ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТАТАР ТІЛДЕРІНДЕГІ АЙ ЛЕКСЕМАСЫНА ҚАТЫСТЫ АНТРОПОНИМДЕР


ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТАТАР ТІЛДЕРІНДЕГІ «АЙ» ЛЕКСЕМАСЫНА ҚАТЫСТЫ АНТРОПОНИМДЕР
Сыздықова А. А., ҚазҰУ, ІІІ курс студенті
Ғыл. жет. ‒ филол. ғыл. канд. Қортабаева Г. Қ.
Аңдатпа
Әр халықтың есімдерінің өзіндік қызықты әрі бай тарихы, өзіндік салт˗дәстүрі мен пайда болу мотивтері бар. Ұсынылып отырған мақалада қазақ және татар тілдеріндегі «Ай» лексемасына қатысты антропонимдер атап көрсетіледі. Түркі халықтарындағы «Ай» символының мәні сұлулық екені мәлім болды. Мақалада қазақ және татар тілдеріндегі ортақ және ерекше «әйел есімдері мен ер есімдері салыстырылады, олардың мағынасы ашып көрсетіледі.
Түйін сөздер: ономастика, антропонимика, «Ай» лексемасы.
Абстракт
Антропонимы каждого народа имеет свою интересную и богатую историю, традиции и мотивы. В предлагаемой статье отмечаются антропонимы с лексемой «Ай» в казахском и татарском языках. Известно, что значение символа «Ай» у тюркских народов - красота. В статье сравниваются общие и уникальные «женские и мужские имена» в казахском и татарском языках, раскрывается их значение.
Ключевые слова: ономастика, антропонимия, лексема «Ай».
Abstract
The anthroponyms of each nation has its own interesting and rich history, traditions and motives. In the proposed article anthroponyms with the lexeme "Ay" in the Kazakh and Tatar languages are noted. It is known that the meaning of the symbol "Ay" among the Turkic peoples is beauty. The article compares common and unique "female and male names" in the Kazakh and Tatar languages, reveals their meaning.
Key words: onomastics, anthroponymy, lexeme "Ay".
Түркі халықтарының тіл білімінде жан-жақты зерттеліп, ғылыми негізі қаланған ономастиканың күрделі бір саласы - антропонимика. Антропонимика кісі аттары, әке аты, фамилиялар, лақап аттар, бүркеншік аттарды зерттейтін ономастиканың бір саласы.
Антропонимдер жүйесі адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық-әлеуметтік құрылысын және материалдық әрі мәдени өмірдің құбылыстарын да көрсете алады. Олардың кейбір топтары қазақ ауылының ертедегі тіршілік, іс-әрекетінен және шаруашылық күйінен мағлұмат береді.
Ономастиканы зерттеудің теориялық-әдістанымдық негіздері мен тілмен сабақтастықта қарастырылатын ұлттық этномәдени, әлеуметтік сипатын анықтаудың қажеттілігін В. В. Радлов, В. В. Бартольд, Н. Катанов, А. Н. Самойлович, Қ. Жұбанов, Ш. Ш. Сагаутдинов, Г. Ф. Саттаров, Т. Жанұзақов, Г. Қортабаева т. б. ғалымдар өздерінің еңбектерінде жан-жақты көрсетті.
Академик А. Н. Самойлович ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ бұл проблеманың әлеуметтік, этномәдени аспектісіне мән беріп, түркітанудың болашағы өзекті мәселелерінің бірі ретінде мән берген: «чтобы исследователи разных тюркских народов обратили особое внимание на личные имена, о том, что следовало бы составлять полные алфавитные списки личных имен, как мужских, так и женских, по отдельным народам и племенам с подробными указаниями, в каких случаях, в какую историческую эпоху, кому и почему давалось то или иное имя, что в последствии позволило бы произвести весьма интересные в культурно-историческом отношении сравнительное исследование личных имен всех тюркоязычных народов». [1; 275] .
Ай - түркі халықтарының өмірінде салт- ғұрыптар мен наным-сенімдер жүйесінде ерекше орны мен мәні бар аспан денелерінің бірі. «Ай - ең алдымен, қазақтардың исламға дейінгі байырғы дүниетанымындағы киелі руз иесі ретінде мінажат еткен аспан денесі». [2; 75]
Ғалым Т. Жанұзақов өзінің «Қазақ есімдерінің тарихы атты еңбегінде былай дейді: «Бұл дәуірде үй хайуандары мен жабайы аңдардың, табиғат атаулары мен өсімдіктердің және қымбат металдардың атаулары кісі аты ретінде қойылып отырған. Мысалы: Айкүн, Айжарық, Айтолық, Айтолды, Күнай, Күнсұлу, Күнтуар ». [3; 24]
Г. Ф. Саттаровтың еңбегінде мынандай есімдер беріледі: Айбаш, Айбек, Айбикач, Айбул, Айгына, Айгул, Айдай, Айдак, Айзада, Айзак, Айдаш, Айзухра, Айназ және т. б.
Ш. Ш. Сагаутдинов өзінің «Татарские имена: происхождение, значения, примеры» атты еңбегінде «Ай» лексемасына қатысты мынадай анықтама береді: «В древнетюркском языке слово ай (месяц) имело следующие переносные значения: «красивый, ценный; святой; чистый, светлый, лучистый; умный; дорогой; обильный; счастливый; полный» и др. По древнему обычаю, ребенку, родившемуся во время сияния луны или полнолуния, давалось имя, в состав которого входило слово ай. Компонент ай часто встречается в именах со сложной структурой». [4; 27]
Фольклорлық дәстүрде нәрестенің немесе сұлу қыздың жүздерін жаңа туған Айға немесе толған Айға балап айту ең көп ұшырайтын дәстүрлі теңеу ( туған Айдай, туған Айдай иілу, туған Айдай балқу, туған Айдай толқу, он бестегі Айдай, толған Айдай толықсу, Ай дидарлы және т. б. ) .
Қазақ халқы ерте кезден-ақ аспан жұлдыздарын бір-бірінен ажырата білген, әрі мифтік танымға сәйкес табынған. Осымен байланысты аспандағы ай сияқты жарық болсын деген мағынада кісі есімдері қойылған: Айсұлу , Айжарық т. б. Осы құбылыстың болуына бастама болсын деген мағынаға байланысты: Айтуар, Күнтуар, т. б.
Зерттеуде қолданылған еңбектерге сүйене отырып екі тілде де кездесетін және ерекше есімдерді төменде жазып көрсеттік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz