Мағжан шығармашылығының зерттелуі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Макешова Адель

07. 04. 2020 (Алаш әдебиеттануы)

1. Мағжан шығармашылығының зерттелуі

М. Жұмабаев туралы зерттеулердің ең басына біз Ж. Аймауытовты қоямыз. Оның «Мағжанның ақындығы туралы» мақаласы Мағжан өнеріне берілген әділ баға болып, бүгінгі күні де өз маңызын жоймай келеді. Мақалада ақындық өнер, Мағжанның ерекшелігін айтып көркемдік сипатына ерекше мән береді. Ең әуелі Мағжан өнеріне әділ баға беріп, ғылыми сын тұрғысынан қаруымыз керек дейді. Мағжан мұрасын биік деңгейге көтере отырып, оны туып-өскен ортасымен байланыстырып, дәлелдейді. Бір мақаладан оқыған едім, өз басына қауіп төнерін білсе де Тургенев Гогольді қалай арашалап, ұлы жазушы екендігін тұңғыш рет айтса, Ж. Аймауытов та өз басына қатер төнерін білсе де, Мағжанды арашалау үшін осы мақаланы жазған. Бұл мақаланы әдеби сын, ғылыми еңбек деп қана қарастыру қателік. Бұл Жүсіпбектің ар-ождан алдындағы адалдығы деп.

Ал бүгінгі заманда Мағжан мұрасын жіті зерттеп жүрген Б. Қанарбаева ақынға арнап бірнеше зерттеушілік еңбектер жазған. Ақынның шығармашылық мұрасын зерттеп қана қоймай, «Сауатты бол» атты оқу құралын архивтан тауып, қайта жарыққа шығарған. Ғалымның айтуынша, бұл еңбек бүгінгі күні де өз маңызын жоймаған. Ғалым «Жырымен жұртын оятқан» атты монографиясында, «Мағжан символист» еңбегінде ақынның өлеңдерін талдап көрсеткен. Ш. Елеукенов Мағжан шығармашылығын зерттеп, «Мағжан» монографиясын, «Мағжан шығармаларындағы психологизм», «Мағжан Жұмабаев» т. б. еңбектер мен ғылыми мақалалар және мектеп оқушыларына арналған «Мағжан Жұмабаев» оқу құралын жазған. Белгілі әдебиетші Т. Кәкішевтің «Мағжан мен Сәкен» еңбегін де жатқызуымызға болады. Маңызды зерттеу еңбектердің қатарында Р. С. Әл-Каренидің «Алдаспаны Алаштың ақын Мағжан» әдеби-монографиялық зерттеу еңбегі бар. Бұл еңбек М. Жұмабаевтың 120-жылдығына арналған. Жалпы қазіргі кезде М. Жұмабаев шығармашылығына қатысты көптеген диссертациялар да жазылып, жан-жақты зерттеліп жүр. Мысалы, Б. М. Әбдешев «Мағжан Жұмабаевтың прозасы» кандидаттық диссертациясын жазған, Ф. К. Бектұрбекова «Ұлттық поэзия падишасы» жинағын құрастырған. А. Б. Шалдарбекова «М. Жұмабаев шығармашылығындағы тарихи және рухани сабақтастық мәселелері», Ө. Әбдиманұлы «Мағжанның ақындық әлемі», т. б. мақалаларды атауға болады.

2. Мағжанның символизмі

З. Қабдолов М. Жұмабаевтың ақындық әлемінің ерекшелігі ретінде оның поэзиясында бай, кедей, қанаушы, қаналушы сияқты тап жоқ екендігін айтады. Мағжан тапты емес, ұлтты, ұлтқа, туған жерге деген сүйіспеншілікті жырлады. Қазан төңкерісі туғызған жаңа қоғамды қабылдамады. Табиғатты, сол табиғатта өмір сүрген өз елін жырлады дейді. Осы арада Мағжан поэзиясының сыртқы пішініне сәйкес ішкі мазмұны ашылады. Ол даланы ғана жырлап қоймай, ондағы халықтың тағдырын, қасіретін, қайғысын жырлайды. Психологиялық параллелизмді шебер қолданады. Содан барып мұң мен шерге толы Мағжанның романтизмі пайда болады деген қорытындыға келеді. Ал символизмнің түп-төркіні осы романтизмнен басталғаны белгілі. Ол туралы Б. Канарбаева: Символизм алғаш әлем әдебиетінде романтизммен бірге болды. Кейін романтикалық сарын өршіл және кері тартпа болып екіге бөлінгенде, ойды бейнелеп жеткізуде шындық пен жалғандықтың ара салмағын өлшеп көрсететін әдеби құралға айналып, ХІХ-шы ғасырдың ортасында әдебиетте романтикалық сарын мен реалистік шындыққа қосымша - жаңа әдеби әдіс болып, Европа және орыс әдебиетінде қалыптасады деп жазады өзінің «Мағжан символист» еңбегінде. М. Жұмабаевтың поэзиясында суреткерлік шеберлігі анық байқалады. Ол қазақ поэзиясын Абайдан кейінгі әлемдік деңгейге көтерген ақын. Ш. Елеукенов: «символизм қазақ поэзиясына аз жаңалық әкелген жоқ, Мағжанның өз шығармагерлігі үшін де бұл ағымның көп пайдасы тиді» деп жазады. Мағжан поэзиясындағы лирикалық кейіпкер - ақынның өзі болса, типтік дәрежеге дейін сомдалған эпикалық образ - өлеңдерінде емес, поэмаларында. Мағжанның символизмі оның өлеңдерінде «Күннің» символ болып алынғандығынан байқалады. Бұл тұста оны К. Бальмонт шығармаларымен үндеседі деуге болады. Орыс ақындарын жақсы білген Мағжан үшін олардың тигізген әсері де болуы мүмкін. Мысалы, Күн туралы К. Бальмонт өлеңдерінде: «Я в этот мир пришел, чтобы видеть солнце, а если день почас, я буду петь . . . я буду петь о солнце в предсмертный час» - дейді және көп өлеңдерінде күнге табынады. Күнді әрқилы символда алып жырлауы көптеген ақындарда кездеседі. Соның ерекше түрін М. Жұмабаев шығармашылығынан көреміз. Күннен туған баламын, Жарқыраймын, жанамын. Күнге ғана бағынам. Өзім - күнмін, өзім - от деген сияқты жолдардан байқаймыз. Ал Ж. Аймауытовтың тұжырымдауынша «Бостандық», «Күншығыс», «Пайғамбар», «Түркістан» өлеңдерінде неміс идеалисі О. Шпенглердің әсері болуы мүмкін дейді.
Зерттеуші

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҒАРТУШЫЛЫҚ ӘДЕБИЕТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ
Түрік-қазақ әдеби байланыстары
Түрме тақырыбында жазылған шығармалардың түрлері
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Сәкен Сейфуллиннің мемлекеттік қызметі
САЛ - СЕРІЛЕР ПОЭЗИЯСЫ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
Мағжан Жұмабаевтың шығармалары арқылы қазақ халқының рухының мықтылығын дәлелдеуі
М. Жұмабаев шығармашылығындағы әлеуметтік - философиялық мәселелер
Мағжан Жұмабаев қазақ халқының тарихында кәсіптік тұрғыдағы
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz