Етістіктің зерттелуі
Тарау. Етістіктің зерттелуі.
1.1. Етістіктің, етістіктің шақтарының тіл білімінде зерттелуі.
1.2. Етістіктің, етістіктің шақтарының түркі тіл білімінде зерттелуі.
1.3. Етістіктің, етістіктің шақтарының қазақ тіл білімінде зерттелуі.
ІІ. Тарау. Етістіктің шақтары.
ІІ.1. Етістіктің осы шағы.
ІІ.2. Етістіктің келер шағы.
ІІ.3. Етістіктің өткен шағы.
Етістік -Заттың қимылын сипаттайтын сөз табы етістік деп аталады. Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория. Етістік - қай тілде болмасын ең күрделі сөз табы. Басқа тілдердегі сияқты қазақ тілі сөз таптарының жүйесінен де ерекше орын алатын сөздер - етістік. Етістіктердің лексика - граматикалық мағыналары да, граматикалық тұлғалары да әр алуан, синтаксистік қызметі тек баяндауыш болу ғана емес, жай сөйлем мен құрмалас сөйлем мүшелері мен сөз тіркесінің жасалынуына тікелей ықпал етіп отыратыны белгілі.
Түркі тіл білімінде етістік туралы зерттеулер мен теориялық негіздердің қалыптасуы тіпті ертеден басталады. Ескі ескерткіштердің бірі 1069 жылы Юсуф - хас - Хадисиб Баласағұнның Құдтағу білімінде шартты райлы, қалау райлы, бұйрық райлы, көсімшелі, есімшелі сөздер кездеседі.
Түркі тіл білімінде етістіктер туралы нақтылы ережелер жазылған
зерттеулердің ең алғашқысы, ең көлемді де құндысы түркі әулетінен шыққан
ғалым Махмуд Қашқари Диуани - лұғат ит - түркі сөздігі.
1.3. Етістіктің шақтарының қазақ тіл білімінде зерттелуі.
Қазақ тілі білімінің зерттеушілері саны жағынан да, жарияланған
еңбектерінің көлемі жағынан да басқаларынан оқшауланатын саласы - тіліміздің граматикалық жүйесі. Олай болуы түсінікті де, өйткені тілдің граматикалық құрылысынан азды - көпті болса да хабардар болмай тұрып, тілді білу, ол жайында мәнді пікір мүмкін емес. Тіліміздің граматикалық жүйесін зерттеу ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қай кезде болса да морфологияның өзекті, ең басты мәселесі сөздерді әр түрлі лексико - граматикалық топтарға, кластарға бөлу болғандығы белгілі. Сөздерді бұлай бөлу жыл санауымыздың алдындағы V-ІV ғасырдағы көне Үндістан лингвисі Болини граматикасынан, байырғы Греция ойшылдарынан бері - қарай айтылып келе жатқаннан да білеміз. Тілдегі сөздердің есім, етістік, шылау деп үш класқа бөлу де сол заманда басталған болатын. 1930 жылдардан бастап морфологиялық жеке мәселелріне арналған шағын көлемді әсіресе сол кездегі баспасөз беттерінде, ғылыми - педогоикалық журналдар беттерінде жиі - жиі көріне бастады. Осы он жылдықтың аяғына дейін жеке сөз топтарына, қосымшаларға арналған отызға тарта мақала жарияланыпты. Олардың көпшілігін Қ.Жүбанов, Х.Басымов, Ш.Х.Сарыбаев. Н.Сауранбаев, С.Аманжоловтар жазған.Тек 40 жылдар ішінде ғана морфологиядан етістіктің есімше, етіс, шақ,көмекші етістік, сын есім шырайлары мен үстеу арнайы зерттелді. 1950 жылдан бері қарайғы уақыт ішінде морфологияның жеке мәселелеріне қатысты жүзге тарта ғылыми мақала, 20 - ға тарта монографиялық зерттеулер мен кітапшалар жарық көрді. Олардың ішінде етістікке арналған Ы.Мамановтың, А.Қалыбаевтың, И.Ұйықбаевтың, осы жолдар авторының Н.Оралбаевтың, Т.Ерғалиевтың еңбектерін атауға болады.
Етістік баяндаушылардың қазақ тіл білімінде зерттеуін А.Байтұрсыновтың еңбектерінен бастағанымыз жөн. Автор 1914 жылы Орынбордан шыққан Тіл құралы оқулығында етістік сөз табына мынадай анықтама береді: Кей сөздер нәрсенің істейтін ісін айтады. Мәселен: арт, тарт, ал, ұр, саба, соқ, қорық, күрес, маңыра, сок, сүз, таста, шық, жық, ас, ал, төз т.б. мұндай сөздер етістік сөздер деп аталады.
Етістік сөздердің сұрауы не етпек? Не істемек? Не қылмақ? Не болмақ?
Етістіктің жалпы сұрауы не етпак? ...Сондай не етпек? Не істемек? Не қылмақ? деген сұрақтарға жауап алатын сөздер - бәрі де етістік болады - деп көптеген етістіктер, жаттығулар береді. 1915 жылы Орынбордан шыққан Тіл құралында етістікке: Етістік дегеніміз - заттардың еткен - етпеген істерін көрсететін сөздер дейді. 1925 жылы Қызылордадан шыққан Тіл құралы 3 танытқыш кітабында сөйлем жүйесі мен түрлері баяндалады. Онда етістіктің негізгі қызметі баяндауыш болатындығына, сабақты, салт етістікке, етістерге т.б. тоқталады. 30 - жылдардағы Қ.Жұбанов бастаған тіл мамандарының тіл біліміне, етістіктің зерттелуіне қосқан үлесі зор. Н.Т.Сауранбаевтың көсемшелер жайлы т.б.еңбектерінде жан - жақты баяндалды. Көмекші етістіктердің көмекшілік, жақ катергориялары туралы Ш.Х.Сарыбаев (1938), И.Я.Мамановтардың (1947), И.Ұйықбаевтың (1956), Г.Қарабаев (1953), С.Аманжоловтардың (1958) арнайы зерттеу жұмыстары жарық көрді .Етістіктің синаксистік функциялары М.Балақаев пен Н.Т.Сауранбаевтың 1954 жылғы Т.ерғалиев есімше категориясы туралы, М.С.Тоқатғұловтың есімшелер туралы кандидаттық дисертациясында, О.Төлегеновтың жай сөйлемінің баяндаушытары туралы кандидаттық дисертациясында, И.Ұйықбаевтың(12) (1959), А.Әбілхаевтың (1962) еңбектері етістікке арналады.
Профессор Н.А.Баскаков (1956) еңбегінде етістік баяндаушытардың рай
категориясын қарақалпақ тілінде, К.Неталиева (1963) кандидаттық
дисертациясында қазақ тілі тұрғысынан зерттейді. Сөз тудырушы аффкстерді
зерттеген Н.А.Баскаков (1952) өзінің Қарақалпақ тілі еңбегінде сөз
тудырушы аффикстерді екі топқа: лексикалық сөз жасаушылар, граматикалық сөз жасаушылар деп бөледі. Бұл жерде етістікке байланысты айқын көрсетілген. Н.А.Баскаков түбір етістіктердің бәрін негізгі, туынды лексикалық категория деп қарайды, олар тиісті тұлғасыз сөйлемде қолданылмайды, ол үшін қызметіне сай граматикалық форманы қажет етеді.
Өзінің бірнеше монграфиясында етістік түбірлерін негізгі, туынды деп
арнайы зерттеп жүрген. А.Қалыбаева - Хасенова 1971 жылғы Етістіктің лексика - граматикалық сипат еңбегінде етістіктің лексика - граматикалық сипаты деп, тілдің екі үлкен салалары тұрғысынан таниды. Автор негізгі етістік болсын, туынды түбір етістік болсын оларға лексикалық мән - мағына болуымен қатар, оларға бірсыпыра граматикалық категорияларды береді.
Қазақ тілі білімінде етістік туралы елеулі зерттеулер жүргізілді.
Етістік түберлері жайлы нақты пікір айтқан профессор К.Ахановтың 1972 жылғы.Граматика теориясының негіздері кітабы болды. Етістікке байланысты оның тарихы мен диалектологиялық ерекшеліктерін зерттеуде профессор С.Аманжолов, Д.Доскараевтың еңбектері ерекше. С.Е.Мамановтың (1952), А.М.Щербактың (1961), Қ.М.Насиловтың (1959), И.А.Батмаонвтың (1959), С.Муталипаевтың (1956), Г.Айдаровтың (1959), Ғ.Мұсабаетың (1959), А.Ысқақовтың (1992), Э.В.Севортиянның (1962), Н.Оралбаевтың т.б. еңбектері мен әр кезде жарық көрген т.б. еңбектер етістіктіктің қыр - сырын ашудағы үлкен зерттеулер болды. 1967 жылы Қазақ тілінің граматикасы атты екі том еңбек басылып шықты. А.Ысқақовтың морфологиялы ғылыми пән ретінде жоғары оқу орындарында оқыту және оны зерттеу, 40 - жылдардан басталады. Соның қорытындысы ретінде Қазіргі қазақ тілі, морфология деген атпен 1974 жылы оқулық ретінде жарық көрген кітабы т.б. көпетеген еңбектері бар.
Енді етістіктің құрамы, жасалу жолдары мен түрлеріне тоқталатын болсақ.
Етістік құрамына қарай дара етістік күрделі етістік деп екіге бөлінеді.
Дара етістік бір ғана сөзден тұрады. Мысалы: Апам ауылдан келді.Сөйлемдегі келді етістігі бір ғана сөзден тұрған дара етістік.
Күрделі етістік екі не одан да көп сөзден құралады, бір мағынаға ие болады, бір сұраққа жауап береді, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады. Мысалы: Алмас жылап жіберді. Айгүл құлап кете жаздады. Ол мені ұрып жіберуге шақ қалды. Сөздердің дыбыстық өзгеріске ұшырап кірігуінен жасалған күрделі етістіктер: апар - алып бар, әкел - алып кел, әкет - алып кет, әпер - алып бер, түрегел - тұрып кел. Сөздердің қосарлануынан жасалған күрделі етістіктер: бара-бара шаршады, айта-айта жалықты, күліп-күліп шығып кетті.
Дара етістіктер құрылымына қарай түбір етістіктер және жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер деген екі топқа жіктеледі. Мысалы: кет, оқы, жаз, баста, қолда, саба, кіріс, айт, көр,барғыз т. б.
Түбір етістіктер морфологиялық бөлшектері жоқ, түбір және жұрнақ деп бөлшектеуге келмейтін етістіктер. Мысалы: ал, айт, алда, іл, жап, тоқта, кел, тарт, шық, бол, шеш, аяқта, қуыр, қал, байла, күл, іш, жел, қолда, шап, жу, ұш, тасы, тол, оқы, отыр, тыңда, жина т. б.
Өзге сөз таптары сияқты етістік те кезеңдерге сәйкес жаңарып, толығып отырғандықтан, бұрындары туынды етістік болып есептеліп келген кейбір етістіктер түбір мен жұрнаққа ажыратылмай, түбір етістік болып кеткен. Мысал келтірер болсақ айт (ай+т), баста (бас+та), тоқыра (тоқ+ыра), ), шегер (шек+ер) т.б
Туынды етістіктер
Туынды етістіктерге, әдетте, түбірлерден арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған етістіктер жатады. Туынды етістіктерді тиісті түбірге және жұрнаққа бөлшектеуге болады, бірақ ол туынды тұлға есебінде қолданыла береді. Мысалы: ой+ла, той+ла, тер+ле, сүр+ле, ем+де, көз+де, тоқпақ+та, іс+те, сын+а, мін+е, мол+ай, ес+ей.
Есім негізді етістіктер
Есім негізді етістіктерге етістіктерден өзге сөз таптарынан жасалатын етістіктер жатады, олар арнаулы жұрнақтар арқылы көбінесе зат есімнен, сын есімнен, үстеулерден, еліктеуіш сөздерден, әредік одағайлардан жасалады.
Есімдерден етістік тудыратын жұрнақтар мыналар:
-ла (-ле, -да, -де, -та, -те) жұрнағы;
-лан (-лен, -дан, -ден, -тан, -тен) жұрнағы;
-лас (-лес, -дас, -дес, -тас, -тес) жұрнағы;
-лат (-лет, -дат, -дет) жұрнағы;
-а (-е) жұрнағы;
-ай (-ей, -й) жұрнағы;
-қар (-ғар, -кер, -гер) жұрнағы;
-ар (-ер, -р) жұрнағы;
-ал (-әл, -ыл, -іл, -л) жұрнағы;
-ық (ік) жұрнағы;
-сы (-сі) және -ымсы (-імсі) жұрнақтары;
-сын (-сін) жұрнағы;
-сыра (-сіре) жұрнағы;
-ра (-ре, -ыра, -іре) жұрнағы;
-ырай (-ірей) жұрнағы;
тек белгілі бір есімдерден, кейбіреулері тек санаулы ғана есімдер мен етістіктерден туынды етістік жасайтын әрі көне, әрі маңдымсыз жұрнақтар бар. Оларға мыналар жатады:
-ы, -і (бай-ы, жас-ы, жан-ы, желп-і, кең-і, келк-і, тарп-ы т. б.)
-шы, -ші
-ан, -ен, -ын, -ін, -н
-ырқа, -ірке
-ырқан, -іркен
-ына, -іне
-қа, -ке, -ға, -ге
-ди, -тый, -ти
Етістік негізді етістіктер
Бұл салаға етістік негіздерінен арнааулы жұрнақтар арқылы жасалатын туынды етістіктер енеді. Бұл жұрнақтарды семантикалық ерекшеліктеріне қарай екі салаға бөлуге болады.
Бірінші тобына өзі жалғанатын етістік негіздерінің мағыналарына амалдың жиілену, еселену, қайталану, үстемелену, солғындау сипаттарын білдіретіндей рең жамайтын жұрнақтар жатады, олар, шартты түрде, амалдың өту сипатын білдіретін жұрнақтар деп аталады.
-ла (-ле, -да, -де, -та, -те)
-қыла (-кіле, -ғыла, -гіле)
-мала (-меле, -бала, -беле, -пала, -пеле)
-ғышта (-қышта, -кіште, гіште)
-ыңқыра (-іңкіре, -ңқыра, -ңкіре)
-ымсыра (-імсіре, -мсыра, -місре)
-ыстрыр (-істір, -стыр, -стір)
Екінші тобына өзі жалғанатын етістік негізінің мағынасына амалдың субъектіге қатысын білдіретіндей реңк жамайтын жұрнақтар жатады, олар етіс жұрнақтары деп аталады. Ерекшелігіне қарай, бұл жұрнақтар етіс категориясының арнаулы формалары болып саналады да, етістердің көрсеткіштері делініп танылады.
-ыс (-іс, е)
-т
-тыр (-тір, -дыр, -дір)
-қыз (-ғыз, -кіз, -гіз)
-ыл (-іл, -л)
-ын (-ін, -н)
Күрделі етістіктер
Күрделі етістіктердің түрлері:
Құрамды етістік
Құрама етістік
Сараламалы етістік
Суреттеме етістік
Тұрақты етістік
Құрамды етістік
Етістіктің бірінші компоненті (есім) негіз болса, екінші компоненті (көмекші етістік) сол есім сөзді етістікке айналдыратын дәнекер есебінде қызмет етеді.
Мысалы: жәрдем ет, ән сал, үлгі қыл, қабыл ал т. б.
Құрама етістік
Бұл етістіктердің әрбір бөлігінде өзді-өзіне дербес лексикалық мағына бар және әрқайсысының осы мағыналары бір-бірінен кем емес, бір-бірімен парапар я тең түседі.
Мысалы: алып ал, ала кел, барып кел, бара кел, алып бар, ала бар, алып кет, ала кет, келіп кет т. б.
Сараламалы етістік
Бұл етістіктер екі я одан аса етістіктің тіркесінен құралады. Лексикалық мағынасына алғашқы етістік негіз (жетекші) болады да, оған қосылатын көсемшенің жұрнағы (-а, -е, -й, -ып, -іп) мен соңғы көмекші етістік селбесіп жетекші етістіктің мағынасын саралайтындай қосымша грамматикалық мән үстейді. Сарамалы етістік құрамындағы көмекші етістіктердің түрлі-түрлі болуларына қарай және компоненттердің сандары да, өздері де басқа-басқа болуларына қарай, олардың грамматикалық қызметтері де, грамматикалық семантикалары да сала-сала болып, амалдың жүзеге асу я өту сипаттарының әр қилы кезеңі, сатысы сияқты абстракты құбылыстарды білдіреді.
Мысалы: айтып жібер, айтып жібере қой; айтып жібере жаздап қалды; айтып көр, айта көр, айта сал, айта қой, айтып қой, айта жүр, айта біл, айта түс т. б.
Суреттеме етістік
Бұл етістіктер жетекші сөз бен көмекші етістіктен құралады. Жетекші сөз етістіктің жалаң я күрделі көсемше, есімше формасында, жалаң есімдер және есім мен етістік араласқан формаларында болады. Бұларға жәрдемші болып көмекші етістік қосылады. Көмекші етістіктердің көбі -- е көмекші етістігінің түрленген формасы болып келеді.
Мысалы: барып едім, барған едің, келетін еді, түсінуші едік, ұйықтап кеткен екенмін, кешігіп қалған екенсің, келсе игі едіңдер, мұғалім едіңіздер, жас екен; бармақ болды, келмек екен, жазатын болды, келетін көрінeді т. б.
Тұрақты етістік
Бұл етістіктерге лексикаланған, идиомаланған тіркестер жатады.
Мысалы: опық жеді, таяқ жеді, құр қалды, бас қойды, ауыз жаласты, арам тер болды, қырғи қабақ болды, бетке шіркеу салды, жан алқымға алды, ауыз салды, көз салды, жек көрді, жанын қияды т. б.
Етістіктің грамматикалық топтары
1 Болымды және болымсыз етістік
Сабақты және салт етістіктер
Қимыл атауы немесе түйық етістік
Етіс
Етістік іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай екіге бөлінеді:
1) болымды етістік; 2) болымсыз етістік.
Болымды етістік іс-әрекеттің орындалғанын, жүзеге асқанын білдіреді: оқы, жазды, айтқызды, орындады, сана, жүгір.
Болымсыз етістік іс-әрекеттің орындалмағанын, іске аспауын көрсетеді.
Болымсыз етістік екі түрлі жолмен жасалады: 1) Синтетикалық тәсіл: негізгі және туынды түбір етістікке: -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы: жақындама, жүгірме, сұранба, күрсінбе, алыстатпа, тездетпе, т.б. 2) Аналитикалық тәсіл: -ған, -ген, -қан, -кен, формалы есімшеге жоқ, емес сөзінің тіркесуі арқылы: айтқан жоқ, келген жоқ, барған емес, көрген емес, т.б.
Етістік мағынасына қарай екіге бөлінеді: 1) сабақты етістік; 2) салт етістік. Сабақты етістік - мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп, кімді? нені? (не?) деген сұрақтарға жауап беретін табыс тұлғалы сөзбен байланысады. Мысалы: Отты (нені?) үрлеген жағады, шындықты (нені?) іздеген табады. Ата-анаңды (кімді?) құрметте, үлкенді (кімді?) сыйла. Шығарма(ны) - не(ні?) жаз. Ән(ді - -не(ні?) тыңда. Білім(ді) -не(ні?) үйрен.
Салт етістік тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етпейді. Салт етістік табыс септіктен басқа атау, ілік, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе береді. Мысалы: Ата-анаңа (кімге?) құрмет көрсет. Қиындықтан (неден?) қорықпа. Жолдастарыңмен (кімдермен?) тату бол. Тілек (кім?) биледі, т.б.
Тұйық етістік
Тұйық етістік -- етістіктің ерекше түрі. Іс-әрекеттің атын білдіретіндіктен , зат есімдерше түрленеді: септеледі, тәуелденеді, бірақ жіктелмейді. Тұйық етістікке көптік жалғауы жалғанса, одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып қолданылады. Сөйтіп, тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да, етістік тұлғаларына тән шақтық мағынаны да, жақтық мағынаны да білдірмейді.
Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра-у, жүр-у, бар-у, шегеле-у, айт-қыз-у, сөйле-с-у, кел-ме-у, бөге-ме-у. Бұл сөздер сұрау, жүру, бару, шегелеу, айтқызу, сөйлесу, келмеу, бөгемеу қимыл, іс-әрекеттерінің атын білдіріп, солардың атауы болып тұр. Сондықтан да тұйық етістік зат есім мәнінде жиі қолданылады. Тіпті, тұйық етістіктердің кейбірі белгілі заттың, көбіне құралдың атын білдіріп, зат есім болып кеткен. Тілімізде көсеу (отты, шоқты көсейтін құрал), сабау (жүнді сабайтын таяқ), егеу (темірді егейтін құрал), жасау (қызға жиналған дүние-мүлік), қашау (ағашты кесетін, жонып, қашайтын құрал), тұсау (жылқының алдыңғы екі аяғына салатын құрал), ою (ойып салынған өрнек) сияқты зат есімдер тұйық етістіктен жасалған. Мысалы: Көсеу ұзын болса қол күймейді (мақал). Тұйық етістік зат есім сияқты түрленеді, етістікше түрленбейді. Тұйық етістік тікелей септеле де, тәуелдене де алады, бірақ жіктелмейді. Тұйық етістікке көптік жалғауы жалғанса одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып қолданылады. Сөйтіп, зат есімдерше түрленіп, шақпен де, жақпен де байланысты болмай, қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік дейміз.
Тұйық етістіктіқ септелу үлгісі.
А. бару, сөйлеу, айтуы, көрулері, келуім
I. барудың, сөйлеудің, айтуының, керулерінің, келуімнің
Б. баруға, сөйлеуге, айтуына, көрулеріне, келуіме
Т. баруды, сөйлеуді, айтуын, көрулерін, келуімді
Ж.баруда, сөйлеуде, айтуында, көрулерінде, келуімде
Ш.барудан, сөйлеуден, айтуынан, көрулерінен, келуімнен
К. барумен, сөйлеумен, айтуымен, көрулерімен, келуіммен
Тұйық етістіктің тәуелдену үлгісі.
келуім, келуіміз, келулеріміз
келуің, келулерің келуіңіз, келулеріңіз
келуі, келулері
Тұйық етістік емлесі
1. Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы дауысты болып жалғанады: бар-у, қайт-у, көр-у, кел-у. Дауысты дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы дауыссыз болып жалғанады: ойна-у, сөйле-у, барма-у, келме-у, сана-у.
2. Дауысты -ы, -і дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы -ы, і ды-быстары жазылмай -у дыбысының құрамына еніп кетеді де, ол (у) дауысты дыбыс болып есептеледі. Мысалы: оқы + у -- оку, та-сы + у -- тасу, кемі + у -- кему, ері + у -- еру
3. Қатаң п, қ, к дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда, түбір соңындағы п дыбысы б-ға, қ, к, дыбыстары ғ, г дыбыстарына айналады. Мысалы: ақ + у -- ағу, кеп + у -- кебу, тап +у -- табу, үк + у -- үгу т. б
Етіс
Іс-әрекет пен істеушінің арасындағы қарым-қатынасты білдіретін етістіктің түрі етіс деп аталады. Етістің төрт түрі бар: өздік етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, ортақ етіс.
Іс-әрекеттің іс істеушіге тікелей бағытталғанын білдіретін етістің түрі өздік етіс деп аталады. Жасалу жолы: -н, -ын, -ін жұрнағы аркылы жасалады. Мысалы: жуынды, киінді, таранды, буынды.
Іс-әрекеттің басқа біреу арқылы істелгендігін білдіретін етістің түрін өзгелік етісдеп атаймыз.
Жасалу жолы:
-т ;оқыт, сөйлет, шегелет, азайт
-дыр,-дір,-тыр,-тір; жаздыр, келтір, айттыр, кептір, келтір, жүгірт.
-ғыз,-гіз,-қыз, -кіз; келгіз, айтқыз, сепкіз, кескіз.
-ыр, -ір; асыр, өсір, қашыр.
Өзгелік етістің жұрнақтары бірінен кейін бірі жалғана береді.Мысалы: оқы+т+қыз+дыр+т.
Іс-әрекет істеушінің ырқынан тыс істелетінін білдіретін етістіктің түрі ырықсыз етіс деп аталады.
Жасалу жолы:
-л, -ыл,-іл; шақырыл, жинал, тазартыл, киілді, таралды, жуылды, төселді.-н, -ын, -ін; шегелен, алын, ілін, төлен, салынды, әкелінді.
Өздік етістің жұрнағын ырықсыз етістің жұрнағынан ажырату үшін түбіріне қараймыз, егер түбірде л әрпі болса, онда оған жалғанған -н, -ын, -ін жұрнағы ырықсыз етістің жұрнағы болғаны.
Іс-әрекеттің іс иесінің біреу емес, бірнешеуіне бірдей ортақ, бірдей қатысты екенін білдіретін етістіктің түрін ортақ етіс дейміз.
Жасалу жолы:
-с, -ыс, -іс; жазыс, теріс, жинас, сөйлес, ойлас, әкеліс.
Есімше
Әрі етістік, әрі есімдер қызметін атқаратын етістіктің түрі есімше деп аталады.Есімшенің түрлері мен жасалу жолдары:
-ған, -ген, -қан, -кен; алған, қараған, сасқан, жапқан, жеткен, көшкен, ішкен, піскен, барған, келген, айтқан, кеткен.
-ар, -ер,-р -с; алар, қарар, сасар, жетер, көшер, ішер, пісер, оқымас, бармас, сөйлемес, айтпас, барар, келер, айтар, кетер.
-с жұрнағы болымсыз етістіктің жұрнағынан кейін жалғанады: бармас, келмес.
-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек; алмақ, қарамақ, саспақ, ішпек, оқымақ, бармақ,сөйлемек, келмек, айтпақ, көрмек, кетпек.
-атын, -етін, -йтін,-йтын; баратын, келетін, айтатын, сөйлейтін, оқитын, ішетін, алатын.
Есімшенің болымсыз түрі жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: барған емес, айтқан жоқ, барар емес, айтары жоқ т.б.Есімше есімдерше түрленеді, яғни көптеледі, септеледі, тәуелденеді, жіктеледі.
Көсемше
Негізгі амал, қимылды білдіретін, кейде сол амалды айқындап тұратын етістіктің түрін көсемше дейміз.Көсемшенің жұрнақтары:
-а, -е,-й; бара, келе, жаза, тұра, айта, сұрай, сөйлей, жүре, қарай, ойнай.
-ып, -іп,-п; барып, келіп, айтып, сұрап, құлап, сөйлеп, біліп, күліп, оқып, жатып, кіріп, үріп, қалғып, сүйсініп, қызарып.
-ғалы, -гелі, -қалы, -келі; айтқалы, барғалы, жатқалы, кеткелі, келгелі.
Көсемше күрделі етістік құрамында және жіктік жалғау тұлғасында қолданылады.
Мысалы: сұрай бер, шегелеп көр, айтқалы жатыр, ала кел, барыпсың, оқимын, көрерсің, баратынмын.
Көсемше тек қана жіктеледі, тәуелденбейді, септелмейді, көптелмейді. Көсемшенің -а,-е,-й және -ып, -іп, -п түрлері ғана жіктеледі,-ғалы, -гелі, -қалы, -келі түрі жіктелмейді.
ІІ - тарау. Етістіктің шақтары.
Қазақ тілі сөз таптарының жүйесімен ерекше орын алатын сөздер -
етістік.
Етістіктен етістік тулыратын, есімнен етістік тулыратын синтетикалық,
аналитикалық тәсілдердің жүйелерін, олардың нақтылы үлгі - нұсқаларын
қосқанда етістік деп аталытын сөз табының орасан бай категория екені ашыла түсетінін көреміз. Форма байлығы жағынан етістікке өзге бірде бір сөз табы,
солардың ішінде формасы ең бай салаланатын зат есімнің өзі бара- бар келе
алмайды.
Етістіктің лексика - семантикалық , лексика граматикалық және
граматикалық категорияларынан айқын көруге болады. Мәселен, етістіктің сөз
тудыру жүйесі, ол жүйенің неше түрлі формалармен қатар, өзіне ғана тән сөз
түрлендіретін формалары бар.
Шақ, рай, етіс, амалдарадың жүзеге асу сипаты сияқты жүйе - жүйе
категориялар - етістіктің семантика жағынан ең бай формалары, сондай - ақ,
етістіктің өзге семантикалық және морфологиялық формаларынан мазмұндары
да, тұрпат - түрлері де өзгеше есімше, көсемше деп аталатын категориялары
бар. Бұлар, бір жағынан, етістікті басқа сөз таптарынан ерекшелендіретін
формалар болса, екіншіден, солармен ұштасытыратын айрықша функциялары бар
категориялар. Бұл аталған формалармен жарыса өмір сүріп, тіркестегі өзге
сөздердің мазмұнына өзінше үлес қосып, қажетіне қарай, олардың формаларына
да өзгеріс енгізіп отыратын болымдылық және болымсыздық, сабақттылық және
салттлық, категориялары бар.
Етістіктің осындай әр қилы категорияларының мағыналары да,
синтаксистік қызметтері де, әдетте, сол етістіктің өзге формалармен және
өзге сөз таптарына тән сөздермен қарым - қатынасқа түскенде айқындалады.
Етістіктің кейбір формаларының сөйлемнің барлық мүшелері есебінде
қолданылуы сияқты граматикалық құбылыстар тек сөйлем ішінде, сөз тіркесі
ауқымда анықталады.
Етістіктің граматикалық категориясының бірі - шақ. Етістік амал
-әрекет ұғымдарының атаулары я сол ұғымдары білдіретін сөздер
болатындықтан, оған тән сөздер, қашанда, белгілі дәрежеде мезгіл ұғымдармен
байланысты болады. Өйткені, амал -әрекет, қимыл, қозғалыс атаулының барлығы
да үнемі белгілі бір мерзімде жүзеге асырылады. Мезгіл ұғымына
байланыстармай етістікті және сөз табыс деп тануға да, анықтауға да
болмайды. Олай болса, шақ категориясы етістікті өзге сөз топтарынан әрі
ерекешеліктерін, әрі ажырататын ең негізгі граматикалық категория болып
есептеледі.
Қазіргі қазақ тілінде шақ категориясы, басқа да категориялар сияқты,
бірте - бірте дамып, мазмұны жағынан да, формалары да үнемі жетіле отырып
қалғандықтан, өзіне лайық орынққан жүйесі бар аса бай граматикалық
категория.
Шақ категориясы - етістіктің басты қасиеті. Мұнда болатын формалардың
көпшілік іс -әрекеттің әр түрлі шақта болуы. Шақ категориясы белгілі бір
форомалар арқылы берілді. Ұимылдың, жай - күйдің, белгілі бір уақытта,
мерзімді болатыны, болғандығы, болып жатқандығы сол бойынан аңғарылады.
Шақ - іс - қимыл, жай - күйдің орындалу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт
арасындағы қарым - қатынасты білдіретін граматикалық категория.
Тіл - тілдің граматикасының бәрінде де етістікті үш шаққа бөлу - тіл
тағылымы тарихында ерте заманнан бері бар нәрсе. Сондай - ақ әр тілдің ішкі
даму ерекшеліктеріне сай әр шақта өз ішінде бөлу тағы бар. Шақ категориясы
- белгілі бір формалар арқылы беріледі. Ондағы қимылдың, жай - күйдің өзі
белгілі бір уқытта, мерзімде болатыны, болғандығы ие болып жатқандығы сол
етістік бойынан аңғарылады.
Істің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын не соң, не сол кезде істелуін не
істелмеуіне қарай етістіктер белгілі бір жаста, шақта сөз таптарынан
негізгі бір ерекшелігі: тыңдап отыр, тыңдамақшы, айтты, болып етістіктері
субъектімен, мезгілмен және басқа жағдайларға қарай күрделі де (тыңдап
отыр, ұшып келе жатыр), дара етістікте де (айтып) шақ көрінісі байқалады.
Осындай етістіктердің шақ көріністері белгі бір морфермалар арқылы берілді
де (айт -ты), содан кейін қимыл жағына қарай жіктелер.
Сөздердің сөйлем ішінде граматикалық құбылыстары анықталатыны сияқты.
Етістіктің кейбір шақ жасайтын қошымшалар сөйлемдегі басқа сөздердің
ынғайына, беретін мағынасына қарай бірде осы шақ, бірде өткен шақ, бірде
келер шақ мағыналарында ауысып отырады. Мен колхоздан келемін. Мен
колхоздан ертең келемін. Сондықтан да тіл білімінде шақ түрлі терминдермен
айтылады.
Граматикалық шақ категориясында осы шақ, өткен шақ және келер шақ
бір - бірімен қимыл, іс-әрекеттің сөйлеу кезіне қатысы жағынан ажыратылады.
Демек, сөйлеу кезі (момент речи) әр түрлң шақтардың тірілетін орталығы және
оларды бір-бірінен ажыратудың тірегі болып саналады. Осы шақтың формасы
сөйлеу кезімен сәйкес келетін қимыл, іс-әрекетті білдірсе, өткен шақтың
формасы сөйлеу кезіне дейін болған қимыл, іс-әрекетті, келер шақтың формасы
сөйлеу кезінен соң, яғни келешектеге болуға тиісті іс-әрекетті білдіреді.
Бір шақтың бірнеше түрі болуы мүмкін. Мысалы, ағылшын, француз, неміс
тілдерінде және түркі тілдерінде өткен шақтың өзініің бірнеше түрі бар.
Қазақ тілінде оқыдым, оқығанмын деген етістік формаларының екеуі де өткен
шақты білдіреді. Бірақ бұлардың өткен шақтық мағыналары бір емес: алдыңғысы
жедел өткен шақты білдірсе, соңғысы бұрынғы өткен шақты білдіреді. Тіл
білімінде абсолютті шақ (абсолютное время) және қатыстық шақ (относительное
время) дегенг терминдер белгілі бір шақтың бірнеше түріне ажыратылуымен
байланысты енгізілген терминдер болып табылады.
Абсолютті шақ - белгілі бір шақтың сөйлеу кезіндегі сәтті көрсеткіш
- шақ белгісі, яғни бұл шақта белгілі бір шақтың сөйлек кезіне қатысты
тікелей айқындалады.
Қатыстық шақ (13) - сөйлеу кезіндегі уақытпен тікелей қатысты емес,
граматикалық тұлғалар арқылы берілетін етістіктің шақтары, яғни қатыстық
шақта оның сөйлеу кезіне қатысты тікелей емес, жанама түрде айқындалады.
Мысалы, жалпы граматикалық шақ категориясының өткен шақ, осы шақ, келер шақ
түрлері шақтың сөйлеу кезіне қатысына қара айқындалса, қазақ тілінде өткен
шақтың бұрынғы өткен шақ түрі оның жедел өткен шақ түрі арқылы, яғни с
онымен салыстыру арқылы ажыратылады. Көптеген индоевропа тілдерінде өткен
шақтың перфект, имперфект, плюскампрофект деп аталатын түрлері де бір-
бірінен ажыратқанда, өз ара салыстырылып, біріне-бірінің қатысы жағынан
ажыратылады.
Қазақ тілінң шақ категориясынң жүйесі де, өзге тілдердегі сияқты іс-
әрект, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым
- қатынасты білдіретін граматикалық шақ мағынасына қарай осы шақ, келер шақ,
өткен шақ болып үшке бөлінеді.
Осы шақ дәл сөйлеу үстінде болып жатқан іс-әрекет, жай-күйді білдірер. Осы шақтағы етістіктер кейде істің, қимылдың сөйлеуші хабарлап тұрған кезеңнен бұрын басталып, үзіліссіз болып тұратынын да білдірер. Келе жатыр деген мен оқып жүр дегендерді салыстырыңыз.
Осы шақ мағыналық ерекшеліктеріне қарай нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ болып екіге бөлінеді.
Нақ осы шақта іс - әрекет, жай-күй дәл сөйлеу үстінде болып жатқандығы баяндалады.
Нақ осы шақ бірнеше жолмен жасалады.
а) отыр, жүр, жатыр, тұр деген төрт етістік жіктеліп, дара күйінде жұмсалады. Мен отырмын, сені тұр-сың; сіздер жүр - сіздер, бала жатыр. Т.б.
ә) осы төрт етістік - ып, -іп, -п және - а, -ә, -й тұлғалы көсемшелермен тіркесіп айтылады. Мұндайда отыр, жатыр, жүр, тұр етістіктері екінші орында тұрып, айт-ып, отыр-мыз, кел-е жатыр, оқы-п, жүр, біл-ме-й тұр-сың болып жіктеліп қолданылады.
б) Жатыс септіктегі - у тұлғалы қимыл есімдері жүргіз-у де - мін, ізден - у-де сіздер болып баяндауыш қызметінде айтылуда да нақ осы шақ мағынасында жұмсалады.
Бұдан басқа - ұлы, -улі тұлғалы етістіктер жеке де жатыр, бұр, отыр, жүр етістіктерімен тіркесіп те 3-жақтық шақ осы шақ мәнін білдіре алады.
Бір күрек пен бір қайла керегеге сүйеулі тұр. (Ғ.Мұстафин)
Есік жақта тілектестері дір-дір етіп, екі ішкі мен бір арық торпақ та байлаулы тұр (Мүсірепов)
Осындағы байлаулы тұр дегенмен іздену - у - де - міз дегеннің айырмасы бар. Соңғы дәл сөйлеу үстінде болып жатқан, сондай-ақ бұрын басталып, осы кезде болып жатқан іс-әрекет, жай-күйді де білдіре алады. 14. Қаз.т. грам. (199)
Ауыспалы осы шақ бұрыннан болып келе жатқан, сонымен қатар сөйлеп тұрған тұста болып тұрған іс-әрекетті білдіреді. Бұл шақ - а, -е, -й тұлғалы көсемшелердің жіктеліп айтылуы арқылы жасалады. Бұл тұлға ауыспалы осы шақ мағынасында дара да, -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелермен тіркесіп те жұмсала береді.
Мысалы: бар - а, -мын, кел-е-сің (дер), білме-й-сіз (дер), айт-ып бер - е-ді, қайт-ып кел-е-міз т.б.
Бұл тәрізді етістіктер келер шақ мағынасында да жұмсала береді. Сол себепті ауыспалы осы шақ деп аталады. Формалық өзгешелігі жоқ бұл тұлғалардың ауыспалы осы шақ немесе ауыспалы келер шақ екендігі контексте белгілі болады.
Жаз шыққан соң, әркім өзіне жер барак жасап алушы да болады; ... көмір тегін беріледі. (Мүсірепов).
Бұл форма арқылы бұрын орындалған іс жайында да баяндауға болады.
Сол ауылда өткен күні ақтың екі офицері кеп, мылтық атып, ауылдан еріксіз ат жектіреді. (Мұқанов).
Ауыспалы осы шақ екен сөзімен: өтеді екен, біледі екен болып айтылуда өткен мезгілде болған іс-әрекетті көрсетеді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz