Бағалы жалпақ жапырақты өсімдіктерді өсіру


ҚқаҚапмап
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі
Д. Серікбаев атындағы
Шығыс-Қазақстан Мемлекеттік техникалық университ
Шноз и Ос мектебі
Лесные питомники дисциплинасы бойынша
Курстық жұмыс
Тақырыбы :Бағалы жалпақ жапырақты өсімдіктерді өсіру .
Орындалған:19-ДДК тобының студенті
Жоспар :
1. Кіріспе :
Қылқан жапырақ
1. 1 Жатаған шырша .
1. 2 Балқарағай туысы
Негізгі бөлім :
2. 1 Астық тұқымдас
2. 2 Жапырақты тұқымдар
2. 3≤ Бағалы Орхидеялардың ≥ Керемет жапырақтар
Қорытынды :
Қылқан жапырақты ағаштардың биологиялық- шаруашылықтық сипаттамасы
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
1. Қылқандылар тобының ортақ биологиялық ерекшеліктері.
2. Қылқанды жапырақты өсімдіктердің биологиялық-шаруашылықтық
сипаттамасы.
Қылқандылар - жалаңаш тұқымды өсімдіктер. Олардың тұқым бүршіктері аналық гүлшоғырлардағы қабыршақтарында бұршықтарда ашық жатады. Ұрықтанғаннан кейін тұқымбүршіктерден тұқым дамиды. Жемісі болмайды. Бұршықтардың қабыршақтарының астында дəндері піседі.
Қылқандылардың көпшілігі мəңгіжасылдар, балқарағайдан басқалары, бұлар қолайсыз факторлардан қорғану үшін қылқандарын тастайды. Сондықтан, балқарағайлар барлық қылқанды өсімдіктерден қысқа жəне газға төзімділеу.
Қылқанды өсімдіктердің сүрегінде түтікшелері (сосудтары) болмайды, су жəне тұз ертінділері трахеидтер арқылы өтеді, ол өсімдіктердің ылғалдық режимдерін нашарлатады. Қылқанның болуы ылғалды сақтауға бейімделгені болып табылады.
Барлық қылқандылар тамырларында микоризалары болады жəне онсыз дами алмайды. Дəндерімен көбейеді. Кейбіреулері қалемшелермен көбейе алады, мысалы майқарағай (пихта), шыршалардың, арша мен боз аршаның кейбір түрлері. Қылқанды өсімдіктердің көпшілігінің дəндерінің өнгіштігі нашар болады жəне стратификациялау қажет. Стратификация кезеңі 2-3 ай. Себінділері өте нəзік, күн күйігінен зардап шегеді сондықтан көлеңкелеуді қажет етеді. Себінділері өте жəй өседі. Қарағай мен балқарағайларда басқаларынан өсу тезірек жүреді. Қылқанды өсімдіктердің көкжелек құрлысында үлкен маңызы бар жəне жылдан-жылға олардың ролі артуда.
Қылқандылар мен жапырақтылардан құрылған парктер, скверлер, бақтар өте сəнді көрінеді. Сонымен қатар олар қоршаған ортаны сауықтырады, сондықтан олар жасыл егістер құрамында жетекші орын алуы қажет.
ТМД елдерінде қылқанды өсімдіктердің 60-тан астам түрі жабайы өседі, ал дүниежүзінде 500 астам саналады. Олардың көпшілігі Солтүстік жартышардың қоңыржай аймағында таралған.
Қазақстанда қылқанды өсімдіктер орман алқабының шамалы ауданында орналасқан, ал түр құрамы жұтаң. Басқаларынан жиірек кəдімгі қарағай, тяньшань шыршасы, майқарағай (пихта), сирегірек сібір самырсыны мен балқарағай (лиственница) кездеседі.
Ертеректе Алматы ботаникалық бағында 200-ден астам қылқандылардың жаңа түрлері сынақтан өтті. Олардың көпшілігі Алматының қатаң - континентальді климатына шыдай алмады жəне қурап кетті (өлді) . Алматы қаласын жəне Қазақстанның басқада облыстарын көкжелектендіруге ұсынылатын түрлері мен болашағы молырақ өсімдіктері.
2. Қылқанды жапырақты өсімдіктердің биологиялық-шаруашылықтық сипаттамасы
Қарағай - (pinus L (сем. pinaceae Lindl - Сосна) . Жас шағында ұшар басы конус тəрізді, қартайғанда жұмыр, шатыр тəрізді, тегіс келетін ағаш. Қылқаны ұзын жəне енсіз, бір шоқта 2-3 данадан орналасады, 3-6 жыл өмір сүреді. Аталық масақтары сары немесе қызыл, жылдық өркендердің түбінде ал аналық масақтары жеке өседі немесе өсіп тұрған өркеннің ұшына, əйтпесе түбіне жақын тобымен өседі. Жетілген түйіндері қатты, түзу, қисайыңқы, салбыраңқы. Тұқым қабыршақтары гүл табақшасына қарай жуандаған. Тұқымы жаңғақ тəрізді, көбінесе қанатты, 2-ші жылы пісіп жетіледі.
Қарағайдың көпшілігі жарық сүйгіш, топыраққа талғампаз емес, суық пен құрғақшылыққа төзімді, түтінге, ысқа жəне газға сезімтал. Қазақстанда 2 түрі жабайы өседі жəне 5 түрі жерсіндірілген.
Қарағай кəдімгі - (С. обыкновенная - P. silvestris L. ) . Биіктігі 20-40 м жəне диаметрі 1 м дейін жететін, жас шағында конус тəрізді, ал қартайғанда дөңгелектенген ұшар басты ағаш. Қабығы төменгі жағынан қызғылт-қоңыр, терең тілімді, жоғарғы жағы тегіс, бұтақтарында сарғыштау. Өркендері жасылдау, қызғылт-қоңыр үшкірленген, бүршіктері түксіз, шатырлы болады. Қылқанының ұзындығы 4-7 см, бір шоқта 2 ден, көкшілдеу-жасыл, 3 жыл тұрады. Гүлдеуі мамырдың аяғы - маусымның басы, түйіндерінің 3-7 см. Екінші жылдың қарашасында пісіп жетіледі, келесі жылдың сəуір айында ашылады. Тұқымның ұзындығы 3-4 мм, қанаты онан үш есе ұзын. 1000 дəнінің салмағы - 5-9 г. Жарық сүйгіш.
Құрғақ континентальды құбылмалы ауа райына төзімді. сезімталдығы аз. Өте құрғақ құнарсыз топырақта да өсе алады. Жас, аса құнарлы құмайт топырақ өте қолайлы. Өртке берік. Біршама жылдам өседі. Өмірінің ұзақтығы 300-350 жыл. Тұқыммен көбейеді.
Таралу аймағы: Еуропа, Сібір, Қиыр Шығыс, Қазақстанда Қостанай, Ақмола жəне Қарағанды (Сары-Арқа), Павлодар (орман жолдар), Шығыс Қазақстан (Қалба жотасы) облыстарында кездеседі.
Сүрегін тұрғын үй құрлысында, кеме, вагондар, ағаш бұйымдарын жасауда жəне де басқа өндірістерде пайдаланылады. Шатырынан канифоль жəне скипидар өндіріледі. Елді мекендерді, газы жоқ көкжелектендіруде пайдаланады.
Сары қарағай - (Сосна желтая - Pinus ponderosa) . Шыққан жері Солтүстік Америка. Биіктігі 50 м жететін ірі ағаш. Қылқандарының ұзындығы 30 см дейін, 3 жəне 5 данадан, қалың. Аязға, қысқы-көктемгі кезеңдердегі температура ауытқуына төзімді, жарық сүйгіш жəне құрғақшылыққа төзімді. Университет алдында жəне Алматы қаласындағы 25 гвардиялық-панфиловшылар паркінде өседі. Тау қарағайы - Сосна горная. Батыс Европадан шыққан. Бұта тəріздіөседі. Бізде аздап үсікке шалдығады, бірақ тез қалпына келеді. Оларды партерлерде, көгалдарда (газон), парктердегі ашық жерлерде орналастырады.
Сібір самырсыны - Кедр сибирский - P. Sibirica Mayr. Ұшар басы конус тəрізді өте қалың жəне қоңыр-сұр қабықты, биіктігі 35 м дейінгі ағаш. Бұтақтары қысқа жақындасқан күлте басты келеді. Өркендері жиі жирен түсті, түкті. Бүршіктері конус тəрізді, шайырсыз. Қылқанның ұзындығы 13 см, бір шоқта 5 данадан, тығыз қоңыр-жасыл түсті, 3-5 жылға дейін тұрады. Мамыр айында гүлдейді. Түйіндері дөңгеленген ашылмайтын ашық-қоңыр, екінші жылы қыркүйек айында піседі: ұзындығы 10-14 мм, 40-тан 150-ге дейін қанатсыз (жаңғақша) тұқымдары болады. 1000 дəнінің салмағы - 250 г. Олардың өзектерінде - 50 пайызға дейін сапалы май болады. Көлеңкеге едəуір төзімді, топыраққа аса талғампаз емес, бірақ неғұрлым құнарлы сазды жəне ылғалды топырақты жақсы көреді. Қысқа шыдамды. Ауаның құрғақшылығына сезімтал. Біршама жəй өседі. Өмірінің ұзақтығы - 500 жыл. Құстар мен тышқандар таратқан тұқыммен көбейеді. Өмірінің 50 жылында жеміс салады. Таралу аймағы: Ресей федерациясының Европалық бөлігінің Солтүстік-шығысы, Сібір, Алтай. Қазақстанда Алтайдың таулы аймақтары. Олар терісі қымбат аңдар үшін жемшөптік қор болып табылады. Сүрегі өнеркəсіпте, тұқымы тағам үшін, май алуға пайдаланады. Шайыры емдік мақсаттар үшін қолданады. Қылқанына эфир майы жəне С витамині болады.
Шырша - Ель - Picea Dietrich (сем. Pinaceae Lindl) . Ұшар басы қалың,
шашыраңқы күлте басты жəне түзу діңді биік ағаш. Бүршіктері шайырлы. Қылқаны ине тəріздес, 4 жақты, 7-9 жыл тұрады, қалалық жағдайда 3-4 жыл. Түйіндері салбыраңқы, қабыршақтары аса көрінбейді, бірінші жылдың күзінде піседі. Тұқымы уақ, қанатшаларынан қасық тəрізді шұңқыр қалдыра отырып жеңіл бөлінеді. Тамыр жүйесі топырақтың үстіңгі қабатында жатады. Көлеңкеге өте төзімді, ауа райының едəуір құбылмалығына жəне топырақтың аздаған батпақтануына шыдай алады. Газ бен ыстан зардап шегеді. Қазақстанда шыршаның 2 жабайы түрі өседі жəне 3 түрі жерсіндірілген.
Тяньшань шыршасы - Ель Шренка или Тяншаньская - PiceaSchrenkiana Fisch. Қазақстанның тауларында өседі. Биіктігі 40-45 м, диаметрі 2 м дейінгі конус тəрізді қою ұшар басты ағаш, ал үлкен ағаштарда бүгілген бұтақтары болады. Қабығының түсі қызғылт пен сұрдың арасында. Өркендері сұрғылт-сары, түксіз, кейде түкті. Бүршіктері біршама шайырлы. Қылқаны боз-көкшілдеу жасыл, ұзындығы 25-30 мм, ені 1-1, 5 мм, сүйір, 4 жақты, 8-20(22) жылға дейін сақталады. Гүлдеуі мамыр-маусым айлары. Түйіндері ұзындау цилиндр тəрізді, ұзындығы 10-12 см, жуандығы 2, 5-3 см, қыркүйекте піседі. Тұқымының ұзындығы 4-5 мм, қанаты тұқымынан үш еседей ұзын болады. 1000 дəнінің салмағы - 3, 5-10 г. Жоғары сапалы. Көлеңкеге төзімді, бірақ таудың жоғарғы белдеуінде де жарық сүйгіштік байқатады. Топыраққа талғампаздығы аз тастақ топыраққа да көнімді. Топырақтың жəне ауаның құрғақшылығынан көп қиындық сезінеді. Өмірінің ұзақтығы 400 жыл. Тұқыммен көбейеді. 20-25 жылға дейін баяу өседі. Себінділері жылына 2-3 см-ге өседі, көп жарамсыз себінді береді. Таралу аймағы: Іле, Жоңғар Алатауы салаларында өседі.
Сібір шыршасы - Ель сибирская - P. obovata Ldb. Ұшар басы конус тəрізді, биіктігі 34 м дейінгі ағаш. Өркендері жіңішке, сəл салбыраңқы, сары- жасыл, аздап жылтырақ, қою түкті. Бүршіктері кегл тəрізді, сəл шатырлы. Қылқаны тікенекті, 4 жақты жуандау, қою-жасыл, ұзындығы 7-20 мм. Гүлдеуі - сəуір-мамыр айлары. Түйіні цилиндр-жұмыртқа тəрізді, ұзындығы 4-8 см жас кезінде қара қошқыл түсті, енді, дөңгеленген, тегіс жиектелген қабыршақты, тамызда піседі, қыркүйекте ашылады. Тұқымының ұзындығы 4 мм, 1000 дəнінің салмағы 5 г шамасында. Сапасы жоғары. Көлеңкеге төзімді. Сазды, орташа ылғалды топырақта жақсы өседі, Қысқа төзімді, 200-300 жылға дейін жасайды. Тұқыммен көбейеді. Таралу аймағы: Ресей, Орал, батыс жəне шығыс Сібір, Қиыр Шығыс. Республикада Шығыс Қазақстан облысы ормандарында (Алтай, Саур, Тарбағатай) .
Кəдімгі немесе еуропалық шырша - Ель обыкновенная или европейская - P. excelsa link. Биіктігі 20-50 м дейін, диаметрі 1 метрден жоғары қартайғанша үшкір ұшты болып келетін ағаш. Өркендері жирендеу-сарыдан қоңырға дейін, бүршіктері үшкір, жұмыртқаға ұқсас, конус тəрізді. Қылқанның ұзындығы 10-15 мм күңгірт-жасыл тікенекті, 7-9 жылға дейін тұрады. Гүлдеуі - мамыр-маусым айларында. Түйіндерінің ұзындығы 15 см дейін, шеттерінде тісті қабыршағымен, қазанда піседі, қыстың екінші жартысында ашылады. Дəнінің ұзындығы 4-5 мм, үшкір бітімді жұмыртқа тəріздес, қоңыр қанаты ашық-қызыл қоңыр, ұзындығы 12-15 мм. 1000 дəннің салмағы - 5, 5-8 г. Өнгіштігі 70-80 пайыз. Көлеңкеге көнбіс. Шыршалардың ішіндегі тым жылдам өскіші, қысқа төзімді, бірақ көктемгі үсіктерге сезімтал. Оған қолайлысы - сазды жəне жас құмайт топырақ. Топырақ құрғақтылығын нашар көтереді. Өмірінің ұзақтығы - 250-300 жыл. Тұқыммен көбейеді. Көкжелектендіруге, жаңа-жылдық шыршаларды өсіруге кең қолданылады. Таралу аймағы: Еуропадан Оралға дейін. Қазақстанның Солтүстік облысында жəне Іле Алатауында жерсіндірілген.
Сібір бал қарағайы - Лиственница сибирская - Larix sibirica Ldb. Биіктігі 40(42) м дейін, диаметрі 80-100(180) см болатын толық сүректі, қартайған шағында төменгі жағы жуандаған діңді, жаз бойы жасыл ағаш. Ұшар басы жас шағында жұмыртқа ұқсас, конус тəрізді, қартайғанда аумақты, көлденең ұзын бұтақтарының ұштары көтеріңкі болады. Өркендері сабақ тəрізді - сары жапырақ жастықшалардан бастап бүкіл бойына тілімделген. Бүршіктері ұсақ, жартылай сфералық сары қоңыр. Қылқанының ұзындығы 13-45, ені 0, 6-1, 6 мм, жұмсақ, ашық-жасыл көкшілдеу-сұр түсті, мамыр айында шығады да, қазанда түседі, ұзарған өркендерінде кезекпен, қысқарғандарында - 20-30 дан шоқ болып орналасқан. Аталық масақтары сарғыштау, жарты шар тəрізді, аналықтары - қызылдау, қарақошқыл түсті, күлгін-қызыл жəне жасылдау, жұмыртқаға ұқсас - конусты қылқан тəжбен қоршалған. Гүлдеуі мамыр-маусымның басы. Түйіндері ұзынша, жұмыртқаға ұқсас, жасыл, күлгін түсті, піскен кезінде қызыл-қоңыр жəне қатты; тамыздың аяғында пісіп жетіледі, қыркүйектің бірінші жартысында ашылады. 1000 дəнінің салмағы - 9, 5(6-14) г. Өнгіштігі - 60-75%, нашар түсім кезінде 30-35% дейін төмендейді, ал жеке тұрған ағаштарда 6-10% аспайды. Тамыр жүйесі қуатты, өзекті микроризасы болады. Өте жарық сүйгіш, жас кезінде көлеңкеге көнімді. Топыраққа талғампаз емес, дегенмен жас қою түсті сазды топырақта жақсы өседі. Тез өседі. Жел жəне өртке берік. Өмірінің ұзақтығы 350 жылға дейін. Дəнмен көбейеді. Сүрегі су-техникалық құрлыстарда пайдаланады. Қабығында тері илейтін заттар бар. Қылқанынан желім өндіріледі. Венециялық терпантин деген атпен бағалы шайыр береді. Сағыз қарағайы орман шаруашылығында жəне көкжелектендіруде өте бағалы. Таралу аймағы: Еуразияның көлемді жер бөлігін алады. Қазақстанда Алтай мен Сару тауларында таралған.
Батыс бозаршасы - Туя западная - Thuja accidentalis. Солтүстік Америкадан шыққан. Өз отанында 12 м дейінгі биіктікке жетеді. Жапырақтары 3-4 мм ұзындықта, қабыршақты, түтесіп айқаса орналасқан. Бөрікбасы пирамидальді əдемі пішінді жəне күңгірт-жасыл түсті. Құрғақшылыққа, ыстыққа жəне аязға төзімді. Топыраққа талапсыз. Аллеяларға, жасыл жиектемелерге, жеке-дара егістерде жекелеп немесе топтап отырғызуға пайдалануға болады.
Арша - Можжевельник - Jniperus L (сем. cupressaceae F. W. Neger) Жапырақтары ине тəрізді немесе көпшілігінде қабыршақ тəрізді. Жайылып өсетін мəңгі жасыл ағаштар немесе бұталар. Түйіндері жидекке ұқсас, көкшіл сұр (тозаң) өңізбен қою жасыл түсті, күзде немесе келесі жылдың көктемінде піседі, ашылмайды. Тұқымы жаңғақ тəрізді, қатты қабықпен, қанатсыз; еккенде екінші жылға қарай өсіп шығады. Олардың өнгіштігі төмен. Сүрегі тығыз, шірікке берік, қызылқоңыр-қызыл түсті; исі жағымды кипаристің иісіндей, өңдеуге жеңіл көнеді. Жарық сүйгіш, көпшілігі құрғақшылыққа төзімді жəне топыраққа талғампаз емес, əйтседе жеңіл құнарлы топырақта жақсы өседі. Түтінге жəне шаң-тозаңға сезімтал. Баяу өседі. Тұқыммен, қалемшемен, жайылмалы түрлері сұлатпа сабақтармен, бағалы сирек кездесетіндері ұластыру арқылы көбейеді. Қазақстанда 11 жабайы өсетін түрі бар, олардың негізгілерін келтіреміз.
Кəдімгі арша - Можжевельник обыкновенный - J. communis SL Ұшар басы конус тəрізді, биіктігі 8 (12), көбінесе 3-5 м ағаш немесе бұта (қос үйлі) . Діңінің бас жағы үшкірленіп келген сұрлау-қоңыр. Қопсыған қабықпен. Өркендері 3 жақты, қызылдау-қоңыр, қылқаны тікенекті, күлте баста 3-тен болады. Аталық гүлдері сары түсті, сопақша, аналықтары - ашық-жасыл. Жеміс беру уақыты - маусым-шілде айлары. Түйіндері отырыңқы, піспегендері - жасыл түсті, жетілгендері - көкшіл-қара көгілдір өңізді, екінші немесе үшінші жылы піседі. 1000 дəнінің салмағы - 18 г. Көлеңкеге төзімді. Суыққа жəне құрғақшылыққа төзімді, топыраққа талғампаз емес. 1000 жылға дейін жасайды. Қырқуды (күзеуді) жақсы көтереді.
Қазақстанның барлық аумағында эррозияға қарсы отырғызуға жəне көкжелектендіру үшін пайдалануға болады. Сүрегі токарлық заттар үшін жарамды. Түйіндері медицинада жəне шарап дайындағанда пайдаланылады. Қылқаннан эфир майы алынады, ал бұтақтарын ағаш ыдыстарды ыстауға пайдаланады. Таралу аймағы: Еуропа, Кавказ, Батыс жəне Шығыс Cібір, Солтүстік Америка. Қазақстанда Ақмола, Қостанай жəне Солтүстік Қазақстан облысы.
Виргиндік арша - Можжевельник виргинский - J. virginiana L. Солтүстік Американың шығыс бөлігінде таралған. Отанында биіктігі 15-30 м жетеді. Жас кезінде бөрікбасы жіңішке, кейінірек ауқымды. Қабыршақты жапырақтары ланцетті ұзындығы 1-2 мм. Салыстырмалы тез өседі. Қуаңшылыққа жəне аязға берік. Күзеуді жақсы көтереді. Топыраққа талғампаз емес. Біздің жағдайымызда жеміс салады. Түйіндері қара көкшіл өңізді. Түйінде 1ден 6 ға дейін дəні бар. Аллеяларда, топтарда жəне жекелеп отырғызуға қолданады.
Бұталардың биологиялық-шаруашылықтық сипаттамасы
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
1. Шырпуды (күзеуді) жақсы көтеретін бұталар.
2. Еркін өсетін бұталар.
1. Шырпуды (күзеуді) жақсы көтеретін бұталар
Тобылғы - Таволга, спирея - Spiraea L (сем. Rosaceae Juss) . Биіктігі
0, 5-2 (3) м бұта. Ақ өзекті, өркендері болады. Жапырақтары қарапайым, тізбекті, тісті. Гүлдері қос жынысты. Түрлі реңді - ақтан қарақошқылға дейін кездеседі. Жемістері - көп жапырақты - ұсақ, жалпақ қанатты, ұзындығы 2мм дейін тұқымдармен болады. Сəуір-шілде айларында гүлдейді. Тұқымы гүлдегеннен 1, 5-2, 5 айдан соң жетіледі. Тамыр жүйесі шашақты, терең емес. Жарық сүйгіш. Құрғақшылыққа жəне суыққа төзімді. Топырақтың құнарлылығын қалайды. Тұқыммен, қалемшелермен (жасыл, сүректі), түптерінің бөлінуімен көбейеді. Көшіріп отырғызғанды, қырқуды жақсы көтереді. Зиянкестерге төзімді. Бал бергіш. Сəнді бақ шаруашылығында кең пайдаланады. Қазақстанда 19 түрі өседі, оның 10 түрі жабайы өсетіндер. Келесітүрлері кеңірек кездеседі.
Вангутта тобылғысы (Спирея Вангутта) . Гүлдері ақ 2 м дейінгі, иілген доға тəрізді сабақты бұта.
Тунберг тобылғысы (Спирея тунберга) . Ақ гүлмен гүлдейді. Жапырақтары жіңішке, аласа бұта.
Орта тобылғы (Спирея Дугласа) . Гүлдері қызғыш, пирамидальді гүлшоғырында.
Кəдімгі қына ағаш - Бирючина обыкновенная - Ligustrum vulgare
L. (сем. Oleaeceae Lindl) . Ұзындығы 3-6 см, қияқты, тұтас жиектелген, жылтырақ жапырақтары бар, биіктігі 2-3(5) м бұта. Гүлдері ұсақ, ақ түсті, хош иісті, ұзындығы 4-8 см пирамида тəрізді шашақ гүлдерде отырады. Жемісі қара түсті, жылтырақ, ұзындығы 6-8 см. Тұқымы үш қырлы, күңгірт. 1000 дəннің салмағы 20 г жуық. Маусым айында гүлдеп, тамыз-қыркүйекте жеміс береді. Сүрегі қатты, ауыр. Құрғақшылыққа өте төзімді, көлеңкені əжептəуір көтереді, ыстыққа шыдамды. Қысқа беріктігі төмен. Құнарлы топырақты жақсы көреді. Қала жағдайларына шыдамды. Күзеуді (қырқуды) жақсы көтеретіндіктен көмкермелер мен жасыл қоршаулар жасауға кең қолданады. Таралу аймағы: Еуропа, Кіші Азия, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде көкжелектендіруге пайдаланылады.
Ақ қаржидек - Снежноягодник белый, Снежник - (Symphoricarpus - сем. Жимолостных) . Көкшіл реңді, майда жапырақты, аласа бұта. Шілдеден-қыркүйекке дейін гүлдейді. Қыркүйекте ақ жидек пайда болады, олар бұтада қыс бойы сақталады. Көлеңкеге шыдамды. Шырпуды жақсы көтереді.
2. Еркін өсетін бұталар.
Мамыргүл, бөртегүл - Сирень - (Syringa L. сем. Oleaceae Lundl) .
Қарапайым, қарама қарсы, көп бөлігі тұтас келетін жапырақтарымен жəне
көптеген түтікті, түрлі түсті, хош иісті гүлдері бұтақтарының ұш жағындағы
шоқтарында орналасатын ірі бұта. Мамыргүлдің көптеген түрлері мен сорт-
тары қала жағдайына өте төзімді, көп күтімді керек етпейді жəне біршама
қысқа, ыстыққа, құрғақ ауа райына төзімді. Қалемшелермен, сұлатпа бұтақтармен, бұталардың бөлінуімен жəне дəнімен көбейеді. Қазақстанның барлық аймақтарында көкжелектендіруге жəне сəндік бақ өсіруге кеңінен пайдаланылады. Мамыргүлдің 20-дан астам түрлері белгілі. Олардың көп таралғандары: кəдімгі, қытай, түкті шашты (волосистая), салбыр, венгірлік, амурлық түрлері.
Кəдімгі мамыргүл (Сирень обыкновенный) . Майда, ақ немесе ақшыл- көк, аңқыған гүлдері болады. Өткен жылғы өркенде гүлдейді. Жапырақтары ірі күңгірт-жасыл. Жарықсүйгіш. Құрғақшылыққа, аязға төзімді. Көп балаң- сабақ береді. Мəдени сорттарына телітушілік қызмет атқарады. Дəнімен, тамырабақтармен көбейе алады, қалемшелері - əлсіз тамырланады. Мамыргүлдің сорттары гүлдерінің түсімен, өлшемімен, гүлшоғырларының пішіні жəне өлшемімен ажыратылады.
Ақ гүлді сорттары (Белые сорта) - гүлдері түкті: Мадам Лемуа, Мисс
Элен Вильмот, Галина Уланова; қарапайым гүлдерімен - Мария Леглей, Вес-
талка.
Көкшіл - ақшыл-көк гүлді сорттары. Гвизо - ең ерте гүлдейтін. Генри
Матли, Доктор Майлот, Генцинтовая, Синяя Колесникова.
Қызғыштау- ақшыл-көк немесе қызғыш гүлді сорттары. Полина Осипенко (солғын қызғыш түкті, аққа жақын) . Мечта (гүлдері ірі, гүлшоғыры салбырлы), Утро Москвы, Каприз (гүлдері түкті) Обманщица Бюфан, капитан Больт 7, Воспоминание о Людвиг Шпэт.
Қара-қошқылды - сиякөк гүлді сорттары. Память о Кирове (түкті),
Китайская красная (түкті), Шарль Жоли.
Ақ гүл - Жасмин, Чубушник - Philodelphus. Қарапайым қысқа сағақты жапырақты бұта. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері ақ, хош иісті, шашақ гүлшоғырында 7 данаға дейін жиналған. Жемісі құрғақ қорабша. Дəндері майда. Ақ гүл көлеңкеге төзімді, бірақ ашық жерде бейпілдеу гүлдейді. Қысқа төзімді. Дəнімен көбейеді. Дəндерін ж
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz