Түркияның кітапхана саласы


Түркияның кітапхана саласы
Түркиядаңы бірнеше кітапханаға мән берсек:
Артвин Чорух кітапханасы
Артвин Чорух университетіне қарасты бұл кітапхана заманауи стильде салынған Түркиядағы алғашқы кітапхана болып саналады. Кітапхананың дизайны үстел үстінде жинақталған үш кітаптың қалпы ерекше көзге тартымды көрінеді. Құрылысы 2015 жылы басталған кітапхана 2018 жылдың наурыз айында ашылып, халық игілігіне берілді. Ғимаратқа 12 млн. түрік лирасы жұмсалған. Кітапхана университет студенттері мен ғылыми қызметкерлерге қызмет көрсетіп келеді. Кітапханада 37 мыңнан аса баспа материал бар. Сондай-ақ, 53492 электронды журнал, 4. 163. 792 электронды кітап, 4. 151. 418 халықаралық диссертация жұмысы, жүздеген елден 3597 газет және 3894 танымал журнал бар. 30-дан астам түрлі тіл үйренушілерге арналған онлайн бағдарламасы да қызмет көрсетеді.
«Чанкыры Ұшақ кітапханасы»
Чанкыры қалалық муниципалитеті жобасының бірі - әлемдегі алғашқы балалар «Ұшақ кітапханаcы» халықтың игілігіне ұсынылды. Чанкыры муниципалитетінің мэрі Ирфан Динчтің айтуынша, балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға баулып, қабілетін арттыру үшін бағытталған жоба аясында жүзеге асқан бұл кітапхана - ұшу қолданысы аяқталған, жарамсыз Airbus A 300 типті ұшағы бөлшек-бөлшек түрінде 5 жүк көлігі арқылы Ыстамбұлдан Чанкырыға әкелінген. Осылайша, әуежайы жоқ Чанкыры алып бір жолаушылар ұшағына «ие болды». Режеп Тәйіп Ердоған атындағы саябақтың жоғарғы қыратты бөлігінде орналасқан. Әрі қаланың маңызды нүктесінде бөлшектері құрастырылып жиналған осы алғашқы «Ұшақ кітапхана» қаланың ажарын ашып, ерекше сән беріп тұр. Балалар мен жасөспірімдер асыға күткен «Ұшақ кітапхана» чанкырылықтар мен қонақтарға 2016 жылдың 24 қыркүйегінде ашылған.
Барбарос кітапханасы
Бахчешехир университетіне қарасты «Барбарос кітапханасына» аптаның әр күні барып кітап оқуыңызға болады. «Ыстамбұлдың жүрегінде» ұранымен жар салған Бахчешехир (Бақшашаһар) университетінің бір бөлшегі Барбарос кітапханасы 1999 жылдың 11-қыркүйегінде, яғни университеттің ашылуымен бірге қызмет көрсете бастады. Кітапхана - Бахчешехир университетінің ғылыми-зерттеу бағдарламаларын қолдаумен қатар пайдаланушыларға дұрыс әрі жылдам ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Кітапхана мақсаты - университеттің академиялық ақпарат қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барлық ғылыми зерттеулер мен іс-шараларға қолдау көрсету және қол жетімділікті қамтамасыз ету. «Барбарос кітапханасынасы» мінсіз құрылымы, жылдамдығы, жабдықтары, нәтижелікке бағытталған қызметкерлері және технологиялық құралдары арқылы ақпаратқа қол жеткізуде тиімді жұмыс істеуді мақсат етеді. Солтүстік кампуста кітапхананың жұмыс уақыты Орталық кітапхана сияқты бірдей. Гөзтепе Медициналық факультеті кітапханамыз бен Medical Park аурухана кітапханасы «24/7» тәулік бойы жұмыс істейді.
Чанкая муниципалитеті Тазалықшы қызметкерлер кітапханасы
Көптеген адамның істегісі келмейтін бір істі жасап, қала көшелерін таза болуын қамтамасыз ететін тазалықшы қызметкерлер - ерекше әрі қайырлы бір іспен айналысып жатыр. Қалай дейсіз ғой? Тазалықшы қызметкерлер қоқыс контейнерлерінің жанына қойылған кітаптарды тастамай жинап және мұқият дезинфекциядан өткізіп кітапхана ашады.
«Чанкая муниципалитеті Тазалықшы қызметкерлер кітапханасы» 2016 жылдың мамыр айында Түркияның астанасы - Анкарада ашылған. 5 жарым млн. -нан астам халқы бар Анкара қаласында 15 аудан бар. Халқы жөнінен ең көп аудан Чанкая муниципалитеті болып саналады. Чанкая муниципалитетінде іске асқан және орындалып жатқан 150-ден аса жоба бар. Солардың бірі - «Чанкая муниципалитеті Тазалықшы қызметкерлер кітапханасы». Бұл кітапхана 1970-жылдарда салынған фабрика ғимаратында орын тепкен. Кітапхананың ашылуы жайлы жергілікті және шетелдік баспасөзде жарияланған. Ашылған кезінде аталмыш кітапханада 3 мыңнан аса кітап болса, қазір 25 мыңнан астам кітап жинақталған.
Энциклопедия, роман, тұлғалық даму кітаптары сияқты сан алуан кітаптардан құралған кітапхананың оқырмандары - әзірге тазалықшы жұмысшылар. Олар демалыс сағаттары кезінде қалаған кітабын оқуға және шахмат та ойнауға, қаласа кітапты үйге алып оқуларына болады. Сондай-ақ, қызметкерлердің балалары да өздеріне арналған «Балалар кітаптары» бөлімінен қалағанынша қолдана алады. Аталмыш кітапхананың дүйім жұртқа есігі ашық екенін білдірген құрылыс саласы қызметкерлері жиналған кітаптарды ауыл және аудан мектептеріне тарату үшін «сапар» көлігін ұйымдастырған. Атап айтар болсақ, әлем әдебиеті, түрік әдебиеті, саясат, тұлғалық даму сияқты 17 саладағы түрлі кітаптар. Жұмысшылар қоқыс контейнері көлігін реставрация жасап, оны «жылжымалы кітапханаға» айналдырған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz