ҚР Білім беру жүйесінің даму кезеңдеріне талдау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
БОӨЖ 4

Орындаған;Нұрман Асан
Тобы;ТДМ 20-01
ҚР Білім беру жүйесінің даму кезеңдеріне талдау.
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңінде жоғары білім беру жүйесін жетілдіру ең өткір мəселе болып табылады. Соңғы онжылдық ішінде отандық жоғары білім беру жүйесінде ауыз толтырып айтарлықтай құрылымдық өзгерістер болды: жоғары оқу орындары (жоо) өздерінің басқару қызметтерінде анағұрлым байқалатындай автономиялық дəрежеге ие болды, оқыту траекториясын анықтауда ұйғару институционалдық құрылымдарында, бағдарламалары мен оқыту түрлерінде толық диверсификация болып өтті. Мұнымен бірге білім берудің мемлекеттік секторы қысқартылды, ал мемлекеттік емес білім беру секторы қарқынды дами бастады. Елімізде қалыптасқан білім беру қызметінің нарығын мемлекеттік жəне мемлекеттік емес жоо ұсынды, бірақ мемлекетпен реттелетін бірдей жағдайда жəне тең құқылықта. Сонымен бірге жоғары білімге деген қоғамдық талаптардың өсуі, білім беру қызметі ұсыныстары пропорционалдық емес жағдайлардың ұлғаюы жəне еңбек нарығының сұраныстары, жоғары білімге бағытталған қаржы ресурстарын мақсатсыз пайдалану, оқытудың жаңа технологиясын пайдалану, жоо басқаруда экономикалық механизмдерді өзгерту, білім беру қызметінде бəсекеқабілеттілікті арттыру жоғары білім беруде жаңа тəсілдерді іздеуге мүмкіндік тудырады.
Білім беру нарығы -- бұл оқу орындары мен білім беру қызметін сату жəне сатып алу тұтынушыларының арасындағы əлеуметтік-экономикалық жүйе.
Қазақстан Республикасының дамуында стратегиялық бағыттарының бірі болып білім жəне ғылым табылады. Экономикалық, технологиялық прогресс, саяси даму, қоғамдағы мəдени жəне рухани жағдай олардың дамуына байланысты. Бұларсыз мемлекет пен қоғамның дамуының мүмкін еместігі айқын байқалады. Жоғары білім берудің даму стратегиясының мақсаты шикізат ресурстары экономикасынан білім экономикасына өте алатын, əлемдік білім кеңістігінде бəсекеқабілетті, оқытудың жоғары сапасымен қамтамасыз ете алатын ұлттық модельді қалыптастыру болып табылады.
Бұл жағдайды анықтау үшін жоғары білім берудің бүгінгі жағдайы, ол қалай дамуда жəне болашақта оны не күтетіндігіне жауап беруге тырысамыз.
КСРО ыдырауынан кейін Қазақстанның жоғары оқу орындары дағдарысты басынан кешірді. Жоғары білім берудің реформалануының негізгі бағыттарының бірі болып мемлекеттік емес оқу орындарының қарқынды дамуы болды, бұл тек объективтілікті байқатпады, сонымен бірге бұл білім беру қызметі нарығының қалыптасуына өте қажет екендігін де білдірді. Білім беру қызметі нарығы да басқа кез келген нарықтар сияқты бəсекеқабілеттілікті талап ететіндігі заңды. Осы байланыста білім саласындағы мемлекеттік саясат жан-жақты жəне барлық бағытта іске асырылды, бұл білім беруді қаржыландыру мен басқару жүйесін, заңды базаларды реформалауға əкелді.
Мемлекеттің білім беру саясатында келелі орынды жоғары оқу орындары жүйесін оңтайландыру жəне рационалдандыру үдерістері алады. Қазақстан өз тəуелсіздігін алғаннан бері жоғары білім беру жүйесі өз бағытында көптеген өзгерістерді бастан кешірді.
Бірінші кезең (1991 - 1995 жж.) алдымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы Заңымен, Қазақстан Республикасының Конституциясымен (1993 ж. -- бірінші редакция,
1995 ж. -- екінші редакция), мемлекеттік қызметке тəн барлық салалар, оның ішінде білім беруге міндетті болып табылатын заңды-нормативтік жағдайлармен сипатталады.
1991 ж. желтоқсанда бұрынғы КСРО құрамында болған 11 республика арасында өткен мəжілісте Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы Хаттамаға қол қойылды. 1992 ж. наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылданды. Білім беру аумағында əлеуметтік-экономикалық қатынасты реттейтін нормативтік-құқықтық базаны құру басталды.
Бұл кезеңде жоғары мектеп жүйесінде жүргізілген реформалар, біздің көзқарасымыз бойынша, асығыс тəртіпте жүргізілді, білім беру саласындағы құқықтық реттеуді талап ететін шынайы жағдай сол уақытта əрекетте болған заңдылықтардан асып түсті.
Бұл кезеңнің негізгі міндеті болып білім беру саласында мемлекеттік монополиядан бастарту, білім беру саласындағы қатал орталықтандырылған жетекшіліктен алшақ болу, жоғары оқу орындарының іс-əрекеттеріне жекешелікті молырақ беру, республикамыздың облыстары мен аймақтарында нарықтық экономика талаптарын қамтамасыз ету үшін мамандарды дайындауда жеткілікті тəуелсіздік мақсатында жоғары білім беруде мамандықтар атауларын жаңалау болып табылды. Жүргізілген шаралар қорытындысы бойынша жоғары білім берудің мемлекеттік емес секторы қарқынды дами бастады. Бұл аралығын қамтиды) көрсетілген. Бұл үдеріс көрсеткіштері төменде берілген 1-суретте (1991 - 1995 жж.).

Бұл кезеңнің өзіне сай ерекшелігі студенттік контингенттің мемлекеттік жоғары оқу орындарынан мемлекеттік емес оқу орындарына жылыстауы болды.
Аталған кезеңнің атқарған шаралары нормативтік-құқықтық актілерден белгілі мөлшерде заңды бекітулер таба алды. 1993 ж. Жоғары білім беру туралы Заң шықты, осылайша, жоғары білім беру саласындағы мемлекеттің саясаты түрлі меншікті жоғары оқу орындарына қолдау көрсетуге бағытталды. Мемлекеттік жоғары оқу орындары жекеменшік оқу орындарымен қатар студенттік контингентті ақылы негізде қабылдауға мүмкіндік алды, осының негізінде қаржыландыру көзі реттеле түсті.
Жоғары білім беру саласында экономикалық дағдарыспен байланысты жағдай былай қалыптасты: ұйымдастырушылық, мамандар, ғылыми-əдістемелік, материалдық-техникалық мəндегі жүйелік шараларды шешуде қатал қажеттілік туындады. Бұлардың ішінде алғашқылардың бірі болып жоғары білім беруде мамандықтарды топтастыруды жаңарту жұмыстары қолға алынды.
1994 ж. алғаш рет ҚР Жоғары білім беру мемлекеттік стандарты бекітіліп, жоғары білім берудің көпдеңгейлі құрылымы, яғни академиялық дəрежелер -- бакалавр жəне магистр анықталды.
Алғаш рет республикамызда білім беру стандарттары оқу-əдістемелік бірлестіктерде жасалды, олар жоғары оқу орындары арасына таратылды. Алғашқы стандарттардың өзіндік ерекшеліктері жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігі шектелген оқу үрдісі əдеттен тыс регламенттелді, сол себепті тəжірибеде жоғары оқу орындары стандарт нормаларын бұзуы жиіленген жағдайлар байқалды.
Жинақталған жағдайды мемлекет бірқатар құжаттар қабылдау нəтижесімен реттеуге тырысты, дербес жағдайда, Министрлер Кабинетінің қаулыларымен оқу орындарын лицензиялау тəртібі туралы ереже, Мемлекеттік емес білім мекемелері туралы ереже, Мемлекеттік емес жоғары жəне орта арнаулы оқу орындарына бақылауды күшейту туралы, Мемлекеттік емес білім мекемелерін лицензиялау, аттестаттау жəне Аккредитациялау кеңестері жөніндегі ережені бекіту туралы бұйрықтар берілді жəне басқа да заңды актілер. Бірақ құқықтық реттеу механизмі, оның ішінде білім беру қызметін лицензиялау тиімсіз жұмыс істеді.
Бұл кезең соңында жоғары білім беру жүйесін реформалауда стратегиялық мəндегі мəселелер туындады:
* мамандыққа бөлуде мамандарды дайындау құрылымындағы сəйкессіздік;
* жоғары білім беру сапасының төмендеуі;
* мемлекеттік реттеудің аз тиімділігі;
* білім беру қызметінің ұлттық нарығының құлдырауы.
Жоғарыда аталған кезең қиыншылықтарының күрделілігіне қарамастан, жоғары білім беру жүйесі өзгерістерінің бастапқы кезеңін атап өткеніміз жөн, себебі бұл кезең өзінен кейінгі пайда болған кезеңдерде келешек модернизацияланатын негізгі бағыттарды анықтауға жəне жоғары білім беруді дамытуға, ұлттық жаңа модельді құруға өз себін тигізді.
Келер кезең жағдайлары жедел өзгерістер енгізуді талап етті. Жоғары білім беру жүйесін модернизациялау үрдістерін айқындайтын жəне оның мазмұнын жаңартатын бұл өзгерістер екінші реформалауда, яғни 1995 - 1998 жж. аралығын қамтитын кезеңде, өз көріністерін тапты.
Бұл кезең біздің мемлекетіміздің əлемдік білім беру кеңістігіне енуімен сипатталады, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңестің 1995 ж. 4 тамызда бекітілген Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат концепциясында қамтылды, жоғары оқу орындары қызметтерін қамтитын жаңа құқықтық нормативтік жағдайлар: Лицензиялау туралы заңды күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы; Қазақстан Республикасы Жоғары білімді мамандықтарының классификаторының жаңа редакциясы; Еуропа аймағында жоғары білім беруге жататын, біліктіліктерін танытатын Конвенцияны ратификациялау туралы Заңы.
Жүргізілген өзгерістердің негізгі мақсаты болып əрекеттегі жоғары білім беру жүйесінің халықаралық стандартқа еш мүлтіксіз бейімделуі табылады.
Отандық жоғары білім беру жүйесінің əлемдік білім беру кеңістігіне шоғырлануы -- ұзақмерзімді стратегиялық басымдықтың бірі. Біздің еліміздің əлемдік білім беру кеңістігіне енуінің басты шарты -- қазақстандық білім беру жүйесінің Лиссабон конвенциясы мен Болон декларациясы жағдайларына икемделуі.
Бұл кезеңге тəн болып Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат концепциясы табылады. Бұл Концепцияның басты идеясы білім беру формалары мен сатыларының барлығын жаңарту қажеттігіне тіреледі. Мемлекеттік саясаттың басты қағидалары жасалды. Аталған концепция қағидасы демократиялану, аймақтану, баламалық, ашықтық, мобильділік жəне т.б. сай келетін иілмелі, білім берудің адаптивті жүйесіне бағытталған.
Реформалаудың келесі кезеңі білім беруді қаржыландыру жəне басқаруды орталықтандырмау (1999 - 2000 жж.). Бұл кезең студент контингентін қалыптастырудың жаңа моделіне көшуге ыңғайланды, мемлекеттік тапсырыс бойынша студенттерді қабылдау мемлекеттік білім беру гранттары мен кредиттері негізінде жүзеге асуы қажет. Бұл кезеңге тəн белгі қазақстандық экономиканы модернизациялау болып табылады, яғни басты рөлде жекешелендіру болды, мемлекеттік меншікті жекешелендіру, көптеген жоғары оқу орындары жекешелендіріліп, мемлекеттік емес жоғары оқу орындарына айналды. Мемлекет жеңіл салық салуды енгізу жолымен мемлекеттік емес білім беруде кредиттеуді дамытуға ынталандырды. Білім беру сапасын мемлекеттік бақылау мəселесі анағұрлым нақтырақ реттелінеді. Мемлекеттік емес білім беру мекемелері мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орындауға қатысуға, яғни байқау негізінде мемлекеттік гранттар мен кредиттерді жеңіп алған тұлғаларды оқытуға, мүмкіндік алды.
Бұл кезеңде жоо студенттерінің құрамын құрау қаржыландырудың негізінде мамандарды дайындауға мемлекеттік тапсырысты орналастыру, сондай-ақ жекелеген тұлғалардың өз есебінен жəне басқа да көздерден оқу ақысын төлеу негізінде іске асырылады. Бұл модельдің мəні барлық талапкерлер кешенді тестілеу əдісімен қабылдау емтихандарын тапсырады жəне өздерінің таңдаған мамандықтары бойынша байқауға қатысады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу-тәрбие процесін ізгілендіру арқылы мұғалім мәртебесін арттыру
Жаңа формация мұғалімі және болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындаудың өзекті мәелері
Қазақстандағы жоғарғы мектеп дамуы және қалыптасуының негізгі кезеңдері
Педагогикалық шеберлік атты арнаулы курс
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Мектептің оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырушылық- әдістемелік басшылығы
Мемлекет және құқық теориясының пәні және белгілері
Орта білім беретін мектептің оқыту процесінде оқушыларды дифференциалдап оқыту мәні мен түсінігі
Педагогика бойынша лекциялар
Қазіргі заманғы педагогикада блім беруді ізгілендіруді теориялық негіздеу
Пәндер