Ы. Алтынсариннің-180 жылдығына орай білім берудегі инновациялық процестер-теориялық және практикалық аспектілер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Ы. Алтынсариннің-180 жылдығына орай білім берудегі инновациялық процестер-теориялық және практикалық аспектілер

Қазақстанның интеллектуалды элитасын тәрбиелеудің іргетасы болып табылатын жаңа мектептер,
Ұлттық интеллектің ядросын құруымыз қажет. Біз Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім ордасына айналдыруымыз керек.
Н.Назарбаев
ХХІ ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністермен ерекшеленеді.
Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені-сау, ой-өрісі жоғары дамыған әлемдік деңгейдегі жоғары білімі бар азаматтарды тәрбиелеу - мемлекеттік ең маңызды стратегиясы. Әлемдік өркениетте өз орнын тауып, жаһандану ағысына енген еліміздің алдында міндеттер мен бұлтартпас бағыттар тұр.
Қазіргі заманғы мектепте нақты педагогикалық қызметте іске асыруға болатын орасан зор педагогикалық тәжірибе жинақталған, бірақ олардың бәрі бірдей қолданыла бермейді, өйткені көптеген мұғалімдер мен басшыларда ол тәжірибені зерттеу және қолдану қажеттілігі қалыптаспаған, сол сияқты ол тәжірибелерді талдау мен талдаудың дағдысы мен іскерлігі жетісе бермейді. Мұғалімдер нақты іс-әрекетінде өзінің, сол сияқты әріптесінің де педагогикалық тәжірибесіне талдау жасаудың қажеттілігіне мән бермейді.Осы бағытта мұғалімдердің инновациялық білім прогресіне бет бұруы көзделуде.
Жалпы инновациялық бiлiм прогресiнiң негiзiне педагогиканың екi маңызды проблемасы жатыр:
* педагогикалық тәжiрибенi оқыту проблемасы;
* психологиялық - педагогикалық ғылым жетiстiктерiнiң практикасына дейiн жеткiзудiң проблемасы.
Бiлiмдегi иновациялық процестiң нәтижесi теория мен практиканың тоғысында пайда болатын - теориялықта, практикалықта жаңалықтарды пайдалану болып табылады.
Мұнда бiлiм жүйесiндегi инновация бiлiм мақсатына жаңашылдықты енгiзудi көздейдi, оқыту мен тәрбиенiң жаңа әдісі мен түрлерiн, жаңа мазмұнын әзiрлеуге, қолданылып отырған педагогикалық жүйенi тарату мен енгiзу; мектептi басқарудың жаңа технологияларын әзiрлеу, оның дамуы; мектеп тәжiрибелiк орын ретiнде мектептiң принциптi жаңа бiлiмдiк бағдары болған жағдайда, бiлiм беру жүйесiнiң мақсатын, мазмұнын, әдiсiн, түрлерi мен басқа компоненттерiн көздейтiн жүйелi сипаттағы бiлiм тәрбие берудi жүзеге асырады. Олардың дамуының негiзiнде факторлардың екi тобы жатыр:
* объективтi факторлар - иновациялық қызметтiң дамуына дем беретiн және оның нәтижесiнiң ұғымын қамтамасыз ететiн жағдай жасау;
* субъективтi факторлар инновациялық процестiң субъектiсiмен байланысты, ал инновациялық процестердiң субъектiлерi педагог - ғалымдар, мұғалiмдер және инновациялық бағыттағы бiлiм саласының қызметкерлерi болып табылады.
Ал инновациялардың тууының екі жолы бар. Біріншісі - тәжірибенің терең қойнауынан, педагогикалық ғылымның ұғымдары мен терминдерінен пайда болған жаңаны ой елегінен өткізу, екіншісі - жаңаның ғылымның өзінен тууы. Кейде бұл жолдар тоғысады. Мысалы, кейде педагог-практик жаңа қорытындылар мен іс-әрекеттерге, олардың ғылымда бұған дейін әзірленіп, ұсынылғанын білмей, өз бетінше келеді. Әрине, оның проблемаларын ғылым шешіп бергенше күтіп тұра алмайды, бірақ та мұғалімнің нағыз кәсіпқойлығы сонда, ол соңғы зерттеулердің нәтижелері туралы үнемі хабардар болуға тиісті.
-Мұғалiмдердiң педагогика қызметiндегi нақты қиыншылықтарды жеңу негiзiнде қалыптасқан кәсiби педагогикалық мүдделерiн, қажеттерiн, құнды бағдарын жүйелi зерттеу;Мұғалiмдердiң мүдделерi мен қажеттiлiгiн қанағаттандыруға бағытталған жолдарды, тұжырымдамаларды, озық педагогикалық тәжiрибе технологияларын зерттеу;Педагогикалық инновацияларды енгiзу және игеру түрлерiн мұғалiмнiң тұлғалық ерекшелiктерiне сәйкес таңдау (көрiнiс, сипаттау, ашық сабақтар, әдебиеттi зерттеу, баяндама дайындау, эксперименттiк жұмысқа қатысу).
Сонда диагностикалық әдiс мұғалiмдердiң бiлiктiлiгiн арттыру жұмысын жаңаша құруға мүмкiндік беретiн жұмыс нәтижесiнiң баянды болуына ықпал етеді.
Бұл оқытудың түрткi берушiлiк функциясы жетiстiкке деген сенiмiн, жұмысқа қызығушылығын арттырады, кәсiби өсуiне және кәсіби құзіреттілігінің кіріктірілуіне мүмкiндiк бередi. Мұнда оқыту кәсiби шеберлiктiң жаңа қырларын меңгеруге, мамандығының күрделi қыр-сырына қол жеткiзуде пiкiрлестер табуға жол ашады.
Ендеше, мектепішілік инновациялық іс-әрекет біріншіден жаңалықты таңдау, оны іске асыру болса, екіншіден сол жаңалықты жүзеге асыратын мұғалімдердің инновациялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық тәжірибені оқыту проблемасы
Ағылшын әріптері мен латын әріптерінің ұқсастықтары
Ыбырай бастаған баспа
Салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі
Ы.Алтынсариннің білім беру жүйесіне қосқан үлесі
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің зерттелуі
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру. Автореферат
Болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау («Ана тілі» және «Дүниетану» оқулықтары негізінде)
Қазіргі кезде педагогика ғылымы әлеуметтік-мәдени өзгерістер
Пәндер