Санитарлық - паразитологиялық зерттеу жүргізу үшін зерттелетін материалдың үлгілерін алу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Орындаған:Таласова Аружан
Тексерген: Бисекенова Акмарал Лескалиевна

Санитарлық-паразитологиялық зерттеу жүргізу үшін зерттелетін материалдың үлгілерін алу және тасымалдау әдістемесін пысықтау.

Тексерілетін аумақтағы сынама алаңдардың саны мен мөлшері объектінің эпидемиологиялық маңыздылығы мен оның жалпы ауданы ескеріле отырып алынады.Паразитологиялық талдаулар үшін топырақ сынамаларын алу табиғи және бұзылған топырақтарының сапалық жай-күйін бағалау мақсатында жылына кемінде 1 рет жүргізіледі.Балалар емдеу мекемелері мен демалыс аймақтары аумағында топырақ сынамаларын іріктеу жылына кемінде 2 рет - көктемде және күзде жүргізіледі.Гельминт жұмыртқаларынан, ішек қарапайым цисталарынан топырақтың өздігінен тазарту динамикасын зерттеу кезінде сынамаларды іріктеуді бірінші ай ішінде апта сайын, содан кейін өзін-өзі тазартудың белсенді фазасы аяқталғанға дейін вегетациялық кезең ішінде ай сайын жүргізеді.Мысалы, балалар емдеу мекемелері, ойын алаңдары, шұңқырлар, қоқыс жәшіктері және шағын аудандарды алып жатқан басқа да объектілер орналасқан аумақта сынақ алаңының көлемі 5x5 м аспауы тиіс.Әрбір сынама алаңынан әрқайсысы 20 г салмағы 10 нүктелі сынамадан тұратын, салмағы 200 г 1 біріктірілген сынама алынады. Нүктелік сынамаларды сынама алаңшасында конверт әдісімен, диагональ бойынша немесе кез келген басқа тәсілмен әрбір сынама генетикалық көкжиектер немесе осы типті қабаттар үшін типтік топырақ бөлігі болып табылатындай етіп алынады. Нүктелі сынамаларды пышақпен, қалақшамен немесе шпательден немесе беті мен тереңдігі 10 - 20 см қабаттан қабаттап алады. Біріктірілген сынама бір сынақ алаңында іріктелген 10 нүктелі сынамаларды араластыру жолымен құрайды.Сынамаларды қақпағы бар банкаларға немесе клеенкадан, пластиктен жасалған пакеттерге салады, зерттелетін учаскенің іріктелген орнын, күнін, тереңдігін, сипатын (көлеңкеде немесе күнде, топырақ құрамын, өсімдіктердің болуын және т.б.) көрсете отырып таңбалайды. Онда міндетті түрде сынама алушы мен аумағында сынама алынған мекеме өкілінің тегі мен лауазымы анық көрсетіледі. Барлық біріктірілген сынамалар журналда тіркелуі, нөмірленуі тиіс. Топырақ сынамаларын тасымалдау және сақтау процесінде олардың ластану мүмкіндігін болдырмау жөнінде шаралар қабылдануы тиіс.Топырақ сынамаларын паразитологиялық талдау оларды зертханаға жеткізу күні жүргізіледі. Ішек патогенді қарапайым топырақты цисталарға зерттеу үшін өңдеусіз 2 тәуліктен асырмай; биогельминт жұмыртқаларына - 7 тәулікке дейін, ал геогельминт жұмыртқаларына - 1 айдан асырмай сақтайды. Геогельминт жұмыртқаларында личинкалардың кебуі мен дамуының алдын алу үшін топырақты ылғалдап, аптасына бір рет аэрациялайды, ол үшін сынамалар тоңазытқыштан алынады және бөлме температурасында 3 сағатқа қалдырылады, ылғал жоғалуына қарай сумен ылғалдандырады және сақтау үшін тоңазытқышқа қайта салады. Топырақ сынамаларын бір айдан астам сақтау қажет болған жағдайда консервациялайтын заттар қолданылады: топырақты кристалдандырғышқа салып, Барбагалло сұйықтығымен немесе тұз қышқылының 3% ерітіндісімен құйып, содан кейін тоңазытқышқа қояды.Зерттеу алдында топырақтың біріктірілген сынамасын қағазға немесе калькаға себеді, пестицидпен ірі түйіршіктерді ұнтақтайды, одан өсімдіктердің тамырларын, тастарды, жәндіктерді, шыныны, көмірді, жануарлардың сүйектерін таңдайды.

2.Санитарлық паразитология бойынша заңнамалық және нормативтік-құқықтық құжаттарды жазу.
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актiсi - объектiнiң халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестiгін тексеру нәтижелерi бойынша мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам беретiн құжат;
2) адамның тiршілік етуiне қолайлы жағдайлар - тiршiлiк ету ортасы факторларының адамға зиянды ықпалы жоқ кездегi жай-күйi;
3) зиянды өндiрiстiк фактор - әсерi белгілі бiр жағдайда жұмыс iстеушiнің еңбекке қабiлеттілiгiнің кәсiби тұрғыда, уақытша немесе тұрақты түрде төмендеуiн тудыруы, соматикалық және жұқпалы аурулардың жиiлiгiн арттыруы, денсаулығының бұзылуына әкелуi мүмкiн ортаның және еңбек процесiнiң факторы;
4) адамға зиянды әсер - тiршiлiк ету ортасының адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн әсерi;
5) гигиеналық норматив - тiршiлiк ету ортасының белгiлi бiр факторын адам үшiн қауiпсiздiгi және (немесе) зиянсыздығы тұрғысынан сипаттайтын көрсеткiштiң зерттеулер арқылы белгiленген шектi мөлшердегi ең көп немесе ең аз сандық және (немесе) сапалық мәнi;
6) мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау - халықтың денсаулығын сақтау мен тiршiлiк ету ортасын қорғау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарын бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу жөнiндегi қызметi;
6-1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган - денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi шегiнде атқарушылық, бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында басшылықты жүзеге асыратына умақтық бөлiмшелерi бар, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мемлекеттiк орган;
7) дезинфекция, дезинсекция және дератизация - өндiрiстiк, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Санитарлық - паразитологиялық зерттеу жүргізу үшін зерттелетін материалдың үлгілерін алу және тасымалдау әдістемесін пысықтау
Ауылшаруашылық өсімдіктерінің өскіндерінің өсуі мен дамуына молибденнің әсерін зерттеу
Ластанған судан туындайтын аурулар
Су факторларымен байланысты аурулардың алдын алу жөніңдегі шаралар
Су факторымен байланысты аурулардың алдын алу жөніндегі шаралар
Описторхоз - балық ауруы
Патологиялық материалды орау және жөнелту
Зертханаларда қолданылатын биологиялық қауіпсіздіктің негіздері
Ветеринариялық санитариялық сараптаудың заманауи әдістері
Су факторымен байланысты аурулардың алдын алуға бағытталған шаралар
Пәндер