Батыс Қазақстан облысының минералды-шикізат қоры және оларды шаруашылықта игеру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Батыс Қазақстан облысының минералды-шикізат қоры және оларды шаруашылықта игеру

Дайындаған:

Ғылыми жетекші:

Орал қаласы - 2021ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 Тарау. Батыс Қазақстан облысының физикалық географиялық сипаттамасы . . . 4

1. 1 Тектоникалық геологиялық құрылысы және жер бедері . . . 4

1. 2 Климаты және ішкі сулары . . . 11

1. 3 Топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі . . . 26

2 Тарау. Батыс Қазақстан облысының минералды шикізат қорына сипаттама . . . 39

2. 1 Пайдалы қазбалары . . . 39

2. 2 Кен орындары . . . 45

3 Тарау. Батыс Қазақстан облысының шикізат ресурстарын шаруашылықта игеру . . . 50

3. 1 Завод, фабрика . . . 50

3. 2 Батыс Қазақстан экономикалық-географиялық жағдайы . . . 57

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60

Кіріспе

Батыс Қазақстан облысы республикамыздын қиыр солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ол солтүстігінде Ресейдің Орынбор, Саратов, Самара, батысында - Астрахань облыстарымен шектеседі. Ал оңтүстігі мен шығысында өзіміздің Ақтөбе және Атырау облыстарымен шектесіп жатыр.

Батыс Қазақстан облысы негізінен 1932 жылы 10 наурызда РСФСР құрамындағы Қазақ АССР-нің аймағы ретінде кұрылған болатын. 1962 жылы 3 мамырда ол Орал облысы болып өзгертілді. Ал 1992 жылы шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы Орал облысының атын, Батыс Қазақстан облысы деп өзгертті.

Дипломдық жұмысымның алға қойған мақсаты

Батыс Қазақстан минералды-шикізат қорын және оларды шаруашылықта игеру

құрылымын талдау жасай отырып, Батыс Қазақстан ауданының өнеркәсібінің мамандану деңгейі мен ел экономикасында алатын орнын анықтау.

Міндеттері:

1. Батыс Қазақстан экономикалық-географиялық жағдайы;

2. Пайдалы қазбалары, климаты, шикізат өндіретін зауыттар, фабрикалар

3. Ірі қалаларын анықтау, сипаттама беру;

Дипломдық жұмыс көлемі кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады.

Батыс Қазақстан облысының қазіргі алып жатқан аумағының жалпы көлемі 151, 2мың шаршы шақырымға жетеді немесе қазақстан территориясының 5, 9%-ін алып жатыр. Өлкеміздің жалпы территориясы солтүстіктен онтүстікке 425 шақырымға дейін жетсе, шығыстан батысқа дейін 585 шакырымға созылып жатыр. Территориясы бойынша кейбір Батыс Еуропа елдерінен, мысалға Болгариядан, Венгриядан ауқымдырақ. Физикалык-географиялык жағдайы ерекшеліктеріне тоқталсам: өлкеміздің территориясы 48°-51°35' солтүстік ендік және 45°30'-54°35° ендіктер аралығында жатыр.

Eyразия континентінін ішкі ауданында жатыр, Атлант мұхитынан және оның теңіздерінен 2, 5 мың шақырым қашықтықта жатыр. Облысымыздың климатының қатаң континентті болуына септігін тигізіп қоймай, сонымен қоса топырақ жамылғысына, өсімдіктер мен жануарлар дуниеcіне және табиғатына үлкен әсер етеді. Жалпы, территорияның дала және шөлейт зонасы алып жатқандықтан адам өміріне, шаруашылыққа зияның тигізбейді. Жайық өзені және оның су алабтары жеріміздің табиғатына көптеп септігін тигізеді.

Облысымыздың территориясы Орал және Волга бойы экономикалық аудандарымен шекаралас болуының шаруашылық жағынан дамуына үлкен әсері бар. Сонымен қатар көршілес жатқан Ақтөбе және Атыраy облыстарымен Волгоградпен, экономикалық тығыз байланыстары оның экономикалық - географиялық жағдайын жақсартуда. Батыс Қазақстан облысының мемлекетаралық көлік-экономикалық байланыстары шаруашылыққа септігін тигізеді. Сонымен қатар облыстың Еуропа мен Азияның аралығында, сондай-ақ шикізат көзінің мол аудандарына және өнеркәсібі жақсы дамыған орталыққа жақын орналасуы халық шаруашылығының барлық салаларының, ең алдымен өнеркәсібі мен көлік қатынасының тез өсуіне жағдай жасайды.

Облыстың оңтүстік бөлігі негізінен Атырау облысымен щектесіп жатыр. Екі облыс іргелес жатқан кезде, көлік қатынасында қиын жағдайлар аз емес. Салынып жатқан Мақат - Индер- Александров - Гай республикамыздың ішкі және сыртқы көлік-экономикалық қатынасын күшейте, жақсарта түспек. Орта Азия республикалары мен Ресейдің орталық аудандары арасындағы жаңа көлік-экономикалық қатынастарға осы темір жол желісі арқылы жол ашады.

Сонымен Батыс Қазақстан облысының экономикалық жағдайы жақсы, дамыған аудандармен шекаралас болуы, қазіргі таңдағы өндірістің ддамуына, халық шаруашылығының дамуына, ауданаралық қатынасты жақсартуға мол әсерін тигізіп, қолайлы жағдай жасайды.

1 Тарау. Батыс Қазақстан облысының физикалық географиялық сипаттамасы

1. 1 Тектоникалық геологиялық құрылысы және жер бедері

Батыс Қазақстан облысының территориясы Шығыс Еуропа платформасының құрамына кіретін, кембрийге дейінгі қатты кристалды негіздерді қамтиды. Сондықтан да осы жерлдің аймақтары тау түзілу процесіне ұшырамаған. Бұл территорияда геосинклиналды ауданда кездесетін шөгінді жыныстардың қатпарлануы немесе жанартау процестері кездеспеген. Геологиялық құрылымы жөнінен қатты қабықтың ең терең түскен жері Каспий маңы ойпатының Еділ - Каспий бөлігі .

3000 м - ден аса тереңде және палеозой мен мезо - кайнозой шөгінділерінің астында кристалды жыныстар жатыр, ал кейбір жерлерде тереңдігі 15 мың м - ге дейін жетеді. Бұл Каспий маңы синеклизасында төменгі палеозой дан кайнозой кезіне дейінгі жыныстар платформаның жай бірқалыпты иілісінің әсерінен көп өзгеріске ұшыра маған. Мұндай тектоникалық тарихы, Қазақстан жерінің көбіне тау түзілу процесіне ұшыраған бөлек аудандарынан ерекшелеп тұрады. Сонымен қатар, тұз күмбездерінің көптеп кездесуі осы аймақтың тағы бір ерекшелігі.

Олардың пайда болуы орогендік қозғалыстарымен тығыз байланысты . Осының әсерінен пермь, мезозой және үштік дәуір жыныстары көп жерде негізінен ғаныш пен тұзқатпарларына бүгілген.

Каспий маңы ойпатындағы тұз күмбездері жер шарының басқа ешқай жерінде кездеспейді. Тұз күмбездері Батыс Қазақстан облысының яғни оңтүстік - шығыс және шығыс аймақтарында шоғырланған. Тұз күмбездері ерте пермь дәуірі кезінде жинақталған ас және калий тұздарының шөгінділері қалыптасқан ойыстарда пайда болған. Осы жерлерді қазіргі таңдағы мол мұнайдың қоры игеріліп отыр. Каспий маңы синеклизасының бетін көптеген уақыт су басып жатқан кезін Ақшағыл алабы аймағына жатқызады. Бұл алаптың ұзынша тармағы қазіргі Қара теңіз ге қарай созылып кеткен. Ақшағылдан кейін келетін Aншерон алабы шағынырақ болған. Ол қалыңдығы 400 м құм, конгломерат, саз қалдырған.

Төрттік шөгінділер қалыңдығы 30 м - ден асатын теңіздік және континенттік жыныстардан тұрады . Теңіз тұнбалары арасында Баку, Хазар, Төменгі және жоғарғы Хвалын трансгрессиялары қалдырған теңіз фаунасы бар саз, құм - саз және құм қабаттарынан тұрады. Оларда континенттік шөгінділер лёсс тәріздес саздақ, құм, шым тезекті топырақ қабатымен кезектесіп келеді.

Осы төрттік дәуір тұсында Каспий теңізінің үлкен теңіз трансгрессиясы және регрессиясы болды. Оларға: Баку, Хазар, Хвалын деген кезеңдерге бөлінеді. Осы теңіздің суы көтеріліп жайылған кезеңдерде Батыс Қазақстан облысының территориясы түгелге жақын, кейде түгелдей бірнеше мыңдаған жылдар бойы теңіздің түбі болып келді. Батыс Қазақстан аймағының қазіргі территориясын да болған тектоникалық өзгерістер оның белгілі бір геологиялық құрылысын қалыптастырған . Каспий маңы синеклизасы бірте - бірте төменге түсу кезеңінде, бұл жерді жоғарыда көрсетіліп кеткендей теңіз суы басқан. Теңіз жануарларының қалдықтары, тұздар және континентті шөгінділер белгілі бір қабат қалыптастырып шөгіп отырған . Сол теңіз түбінің құрғақ жағалаулардан қашықтығына карай құмды және сазды шөгінділердің түстері әр келкі болып келеді.

Казіргі өзен жағаларынын беткейлі жарқабактарынан түрлі шөгінді қабаттарын байқауға болады. Ал басқа минералды жыныстардың кұрамында тасқа айналған теңіз жануарларының қалдықтарында байқауға болады. Сол үшін облыстың аумағында әр түрлі геологиялык кезенде пайда болған жыныстарды кездестіруге болады. Геологиялык картадан аймақ территориясының, көп бөлігін төрттік дәуірдің жыныстары жауып жатқанын, солтүстік-шығыс, шығыс, онтүстік аймақтарда пермь, триас, юра, бор және палеоген, неоген дәуірлерінде пайда болған жыныстардын жер бетіне жақын немесе шығып жатқанын байқайсың. Тұзды кабаттын астында, шамамен 3000 м-дей тереңдікте, негізінен карбонаттардан тұратын девон дәуірінін жыныстары кездеседі. Осы қабаттарда казіргі кезде мұнай және минералды тұзды су коры бар екендігі байқалды. Каспий маңы ойпатының орталық жерінде 8000 м терендік шамасында таскөмір дәуірінін жыныстары қалыптасқан. Осы қабаттар мұнай мен газға бай.

Пермь дәуірінің жыныстары барлық Каспий маңы ойпатында көптеп таралған. Бұл қабатта карбонатты, сульфатты жыныстар: тас тұзы, ғаныш, ғанышты-ангидрид, т. б. кездеседі. Мысалы Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының шекаралас жеріндегі Индер тұзды күмбезінің калындығы 2000 м-ге дейін жетеді. Мезозой дәуіpінде триас, юра және бор дәуірінің шөгінді жыныстары қалыптасқан. Бұлар негізінен карбонатты жыныстардан тұрады. Әсіресе көп бөлігін бүгін де кұрылыс материалдары ретінде пайдаланылатын құм, доломит, сазды жыныстар кұрайды. Негізінен түстері сұрғылт болып келеді де, кұрамында пирит, кальциттердін турлері көп кездеседі. Осы жыныстар триас және юра дәуірін қамтиды. Ал бор дәуipінің жыныстары жалпы облыстың аймағында біркелкі таралған. Бұлар тұз күмбезі көтерілген жерлерде жер бетіне жакын немесе шығып жатады. Бор дәyiрінің жыныстары құм, әктастан және мергелден құрылып негізделген . Олардың қалыңдығы тіпті жүз метрден де асады. Облыстың солтүстігінде, казіргі Жалпы Сырттын бойында палеоген және неоген жыныстарының қабаттары бар. Негізінен ұсақ түйіршікті құм мен саздан құрылған, малта тастар араласқан сары саздар бар.

Батыс Қазақстан облысынының жерінде негізгі бөлік төрттік дәуіріндің шөгінді жыныстарынан құралған. Негізінен континетті жағдайда қалыптасқан саздар, құмдауыттар, құм, әктасты саздар. Яғни төрттік дәуірі кезеңі қазіргі жер бедерінің қалыптасуына көп септігін тигізген.

ЖЕР БЕДЕРІ

Батыс Қазақстан облысының жер бедерінің жазықты болуы, Шығыс Еуропа жазығының жалғасы болуына байланысты. Солтүстігі мен шығыс аймағында онша биік емес қыраттар бар. Орталық және оңтүстік бөлігі ойпатты жазықты болып келген.

Облысымызды 5 (орографиялық) географиялық аудандарға бөліп қарастыруға болады.

1. Жалпы Сырт; 2. Орал маңы; 3. Сырт алды жарлы биіктік; 4. Каспий маңы ойпаты; 5. Жайық өзенінің ортаңғы және төменгі аңғары;

1. Жалпы Сырт сілімдері облысымыздың солтүстік бөлігін алып жатыр. Ең биік жері 80-150 м жетеді. Мысалға Деркөл өзенінің бастауы, төбесінің биіктігі 251м Тасты-Мар-200м. Жалпы Сырттың Ақ сырт сілімдері облысымыздың аумағына еніп жатыр, Жайық өзенінің оң жақ жағасымен Орал қаласы маңына дейін созылған. Ақбөрлі тауы деген атпен бірте-бірте онтүстікке карай 73 м-ге дейін жетеді. Жалпы Сыртты аллювийлі шегінді жыныстар калыптастыруының себебі Шаған және Деркөл өзендерінің тілуінен пайда болады.

2. Өлкеміздің солтүстік-шығыс бөлігін Орал маңы (Ембi) үстірті алып жатыр. Жер бедерi көптеген өзен аңғарларымен тілімделген. Негізгі су айрықтары Утва және Елек өзендері болып табылады. Орташа биіктігі 110-235 м аралығында. Батыс Қазақстан облысының ең биік нуктесі осы үстіртте жатыр. Орал маңы (Ембі) үстіртін кұрайтын жыныстар бор дәуірінде пайда болған. Оның беткі қабатын төрттік дәуірдің сарғыш, сұрғылт саз және кұм кабаттары қаптап жатыр, кейбір жерлерінде борлы қабаттар бар. Ақтау, Ақсай, Ақдөң деген атаулар сол жерге жергілікті тұрғындардың қойған атауы.

3. Сырт алды жарлы биіктік- Жалпы Сырт пен Орал маңы (Ембі) үстіртінін оңтүстік беткейлерінде орналасқан. Бұл негізінен Каспий маңы ойпатымен аралықта ендік бағытта жіңішке белдеу болып табылады. Кіші өзендердің аңғарымен солтүстіктен оңтүстікке карай тілімденіп, бірнеше суайрықтық жазықтарға бөлінеді. Бұл жердің батыс бөлігінде ескі сатылы жерлер сақталған. Каспий тенізнің бірнеше рет көтерілу және кайту кездерінде пайда болған.

4. Батыс Қазақстан облысының біршама жерін Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігі қамтиды. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа карай жер бетінің биіктігі темендей береді.

Көзге бірбеткей тегіс болып көрінгенмен, Каспий маңы ойпаты көптеген кіші өзендердің аңғарларымен. Жалпы Каспий маны ойпатында көктем кезінде еріген қар суын жинайтын ойпаңдар мен көлшіктер, су коймаларымен тілімделген, көлтабандар көп. Кейбір жерлерде көлтабандардын лемі едәуір үлкен болып келеді. Орташа терендігі 2-4 аралығында, мұнда әр түрлі өcімдіктер өседі. Каспий маңы ойпатында кең тараған жер бедерініи бір түрі - сорлар. Олардың терендіктері 10-20 м жетеді. Сорларға қар еріген кезде сай-саладан су құйылып, бетіне шығып жатқан тұздарды ерітеді. Жаз айла- рында (маусым, шілде) кұрғап, бетінде тұздың жұқа қабыршақтары қалыптасады. Бұлардың ішінде көлемділері облыстың батысындағы Арал соры, Әукетай, Түрке соры, т. б. Мысал. Сорлардың көбінің емдік қасиеті бар.

Әр түрлі тұз ерітіндісінен тұратын сор балшықтарын жергілікті халық буын, тepі ayруларын емдеуге пайдаланады. Каспий маңы ойпатынын оңтүстік және оңтүстік батыс бөліктерінде құмды шағылдар көп тараған.

Үлкен территорияны алып жатканы - Нарын құмы. Мұндағы кұм мыңдаған жылдар бұрын осы жердегі өзендер мен көлдердің, теңіздің саязданған орнында пайда болған. Кейін желдің әсерінен бұл кұмдардан шағылдар, төбелер (биіктігі 20-40 м) қалыптасқан. Құмды аудандар өсімдік дүниесіне өте бай. /5. Жайық өзенінін ортаңғы және төменгі ағысының аңғары - жер бедеріне өзінің көптеген жылдар бойғы ағысының әсeрімен бірнеше белгілер қалдырған. Жайық өзені аңғарының солтүстік бөлігінде қазіргі жайылмасынан басқа төрт сатылы жазықтық, ал оңтүстігіндегі Каспий маңы ойпатында екі сатылы жазық пен қазіргі жайылма пайда болған. / Fалымдардың зерттеуіне, қарағанда, облыс территориясының солтүстік бөлігі Каспий маңы ойпатына қарағанда ерте қалыптасқан, сондықтан өзен бойындары сатылы жазықтардың онтүстікке карай кему себебі дәлелді жағдай. Жайық өзенінін қазіргі жайылмасы солтүстіктен оңтүстікке қарай біртінден тарыла береді. Мысалы, Елек және Утва саласының қосылатын жерлерінде 12-13 шақырым болса, Индер көлінің маңайында 7-10 шақырым.

Жайылма енінің ең кеңейетін жері Орал каласының маңында 50 шақырымға дейін жетеді. Жайық өзенінің анғары жазықты, жалды, деңесті болып кезектесіп келіп отырады. Батыс Қазақстан облысынын территориясында жердің беткі қабығының козғалыс процестері әр кезде болып тұрған. Соның себептерінен әсіресе тұз қабаты тектоникалық өзгерістерге көбірек ұшыраған. Онын қазіргі жер бедеріндегі көрінісі-биіктігі 20-50 м шамасындағы үсті тегіс денестер. Мысал. Тұзды күмбездер саны Каспий маңы ойпатында бір жарым мыңдай. Солардың ішінде Шалқар көлінің манындағы Сантастың биіктігі 71 м және Сасай тұзды күмбезі.

Егер Батыс Қазақстан облысы жерінің бір кесіндісін қабат-қабат пісірген тәтті нан сияқты кесіп алып жанынан қарасақ геологиялық негізінен бастап, қазіргі жер бетіндегі есімдіктеріне дейін аныктап көруге болар еді. Ол үшін физикалық-географиялық зерттеулерде көп пайдаланатын әдіс арқылы кешенді түрде жер кескінін сызсақ, жер бедерінін пайда болу себептерін түсінесіндер. Жалпы, Батыс Қазақстан облысының жер бедері жазық болып келгендіктен, шаруашылыкта пайдалануга өте қолайлы. Дегенмен көп аудандарда кездесетін сор, сай-сала, жыралар ауыл шаруашылығы жерінің сапасын кемітеді. Сол сияқты мелиорациялык жұмыстардың дұрыс жүргізілмеуінен топырақ қабаты эрозияға ұшырап отырады. Жер бедерінін осындай антропогендік өзгерiстерге ұшырамауына аса көңіл бөлуге тиіспіз.

Өйткені бұл біз өмір сүріп отырған орта. Оны корғау баршамыздың міндетіміз.

1. 2 Климаты және ішкі сулары

Батыс Казакстан облысының климаты қатаң континентті қысы суық, бірақ батыстан келетін циклондардың әсерінен кейбір кездерде жылылыққа ауысып отырады. Жазы ыссы әрі құрғақ, ұзақ болады. Өзіне тән ерекшеліктері: күн сәулесі мол түседі, кұрғақшылық жиі болып тұрады, қар жамылғысы жұқа, мөлшерден жоғары буланады, желдің екпіні қатты, көк- темде және өсімдіктің көктеу кезінде топырақта ылғалдың қоры аз болады.

Климат түзуші факторлар Stud Батыс Қазақстан аудандары жазда климаты күннің көп болуымен және ыстық температурасымен ерекшеленеді. Солтүстік бөліктердің өзі бұл мезгілдерде тропикадан кем емес жылу түседі.

Вегетациялык кезең (150-270кун) мен температура 3000-36000 С кұрайды. Жауын-шашын аз түседі, тек солтүстігінде Ақтөбе мен Батыс Қазақстанда жылына 300 мм-дей жауын-шашын мөлшері түседі, ал қалған территорияда ол 200 мм-ден аспайды, ең аз түсетін аудандар Ембі (150-170мм) мен Үстірт (75-100мм) . Орташа температура солтүтсігінде +250; оңтүстігінде +300, кей кезде +40+450C болады. Қыста орташа температура Ақтау -3, 20С, Атырау -100С, Орал -150С, Актебе -15, 60C. Жазда Актөбе +22, 30с, Орал + 22, 60С, Ақтау +24, 60С, Атырау +25, 60С (4] . Жалпы Батыс Қазақстанның барлық жерінде жауын-шашын аз түседі. Тек солтүстік бөлігінде Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында 300 мм-ден жоғары жауын-шашын түсіп, онда ауылшаруашылығымен айналысуға мүмкіндік береді. Басқа жерлерде 200 мм-ден аспайды.

Батыс Қазақстан облысының климатына әсер етуші факторлар бірнешеу. Соның ішінде ең негізгілері мыналар: 1. Күн радиациясының әсері. Облыстың территориясы қоңыржай белдеуде жатыр. Географиялык орны Шығыс Eyропа жазығының оңтүстік-шығысында орналаскандықтан, күн жылуының түсуінде қыс пен жазда үлкен айырмашылық болады.

Күн радиациясының түсу мөлшері сол жердің кандай ендікте жатқанына, ңатмосферанын тұнықтығына, күннің жарыктығы мен ұзақтығына байланысты. Батыс Қазақстан облысының территориясы 51°35-48° солтүстік ендіктің аралырында болғандыктан, күннің жарық болуы, онын ұзақтығы мен жиынтығы, оның радиация мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай көбейе береді. Сол сияқты жиынтық радиацияның мөлшері де территорияда бірдей емес. Солтүстігінде, шамамен 49°с. е. дейін 1 шаршы см-ге 110 к/кал-ға тең болса, ал оңтүстігiнде 120 к/кал-ға жетеді.

Жиынтық радиацияның әсері жазда өте зор болады. Бұл кезде ауа температурасының жоғарылайтыны сондықтан. Қыс кезінде кун сәулесінің түсу бұрышының солтүстікке қарай азаюына байланысты, сонымен бірге күннің қысқарып, қар жамылғысының күн сәулесін шағылыстыратынына орай күн радиациясының мөлшері азаяды.

2. Аyа қозғалысының әсеpі. Батыс Казакстан облысының территориясына жыл бойы үш түрлі ауа массалары әсер етеді. Бұлар жәй және тропиктік ауа массалары. Осылардың ішінде әсіресе қыс айларында арктикалық ауа массаларының әсері зор.

Қыс айларында антициклонының ішкерілей енуі нәтижесінде ауаның тем-арктикалық, полярлық температурасы төмендеп, қатты суып, ашық ауа раны қалыптасады. Жаз айларында ыстық ауа-райын түзеді. Көктем мен күз айларында кенеттен түсетін салқын ауа облыстың климатына батыстан, Атлант мұхитынан келетін ауа массалары әсер етеді. Бұл ауа массалары жылдың қай мезгілінде болсын климатты жұмсартып ылғал әкеледі.

Қыс кезінде батыс және онтүстік-батыс aya массаларының ағыны aya-pайын жылытады, аспанды бұлт торлап, қар жиі жауады. Жаз кезінде Атлант мұхитының аya массалары ыстықты бәсеңдетіп, ылғалды арттырып, жауын-шашын түсіреді. Көктемнің соңғы күндері және жаз айларында кұрғақ тропиктік ауа массаларының әсері өте зор. Бұл кезде мұнда жоғары атмосфералық қысым қалыптасады. Тұран ойпатынан соғатын оңтүстік, онтүстік-шығыс желдері аңызақ келеді, кейбір жылдары тропиктік ауа мас- сасының екпінділігіне байланысты кұрғақшылық болып, aуыл шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Жылдың әр мезгілінде екі түрлі ауа массаларының шектескен жерлерінде ауа фронттары пайда болып, цик - лондар мен антициклондар облыстың территориясына iшкерілей енеді.

Циклондар атмосфераның төменгі қабатын қатты өзгерістерге ұшыратады. Оның әсерінен aya массаларының козғалысы күшейеді, жел көтеріледі. Батыс Қазақстан облысының территориясында циклондар батыстан және солтүстік-батыстан соғып өтеді. Мұхит кеңістіrінде пайда болған циклондар бұлтты, жаyын-шашынды ауа райын калыптастырады.

3. Жер бедерінің әсері. Жер бедері ауа температурасына, ылғалдылығына, желдің жылдамдығына белгілі бір мөлшерде әсер етеді. Сондықтан әр жердің өзінің микроклиматы болады. Мысал. Батыстан шығысқа қарай 49° с. е. бойында болады. Зерттесек Нарын кұмының солтүстік етегі, Aрал соры, Тайпақ ауылының микроклиматында өзіндік айырмашылықтар бар. Бұған жер бедерлеpiнің әр түрлі болуының әсері басқа климат түзетін факторлардан кем емес. Батыс Қазақстан облысының территориясын 5 агро-климаттық аудандарға бөлуге болады. Aгроклиматтық аудандар:

1. Жылылау кұрғақ аудан облыстың солтүстігінен Орал қаласының денгейіне дейінгі территорияны алып жатыр;

2. Жылы кұрғақ аудан облыстың солтүстік-шығыс бөлirінде аз ғана территорияны қамтиды;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысы жайлы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЖІКТЕМЕСІ МЕН СИПАТТАМАСЫ
Маңғыстау облысының халқы
Пайдалы қазбалардың негізгі түрлері мен сипаттамасы
Баға және табиғат ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау теориялары
Батыс Қазақстанның экономикалық ауданы
Орманды дала зонасы
Маңғыстау өңірі табиғат компоненттеріне физикалық-географиялық сипаттамасы
Оңтүстік Қазақстан облысының халқы мен оның әлеуметтік жағдайы
Пайдалы қазбалар қоры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz