Банктік қызмет аясындағы банктік құқықтық қатынастар: жалпы сипаттамасы, теориялық мәселелері
1.2. Банктік қызмет аясындағы банктік құқықтық қатынастар: жалпы сипаттамасы, теориялық мәселелері
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы банк жүйесінің және оның ауқымындаға банктердің жұмыс істеуі, банктік қызмет аясындағы экономикалық және ұйымдастыру қоғамдық банктік қатынастарының Қазақстан Республикасының банктік заңнамасымен, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілермен айтарлықтай қамтылғанына көз жеткіздік.
Осы Қазақстан Республикасы банк жүйесінің ауқымындағы банктік қызметті, былайша айтқанда банктік операциялар мен мәмілелерді және түрлі функционалдық іс-қимыл, әрекеттерді жүзеге асыру барысында, банктік құқық және банктік заңнама негізінде туындаған банктік қатынастар банктік құқықтық қатынастар ретінде қалыптасады. Бүгінде Қазақстан Республикасындағы қазіргі заманғы банк жүйесінің жұмыс істеуі жағдайындағы банктік қызмет аясын халықаралық (еуропалық) банктік стандарт ережелеріне және өркениетті құқықтық әрі әлеуметтік мемлекетіміздің тарихи даму талаптарына сай құру, сондай-ақ банктік құқықтық қатынастардың ғылыми негізі мен экономикалық тиімділігін саралау өзекті мәселеге айналып отыр.
Өйткені ел экономикасының банктік секторындағы әр алуан банктік құқықтық қатынастар, банктердің эмиссиялау, несиелеу, есеп айырысу, инвестициялау сияқты және өзге көптеген операциялары Қазақстан Республикасы болмысының қаржылық іргетасын әрі экономикалық егемендігін қалыптастыруға септігін тигізетін аса маңызды атрибут болып табылады.
Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жұмыс істеуі барысында тиісті банктік заңнамаға және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге, тиісті банктік шарттарға және лицензияларға сай жүргізілетін банктік операцияларға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар өз қаржылық-экономикалық мәнімен, сондай-ақ өзге де ұйымдастыру-реттеу сипатымен және заңи негіздерімен ерекшеленіп, әр түрлі банктік құқықтық қатынастар ретінде қалыптасып, даму үстінде деп айта аламыз.
Демек, банктік қызмет аясындағы қоғамдық (банктік) қатынастар:
1) Қазақстан аумағындағы барлық банктер жүзеге асыратын банктік операциялар мен мәмілелерге орай қалыптасады;
2) Аталмыш қатынастар мақсатты әрі тұрақты сипатта көрініс табады және материалдық, сондай-ақ ұйымдастыру-функционалдық сипатымен ерекшеленеді;
3) Олар мемлекеттің ақша-несие, қаржы-бюджет және инвестициялық саясатын жүргізу процесінде туындап, дамиды;
4) Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қазақстанның Даму Банкінің, мемлекеттің қаржылық агенті уәкілетті коммерциялық банктердің және ҚР агенттігінің қаржылық-несиелік, басқарушы-реттеуші және т.б. қызметінің нәтижесінде туындайды;
5) Қаржылық, әкімшілік, азаматтық және басқа да аспектілерімен айрықша көрініс табады.
Қазақстан Республикасының банк жүйесі ауқымындағы банктік қызметке орай туындайтын қоғамдық банктік қатынастар көп жағдайда әр түрлі құқық салаларына қарасты қатынастар сипатында ерекшеленеді.
Дегенмен, банктік құқықтық қатынастар тек банктік құқыққа тән айрықша топты құрады және оның пәнінің негізгі бөлігін құрайды.
Демек, банктік құқықтық қатынастар күрделі әрі аралас нысандағы әлеуметтік-экономикалық өзара іс-әрекеттер барысында туындап, қалыптасатын конституциялық, қаржылық, азаматтық және әкімшілік сипатты-мазмұнды қоғамдық қатынастар ретінде банктік және өзге де заңнаманың реттеуші ықпалымен қамтылған экономикалық банктік қатынастар болып табылады. Оның субъектілері өзара сайма-сай заңи құқықтары мен міндеттерінің негізінде банктік және өзге де заңнамалық акті нормасының талаптарына сәйкес іс қимылдарды, сондай-ақ нақтылы банктік қызметті іске асырады.
Осындай мән-жайлар тұрғысынан Қазақстандағы банктік құқықтық қатынастардың өзекті теориялық және тәжірибелік мәселелері мен өзге де аспектілерін ғылыми зерделеу және зерттеу банктік қызмет аясындағы экономикалық басқарушы-реттеуші, сондай-ақ қаржылық-несиелік әрі әкімшілік құқықтық маңызды, соның ішінде қоғам мен мемлекетке, банктер мен олардың клиенттеріне тиімді жайттарды айқындап, ашып көрсетуге септігін тигізеді.
Сонымен айтақанымызды дәлелдеп, дәйектеу әрі ғылыми негіздеу мақсатында құқықтық қатынас, банктік құқықтық қатынас, олардың өзіне тән ерекшеліктері жөнінде ТМД елдері және қазақстандық ғалымдар қалыптастырған көзқарас, пікірлерге тоқталып, құқықтық қатынастарға байланысты өзекті мәселелерді, қажетті жерінде банктік заңнаманың тиісті нормаларын талқылап, талдау жасағанымыз жөн болар деп санаймыз.
Ресейлік ғалым А.В. Мицкевич құқықтық қатынас ұғымының заңи ғылымдағы негізгі ұғым болып табылатыны, нормалар жүйесі ретіндегі құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеуінің объективті сипатта болатынын айта келіп, мінез-құлықтар мен іс-қимылдарды айқындап, белгілеу барысында субъективтік құқық пен заңи міндет орын алады деп пайымдаған, сондай-ақ құқықтық қатынас құқық нормаларымен реттелген және құқықтық қатынас қатысушыларының субъективтік құқықтары мен заңи міндеттерінің өзара байланысынан тұратын, адамдардың және олардың ұйымдарының арасындағы қатынастар деген ұғымды қалыптастырған. Сонымен қатар ол экономикалық, саяси, неке-отбасы, экологиялық, еңбек, әлеуметтік және т.б. қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуі нәтижесінде, олар құқықтық қатынастар нысанында көрініс табады деп түсіндірген 48, 385-386 бб.. М.Н. Марченко Құқықтық қатынас ұғымының көптеген айқындамалары бар. Алайда кеңінен тараған айқындамаға сәйкес құқықтық қатынас қатысушылары мемлекет қорғайтын әрі кепілдендіретін субъективтік құқықтар мен заңи міндеттерге иелік ететін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас деп түсіндіріледі. Құқықтық қатынастың өзіне тән белгілері немесе ерекшеліктері мыналар болып табылады: 1. Құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың ерекше түрін көрсетеді. 2. Құқықтық қатынастар мемлекеттің ерік-ықтиярын көрсететін және бекітетін құқықтық нормалар негізінде қалыптасады. 3.Құқықтық қатынастар олардың қатысушыларының саналы-ерікті іс-әрекеттері нәтижесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар түрін білдіреді. 4. Құқықтық қатынастар өздеріне жүктелген субъективтік құқықтардың әрі заңи міндеттердің көмегімен қатысушылары жүзеге асыратын көптеген және сан алуан байланыстарды білдіреді. 5. Құқықтық қатынастың іске асырылуы мемлекеттік мәжбүрлеу мүмкіндігімен кепілдендіріледі. Құқықтық қатынастар салалық нормаларға байланысты туындайды, өзгертіледі және доғарылады. Осындай критериге орай барлық құқықтық қатынастар әкімшілік-құқықтық, қылмыстық құқықтық, азаматтық құқықтық, еңбек және т.б. құқықтық қатынастарға бөлінеді деп тұжырымдаған және құқықтық қатынас субъектілері мен объектілеріне, заңи фактілерге байланысты мән-жайларды сипаттаған 49, 352-359 бб.. А.Г. Братко құқықтық қатынас қоғамдық қатынастың бір түрі, ал қоғамдық қатынас адамдар арасындағы әлеуметтік байланыстар мен құқықтық қатынастар осы қатынастардың субъектілерінің арасындағы заңи байланыстар деген пікірін айта отырып, құқықтық қатынас белгілерін: 1. Құқықтық қатынас-құқық нормасымен көзделген қоғамдық қатынас. 2. Құқықтық қатынас зияткерлік және ерік-ықтияр элементтерінен тұрады. 3. Құқықтық қатынастың негізгі мәні құқықтық қатынас субъектілері тараптардың құқықтары мен міндеттері болып табылады. 4. Құқықтық қатынас субъектілер арасындағы заңи байланыс деп сипаттаған. Сонымен қатар құқықтық қатынас негізгі мәні субъективтік құқық пен заңи міндеттер болып табылатын және нормада көзделген фактілер орын алған жағдайда құқықтық норма негізінде туындайтын, оның субъектілері арасындағы заңи байланыс деген ұғымды айқындаған 50, 140-142 бб..
Осындай пікірлер төңірегінде құқықтық қатынас тиісті құқық нормалары негізінде қатысушыларына жүктелінетін субъективтік құқықтар мен заңи міндеттер нақтылы белгіленген, субъектілерінің арасындағы заңи байланыстар мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілген, көбінесе бір тараптың мүддесіне-ықтиярына орай туындайтын, сонымен қатар екінші тараптың, немесе бірнеше қатысушы тараптың мүддесі де көзделінетін қоғамдық қатынас ретінде сипатталады деп тұжырымдауға болады.
Қазақстандық ғалым А.С. Ибраева құқықтық қатынастар ұғымына, олардың айрықша белгілері мен түрлеріне байланысты мән-жайларға орай: Құқықтық қатынастар-құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар. Олар: 1) Құқықтық қатынас - бұл қоғамдық қатынас, былайша айтқанда, адамдардың арасындағы қатынас және олардың іс-әрекетімен, мінез-құлқымен тікелей байланысқан. 2) Адамның мінез-құлқына құқықтық норма әсер еткенде құқықтық қатынас пайда болады. 3) Құқықтық қатынас - бұл субъективтік құқықтар мен міндеттер арқылы пайда болатын адамдар арасындағы байланыс. 4) Құқықтық қатынас-ерікті қатынас. 5) Құқықтық қатынасты мемлекет қорғайды. Құқықтық қатынастардың түрлері: 1. Реттейтін құқықтық қатынастар-субъектілердің заңға сәйкес мінез-құлқы, былайша айтқанда, құқықтық нормалар негізінде және соған сәйкес мінез-құлық. 2.Қорғайтын құқықтық қатынастар - субъектілердің заңсыз әрекетінің салдарынан пайда болады. 3. Абсолютті құқықтық қатынастарда тек бір тарап белгілі (құқық иесі) болады. 4. Салыстырмалы құқықтық қатынастарда барлық оған қатысушылар белгілі болып келеді. Сонымен, құқықтық қатынастар дегеніміз - қатысушыларының субъективтік құқықтары мен заңда көрсетілген міндеттері болатын, құқық нормалары мен заңда көрсетілген айғақтарға (фактілерге) сәйкес туындайтын, ерік-ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар деп пайымдаған 51, 117-118-бб.. Сонымен бірге Ғ.С. Сапарғалиев пен А.С. Ибраева Құқықтық қатынастар мына белгілер арқылы сипатталады: жалпы - ерік-ықтияр сипаты болады, идеологиялық жаратылыста болады; арнайы - құқық нормалары негізінде пайда болады, мемлекет арқылы қорғалады, субъектілерінің құқықтары мен міндеттері болады. Саралануы: салалық тиістілігі, субъектілері бойынша - жалпы және нақты, абсолюттік және салыстырмалы; генетикалық және функционалдық байланысы бойынша - материалдық іс жүргізу; ықпал жасау сипаты бойынша - реттеуші және қорғаушы; мазмұны бойынша - қарапайым және күрделі; ықпал жасау мақсаты бойынша - қозғалмайтын және өзгермелі деп схема жүзінде көрсете отырып Құқықтық қатынастардың құрамы бірнеше бөлшектерден: құқық субъектісінен, субъективтік құқықтан, заңи міндеттен, құқықтық қатынас объектісінен (затынан) тұрады деп түсіндірген 52, 95-б..
Қазақстандық көрнекті ғалым-ұстаз, мемлекеттанушы академик М.Т. Баймаханов Кеңестік билік кезінде жарық көрген, белгілі ғалым Р.О. Халфинаның Общее учение о правоотношениях (М., 1974) деп аталатын монографиясына жазған рецензиясында Құқықтық қатынастар проблемасы құқық теориясының аса маңызды, сонымен бірге әрі күрделі проблемалары қатарына жатады. Құқықтық қатынастар проблемаларын теориялық зерттеу құқықтық реттеу механизмінің аса маңызды бір буынын зерделеуге, сондай-ақ жалпы құқық теориясының басқа да мәселелерін, оның ішінде құқық ұғымының, оны қолданудың, құқықтық ықпал ету тиімділігінің және т.б. мәселелерін ойлау-пайымдауға мүмкіндік береді деп көрсете отырып, құқықтық қатынас мән-жайларының ашылмаған мәселелерінің әлі де жеткілікті әрі дискуссиялы екенін атап өткен 53, 90-91 бб.. Сонымен қатар Ю.Г. Ткаченконың 1980 жылы баспадан шыққан Методологические вопросы теории правоотношений деген кітабына жазған рецензиясында М.Т. Баймаханов Жұмыстағы негізгі көрініс нақты мағынасында құқықтық қатынастар болмайды, тек қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу тәсілі бар және құқықтық қатынастар өз мәні бойынша әрі қызмет мәніне байланысты не өндірістік, не әлеуметтік, не саяси, не рухани болып табылады деген қорытындыны негіздеу болып табылады. Автордың пікірі бойынша, құқықтық қатынастарды қоғамдық қатынастардың дербес түрі ретінде экономикалық, саяси, идеологиялық және басқа да қатынастармен қатар қарастыруға болмайды. Осындай жайт жалпыға танылған көзқарас болмағанымен, біздің ойымызша, құқықтың қоғамдық практикамен байланысын дұрыс түсінуге, оның қоғам болмысына тәуелділігін мұқият пайымдауға және әртүрлі қоғамдық қатынастар арасында орын алған және мүмкін қарама-қайшылықтарды шешудегі құқықтың құралдық рөлін айқындауға мүмкіндік береді деп тұжырымдаған 54, с.78-80.
Л.Г. Ефимова Банктік қызметті құқықтық реттеу әдісі біртекті емес, нақтылы айтсақ азаматтық және әкімшілік құқыққа тән әр түрлі құқық салаларының, атап айтқанда азаматтық, қаржылық және әкімшілік құқық нормаларымен реттеледі. Банктік қызмет нәтижесінде туындайтын қатынастар операция түріне орай әр қилы көрініс табады. Заңи әдебиетте 1930 - 1932 жылдарғы несиелік реформаға дейінге кезеңде тараптардың жеткізілген қызметтер үшін есеп айырысу бойынша құқықтары мен міндеттері дербес құқықтық қатынас ретінде қарастырылмаған. (Заңи әдебиетте құқықтық қатынас әдетте құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас ретінде қарастырылады. Иоффе О.С., Шаргородский М.Д. Вопросы теории права. М., 1961. с.178) Коммерциялық банктердің капитал рыногындағы делдалдық іс - әрекеттері, олардың өз клиенттерімен жасасқан несиелік шарттары құқықтық мағынадағы несиелік қатынастар ауқымындағы қарым-қатынас несиелік құқықтық қатынастар болып саналады. Заңи әдебиетте несиелік қатынастар ретінде ақша қаражаттарын немесе басқа да заттарды қайтарымды негізде беру кезінде туындайтын барлық құқықтық қатынастар түсіндіріледі деп пайымдаған. 55, 5,127,174 бб.. Н.С. Малеин өзінің Кредитно-расчетные правоотношения и финансовый контроль деп аталатын монографиясында Есеп айырысу қатынастарының өзіне тән айрықшалығы және құқықтық ерекшеліктері болады. Олар арнаулы нормативтік актілермен реттеледі және оларды азаматтық құқыққа бұрыннан белгілі шарттық қатынастар қатарына жатқыза беруге болмайды. Азаматтық құқықтық шарт құқықтық қатынастың (белгілі бір дәрежедегі) мәнін айқындайтын тараптардың ерік-ықтияры ретінде, азаматтық құқықтық қатынастарды белгілеу (өзгерту, тоқтату) жөніндегі келісім ретінде айқындалады. Есеп айырысу шоты бойынша қатынастарға қатысуға міндеттейтін заңдардың нормасы диспозитивтік емес, тек императивтік және қатаң белгіленген сипатта, былайша айтқанда жалпыға міндетті нұсқама сипатында болады. Есеп айырысу қатынастары күрделі заңи қатынастар. Олар тек банктер мен олардағы шоттың иесі арасындағы қатынастарды ғана емес, сонымен бірге жеткізуші мен төлеуші арасындағы қатынастарды да қамтиды және әкімшілік заңнаманың да, азаматтық заңнаманың да нормаларымен реттелінеді. Несиелік қатынастарды реттейтін көптеген арнаулы нормалардың болуы, осындай қатынастардың арнайы ерекшеліктері және банктің айрықша құқықтық жағдайы кредиттік қатынастардың азаматтық құқықтық қатынастар ретінде айқындалуына негіз бермейді. Әдебиетте әкімшілік (бұл жерде кезінде қалыптасқан көзқарас бойынша қаржылық құқықтық қатынастар деп түсіну қажет, дисс.авт.) және азаматтық құқықтық қатынастар байланысының әр түрлі сипаты берілген. Әкімшілік құқықтық қатынас бірқатар жағдайларда тікелей немесе басқа заңи фактілермен қосылып заңи факті болып табыла отырып басқа құқық салалары құқықтық қатынастарының туындауын негіздейді. Банк пен шаруашылық органының арасында туындайтын қатынастар кешені әкімшілік (қаржылық) және азаматтық заңнама нормаларымен реттеледі. Мемлекеттік басқару органы несиелеуді және есеп айырысуды ұйымдастырушы, шаруашылық қызметке бақылауды жүзеге асырушы ретінде банктің құқықтық жағдайынан әкімшілік құқықтық (қаржылық) қатынастардың айқындаушы сипатын және азаматтық құқықтық қатынастардың туынды сипатын білуге болады. Сонымен, несиелеу және есеп айырысу жөніндегі құқықтық қатынастар әр түрлі құқық салаларының нормаларымен реттелетін күрделі құқықтық құбылыс болып табылады деген пікірін дәйектеп көрсеткен 56, 32-37 бб..
Осы ғалымдардың пікір, көзқарастары жөнінде мынаны айтуға болады, банктік қызмет аясында туындайтын қоғамдық қатынастар негізінен әкімшілік және азаматтық құқық нормаларымен реттеледі, олар банктің құқықтық жағдайына байланысты болады, қоғамдық қатынастар құқық салалары нормаларына байланысты азаматтық, қаржылық және әкімшілік құқықтық қатынастарға айналады. Біздің ойымызша Л.Г. Ефимова мен Н.С. Малеин тарапынан айқындалмаған аса маңызды мән-жай әрі өзекті мәселе банктік құқықтық қатынастар мен оларға қатысты жайттар болып табылады. Себебі экономикалық табиғатына байланысты және түрлі заңнамалар, лицензиялар негізінде жұмыс істейтін банктер құзырында туындайтын қатынастар қоғамдық (банктік) қатынастар болып табылады да банктік заңнамаға орай банктік құқықтық қатынастар ретінде қалыптасып дамиды. Тек осындай процестен кейін ғана банктік құқықтық қатынастар нақтылы құқық салаларының қосымша ықпалының нәтижесінде қаржылық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық және т.б. сипат алады.
Қазақстан Республикасындағы банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осындай банктік қызметі аясында туындап, қалыптасатын және дамитын банктік құқықтық қатынастардың субъектілеріне (оның қатысушыларына немесе тараптарына):
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) Қазақстан Ұлттық Банкі;
3) Қазақстанның Даму Банкі;
4) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
5) Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бірліктерінің, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері;
6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылығы, оның әкімшілік-аумақтық бірліктердегі бөлімшелері;
7) коммерциялық банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
8) коммерциялық банктердің тобы, одақтары, филиалдары, ассоциациялары және т.б.;
9) резидент емес банктер, шетелдік банктердің Қазақстан Республикасындағы филиалдары мен өкілдіктері;
10) коммерциялық банктердің, өзге де уәкілетті кредиттік ұйымдардың клиенттері-заңды және жеке тұлғалар;
11) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің салық қызметі органдары;
12) Қазақстан Республикасының Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі жатады.
Аталған уәкілетті мемлекеттік органдар, олардың кейбіреуі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға (Қазақстан Ұлттық Банкі), мемлекеттік және коммерциялық банктер мен олардың клиенттерінің жиынтығы қатысушылар (тараптар) ретіндегі нақты банктік құқықтық қатынастардың субъектілерін білдіре отырып тиісті банктік құқықтық қатынастардың құрамын құрайды.
Жоғарыда баяндалған қандай болмасын банктік операция мен мәмілеге байланысты банктік құқықтық қатынастың құрылымы оның нақтылы субъектілерінің құқықтары мен міндеттерінің мәніне, сондай-ақ олардың өз міндеттері мен құқықтарын іске асыру барысындағы мінез-құлықтары мен іс-қимылдарына қарай айқындалады. Демек, банктік құқықтық қатынастың құрылымы осындай құқықтық қатынас элементтерінің ішкі құрылысы мен өзара байланысын көрсетеді.
Банктік құқықтық қатынастың мәнін банктік қызмет аясында туындайтын қоғамдық банктік қатынастың қатысушысы жоғарыда аталған субъектілердің субъективтік құқықтары мен заңи міндеттері және олардың осындай өздеріне тән құқықтары мен міндеттерін іске асыруға байланысты іс-қимылдары, яғни заңи және материалдық мазмұны құрайды. Демек, нақтылы субъективтік құқықтар мен заңи міндеттер және материалдық нақтылы іс-қимылдар нақты банктік құқықтық қатынастың мәнін құрайды. Субъективтік құқық осындай құқыққа ие банктік құқықтық қатынасқа қатысушының мүддесін әдетте, экономикалық мүддесін заңи іс-әрекеттерді, талаптарды іске асыру жолымен қанағаттандыру немесе қамтамасыз ету құралы болып табылады. Заңи міндеттер осындай міндет жүктелген банктік құқықтық қатынас қатысушысының бөтен мүдделерді, яғни өз контрагенттерінің мүдделерін тек көзделген іс-әрекетті жүзеге асыру не жүзеге асырудан өзін аулақ ұстау немесе мәжбүрлеу, шектеуге ұшырау жолымен қамтамасыз етуге қажетті құрал ретінде көрініс табады.
Банктік құқықтық қатынас қатысушыларының құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ кейбір жағдайларда құзыреті банктік заңнамада тікелей көзделінеді.
Банктік құқықтық қатынас субъектілері өзара құқықтық байланыстарына орай әр алуан материалдық және материалдық емес мүдделеріне бағытталған іс-қимылдарды жүзеге асырады. Мысалы, Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының агенттігі өздеріне тиесілі қадағалау, реттеу, ұйымдастыру және басқару функцияларын нақты банктік құқықтық қатынаста жүзеге асыруы барысында банк жүйесінің орнықтылығын, банктердің қаржылық төлем қабілеттігін, банктік қызмет аясындағы мемлекеттік реттеуге орай қалыптасатын банктік құқықтық тәртіпті көздейді әрі бағдарлайды. Негізінен алғанда банктердің әрбір банктік құқықтық қатынаста көздейтін мүдделері материалдық игіліктерге қол жеткізу болып табылады. Демек, аталған мән-жайларға қол жеткізуге бағытталған тиісті банктік құқықтық қатынас субъектілерінің іс-қимылдары нысанасы нақтылы банктік құқықтық қатынастың объектісі болып саналады. Банктік құқықтық қатынастар банктік заңнамада көзделінген заңды фактілердің, былайша айтқанда банктік құқықтық нормада дәл айқындалған жағдайлардың болуына орай туындайды, өзгертіледі және доғарылады.
Қазақстан Республикасындағы резидент емес банктердің, мемлекетаралық банктердің, олармен өзара қарым-қатынастағы Қазақстан Республикасы банктерінің қызметі, оның аясындағы қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасының Конституциясымен және тиісті заңдармен, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттармен реттелді. Осындай мән-жайларға байланысты өз көзқарасын Н.Ю. Ерпылева Халықаралық банктік құқық тұрғысынан реттеу пәні ретінде көрініс табатын банктік құқықтық қатынастардың объектісі шетелдік элементпен күрделіленген банктік қызмет болып табылады. Шетелдік (немесе халықаралық) элемент әр түрлі нысанда, мысалы белгілі мемлекеттің аумағында ашылған шетелдік банктің филиалы немесе мемлекетаралық банк нысанында, халықаралық әмбебап немесе аймақтық валюталық жүйе нысанында және басқа да нысанында көрініс табуы мүмкін. Банктік құқықтық қатынастар өз сипаты бойынша біртекті болмайды. Осындай банктік құқықтық қатынастар шетелдік элементті қосатын (мысалы, халықаралық төлем жүйесін SWIFT құру) ішкі мемлекеттік қатынастар, сондай-ақ өктем билікті сипаттағы шынайы мемлекетаралық қатынас бола алады. Банктік құқықтық қатынастардың осындай біртекті болмауы оларға қатысушы субъектілердің өзіндік ерекшеліктерімен айқындалады. Халықаралық банктік құқық субъектілері әр түрлі заңи табиғатқа ие болады, б.а. халықаралық құқық субъектілері (мемлекет, халықаралық мемлекетаралық ұйымдар) де, сонымен бірге ұлттық құқық субъектілері (заңды және жеке тұлғалар) де болып табылады. Бір субъект бірмезгілде халықаралық құқықтық және ұлттық құқықтық қатынастың қатысушысы бола алады. Мәселен, мемлекет халықаралық валюталық қаржылық ұйымның мүшесі бола отырып, өзара келісілген мақсаттарға қол жеткізу үшін осы ұйымнан (мысалы, Халықаралық реконструкциялау және даму банкінен) несие алуға құқылы. Осындай жағдайда Халықаралық реконструкциялау және даму банкі мен мүше мемлекет арасындағы қатынастар мемлекетаралық нысанында көрініс табады. Сонымен қатар осы мемлекет банктер синдикатымен заем беру туралы келісім жасасса, онда мұндай құқықтық қатынастар азаматтық құқықтық сипатта болады және тиісті ұлттық құқықпен реттелінеді деп білдірген 64, 14-15 бб..
Банктік құқықтық қатынастардың ішінен өзіне тән сипатымен ерекшеленетін банк құпиясы жөніндегі күрделі құқықтық қатынастарды жеке қарастырғанымыз оның маңызын әрі өзектілігін арттыра түседі деп есептейміз. Осы банк құпиясына қатысты мән-жайлар Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабында мұқият айқындалған. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 745-бабында Банк құпиясы: Банк құпиясын жария етпеуге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz