Отбасымен, жасөспірімдермен және жастармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізу
Отбасымен, жасөспірімдермен және жастармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізу. Халықтың әр түрлі әлеуметтік-демографиялық топтарымен (балалар, девиантты тәртіпті жасөспірімдер, әйелдер т.б.) әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізу ерекшеліктерін анықтау. Жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау жалпыадамзаттық проблема ретінде. Бала құқықтарын қорғайтын нормативтік құжаттар. Әлеуметтік педагогтың балаларды әлеуметтік қорғаудағы рөлі. Жетім және тастанды балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізу. Қазіргі жастардың құндылықтары, олардың әлеуметтік проблемалары.
Девианттық тәртіп, оның себептері мен формалары. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік көмек көрсету.
Отбасы барынша әмбебап, бәрін қамтитын әлеуметтік институт бола отырып, іс жүзінде барлық әлеуметтік мәселелерді бейнелейді. Олар:
* аз қамтылғандық;
* әлеуметтік дезадаптация;
* мүгедектер мен көп балалар қиындығы;
* босқындар жағдайының спецификалығы;
* балалар мен әйелдерде зорлық көрсету және т.б.
Әлеуметтік жұмыскердің міндеті - осындай отбасыларға көмек көрсету. Сонымен қатар әлеуметтік жұмыскерді отбасылардың әр түрлі типтерімен, әр түрлі этникалық және діни дәстүрлері бар мәдени ұқсас емес қабаттарымен, клиенттердің максималды шиеленіскен мәселелерімен, әлеуметтік қысым көрген, фрустрацияланған адамдармен жұмыс күтіп тұрғандығын ұмытпау керек. Кез келген отбасымен, әсіресе эмоционалды климаты қанағаттандырарлық емес, конфликтті болса, әдетте, ерлі-зайыптылардың біреуінің арызы бойынша, кейде отбасылық қысымның кері психологиялық салдарының бала денсаулығына әсер етуін белгілейтін әлеуметтік педагог немесе балалар дәрігерінің ұсынысымен әлеуметтік жұмыс жүргізіледі. Мұндай отбасылармен әлеуметтік жұмыс отбасылық мәселені мұқият зерттеуден, ерлі-зайыпты тұлғалармен және олардың отбасылық және некелік ұстанымдарымен жақынырақ танысудан басталады.
Истерия, психоастения сияқты тұлғаның негативті ерекшеліктері өзара қарым-қатынасты бұзуға себепші болуы мүмкін. Отбасы-некелік ұстанымдардағы маңызды айырмашылықтар ұзақ уақыт бойы білінбеуі мүмкін, алайда өзгеріс сәттерінде ерлі-зайыптылар отбасының әр түрлі модельдерін ұстанатындығы, бала тәрбиесінде эмоционалдық, тұрмыстық, қаржылық және т.б. өзара қарым-қатынастарда әр түрлі көзқараста екендігі белгілі болды. Сәйкесінше мұндай ситуацияларда отбасылық терапия мәдени-мағыналық сферада компромисс табуды, әлеуметтік-психологиялық стереотиптерді коррекциялауды, конфликтке жол бермейтін жүріс-тұрыс дағдыларын үйретуі тиіс.
Отбасындағы күш көрсету - ол жиілігі арта түсіп, қайталанып отыратын цикл. Оған бақылау мақсатындағы тәндік, ауызша, рухани және экономикалық жәбірлеулер, қорқыту, үрей сезімінің билеп алуы жатады. Мұнда біреудің өзге адамның жүріс-тұрысы мен сезімін бақылауы немесе бақылауға ұмтылуы деген сөз. Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық жәбірлеуші мен жәбір көруші арасындағы табиғи қарым-қатынасты анықтайтын арнаулы категориядан, сондай-ақ олардың өмір сүру жағдайларынан тұрады. Мысалы: балаларға қатал қарау, жұбайына немесе құрбысына қарсы бағытталған зорлық-зомбылық қарсы күш көрсету. Үй-ішілік күш көрсету - бұл тәндік қатыгездік пен жыныстық зорлық-зомбылық, отбасы бюджетін бөлудегі әйел құқықтарының қысымшылыққа ұшырауы, репродуктивті құқықтарынан қысым көруі деген сөз. Үй ішіндегі зорлық-зомбылық жағдайлары жалпы үй шаруашылығын жүргізуші отбасылық ортада немесе адамдар арасындағы орын алады. Бір адам өзге біреулерді моральдық немесе тәндік мәжбүрлеу жолымен өзіне бағындырып алады. Отбасылық зорлық-зомбылықтың шегі болмайды. Ондай жағдайлар ері мен әйелі арасында, бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында, отбасының ересек мүшелері мен балалар арасында, балалар мен олардың биологиялық ата-аналарының бірінің жаңа жұбайлар арасында, ата-аналар мен асырап алған балалар арасында, бір ауыз сөзбен айтқанда кез келген отбасылық ортада бола береді. Алайда, әйел құқықтары саласында халықаралық құқықтардың ажырамас бір бөлігі болып саналады. Әйелдерге қатысты күш көрсету адам құқықтарының бұзылуы деген сөз, сондықтан да зорлық-зомбылыққа қарсы күресу үшін, тіпті отбасылық ортада болса да үкімет пен мемлекеттік органдар тиісті шаралар қабылдауы қажет. Мұндай жұмыс индивидуалды әңгіме немесе интервью жолымен, топтық психотерапия немесе ойын терапиясы арқылы жүргізіледі. Белсенді қолданатын әдістемелер қатарына иә терапиясы деп аталатын - аутодиагностикалық және психокоррекциялық әдістеме жатады. Оның көмегімен конфликттегі ерлі-зайыптылар бір-біріне деген эмоционалды-психикалық негативті қарым-қатынасын рационализациялайды. Оны жүзеге асыру барысында ерлі-зайыптылардың бір-бірімен қарым-қатынасының әр түрлі жақтарына қатысты нақты қалыптастырылған сұрақтарға ия немесе жоқ, деп жауап беру ұсынылады. Оңды немесе кері жауаптарды баланстау нәтижесінде жауап беруші ерлі-зайыптылардың біреуі екіншісін кінәлаудан бас тартуымен қатар, оған қатысты шынымен қатынасын жақсартқысы келеді ме, әлде ситуация ажырасуға, қарым-қатынастың үзілуіне алып келе жатыр ма деген сауалдарға өзінің шынайы жауабын, тілегін анықтайды. Диагностикалық әдістемелердің біреуіне батыста кеңінен қолданатын әдіс болып табылатын мүсіндік топ әдісі жатады. Мұнда отбасы мүшелері композиция жасау кезінде өздерінің отбасылық қарым-қатынас туралы елестетулерін көрсетеді. Және де осы мүсіндік топтағы отбасы мүшелерінің орнын талқылағанда әр отбасы мүшесіне өзінің позициясына және олардың сәйкес келмеуіне шынайы баға береді. Отбасылық мәселені сезінудің диагностикалық қана емес, терапиялық та маңызы бар. Сондай көп жақты әдістемелердің бірі отбасының генограммасын құру болып табылады. Генограмма - бұл отбасы тарихының схемасы, ол белгілі бір тәртіппен құрылады және ата-бабалардан зерттелуші отбасыға дейін келе жатқан отбасылық өзара қарым-қатынасты зерттейді.
Әлеуметтену - индивидтің нақты қоғамға, әлеуметтік топқа тән қүндылықтарды, нормаларды, мінез-құлық үлгілерін игеріп, тұлғаға айналу процесі. Әлеуметтену бастапқы (балалық шақ, бозбалалық кезең, жастық шақ) және екінші (егде жас) болып бөлінеді. Социология ғылымы ұрының баласы қашанда ұры, ал текті ата-анадан тек бейкүнә әрі тәртіпті бала туылады деген сыңаржақ тәмсілмен келісе алмайды. Өйткені адам анасынан бірден мәдениетті болып туылмайды, тәрбиелеу, білім алу және қоғамда ғұмыр кешу процесінде ғана қалыптасады. Әлеуметтену - мәдени қасиеттер мен құндылықтарды мұралау өзгеше биологиялық емес әдіспен, яки ұрпақтан ұрпаққа тарау тетігі арқылы әлеуметтік жолмен жүзеге асады; әрбір индивид, әр жаңа ұрпақ өздері туып, өмір сүріп жатқан әлеуметтік жүйенің мәдени мұрасын игерудің өзіне тән ерекше жолынан айнымай жүріп өтеді. Осынау маңызды процесті ғылымда индивидтің әлеуметтенуі деп атайды. Әлеуметтену - тура мәнінде, жарық дүниеге келген адамзат мәдениетін игеруге бағдарланған адам баласын дамытып, өзінің тұлғалық - психологиялық ерекше қасиеттерін, сондай-ақ қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік беретін әлеуметтік тұрпаттақ, әлеуметтік маңызды қасиетерді, білім мен білікті бойына жинақтаған тең құқылы тлғаға айналдыру жолы. Сондықтан әлеуметтену дегеніміз, индивидтің әлеуметтік орамен диалектикалық (өзара) әрекеттесу процесі, осының барысында бір жағынан - адам бойындағы табиғи, психологиялық өскін жетіліп, өркендей түседі, екінші жағынан - қоғам тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, мәдениетке ұмтылдыру арқылы оған тұлғаға тән әлеуметтік мәні мол қасиеттерді сіңіреді.
А.В.Мудрик әлеуметтендіруді адамның бүкіл ғұмырында қоғам мәдениетін ұдайы өндіру мен меңгеру үрдісіндегі өз орнын алуы мен дамуы ретінде түсіндіреді.
А.И.Ковалеваның пікірінше, әлеуметтендірілген норма индивидтің қоғамға кірігуінің қалыптасқан әрі реттелген әлеуметтік механизмін көрсетеді, адамның жас мөлшері мен жеке даралық психологиялық мінезін ескерген тұлғалық дамудың бағыт алуы.
Әлеуметтену адамды жеке-дара қайталанбайтын ерекшеліктерден гөрі, типтік, топтық қалыптастыруды мақсат етеді. Типтік - бұл әлеуметтік өзара әрекеттің әралуан түрлерімен біріккен, адамдық тұлғаға қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Тұлғаның типтік мазмұны топта және тұтастай социумда бейімделуді қамтиды, белгілі бір мәдениетке жататын адамдардың өзара әрекет қалыпты өлшемдері мен өзара түсіністіктің кейбір деңгейін жалғастырады.
Әлеуметтендірудің үздіксіз үдеріс екендігі жоғарыда атап көрсетілді, әлеуметтік деңгейі жаңа әлеуметтік тәжірибені адамның меңгеру мөлшеріне қарай өзгеретіндігі айтылды. Сондықтан әлеуметтену сатыларын анықтауда зерттеушілер балалық шақ жылдармен шектелмейді, еңбекке дейінгі, еңбектегі және еңбектен кейінгі әлеуметтенуді сипаттайды.
Баланың әлеуметтену үрдісінің психологиялық мәнін сипаттай отырып, бұл үрдістің мазмұны, бір жағынан, баланың әлеуметтік тәжірибесі, тағы бір қырынан, қоғамның мәдениеті мен психологиясын анықтайтынын атап өту қажет. Тұлғаның қалыптасуын анықтай келе, әлеуметтену екі түрлі жолмен іске асады.
* жеткілікті ұйымдастырылмаған әрі бақылауға алынбаған жан-жақты әлеуметтік ықпал (отбасы, мектеп, аймық ықпалы, БАҚ әсерлері);
* әлеуметтік қалыптасудағы нәтижелері арқылы ғана байқалатын кездейсоқ туындау (өзгермелі қатынастар, көзқарастар, бағалаулар, құндылықтар).
Халықтың әр түрлі әлеуметтік-демографиялық топтарымен (балалар, девиантты тәртіпті жасөспірімдер, әйелдер т.б.) әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізу ерекшеліктерін анықтау.
Баланы әлеуметтендіруге бағытталған және баланың нақты жеке проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін іс-әрекет әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет болып табылады. Балалардың әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет дигностикалық жұмыстардың ерекше мәні мен баланың проблемаларына кешенді тұрғыда қараумен, оған педагогикалық қолдау көрсетуге, бала мен ересетер арасындағы ынтымақтастықпен, әлеуметтік ортамен өзара әрекет етумен сипатталады.
Әлеуметтену дегеніміз - үздіксіз жүретін әлеуметтік үрдіс адам туылғаннан бастап, өмірден өткенге дейін жүреді. Қоғамға қалыпты бейімделген, қалыптасқан немес жаңа әлеуметтік нормаларды игерген адам. Қоғамда тұлғалық дамуға жүйелі өмір сүруге қол жеткізеді. Әлеуметтену алғашқы реттік және екінші реттік болып бөлінеді. Алғашқы реттік әлеуметтену отбасыда жүреді. Одан кейінгі әлеуметтену балабақша, мектеп әлеуметтік ортада т.б. жалғасын табады. Негізінен әлеуметтену үдерісінің негізгі агенттеріне отбасы, білім, неке сияқты әлеуметтік институттардың әсері мол. Отбасыда алған - тәрбие білім берумекемелерінде алған - білімі және т.б. институттардан алған түрлі оң құндылықтар адамның өмір бойы дұрыс, сапалы өмір сүруінің кепілі болады. Қоғамның тұрақтылығы балансының негізгі талаптарының бірі - әлеуметтік жүйені құрайтын адамдық әлеуетті қалыптастыру. Адамдық әлеует дегеніміз - тек қана халықтың демографиялық әлеуметтік жағдайы ғана емес, сапалы әлеуметтік каптиталдың құрамдас бөлігі болып табылады. Ал қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жастардың әлеуетін арттыру және оны елдің дамуы бағытында қолдану - мемлекеттің негізгі міндеті. Ал адамдық әлеует дұрыс әлеуметтену үдерісінен өткен индивидтерде көрініс табады. Ковалева А.И. әлеуметтену нормасы үш түрлі типін көрсетеді: идиальді, нормативті, шынайы жағдай.
Әлеуметтену нормасының идеальді типі тұлғалық дамуға бағытталған қоғамдық идельдармен анықталады. Бұл - шынайы жағдайдан алыс бірақ соған жақындастырылған тип. Көбіне манфест саяси бағдарламалар т.б. құжаттарда идеологиялық немес тәрбиелеу мақсаттарында идельді тип әлеуметтенуі қолданылады. Нормативті әлеуметтену индивидтің қандай болу керек, оған сәйкесінше әлеуметтік инститтуар индивидтің қоғамға интеграциялануын қамтамасыз ету шараларын көрсетеді.
Шынайы әлеуметтену - қоғамдағы адамдардың нақты жағдайда әлеуметтенуінің жиынтығы. Шынайы әлеуметтену нормативті типке ұқсас, кейде қарама-қарсы болып та кездесе береді. Әлеуметтенудің бұл түрі түрлі бағытта болуы м үмкін. Ол адамның қоғамдағы орны әлеуметтік мәртебесі құндылығы т.б. сияқты обьективті немес субьективті себептердің әсері болады.
Жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау жалпыадамзаттық проблема ретінде.
Балалардың ең абзал мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы бала құқықтарын қорғау мақсатын көздейтін неғұрлым маңызды конвенцияларға қосылды: Бала құқықтары туралы конвенция.
1994 жылы бекітілді, 1999 жылы Шетелдегі алименттерді өндіріп алу туралы конвенция бекітілді, 2000 жылы - Жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жас мөлшері туралы конвенция, 2001 жылы - балаларды сатуға, балалар жезөкшелігі мен балалар порнографиясына қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультатив хаттама және әскери қақтығыстарға балалардың қатысуына қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультатив хаттама, 2002 жылы - Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы МОТ Конвенциясы (Конвенция 182), 2004 жылғы қарашада Қазақстан Адамдарды сатуға және үшінші тұлғалардың жезөкшелікке пайдалануына қарсы күрес туралы БҰҰ Конвенциясына және оған Қорытынды хаттамаға қол қойды. Балаларды қорғау мемлекетаралық бала асырап алу саласындағы ынтымақтастық туралы Гаага Конвенциясы шетелдіктердің баланың абзал мүдделеріне орай оның құқықтарын сақтай отырып, бала асырап алуды жүзеге асыруына кепілдіктерді көздейді, сондай-ақ мемлекеттердің уәкілетті ұйымдарының арасындағы ынтымақтастық тетігін көздейді. 2004 жылғы
2 желтоқсанда өткен, Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Қазақстан Республикасының Гаага конвенциясына қосылуының орындылығы және осы Конвенцияға қосылу жөніндегі жұмысты бастау қажеттігі туралы шешім қабылданды. Нормалары Қазақстан аумағында қолданылатын, балалар құқықтарын қорғау саласындағы неғұрлым маңызды халықаралық құжат Бала құқықтары туралы конвенцияболып табылады. Бала құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының қандай да бір ескертулерсіз бекітуі шеңберінде мемлекеттің балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету кепілдіктерін қоғамға беруге тиіс шекараларын белгіледі. Конвенция нормалары баяндаманы шартқа қосылғаннан кейінгі екі жылдан соң ұсынуды көздейтін уақытта, Қазақстан Республикасы Конвенцияның орындалуы туралы бастапқы баяндаманы 2001 жылғы наурызда дайындады. Баяндама екі бөлімнен тұрды, Қазақстан Республикасының 1994 және 2000 жыл аралығындағы кезеңде Конвенцияны жүзеге асыру жөнінде қабылдаған шаралары туралы ақпаратты қамтыды. Баяндамамен танысқаннан кейін Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдары дереу шара қабылдады, олар 2002 жылы Қазақстанның Конвенцияны орындауы туралы, үкіметтік баяндамаға түсініктемені қамтыған балама баяндама дайындады. Бірінші үкіметтік есеп 2003 жылғы маусымда Женева қаласында
БҰҰ Балалар құқықтары жөніндегі комитетінің 33-сессиясында тыңдалды, оның нәтижелері бойынша Комитет баяндамаға ескертулер мен ұсынымдардың топтамасын дайындады. Осы сессияда БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитетінің сарапшылары Қазақстан Республикасы Үкіметінің балалар құқықтарын қорғау саласында қабылдаған шараларына оң баға берген. Оң жетістіктердің бірі ретінде жаңа заңнама базасының дамуы мен жетілдірілуін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың балалық мәселелері жөніндегі халықаралық ұйымдармен және БҰҰ-ның әр түрлі органдарымен ынтымақтастығын мойындады. Қазақстанға бірқатар ұсынымдар берілді, олардың ішінде негізгілері ретінде еліміздегі балалардың жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспарын әзірлеу қажеттігін және балалықты қорғау мәселелерін шешуде ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету үшін арнайы уәкілетті орган құру қажеттігін атауға болады. Балалардың жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспары, Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыру жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспары сияқты Қазақстан Республикасында әлі әзірленген жоқ. Баланың құқықтары туралы Заңда балалардың мүдделеріне орай мемлекеттік саясат мақсаттары айқындалған, бірақ оны іске асыру тетіктері жоқ. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан - балалықты қорғау тұрғысында атты 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама жобасын әзірледі, алайда қазіргі сәтте бағдарлама бекітілмеген. Осы бағдарлама балаларды қорғау және олардың құқықтарын сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі стратегиялық бағыттарын және бала жасындағы халықтың барлық санаттарының әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз етудің жүйелі жүйесін жасауды көздейді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында осы уақытқа дейін бала құқықтарының сақталуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган құрылған жоқ. Осындай органды құруға 2004 жылғы наурызда талпыныс жасалған болатын: Қазақстан Республикасы Үкіметінің Балалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылған болатын. Комиссия балаларды және олардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылған болатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын. Комиссияның жұмысшы органының функциялары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жүктелді. Комиссия құрамына білім және ғылым, әділет, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, ішкі істер министрлері мен вице-министрлері, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия өкілі, саяси және қоғам қайраткерлері кірді. 2005 жылғы наурызда Комиссия таратылды. Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы Заң да бала құқықтарының сақталуын бақылау жөніндегі мемлекеттік органды құру қажеттігі туралы сұраққа біржақты жауап бермей отыр. Заңның Мемлекеттік органдар және бала құқықтарын қорғау деген 44-бабы уәкілетті мемлекеттік органға сілтеме жасамағанымен, 46-бап балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы мемлекеттік баяндаманы дайындап, ұсынуын көздейді. БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитеті Ұсынымдарының бірі Конвенция нормаларын іске асыруға бөлінетін қаражатты ұлғайту ұсынымы болып табылады. Балалардың абзал мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет балалардың құқықтарына қатысты жекелеген бағдарламаларды іске асыруға жеткілікті ақша қаражатын бөліп отыр. Алайда, тұтастай алғанда, Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруға қаражат бөлуді көздейтін жекелеген бап республикалық бюджетте көзделмеген. Жұртшылық пен балалар арасындағы Конвенция туралы хабардарлық деңгейі бұрынғысынша төмен күйінде қалып отыр. Білім беру саласында балаларды олардың құқықтарымен таныстыру факультатив сабақтар деңгейінде жүргізіледі, алайда мұндай сабақтарды міндетті түрде оқу бағдарламаларында нормативтік деңгейде бекіту тиімді болар еді. Сонымен бірге Бала құқықтары туралы конвенцияда көзделген міндеттемелердің орындалуы туралы елдік есептерді дайындау және мақұлдау рәсімінің жоқтығы проблема болып отыр, атап айтқанда мәліметтерді жинау және Конвенция нормаларының орындалуын мониторингілеу тетігі әзірленбеген.
Бала құқықтарын қорғайтын нормативтік құжаттар.
Баланың құқықтары - баланың заңды құқықтары.
Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие кәмілеттік жасқа толмаған баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым-қатынас жасауға қақысы бар. Неке бұзылған кезде бала көбінесе анасының жанында қалып, сонымен бірге тұрады, ал әкесімен, әдетте, демалыс күндері жолығып тұрады. Ата-аналарының ажырасуы бұдан кейін бөлек тұра бастаған әкесі мен баласының арасындағы қатынастарды тоқтатуға әсер етпеуі тиіс. Бірақ сот практикасында баланың әкесімен кездесіп тұруына анасының рұқсат бермейтіндігінің, не әкесінің баласын және оны тәрбиелеуге міндетті екендігін ұмытып кететіндітінін: сансыз мысалдарын кездестіруге болады. Заң ажырасқан, ата-аналарға, екі жақта баланы тең тіррде тәрбиелеуді міндеттейді. Егер олардың біреуі өз міндетін орындамаса, сот оны орындауға мәжбурлеуге құқылы. Мысалы, сот баланың әкесімен кездесу уақытын және орнын белгілейді немесе анасының талабы бойынша әкенің бала тәрбиесімен айналысуын міндеттейді.
Баланың өз ата-анасының тәрбиесінде болуға, мүдделері мен жан-жақты дамуының қамтамасыз етілуіне, оның адамдық кадір-касиетінің қүрметтелуіне қақысы бар. Бала өз мүддесіне қатысты кез келген отбасылық мәселелерді шешкенде өз ой-пікірін еркін білдіруге құқылы. Бала 10 жасқа толған соң, оның пікірімен де санасады. Мысалы, тегі мен атын өзгерткенде, бала асырап алғанда немесе оның кажеттігі болмағанда ескеріледі.
Баланың құқықтары жөніндегі конвенцияға сәйкес әрбір баланың өзінің даралығын сақтауға қақысы бар. Оны даралайтын белгілер аты, тегі, әкесінің аты. Балаға есім беру ата-анасының келісімімен жасалады. Ата-аналардың бала мүддесіне қайшы келетін, оған айналасындағы адамдардың күлкісін келтіретін немесе қолайсыз жағдайларға қалдыратын есім пайдалануларына болмайды.
Егер баланың әкесі анықталмаған жағдайда, оған есім -- анасының айтуымен қойылады, баланың әкесі болып жазылған адамның аты оның әкесінің аты болады, ал тегі -- анасының тегі болады.
Мысалы, қазақтарда өз балаларын әйгілеудің көптеген ырымдарға, т.б. мәнді оқиғаларға байланысты әрқилы түрлері болды. Ер балаларға қарағанда қыз балаларға көз тию онша әсер етпейді деп есептелді, сол себепті оларға ен әдемі, нәзік, айтуға жеңіл аттар таңдалады.
Ер балаларга ат кою басқаша болды, себебі өмір ауыртпалықтары ерлердің мойынына жүктелетін. Сондықтан бірінші кезекте олардың туған ошағы мен тегін қорғаушы, ал бейбітшілік кезеңде ел құрметтеген атақты адамдардай болса екен деп тіледі. Заң балалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құқығын да бекітіп береді. Баланың құқықтарын қорғауды ата-аналары (асырап алушылар, қорғаншылар, қамқоршылар), қорганшы және қамқоршы органдар, coт, прокурор жүзеге асырулары тиіс. Заң балаларды әр түрлі қолсұғушылықтан, оның кадір-қасиетін қорлаудан, ата-анасы тарапынан болатын киянаттардан (ұрып-соғу, қаңғыбастыққа итермелеу) қорғайды. Біздің мемлекетімізде, әдеттегідей, құқығын қорғау үшін қамқоршы органдарға, сотқа жугіну керек.
Көптеген Еуропа мемлекеттерінде, АҚШ-та, Канадада арнаулы қызметтер (полиция) жұмыс істейді. Балалар соларға телефон соғып, ата-аналарының дәрекі қылықтары, күш қолданып жөбірлеуі туралы хабарласса, олар тездетіп сол араға жетіп шаралар қолданады, ата-аналарынан айыппұл алады.
Баланың мүліктік құқығғы да бар, ол көбінесе баланың өз ата-аналары мен отбасының өзге де мүшелерінен асырап-бағу үшін қаражат көмегін алуына байланысты. Алименттер, зейнетақы мен жәрдемақылар ата-анасының атына келіп түседі, бірак олар балаларды асырап-бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалуы керек.
! Заң баланың сыйлық ретінде немесе мұраға алған меншігінің; еңбекпен айналысып тапкан кіріс меншігінің; жекешелендірілген пәтер меншігінің болуына жол береді.
Мемлекет балалардың мүдделерін қорғап және балаларды отбасында тәрбиелеу балаларға тәрбие берудің ең тәуір түрі екендігін тани отырып, тәрбиенің отбасылың турінің артықшылығын заң жолымен бекітті. Қазіргі кезде балалар деревнясының, отбасылық балалар үйлерінің құрылып, өріс алуы кездейсоқ жай емес. Жас аналар (әдетте, студент немесе кәмелетке толмағандар) материалдық қиыншылықтары шешілгенше, жоғары оқу орнын бітіргенше, кәмелетке толғанша балаларын уақытша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz