Абай шығармаларындағы дүниетанымдық деректер (А. Нұрқатов зерттеулері бойынша)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Абай шығармаларындағы дүниетанымдық деректер(А.Нұрқатов зерттеулері бойынша)
Орындаған: Қалдыбай Бақытгүл
Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті
Тексерген: ф. ғ. д., профессор Бисенғали Зинол-Ғабден



2020жыл

Абай шығармашылығын кең ауқымда алып, дәйекті ой-пікірімен , жан-жақты ашып көрсеткен ғалым Айқын Нұрқатовтың есімі қазақ әдебиеттануының тарихында ерекше орын алады. Абайдың ақындық дәстүрі туралы ғылыми еңбек жазып, өзіндік орны бар мәйекті мұра, байсалды ой-тұжырымдары күні бүгінге дейін біз үшін бағалы.Абай мұрасын игеру, оның творчествосын терең зерттеу - өткендегі мәдени қазынамызды пайдаланудағы ең түбегейлі мәселелердің бірі болғаны, біздің әдебиетіміздің, әсіресе поэзиямыз үшін қалыптасып дамуына қай кезеңінде де ұлы ақынның жемісті, құнарлы дәстүрлері асыл қазына іспетті екендігі айтты. Абай дәстүріне байланысты өз позициясын айқын ұсынатын зерттеуші аталмыш мәселеге арналған монографиясын жазды және оны Абай творчествосының дәстүрлік және жаңашылдық сипаттамалары, Абай тұсындағы ақындар, Абай дәстүрлерінің арнасында, Орыс реализмінің дәстүрлері және қазақ әдебиеті, Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы аталатын негізгі тарауларында талдап көрсетеді.
Ғалым данышпан ақын Абайдың бір ғақлиясын мысалға келтіре былай деп жазды: Дүние - үлкен көл, заман - соққан жел; алдыңғы толқын - ағалар, артқы толқын - інілер, баяғыдай көрінер, - деп дүние бірқалыпты тұрмайтынын, бір ғасыр бір ғасырды ауыстыратынын айтып кеткен. Абай дəуірінен бері талай буын алмасты, тарих - теңіз құрдымына талайлар шым батып, із түзсіз жоғалды. Бірақ уақыт озған сайын шоқтығы көтеріліп, биіктей түсіп келе жатқан тұлғалар да аз емес. Кемеңгер Абай - сондай ұлы тұлғалардың бірі -деп Сахара тіршілігін дəл Абайдай терең де мол қамтыған əрі барынша көркем бейнелеген ақын жоқ екендігін алға тартты.
Айқын Нұрқатов - әдебиеттану ғылымында жарқын із қалдырған дарынды тұлға. Талантты ғалымның қаламынан Абайдың ақындық дәстүрі, Идея және образ, Мұхтар Әуезов творчествосы, Жалғасқан дәстүр атты зерттеулер туындады. Бұл еңбектер ғалымның әдебиет тарихына, соның ішінде Абайды ұлт ақыны ретінде қалың қауымға терең танытудағы қосқан зор үлесі деп білеміз.
Зерттеуші А.Нұрқатов ақын Абайдың дүниетанымына алғаш әсер еткен әжесі Зеренің алатын орны ерекше екендігін атап өтеді: Асылы, халықтың шексіз бай ауыз əдебиетімен, оның өлең-жырлары, ертегі-аңыздарымен Абай бала кезінен суарылып өскен. Олар Абайдың алғашқы ақындық бесігі іспетті. Шешесі Ұлжан, əсіресе əжесі Зере жас Абай үшін ертегі мен аңыздың сарқылмас бұлағы тəрізді болғаны ақынның өмірбаянынан жақсы аян. Ғалымның бұл айтылған пікіріне терең ойланып қарасақ, шынымен сол заманда дарынды тұлғаларымыздың рухани өсуіне үлкен аналарымыздың маңызды роль атқарғандығын байқауымызға болады. Белгілі ағартушы Шоқанға да әжесі Айғанымның да ықпалы күшті болғандығын көреміз. Сонымен қатар, осындай керемет таланттылық қабілеттер де шыққан әулетке де байланысты деп ойлаймын.
Ғалым А.Нұрқатов ұлт ақыны Абай туралы сөз еткенде, ең алдымен суреткерлік өнегесін, ақындық айналасы, әдеби мектебімен, қазақтың ХІХ ғасырдағы әдебиетімен сабақтастыра талдап түсіндіріп көрсетті. Абайдың ақындық дәстүрлері оның жаңашылдығымен төркіндестігі, Абай дәстүрлерінің өзімен тұстас және кейінгі қазақ поэзиясында даму туралы мәселені әр дәуірдегі әдеби үдеріспен тұтастықта қарастыра білді.
Данышпан ақын Абай шығарған туындылары сол дәуірдің көрінісі еді. Ақынның шығармашылығы - өзі өмір кешкен дəуірдің прогресшіл сипатымен және сол замандағы халықтың өмірімен тығыз байланыста болды.
Ақын шығармаларының ғажайып ерекшелігі, олардың халықтық сипаты мен реализмінен айқын танылады. Ол өзінің көптеген шығармаларында еңбекші халықтың азапқа толы өмірін мейлінше шынайы әрі жаны ашып тебірене, күйзеле отырып суреттеді. Абай өлеңдерінен халық өмірінің кең көріністерін ғана байқап қоймаймыз, сонымен қатар арманы мен үмітін танимыз.
Ғалым А.Нұрқатов Абайдың өзінен бұрынғы қазақ əдебиетімен шығармашылық байланыстарын сөз еткенде екі түрлі мəселеге молырақ назар аудару қажет екендігін көрсетеді: Біріншісі - Абайдың өзінен бұрынғы жəне өзімен тұстас ақындарға қатынасы. Екіншісі - Абайдың халық ғасырлар бойы жасаған ауыз əдебиетіне көзқарасы жəне содан үйренуі.
Тарихта ақын-жыршыларға деген Абай көзқарасын жеткілікті танытатын жазба деректер жоқтың қасы. Абайдың ғылыми өмірбаянын жазған академик-жазушы М.Əуезов қазақтың ескілікті ақындарының ішінен Абайдың нағыз ақын деп ден қойып, өте-мөте жоғары бағалағандары - Марабай мен Шөже екендігін айтады. Бұдан Абайдың елдік пен ерлікті жырлаған Марабай сияқты кең құлашты эпик-ақын мен Шөже тəрізді сыншы-ақынды, шыншыл-ақынды жоғары бағалауында терең мəн бар екенін көреміз. Өйткені Абай бұл ақындардың қуатты талантын ғана емес, сонымен бірге олардың поэзиясының халықтық сипатын, рухын да өзіне туыс, етене жақын көрген.
Менің ойымша, ғалым Айқын Нұрқатов Абай шығармашылығын зерттеуде Мұхтар Әуезовтің ғылыми жолын жалғастырып, одан әрі зерттелуіне өз үлесін қосып қана қоймай, қазақ халқына Абайдың ақындық дәстүрін биік белесі тұрғысынан көрсете білді. Ақынның халық қамын ойлаған, ұлттың мүддесін ең бірінші орынға қойған дарынды тұлға екендігін, шығармаларындағы құнарлы сөздің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
А. Нұрқатовтың әдебиетке қосқан үлесі
Мұхтар Әуезов тағылымы
Абай мұрасы
Айқын Нұрқатовтың сыншылық ерекшелігі
Жазушының драмалық шығармалары
Әуезов шығармашылығы әлем әдебиеті контексінде
Абай шығармашылығы - адамзат даналығының таусылмас қазынасы
Мұхтар Әуезов – абайтанушы
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
Әріп Тәңірбергенов поэзиясындағы Абай дәстүрі
Пәндер