Қақтығыстардың пайда болуына себептес факторлар және оларды шешу жолдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қақтығыстардың пайда болуына себептес факторлар және оларды шешу жолдары.

«Қақтығыс» (конфликт) сөзі латынның «conflictus»-шекісу, жанжалдасу деген және сол өзгермеген қалпында көптеген еуропалық халықтардың тіліне енді.

Тұлғааралық немесе адамдар әрекеттесуі мен қатынасуы, олардың ойлары мен ықпалдарының бір-біріне сәйкес емес, қарама-қайшы келуі салдарынан негативті эмоциялық әсерден екі жақты да уайымға, қобалжуға әкелуін қақтығыс дейді. Қақтығыстың негізінде жатқан жайларға қарай жіктелуі:

  • тұлғааралық қақтығыстар;
  • тұлға және мекеме арасындағы қақтығыстар;
  • жеке топтар аралық қақтығыстар;
  • мекеме аралық қақтығыстар.

Жіктеудің келесі түрі бойынша қақтығыстар мынандай топтарға бөлінеді:

  • горизонтальды қақтығыс (бір-біріне бағынбайтын, бір қатардағы қызметтестер арасында) ;
  • вертикалды қақтығыс (бір-біріне бағынышты адамдар арасында)
  • аралас түрі

Қақтығыстардың пайда болу себептері. Олардың барлығын айту мүмкін емес. Бірақ, жалпы түрінде қызметтестер арасындағы шиеленістерді келесі үш топқа бөлуге болады:

  • еңбек үрдісіне байланысты;
  • адамдардың бірге әрекеттесуінің психологиялық ерекшеліктеріне байланысты (симпатиялары, антипатиялары, мәдени, этникалық айырмашылықтары, т. б)
  • жеке тұлғалық ерекшеліктерімен байланысты (өз эмоцияларын бақылай алмауы, ызалануы, әдепсіздігі, коммуникацияға икемсіздігі)

Кейде науқастардың медициналық қызметкерге деген жақсы қарым-қатынасына қарамастан, медициналық қызметкер науқасқа деген ықыласы болмай, емдеу барысында науқас және медициналық қызметкер арасында жақсы қатынас орнамайды. Әрине, медициналық қызметкер мұндай субъективті қатынас жасауға өз-өзіне рұқсат бермеуі тиіс. Медициналық қызметкердің науқаспен қарым-қатынасында талас (қақтығыс) тууы мүмкін. Бұл талас көбінесе науқастың кейбір мәселелерді толық түсінбеуінен туындайды.

Қақтығысқа әкеп соқтыратын адамның мінездік ерекшеліктері.

  • өз мүмкіншіліктерін және қабілеттілігін біреулер жоғарылатып, екіншілері төмен ұстап, тиісті өзіндік бағалауы; бұл жағдайдың екеуінде де, қоршағандардың тиісті баға беруіне қайшылық жағдай туып, ол қақтығыстың пайда болуына ықпал жаcайды;
  • жағдайдың мүмкіншілігіне қарамастан не болса да басымдылық жасауға тырысу;
  • ескірген әдет-ғұрыптарды жеңіп шығуға талабының болмауы, ойлау білуі мен көзқарасының және түсініктерінің тұрақтылығы;
  • айтулары мен пікірлерінің шектен тыс принциптілігі және тікелей болуы, не болса да шындықты көзіне айтуға тырысуы;
  • тұлғаның келесі эмоционалдық қасиеттерінің жинағы болуы-үрейленушілік, агрессивтік (қарсыласуы), тітіркенгіштік, қыңырлық.

Қақтығыстың деңгейлері.

Психология докторы Даниэль Дэн өзінің адам аралық қарым-қатынасты жақсарту 4-іздік әдісінде қақтығыстың 3 денгейін көрсеткен:

1 денгей: шекісу - жағымсыз жағдайлар, адам аралық қарым-қатынасқа ешқандай теріс әсерін тигізбейді

2-денгей: соқтығыс - шекісулер соқтығысқа ұласады, ұрыс-керістердің себептерінің кеңеюі, адами арақатынастан алшақтап, адамның басқалардың мейірімді ниетттеріне сенімсіздік пайда болуы

3 -денгей: дағдарыс -`біржола қарым-қатынас үзу жөнінде шешім қабылдау, мұнда эмоционалды тұрақсыздық соншалықты дәрежеге жетеді, кейде күш көрсетуге дейін барады.

Қақтығыстан шығудың жолдары.

Конфликттің тікелей сылтауынан әр конфликттің нағыз себептерін, оның ішінде, көбінесе жасырын жатқандарын ажырату керек. Қақтығыстардың себептерін жоймай, оны шешуге болмайтынын, әр адам ойында сақтауы керек. Конфликті күшпен немесе сөзбен тыныштандыру ешқандай нәтиже бермей, оның үдей түсуіне, тарап жайылуына жағдай жасайды. Осының салдарынан конфликті басу үшін, оның құрылу элементтерін жою керек.

Тұлғааралық қақтығыстарды шешу әдістері:

Бас тарту . Бұл әдісте адам қақтығыстан кетуге тырысады, дәлірек айтқанда қайшылық туғызатын жағдайларға тап болмау, келіспеушілік тұғызатын сұрақтарды талқыға салмау.

Көндіру. Бұл әдістің негізінде қақтығыстың белгілерін сыртқа шығармау, өйткені барлығы бір мақсатқа жету үшін бір істі орындап жатқанына сендіру. Нәтижесінде татулық пен ынтымақ орнығады, бірақ қайшылықтар қалып кетеді. Олар әрі қарай жиналып, нәтижесінде болашақта қақтығыстардың пайда болуы мүмкін.

Мәжбүрлеу.

Адам басқалардың көзқарастарымен санаспайды, өз ойын қайткен күнде де басқаға мойындатқысы келеді. Бұл әдісті қолданатын адамдар басқаларға әсер етуде өздерінің биліктерін қолданады.

Мәжбүрлеу әдісі тез арада шешім қабылдау керек кезінде тиімді болады.

Компромисс . Екі жақ кейбір ойларынан бас тартып, екеуіне де тиімді ортақ шешім қабылдайды. Бұл жағдай екі жақтың қанағаттануымен, қақтығыстарды тез шешуге көмектеседі.

Проблеманы шешу. Қазіргі заман әлеуметтік психологиясында қайшылық жағдайлардың кем дегенде бес жолын көрсетуге болады.

Олардың ішіндегі екеуі ұнамсыз болып есептелінеді, бірақ өкінішке орай ең кең тараған.

а) бір жақтың ұтысын қамтамасыз ету . Екінші жақ келіссе, бұл даудың аяқталғаны. Бірақ тіршілікте керісінше болуы әбден мүмкін, сондықтан мұндай шара уақытша болып, келесі жолы өрши түседі.

б) алдау арқылы , өтіріктің көмегімен дауды басу, сөйтіп мәселені шешу үшін уақыт ұту.

Бұлардан басқа үш әдісі бар, олар жағымды болып есептелінеді.

а) қақтығысқа қатысушыларды бір-бірінен екі жаққа толық ажырату. Бұл әдіс екі жақтың психологиялық сәйкестігі болмаған жағдайда қолданылады.

б) жағдайды іштей басқа көзқараспен қабылдау. Қатысушылардың рухани құндылықтары өзгеріп, көзқарастары өзгеріп, дау-дамайдың нысанасын мүлдем өзгеше түсініп, өзара қарым-қатынастары жақсарады.

в) тікетірестен ынтымақтастыққа көшу. Іскерлік саладағы дауларды шешудің әдісі. Қарама-қайшылықтарды азайтып, ортақ мақсаттарды ұлғайтып келісімге келу жолы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрмалас сөйлем ықшамдалуының басқа тілідік құрылымдармен байланысы
Тілдегі үнемдеу заңдылығының теориялық негіздері
Ішкі қайшылықтардың психологиялық ерекшіліктері
Ұйымдағы жанжалдарды шешу жолдары
Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері
Саяси қақтығыстар және олардың қоғам өміріндегі орны
Дау жанжал
Конфликтілі жағдайларды басқару және шешу, оның психологиялық негіздері
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАНЖАЛДЫ ЖАҒДАЙЛАР
Менеджерлердің қақтығыс жағдайының туындау себебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz