1960-2000 жылдардағы қазақ әдебиетінің даму ерекшеліктері: жанрлық жаңалықтар мен прозаның трансформациясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Тәуелсіздік жылдардағы әдебиет пәнінің мақсат-міндеттері

1960-2000 жылдар аралығында әдебиеттің барлық жанрында айтарлықтай жаңалықтар болды. Халқымыздың әдебиетке деген ынта - ықыласы өсті. Абай армандаған көкірегі шұғыла шашқан сауатты да, білімді оқушы өмірге келді.

Әдебиеттің саны ғана емес, сапасы да құнарланды. Көпшілік шын өнердің шынайы қасиетін түсінді. Сөз өнерінің тақырыбы шексіз байып, шыншыл сипаты тереңдеп, шеберлік әлемінде жаңа леп байқалды. Роман мен әңгіме, хикаяттың, лирика мен поэманың, драма мен сынның ішкі құнарындағы өзгеріс жанрлар арасын жақындата түсті.

1960-2000 - жылдары әдебиетімізде қандай өзгеріс -жаңалықтар болды, туындылардың өзіндің сипаты қандай еді? Соңғы ширек ғасыр ішінде әдебиетіміз дүние жүзі мәдениетінің жетістік жемісін бойына сіңіре отырып, көркейді, әлемдік эстетика мен көркем ойда айтарлықтай дамыды. Қазір туған әдебиетімізге жұмыр жердегі барлық құбылыс, барша тартыс-күрес тартылыс болып отыр. Көркем шығарманың азаматтық әуені артып, көркемдік қуаты өсті.

Бұл саладағы жаңаша ізденістің бір үлгісін Мұхтар Әуезов көрсетті. Ол «Өскен өркен» (1962) романы арқылы бүгінгі күн тақырыбын игеруде өзгеше ізденіс танытты. Әдебиетте өз замандастарының бейнесін этикалық түрде бейнелеуді ойлаған жазушы өмірінің соңғы кезінде республиканы көп аралап, еңбек адамдарымен танысып, өмір сырына ой жібере қарады. «Өскен өркенде» ол Қазақстандағы бүгінгі мал шаруашылығының жайы және онда еңбек етіп жүрген адамдар тағдырын суреттеуді мақсат ете отырып, сонымен байланысты моральдык-этикалық, ұлттық дәстүрлер мен олардың жаңаруы, салт-санадағы ескі ұғымдар мен өзгерістер, жаңа адамды тәрбиелеу мәселелері тәрізді көптеген проблемаларды қозғады.

Көркем прозадағы шағын жаңалықтарын кең ашып, адамдардың өсу жолының күрделілігін көрсету, сол арқылы дәуір ерекшеліктерін диалектикалық тұрғыда танытудағы осы бастама Т. Ахтановтың «Боран» (1963) романында жақсы қолдау тапты. Жазушы онда күресте шыныққан, бойында рухани қуаты мол, моральдық сапасы биік еңбек адамының жаңа бейнесін жасады. Шығарманың сюжеттік желісінде ұзақ сонар баяндау жоқ. Онда шопан Қоспанның малымен ақ түтек боран астында қалып, бір отар қойды қалай аман алып қалу жолындағы арпалысы суреттеледі. Сол арқылы Тахауи Қоспан тағдырына, оның ішкі сырына, ол бастан кешкен дәуірдің өзгешеліктеріне үңіледі. Боранмен алыса жүріп, өз басынан кешкен өмір белестерін еске алады, терең ойға батады. Шығарма композициясын ұстап, тұтастырып тұрған да осы ойлар, қаһарманның ішкі монологы.

1984 жылы жарық көріп, баспасөзде лайықты бағалана бастаған мағыналы бір роман Төлен Әбдіковтің «Өлі арасы». Қазан революциясы жеңісінен кейін де, талай жылдардың жүзі туыстық-жекжаттық, руластық ата-тек дәстүрімен ең даладан рыздығын суырпақтап тартқан арқалық өңірдің қоңырқай тіршілігіне өзгеше өң беріп, санадағы ғасырлар бойы орныққан дағдылы ұғым- сенімдердің бәрін қайта саралауға, екшеп-елеуге мәжбүр етер жаңа заман құбылысының ерте ме, кеш пе әйтеуір түбегейлі шешімін табуға тиіс күрмеуі қиын, күрделі мәселелері аз емес еді.

З. Қабдоловтың «Жебе» (1977), «Арна» (1988), Ш. Елеукеновтың «Замандас парасаты» (1977), Н. Ғабдуллиннің «Уақыт сыры» (1981), С. Сейтовтің «Өмір өрнектері» (1969), Қ. Нұрмахановтың «Дәстүрлі достық» (1973), «Тоғысқан толқындар» (1974), «Өлең өлкесінде» (1974), Ә. Жамішевтің «Кезең кестелері» (1984), «Биік мәртебе» (1974) атты сын кітаптары өз дәуіріндегі әдеби процесте елеулі оқиға болды. Оларда қазақ әдебиеті дамуының негізгі мәселелері сөз болды. Жеке жазушылардың шығармашылық еңбегі, басты шығармалары, әдеби үрдістің даму бағыты, жанрлардың дамуы, туысқан халықтар әдебиетінің байланысы, т. б. жайлар әдеби сын тұрғысынан бағаланды.

70 жылдары жарық көрген Ә. Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» деген романы қазақ әдебиетінің проза жанрында жарық көрген шоқтығы биік туындылардың бірі. Ә. Нұршайықовқа жазған хатында Мұзафар Әлімбаев былай дейді: «Махаббат, қызық мол жылдар» деген тұңғыш романыңды мен бүгін, 1970 жылы 6 ақпан күні, түнгі 2. 35-те оқып бітірдім. Суынбай тұрып, ыстық күйімде айтам; шарап бермей масайттың, жиырма бес жасқа жасарттың!» Осы жазған сөздерінен романның қандай әсерлі екенін аңғаруға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1960-2000 жылдардағы қазақ әңгімелеріндегі тартыс табиғаты
1960-1990 жылдардағы қазақ әдебиетінің жандануына үлес қосқан ақындардың хронологиясы
XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму бағыттары мен жанрлық жаңашылдықтары
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тақырыптық, жанрлық және көркемдік ерекшеліктері
Қазіргі қазақ повесінің жанрлық-теориялық мәселелері мен көркемдік ерекшеліктері (2000-2006 жылдар)
Халық ауыз әдебиеті мен қазақ жазба әдебиетінің тарихи-жанрлық ерекшеліктері
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму ерекшеліктері
Қазіргі қазақ прозасындағы рухани құндылықтар (1960-2000 жж.): мазмұндық және көркемдік талдау
Қазақ әдебиетінде психологизм, тарихи тақырып және қазіргі прозаның тақырыптық-жанрлық ізденістері
1956-1990 жылдардағы қазақ әдебиетінің даму кезеңдері мен негізгі үрдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz