Демалыс орталықтары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

"Сәулет, Құрылыс және Көлік" факультеті

"Сәулет" кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Демалыс орталықтары

Орындаған: Шүкурбекова Айсұлу
Тобы: См-18-5к3
Қабылдаған: Садиков Н.И.

Шымкент-2021
Аннотация

Мен См-18-5к3 тобының студенті Шүкурбекова Айсұлу курстық жұмысты орындап, оны жоспарлау барысында Сәулеттік жобалау VI пәні бойынша Көпфункционалды демалыс орталыктары жайында негізгі ақпараттарды алып, көптеген жұмыстармен таныстым. Жобаны жасау барысында негізгі нормалар және ережелермен танысып, жобаны барынша нормаға сай жасауға тырыстым.
Ғимарат құрылысы кезінде экологиялық қауіпсіз және қаржылай тиімді етілуін қарастырдым. Тұрғын үйдің беріктігі мен тұрғындар үшін ыңғайлы болуы ең басты міндеттердің бірі. Мен жобамда көлемді-кеңістікті шешімнің тиімділігі мен барлық заңдылықтардың сақталуына мән бердім. Курстық жұмыстың графикалық сызбасы А3 форматында орындалды. Графикалық сызбаларға М 1: 100; М 1: 200 масштабтары қолданылды.
Мазмұны
Аннотация
Мөлшерлі сілтемелер
Анықтаулар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.Сәулеттік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Аналитикалы шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Көлемді-кеңістікті шешімдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Шығармашылық ізденіс кезеңі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Шығармашылық жұмыс кезеңі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Бас жоспарды орындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.Құрылымдық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Ғимаратқа қолданылған құрылымдық шешімдер ... ... ... ... ... ..
2.2 Қолданылған құрылыс материалдары тізбесі ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Мөлшерлік сілтемелер

Курстық жұмысты жасау барысында келесідей мөлшерлі құжаттарға сілтеме жасалынды:
Курстық жұмысты жасау барысында келесідей мөлшерлі құжаттарға сілтеме жасалынды:
ҚР ҚнжЕ 5.01-01-2002 Негізгі ғимараттар және имараттар.
ҚР ЕЖ 3.01-101-2013 Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және құрылысын
ҚР ЕЖ 5.01-102-2013 Ғимараттар мен имараттардың іргелері.
ҚМ және Е 12-01-2004 Құрылысты ұйымдастыру
ҚМ және Е 11-03-2001 Типтік жобалау құжаттары
О.В. Георгиевский Справочное пособие по строительному черчению. АСВ 2004 -96 с.
МЕУЛ 12.4.090-80 Индивидуальды қорғаныс шаралары. ССБТ. 2004 ж.
СН 81-80. Құрылыс алаңын электрлі жарықтандыруды жобалау бойынша инструкция. Стройиздат. М,2006 ж.
МЕУЛ 12.1.003-75 ССБТ. Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар. изд.стандартов. М,2005 ж.
МЕУЛ 12.3.001-85 ССБТ. Электрлі дәнекер жұмыстары қауіпсіздіктің жалпы талаптары. Изд.стандартов. М,2004 ж.

Анықтаулар

Жасылынған курстық жобада келесідей анықтамалар мен терминдер қолданылды:

Көпфункционалды ғимарат - қазіргі заманғы қалалық құрылыстағы сәулет объектілерінің перспективалы түрлерінің бірі. Олардың құрылысы жаңа технологияларды, инженерлік-техникалық шешімдерді және сәулет-жоспарлау тәсілдерін дамытуды ынталандыра отырып, инвестициялардың талап етілетін объектісі бола отырып, бүгінде тез және серпінді дамуда.
Тротуар - көшелердің шеттерінде жүруге арналған арнайы жол. Тротуар үстінде қандай да болмасын ойын ойнауға немесе жүгіруге болмайды. Бұл жаяу жүргіншіге бөгет жасаумен атар, аса қауіпті болып табылады.
Жабын арқалығы - ғимараттың жабын плиталарының тірек конструкциялық элемент.
Жабын плиталары - ғимараттың ішкі кеңістігін сыртқы ортадан тұйықтайтын конструктивті жабын панелдері.
Көлденең рама - іргетаста қатаң бекітілген, арқалық бір-бірімен топсалы бекітіліп жалғастырылған ғимараттың көлденең бағытында орналасқан ұстындар.

Белгілер мен қысқартулар:

1... - бөлмелер атауы.
М - масштаб.
См. - сантиметр.
ГП - бас жоспар.
МЕМСТ - Мемлекеттік стандарт
АР - сәулеттік шешімдер.
Мм. - миллиметр.
су - санитарлы түйін.
РК СТ - Қазақстан республикасының стандарты.
М. - метр.

Кіріспе

Көпфункционалды ғимарат - қазіргі заманғы қалалық құрылыстағы сәулет объектілерінің перспективалы түрлерінің бірі. Олардың құрылысы жаңа технологияларды, инженерлік-техникалық шешімдерді және сәулет-жоспарлау тәсілдерін дамытуды ынталандыра отырып, инвестициялардың талап етілетін объектісі бола отырып, бүгінде тез және серпінді дамуда. Көп функционалды ғимарат: екі немесе одан да көп функционалды жоспарлау компоненттерін қамтитын, жоспарлау әдістерінің көмегімен бір-бірімен өзара байланысты ғимарат. Көп функционалды кешен: жоспарлау әдістерінің көмегімен бір-бірімен өзара байланысты әр түрлі функционалды мақсаттағы екі немесе одан да көп ғимараттарды қамтитын кешен.
Көпфункционалды кешендерді жобалаудың бірыңғай әдіснамалық тәсілін анықтауға болады:
Осындай кешеннің құрамына кіретін әртүрлі мақсаттағы үй-жайлар қоғамдық ғимараттың әрбір нақты түрі үшін қабылданған нормалар бойынша жобаланады;
Олардағы функционалды процестер бір-біріне тәуелсіз жүруі керек, сонымен бірге бірыңғай көлемдік жоспарлау шешімі ыңғайлы қарым-қатынасты және бірлескен жұмыс істеудің кедергісіз мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек;
Бүгінгі таңда демалыс орталығы - бұл қоғамның қазіргі заманғы - мәдени қажеттіліктеріне сәйкес келетін мәдени-демалыс ортасын құру бойынша оң тенденциялар дамитын мекеме. Ол тұтас мәдени - демалыс ортасының тасымалдаушысы болып табылады. Бұл өз кезегінде бос уақытты ұйымдастырудағы барлық іс - әрекеттің сипаты мен мазмұнына оң әсер етеді және адамдарға оған белсенді қатысу қажеттілігін тудырады. Бүгінгі таңда демалыс орталығы - бұл сіздің бос уақытыңызды жағымды және пайдалы өткізуге болатын орын: балаңызға ұмытылмас туған күн кешін өткізу, сынып немесе топпен тақырыптық кеш өткізу, бүкіл отбасыңызбен ойын-сауық бағдарламасына қатысу және т. б.
Демалыс орталығы жұмысының негізгі бағыттары:
Балалармен және жасөспірімдермен;
Жоғары сынып оқушыларымен және қала жастарымен жұмыс;
Қаланың ересек тұрғындарымен жұмыс;
Халық шығармашылығын қолдау және дамыту;
Қызметтің ұлттық-мәдени аспектісі;
Әскери-патриоттық тәрбие;
Жасөспірімдер арасында нашақорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс;
Клуб құрылымдарының жұмысы;
Көшпелі жұмыс түрлері;
Әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар;
Мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс
Терроризм мен экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыс;
Отбасылық құндылықтарды сақтау бойынша жұмыс;
Адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесі.

Негізгі бөлім
1.Сәулеттік бөлім

Сәулеттік жобалау VI пәнінен біз көпфункционалды демалыс орталықтарымен танысып, олардың қызыметтері мен түрлерін талдадық. Сабақ барысында алдағы қолға алайын деп жатқан ғимараттарды қарастырдық. Ең басында клаузурамен жұмыс жасадық. Мен бірнеше тақырыпты қарадым. Оларға негізінен фитнес клубтар, көрме орталықтары мен басқада ғимараттар кірді. Клаузураға негізінен бас қасбет, бүйір қасбет, қабаттар жоспары, тілік, перспектива және бас жоспар кіреді. Мен таңдаған тақырыбымды клаузура арқылы көрсеттім. Сабақ барысында негізгк алынған жеті тақырып болды, олар:
Балалар демалыс орталығы;
Жастарға арналған түнгі клуб;
Барлық адамға арналған демалыс орталығы;
Спорттық демалыс орталығы;
Қошқар атадағы су сауықтыру орталығы;
Таулы демалыс орталығы;
Демалыс орталығы.
Ен бірінші клаузурада мен спорттық орталық болды. Ол жобам екі қабаттан тұрады, екі функцияны атқаратын бөлімдер бір ғимаратқа біріктірілген. Бір бөлігі басты кірер есік пен қабылдау үстелі орналасқан. Онда киім ауыстыру бөлмелері мен спортпен айналысуға арналған бөлмелер, әкімшілік, қызымет көрсету бөлмелері орналасқан. Екінші бұл жүзуге арналған бассейн. Ондада оз кірер есігі мен киім ауыстыру бөлмелері бар. Әрине тазалық түйіні де қарастырдым.
Кейіннен сабақ барысында өзімнің негізгі тақырыбым ретінде мәдени демалыс орталығын таңдадым. Бұл оқушылар мен басқада білім алушылар үшін білімін жетілдіріп, достарымен тиімді уақыт өткізуге арналған орталық болды.

1.1 Аналитикалы шолу

Мәдени - демалыс орталығы - бұл әр түрлі қоғамдық бірлестіктер бір шаңырақ астында біріккен бірегей алаң: студенттердің өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық ұйымдар, қызығушылық клубтары, үйірмелер мен студиялар, олар студенттердің өзін-өзі жүзеге асыруына және өзін-өзі дамытуына, мәдени демалысты ұйымдастыруға және қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Мәдени-демалыс орталығы - бұл академияның мәдени-бұқаралық, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға арналған үй-жайларының бірі. Негізінен мәдени демалыс орталықтың атқаратын қызметіне келсек:
Қала, округ тұрғындарының жалпы қол жетімді қарым-қатынас орталығы ретінде мекеме жұмысын ұйымдастыру, қала тұрғындарының әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру;
Көркемөнерпаздар ұжымдарын, әуесқойлық ұжымдарды сақтау және дамыту;
Халықтың әлеуметтік және мәдени бастамаларын іске асыру үшін әртүрлі клубтық құрылымдарды дамыту, үйірмелер (студиялар) мен әуесқойлық бірлестіктерді ұйымдастыру;
Үйірмелерде, студияларда, оның ішінде ақылы оқу;

Мәдени-демалыс орталығын қарастырғанда оның негізгі талаптары, оның құрамына не кіретінін, өзімнің де не қоса алатыным жайында толығымен таныстым. Бұл орталықтан өзім не көргім келетінін және басқада білім алушылардың ойымен танысып, барынша ыңғайлы етіп жобалауға тырыстым.

1.2 Көлемді-кеңістікті шешімдер

Менің жобам оқушылар мен жалпы білім алушы жастарға үлкен мүмкіндіктер ашатын, өз білімін толықтырып, өзі немесе достарымен жақсы уақыт өткізуге арналған мәдени демалыс орталығы. Ғимараттың өзі екі қабаттан тұрады.
Бірінші қабат екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі кірер есік, вестибюль мен басқада бөлмелерден тұрады. Оның өлшемдерін айтсам ені - 16 м, ұзындығы - 19 м құрайды, ауданы 304 м² тұрады. Екінші бөлігі негізінен асхана алып отыр. Асхананың өлшемдері 21x13.5 м, ауданы 283.5 м². Адамдардың отыратын үстелдер тұратын бөлменің ауданы 202.5 м². Бірінші қабатта тамбур, касса, әкімшілік бөлме, гардероб, тазалық түйіні, мұғалімдерге арналған бөлме, санитарлық бөлме, холл, және үйірме бөлмелері орналасқан. Ғимараттың тек жартылай бөлігі ғана екінші қабатқа көтеріледі.
Екінші қабатты толығымен білім алуға арналған қабат ретінде қарастырдым. Бұнда музыка және сурет салу бөлмелері, үш үйірме бөлмелері орналасқын. Екінші қабатта толығымен асхананың үстінен орналасқан терраса орналасады. Оның да ауданы 283.5 м². Жалпы ғимараттың ауданына келсем ол 682.5 м² құрайды. Негізгі өлшемдері болса 32.5x21 м тұрады.

Шығармашылық ізденіс кезеңі

Кез келге ғимаратты жобалағанда біз оның тақырыбына байланысты тиімды жоспарлар жасаймыз. Қоғамдық ғимараттар ушін оның сырт келбеті, әсемдігі мен интерьері өте маңызды. Ол адамдардың сол ғимарат туралы алғашқы түсінігінің қалыптасып, келесіде қайта келуге деген құштарлығына әсер етеді. Қоғамдық ғимараттар жобалау кезінде төтенше жағдайларды ескере отырып, қарастыру керек. Қандай жағдайда болмасын адамдардың қауіпсіздігі алдыңғы қатарға қойылуы керек. Сол себепті ғимаратты тұрғызу кезінде барлық қауіпсіздік ережелері мен өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескердім. Әрине табиғи жағдайда туындайтын қауіптерден біз мүлдем құтыла алмайтынымыз түсінікті, алайда келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және ғимараттың беріктігін сақтау үшін оны жобалауда мұқият болуымыз керек.
Көпфункционалды демалыс орталығы тақырыбымен танысқанда, оны жобалау жұмыстарын бастамастан бұрын, оған байланысты жобаларды іздестіре бастадым. Бұнда тек мәдени-демалыс орталығы ғана емес, өзгеде тақырыптар бойынша дүниежүзілік ғимараттармен таныстым. Оларды айта кетер болсам:
EQUINOX (АҚШ-тағы клубтар желісі)
Бұл әлемдегі беделді фитнес-клубтардың ең ірі брендтерінің бірі. Өзін берекелі храм деген атпен таныстырады. Мұндай клубқа эксклюзивті мүшелік бірегей тренажерлерге, жеке жуыну бөлмесі, ең жақсы жеке жаттықтырушыларға, сондай-ақ денені сканерлеудің арнайы технологиясына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оның көмегімен дененің 3D моделі жасалады, ол ағзадағы май мен бұлшықеттің пайызын және артық майдың жиналатын жерлерін көрсетеді. Бұл жаттықтырушыларға белгілі бір адам үшін мүмкіндігінше тиімді болатын жаттығу бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді. Егер клиент үйде клиенттің картасын қалдырса, онда сіз көз торын анықтау процедурасынан өтіп, клубқа кіре аласыз.

Риверсайд, Калифорния
Орталық бірнеше деңгейге бөлінген. Ғимараттың жоғарғы қабаттан орналасуының арқасында сіз бірінші қабатта болып жатқанның бәрін көре аласыз, онда үлкен фитнес-студия мен спортзал орналасқан, оның интерьерінде негізінен әйнек қолданылған, сонымен қатар ақ плиткалар мен мозаикамен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кендірлі демалыс кешені туристік база ретінде дамыту
Ойын - сауық орталықтарын басқаруды тиімді ұйымдастыру
ЕМДІК-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
Бейімделмеген балалармен және жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс
Жобаның бастапқы деректері
Шымкент қаласы туралы
Солтүстік қазақстанда дамыған емдік туризмнің орталықтары
Қонақ үй шипажайлары
Қазақстандағы туризм жағдайы
Кластерлік жүйені дамытудың экономикалық бағыттары
Пәндер