Авторлық құқықты қорғаудың ерекшеліктері: құқықтық жауапкершілік пен плагиаттың алдын алу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

«Туран Университеті»

Эссе

«Авторлық құқық қорғау ерекшеліктері»

Орындаған: Қожахметова Хорлан

Топ: Юриспруденция

Алматы 2021

Авторлық құқық қорғау ерекшеліктері

Авторлық құқық қорғау ерекшеліктеріне тоқталмас бұрын, авторлық құқық және плагиат ұғымдарына анықтама бере кетсек. Жалпы әр еңбектің, жаңа жобаның, ғылыми зертеу жұмысы болсын, жасап шығаратын өз авторы болады. Оны өзге біреу көшіру, ұрлау немесе автордың рұқсатынсыз иелену авторлық құқық бұзушылық болып саналады. Мұны қазір ғылыми тілде «плагиат» деп те жатады.

Ендігі мәселе, авторлық құқықты бұзу, өзгенің жұмысын көшіру немесе ұрлау жағдайында қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма? Дәл осы сауалға мына жауапкершіліктің түрлерін айтуға болады:

Азаматтық-құқықтық жуапкершілік.

Әкімшілік жауапкершілік.

Қылмыстық жауапкершілік.

ҚР ҚК-ң 184 бабының 1-тармағында былай деп көрсетілген: «Авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл әрекет автордың немесе өзге де құқық иеленушiнің құқықтарына немесе заңды мүдделерiне айтарлықтай зиянға, оның ішінде елеулі залалға әкеп соқтырған айтарлықтай шығын келтiрсе - жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не жүз сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады». Қылмыстық жауапкершіліктің бұл түрлерінің әрқайсының бекітілген нормалары мен жазалары бар. Деңгейіне қарай ажыратылып бөлінген жауапкершіліктің түрлері.

Авторлық құқық бұзушылықты қалай анықтайды деген сауалға тоқталамыз:

Ең алдымен, бөтен шығарманы өз есiмімен жариялауда байқалады немесе бөтен идеяларды, сондай-ақ бөтен шығармаларды жөн-жобасыз алып, оның пайдаланған көзін көрсетпеу. Ұрлықтың белгiсi авторлықты иемденуi болып табылады. Өйткенi өз еңбегінде сайтқа немесе авторға сілтеме жасамайды. Шығармалар және ғылыми жобалар авторлық құқықпен қорғалатын, өзі ұрлық емес болып көрiнедi, оны ұрлық емес, авторлық құқыққа жасалған қиянат деп көрсетсек болады. Авторлық құқыққа жасалған қиянат деп еңбектiң нәтижелерiн заңсыз пайдаланудан ұрлыққа айналып және авторлықтың жариялайтын бетiмен иемдену. Міне, осындай жайттар арқылы құқық бұзушылықты оңай анықтап алуға болады.

Әдетте, ғалымдар плагитттың төрт түрін ажыратып жатады. Олар:

Бірінші, кәсiби - кәсiби мақсаттардағы интеллектуалдық, шығармашылық, кәсiби жетiстiктерiн иемденудi ескередi.

Екінші, бiлiм беру-ғылыми ұрлық - ғылыми дәреженi алу, бiлiм беретiн саралау процесінде интеллектуалдық мүлiктi иемденуде болады.

Үшінші, әлеуметтiк ұрлық - тұрмыстық қарым-қатынастарда пайда болады. Ол «кәсiби» болғанымен, бiрақ кәсiби жұмысқа белсендiлiгі жоқ.

Төртінші, нормативтi ұрлық - заң шығарушы, заңды, әдiстемелiк, ғылыми, практикалық түрде атқарылған жұмыстарды иемдену.

Авторлық құқық бұзушылық сыбайлас жемқорлыққа да әкеп соқтырады. Сондықтан бұл мәселені шешеуде мектеп қабырғасынан бастаған жөн деп ойлаймын. Оқушылардың интернет желісіне тәуелділігінен, авторлық құқық бұзушылық орын алады. Себебі, оқушы кітап оқып ізденбейді, дайын материалды көшіріп, жеңіл жолмен жоғары баға алады. Осылайша бұл әдетке, ал әдет дағдыға айналады. Келесі баспалдақ, университет қабырғасы. Авторлық құқық бұзушылықтың нағыз қайнаған ордасы десек қателеспейміз. Студенттерге балл өте маңызды болады, сондықтан да дайын жұмысты, дайын еңбекті көшіріп, олар да жеңіл жолмен жоғары балл алғысы келеді. Мұндай жайттарды болдырмау үшін, оқушылар мен студенттер жұмыстарын, жазған жобаларын тексерістен өткізіп болған соң ғана тиісті бағасын қою керек деп ойлаймын.

Плагиаттықтың табылу мәселесі тек студенттер мен оқушылар расында ғана емес, сонымен қатар ғылым салаларында да осы шақта өзекті болып тұр. Әлемдік кітапханалардың сансыз ресурстарына әрдайым ашық тұрған бұл жол, маңызды проблемаға айналдырып, дәйектеме келтірудің көзіне жөн-жобасыз ғылыми жұмыстарда бөтен мәтіндердің қайдан алынғандығы көбінесе көрсетілмейді. Бұл ұрланған шығарманың авторының абыройы мен қадір-қасиетіне кесірін төндіреді. Ғылыми салада ұрлық өз еңбегінің нәтижерінен тікелей материалдық игілікті алып қойып, патенттер алуы, өнертабыстарды коммерциялық пайдалану, сонымен бірге ғылыми жаңалықтарды авторлық құқықпен қорғауға жатады. Айта кететін жағдай, авторлардың бірлесуін мәжбүрлеу плагиаттыққа жатқызылады.

Қорытындылай келе, Елдімізде 1992 жылы Бүкілодақтық Агенттіктің қазақ бөлімшесінің негізінде Қазақстанның авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар жөніндегі Мемлекеттік Агенттік құрылды. Алайда осы күнге дейін бұл мәселе шешімін таппай келеді. Авторлық құқық бұзушылық тыйылар емес. Қаншама шаралар мен заңдар орындалып жатса да, елімізде авторлық құқық бұзушылық әлі де бар. Сондықтан жоғарыда аталып кеткен мәселелерге тоқталып, жас буыннан бастап түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет дегім келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы авторлық құқықты қорғаудың негіздері мен ерекшеліктері
Авторлық құқықты қорғаудың халықаралық-құқықтық аспектілері: Қазақстан Республикасының тәжірибесі
Қазақстандағы интернет және цифрлық ортада авторлық құқықты қорғаудың құқықтық мәселелері
Авторлық құқықты құқықтық реттеу және азаматтық-құқықтық қорғау: Қазақстан тәжірибесі
Интеллектуалдық меншік пен авторлық құқықты қорғау: әлемдік жүйе мен Қазақстандағы құқықтық практика
Авторлық құқық пен сабақтас құқықтар: интеллектуалдық меншікті қорғаудың құқықтық негіздері
Авторлық құқықтарды халықаралық құқықтық қорғаудың теориялық және құқықтық негіздері
Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік: заңдылық, құқықтық тәртіп пен алдын алу шаралары
Салықтан жалтарынудың себептері, құқықтық жауапкершілік және алдын алу шаралары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, құқықтық жауапкершілік және алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz