілінде оқытылып жүр. Әрине, әдістің тиімділігін бірден айту қиынға соғады, себебі бұл бір емес, бірнеше жылдың жемісі. Ең алдымен, бұл әдіс оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттырып, өз мәдениетін бағалап, басқа мәдениеттерді құрметтеуге үйретеді. Оқушылардан бірден екінші тілде сөйлеп кетеді дегенді күтпеңіздер. Уақыт өте келе, тапсырмаларды жеңілден күрделіге қарай бағыттауды қолданыңыз. Оқушылар «мен бұл тілді меңгере алмаймын» - деген ойда болмау керек. Скаффолдинг тапсырмалары арқасында оқушылар тілді базалық қарым-қатынас дағдысынан (BICS) академиялық тіл білу дағдысына (CALP) біртіндеп көшеді. Бастапқы кезде оқушылар ауызекі сөйлеу тілінде грамматикалық қателер жіберіп жататын болады, бірақ бұл қателердің барлығын түзетіп, оқушыдардың ойын бөлмеңіз. Олар сұрақты бірінші тілде қойса, сіздер екінші тілде жауап беруге тырысыңыз. Ең басты қағидат, ол оқушылардың меңгерген дағдысын өмірде қолдана білу. Сабақтың жоспарын құрған кезде, оқушыларға қоршаған ортада болып жатқан жағдаяттарды ұсынған жөн болар. Сонымен қатар, оқушылармен топта, жұпта жұмыс жасағанды дағдыланыңыз, себебі олар бір-бірін үйрету, жетелеу арқылы тілді тез меңгере алады. Оқушылар көбінесе екінші тілде жауап беруге қиналатын кезде, мұғалімдер сөздердің аудармасын өздері айтып жатады. Бұл дұрыс емес, оқушылар берілген сөзді білмей жатса, оған сыныптастары көмектесе алады немесе мәтінді түсінбеген жағдайда мұғалімнен гөрі жанындағы досының түсіндіруі екі оқушыға да пайдасын әкеледі. Себебі оқушылар әр сөзді ой иелігінен өткізген жағдайда ғана келесі жолы оның аудармасын ұмытпай айтатын болады. Екінші тілде күнделікті қарым-қатынас үлкен жетістіктер әкеледі. Сабақта мұғалім оқушылармен қарапайым тілде сөйлеп, ойлануға көп уақыт берген жөн болар. Аудармасын бірден айта салмай, оны ым-ишара түрінде немесе суретін көрсету арқылы көрсеткен кезде, оқушылар оны тез есте сақтайтын болады. Оқушыларға ой еркіндігін беріп, көбірек сөйлетуді үйрету керек.
Қазіргі таңда пән мен тілді кіріктіріп оқытуда көптеген стратегияларды ұсынуға болады. Солардың ішінде "Скаффолдинг" (мәтіндік тапсырманың бейімделу әдістері), Топтық оқыту (Теam teaching), Translanguage және т. б.
Екінші тілді оқыту төрт дағдыға негізделеді. Тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым.
Тыңдалымға негізделген тапсырмалардың өте көп түрлері бар. Мысалы, тыңдалым мәтінін бірінші тілде тыңдап, оны екінші тілде айтып беру. Бұл тапсырма оқушылардың ақпаратты бір тілде тыңдап, оны екінші тілде айтуға дағдыландырады. Сонымен қатар тез ойлап, ақпаратты жүйелі, мазмұнды жеткізуге жетелейді. Тыңдалған мәтіннің негізгі ақпаратын қосымша ақпараттан бөліп алып, оны өзінше айтуға дағдыланады. Осы тыңдалым тапсырмасы негізінде оқушыларға кесте, диаграмма, комикс немесе ментальді картаны жасауға болады. Ол тыңдалған ақпараттан кілтті сөздерін іріктеп алып, оларды дұрыс топтастыруға үйретеді.
"Шын" және "Жалған" тапсырмасы.
Оқылым дағдысына негізделген тапсырмалардың бірі - ол перифраз. Яғни, оқушыға берілген бір сөйлемдерді өз сөзімен қайта жазу. Бұл тапсырма оқушылардың сөйлемді қаншалықты түсінгендігін айқындайды, сонымен қатар екінші тілде сөйлемдерді грамматикалық тұрғыдан дұрыс құрастыруға үйретеді.
Оқушылардан күтілетін нәтижелер:
FILA кестесі.
FILA кестесін толтырмас бұрын оқушылар топ ішінде ең алдымын мәтінді жан-жақты талқылап алуы тиіс. Содан кейін ғана кестені толтыруға кіріседі. Бұл кесте оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытып, проблемадан шығу жолдарын қарастырады. Берілген тапсырманың басты мақсаты - ол бірлескен жұмыста мәселені шешуді жеңілдету және қиын тұстарда ортақ пікірге келуге мүмкіндік беру.
І
(мәтіннің идеясы)
Жазылым дағдысы негізінде анализ жасау, пікір, хат, эссе және т. б. тапсырмаларды қолдануға болады. Сонымен қатар сюжетті суреттерді пайдалану арқылы оқушылар тарапынан креативті жұмыстар орындалады. Мысалы: "Берілген суретті пайдаланып, достарыңы хат жаз немесе блогқа ақпарат жаз" - деген тапсырмаларды беруге болады. Кез-келген жазба жұмысын орындау кезінде оқушы жазба жұмысының стилін сақтауды ұмытпау керек. Егер ол хат болса, хат жазу үлгісін, егер мінездеме болатын болса, ресми іс-қағаздар стилін және т. б.
Жазба жұмыстарының ішінде ерекше орын алатын тапсырмалардың бірі ол эссе жазу. Эссе жазудың өзіндік жүйесі бар. Ол тезис, тезиске сай аргументтерді келтіру, қажет болған жағдайда қарама-қарсы аргументтерді келтіру, себеп, ұсыныс және қорытынды. Көп адамдар эссе мен шығарманың аражігін түсіне бермейді. Дегенмен бұл екеуі бір-біріне ұқсамайтын дүниелер. Эссе жазған кезде автордың позициясы, проблеманы ашу, түйін шығару деген мәселелер алдыңғы қатарда болу керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz