Шертпелі аспап – Жетіген



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Пән жетекшісі:
Филология ғылымдарының кандидаты,
доцент Г.Қ. Тулекова
Орындаған:
Тұран университетінің
Журналистика 201(4)-2
Мамандығының 1 курс студенті
Ибрагимова Аружан Шарапатқызы

Тақырыбы: "Шертпелі аспап - Жетіген"
Түйіндеме: Мақалада ұлттық аспабымыз - жетіген туралы жазылған. Жетігеннің шығу тарихы, ол туралы халық арасында тараған аңыз-әңгіме, Ұлттық аспапқа қазіргі кездегі қызығушылық та таратылып айтылған. Кейінгі кездері аспапта ойнау техникаларының көбейгені, аспаптың жасалу әдістері жайлы баяндалады мақалада.
Кілт сөздер : Музыкалық аспап, аңыз - әңгіме, жетіген аспабы, шертпелі аспап,қойдың асықтары.
Аннотация: Статья посвящена нашему национальному инструменту - жетыгену. Рассказывается история происхождения Жетыгена, легенды о нем, современный интерес к национальному инструменту. В статье рассказывается о недавнем росте техники игры на инструменте, способах изготовления инструмента.
Ключевые слова: музыкальный инструмент, мифические рассказы, инструмент жетиген,струнные щипковые музыкальные инструменты,овечий асык.
Annotation: The article is about our national instrument - zhetygen. The history of Zhetygen's origin, the legends about it, the modern interest in the national instrument are also told. The article describes the recent increase in the technique of playing the instrument, the methods of making the instrument.
Key words: Musical instrument, mythical stories,zhetygen instrument, Stringed musical instruments,sheep's asyk.

Қазақтың музыкалық аспаптары - ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра. Музыка аспаптары тіпті жаугершілік замандарында халыққа хабар бергенде, аң үркіткенде, әнші-күйшілер ән-күй орындағанда пайдаланылған. Аспаптар кептірілген қайың, шырша, емен ағаштарынан, қамыстан, сазбалшықтан, малдың терісі мен сүйегінен, мүйізінен, қылынан жасалған.
Жетіген - қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабының бірі. "Жетіген" деген атауының өзі "жеті" және "ән" деген ұғымнан құралса керек. Халық арасында Жетіген туралы аңыз да жоқ емес. Ол аңыз былай айтылады. Баяғы заманда бір қария өмір сүрген екен. Ол кісінің жеті ұлы болыпты. Қиын-қыстау, ашаршылық заманда ұлдарының бірінен соң бірі қайтыс болған дейді. Әлгі қария әр ұлы қайтыс болған сайын кепкен ағаштың бөлігіне ішек іліп, әр ұлына әртүрлі әуендегі күйді шығарып ойнаған екен. Қайтқан тұңғыш ұлы Қанияға "Қарағым" күйін шығарады, екінші ұлы Төралым қайтқан кезде "Қанат сынар" күйін орындайды, үшінші ұлы Жайкелді өмірден өткенде "Құмарым", төртінші ұлы Бекенге арнап "От сөнер", бесінші ұлы Хауасқа "Бақыт көшті", алтыншы ұлы Жүлзарға "Күн тұтылуы", ең кіші ұлы Қияс қайтыс болғанда қария "Жеті баламнан айырылып құса болдым" атты күй шығарған екен. Қара жамылған қарт әр күйді орындау барысында әр баласының бейнесін әуен арқылы көрсеткен, бұл күйлер кеңінен таратылып, әрі "Жетігеннің жеті күйі" деп аталып кеткен. Жеті ұлына арнап жеті ішек ілінген аспап осылайша өмірге келіп, ол Жетіген аспабы болып біздің заманға дейін жеткен. Ақын Серік Әкрамұлының Жетігенге арнап жазған өлеңінде осы аңыз баяндалады:
Жетігеннің жеті ішегін мұң алған,
Аты оның жеті әннен құралған.
Жеті ұлынан айырылған қария
Қайғы жұтып, жеті күйді шығарған. [1.Ж.Мүсірепова Жетігеннің даму жолы 78-79б].
Осылайша ғасырдан ғасыр өтіп, Жетіген аспабы біздің заманға дейін жеткен екен. Жетігенді мұңды аспап деп айтатыны да әлгі аңызға қатысты болса керек. Дегенмен біздің заманауи жетіген өзінің әдемілігімен де, әуенімен де кімді болсын елең еткізетіні даусыз.
Жетігеннің құрылысы болса, жалпы тұрқы ұзынша келген, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады, әуенін реттеп отыруға ішектердің астына асықтыр орнатылады. Ал тарихына келер болсақ, бұл аспаптың қай ғасырда нақты пайда болғанын ешкім дөп басып айта алмайды. Бастапқыда ішектері қолмен керіп байланған болса, қазіргі біздің естіп, көріп жүрген аспабымыз әлдеқайда басқа екені белгілі. Ал күйге келтіру үшін асықтарды жылжытып отыратын болған. Кейінгі кездерде қосымша ішектер қосылып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ұлттық аспаптары туралы
Қазақтың ұлттық аспаптары туралы
Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық аспаптарда ойнауы
Қазақтың ұлттық аспаптары
Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі
Қазақтың халық аспабтары
Музыкалық аспаптардың тарихы
Қазақ мәдениетінің қалыптасуы туралы
Қазақтың ұлттық аспаптары жайлы
Фольклорлық музыка аспаптары
Пәндер