Қайырымды қала тұрғындары
2.3 Қайырымды қала басшысының қасиеттері бөлімін орта мектептің 9-сыныбында оқыту
Мәдениет ескерткіштері, соның ішіндегі жазу ескерткіштері - бұл қоғам өмірінің материалды және рухани өмірі, оның әлеуметтік құрылымы жайлы күйді беретін объективті куәлік. Оған мысал, әл-Фарабидің өз дәуірінің адамдары мен басшыларының есімдерін атамай-ақ жазған әлеуметтік-этикалық еңбегі. Ойшылға сол кездегі қоғамның барлық құрылымы ұнамады, бірақ негізсіз екенін біліп, ашық айтудан да аулақ болды. Оның қарсылығы бүркеліп, ол аллегориялы тұрғыда қайырымды және қайырымсыз қалалар туралы айтады. Қайырымды және қайырымсыз қалаларды көрсете отырып, ол адамдарға таңдау еркіндігін береді, әйтпесе адамдардың парасатты жеңісінің бастамасыны сенеді... [17,24-25]
Төрт қабырғалы бөлменің ішіндегі экран ТВ, Интернет желісі адамдардың индивидуалдығын қалыптастырып, қала тұтастығының қасиетінің күшін басып озуда. Кеңістіктің тарлығы адам санасындағы көпқабатты үйдің есігін кілттеп жабумен өзін қауіпсіз, ыңғайлы сезінумен аяқталады. Табиғи үңгірлер жасанды үңгірлерге айналып, компьютерлік папкаларға ұқсас ассоцицияға кетесің.
Байырғы түркі халқы үшін елі мен жерін қорғап тәуелсіз бақытты, құтты мемлекет құру басты мұрат болса, ұлы ойшыл, кемеңгер Әл-Фараби ілімінде бұл мұрат кемел қоғам құру идеясымен сәйкес келеді.
Дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы Мәңгілік ел нысанасының әл-Фарабидің кемел қоғам ілімімен байланысы мәселесіне көшейік. Әл-Фарабидің кемелдікке жету жолында тұрғындары бір-біріне жәрдемдесетін, адамның адамшылық идеалдарын, екі дүниедегі де бақытын іске асыруға мүмкіндік беретін тәртіп пен үйлесімділіктің бейнесі Қайырымды қала ілімінің түпкі бастауларының бірі дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы елдік пен бірлікті, бауырластықты ту еткен Мәңгілік ел аңсарында жатқанын байқамау мүмкін емес.
Байырғы түркілер түсінігіндегі қаған ұғымымен, әл-Фарабидің Елбасы туралы іліміндегі ойлар, бір-бірімен үндесіп жатыр. Қағанның көреген, дана болуы, күні-түні ел қамын, ел бірлігінің тыныштығы үшін аянбай еңбек етуі, оның әділ қағандығының басты қасиеті. Тәңірі мен Жер-Судан қолдау сұраған түркі халқының арман-мұраты мен тілегі үнемі осындай ел ұғымымен ұштастырылады. [7,77]
Мәңгілік ел идеясын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та көтерген болатын. Демек, бұл идеяның бастауы байырғы түркілер мен Фараби еңбектерінде болса, онда Қайырымды қала басшысының қасиеттері бөлімін мектепте оқытудың маңызы зор.
2019 жылы Нұр-Сұлтан Арман-ПВ баспасынан жарық көрген 9-сынып қазақ әдебиеті оқулығының 1-тарауында, немесе Атадан қалған асыл сөз бөлімінде Орта Азияның белгілі ақыны Жүсіп Баласағұнның Құтты білік дастаны [20,17] берілген. Дәл осы бөлімге Әл-Фарабидің Қайырымды қала басшысының қасиеттері трактатын да қосуымызға болады. Өйткені, бұл еңбектердің идеялары мен мақсаттары бір. Әл-Фарабидің кемел қоғам ілімін жалғастырған Жүсіп Баласағңнның Құтты білік шығармасына қатысты мынандай дәлелді уәж келтіреді. Кутадгу билиг - почти ровесник иранскому Шах-наме. Заслуживает внимания то, что если иранский поэт изображает легендарную историю Ирана, то тюркский мыслитель повествует стихами об управлении государством, праве, общественной морали. Это очень знаменательно. Чтобы вернуть себе уничтоженную когда-то политическую независимость, иранцы ожидали помощи у истории и прошлого, а тюрки же определяли основы, при помощи которых они могли бы управлять многими государствами, которые еще только будуть созданы в будущем. После Шах-наме иранцы преуспели в поэзии, мы же тюрки стали известны миру своей силой и способностями в области создания государств и управления ими [21,96]. Жүсіп Баласағұнның Құтты білік шығармасы Орхон мұраларынан басталып, әл-Фараби еңбектерінде айшықталған елдік мәселелерін одан әрі айқындай түскен. Құтты біліктегі берілетін төрт рәміздің мазмұны Ел, жер, қауым, мемлекет, адам мен адам қатынастарын тұтастандыра отырып талдайды[22,27]. Жоғарыда аталған мысалдар Ж.Баласағұн мен әл-Фараби шығармаларын қатар оқытудың маңызын сипаттап тұр.
Тақырыпты оқытудың тиімді әдіс-тәсілдеріне тоқталмас бұрын, Қайырымды қала басшысының қасиеттері бөліміндегі түсініксіз сөздерге семантикалық талдау жасайық.
Білім беру тәжірибелерінің оқыту процесіне тигізетін оң әсерін дәлелдеген көптеген миға жүргізілген зерттеулер бар. Олардың маңыздылары ретінде мәселеге бағыттап оқытуды, симуляция мен рөлдік ойынды, белсенді талқылауды, жобалауды және қолайлы ортаны атауға болады.
Төменде 9-сынып оқушылары үшін ғалымның Қайырымды қала тұрғындары еңбегін оқытудың қысқа мерзімді сабақ жоспарының үлгісі.
Сaбaқтың тақырыбы: Әбу Насыр әл-Фараби Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайындағы трактат
Oсы caбақта қoл жеткiзілетін oқу мақcaттары (оқу бағдарламасына сілтеме) : 9.3.2.1 Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып,жаңашылдығына баға беру
9.3.3.1 Шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап,әдеби эссе жазу
Сабақтың мақсаты: Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді. Шығарманың идеясын әлемдік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.
Бағалау критерийі: Шығарманы заманауи тұрғыда салыстыра
алады, идеясын ғаламдық тұрғыдан талдай алады, эссе жаза алады.
Құндылықтарға баулу: Құрметтеу: оқушылардың жұптық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру, шығарма арқылы Отанына, халқына қайырымды болуға үйрету.
Пәнаралық байланыс: Тарих, философия
Алдыңғы білім: 6-сынып бағдарламасындағы Әбу Насыр әл-Фарабидің Қашықтасың туған жер, Тіршілікте құрыштай бол, төзімді өлеңі мен ғұлама өмірбаяны.
Сабақтың басы (3 минут): 1.Миға шабуыл әдісімен алдыңғы білімді пысықтап, тақырыпты бастау. Керек ресурстар: интербелсенді тақта, әл-Фараби мен Отырардың суреті.
oo Тақтадағы ғұламаны танисыңдар ма?
oo Әл-Фараби жайында не білеміз?
Сабақтың негізгі бөлігінде кітапта берілген мәтінді оқып, мазмұнын түсініп, өз пікірлерін ортаға салады. Мәтінді оқып бастамас бұрын, оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын оятып алу керек. Біріншіден, тақырыпқа интрига қосу. Оқыту процессінде әрдайым бір қиындықтар туындайды және оларды жеңу ақпаратты ұзақ мерзімге есте сақтауға көмектеседі. Тыңдаушылардың материалмен белсенді жұмыс жасауын қадағалау керек.
Сурет
Оқытудың пассивті формасы, мәселен лекция немесе құр қағазды ауыстырып отыратын мәтіндерді тыңдаушы қабылдап алуы мүмкін, алайда тыңдаймай, мән бермеуі де мүмкін. Ал егер оқушыны материал қызықтырса, ол сабақ барысында белсенді әрекет жасай бастайды. Мұндай кезде біздің жоғарыда атаған пассивті әдісіміз эффективті болады. Бірақ оқушынын көңілі басқа нәрсеге сәл алданса, бұл әдістен түк пайда жоқ. Біздің берген материалдарымыз оқушы назарынан тыс қалмасын десек, сабаққа біраз интрига жасауыз керек. Тақырыпқа қызықтыра алудың бір тәсілі айту емес көрсету.
Оқыту курстарының танымал маманы Кэти Мурда оқыту процессінің практикаға негізделгенін немесе тек ақпараттық сипаттан тұратынын анықтайтын бірнеше критерийі бар. Кэти Мур оқытушының материалды қалай беретініне назар аударады. Оқытушы тақырып туралы айта ма немесе көрсете ме? Екеуінің қандай айырмашылығы бар? [11,176]
Айту
Көрсету
Бүгінгі сабақта Әл-Фарабидің Қайырымды қала тұрғындары жайында сөйлесеміз.
Бүгін жер бетіндегі ең қайырымды қаланың қандай болатынын көреміз.
Қайырымды қала тұрғындары қандай болуы керек?
Сендерге бір қаланы қайырымды қалаға айналдыруды тапсырды. Оның тұрғындары ешкімге бағынбайды. Сендердің іс-әрекеттерің?
Ең жоғарғы кемелділік дәрежесіне жету үшін не керек?
Алдыңда қазына толы сандық тұр. Ол кілтпен ашылмайды,оны сындырып та аша алмайсың. Ол сандық тек ең жоғарғы кемелділік дәрежесіне жеткен адамға ғана ашылады. Кемел адам болу жолындағы алғашқы ісің?
Қайырымды қала тұрғынымен надан қала тұрғынының айырмашылығы
Тыңда! Мен тұрақты сатып алушымын! Сен менің айтқандарымды орындауың керек. Менің кім екенімді білесің бе? Қаласам, мына түкке тұрғысыз қалаларыңды жоқ етем. Қайырымды қаланың қайырымды тұрғыны ретінде сендердің әркеттерің?
Кестенің айту бөлімінде тек сөз ғана, ал көрсету бөлімінде балаларды былай қойғанда ересектердің ойларында қайырымды қаланың макеті құрылып, белгілі бір іс-әрекет орын алып жатты. Демек біріншісіне қарағанда екіншісінің берер әсері, ойландыратын тұстары молырақ. Оқушыларға визуалды ақпараттың маңыздылығын Фарабидің өзі де шәкірттеріне қолданған. Ол туралы Ақжан әл-Машанидің еңбегінде: Әл Фараби өзінің дәрісінде табиғат дүниесіне көңілді көбірек бөлетін болды. Ол ғана емес ол өзінің ересек шәкірттерін қала сыртына,серуенге алып шығып,неше алуан қызықты әңгімелер айтатын болды,-деп аталып өтеді [4,184]. Және бір қосатыным, Сендерге бір қаланы қайырымды қалаға айналдыруды тапсырды. Оның тұрғындары ешкімге бағынбайды. Сендердің іс-әрекеттерің? деген тапсырма жоғарыда атап өткен тиімді білім беру тәжірибелерінің бірі - жобалау тәсіліне жатады. Бұл сабақтың негізгі бөлімін түсінгеннен соң орындалатын, бірнеше күнге берілетін тапсырма. Оқушылар тапсырма бойынша топ-топ болып жоба жасап, сыныпта қорғап береді. Оқушылардың белсендігін, шығармашылық қабілетін, іскерлігін қалыптастырып, ситуациядан шығуды үйрететін тиімді тәсілдің бірі болып есептеледі.
Сабақтың тақырыбын сұрақтар арқылы ашып алдық, әрі қарай мәтін бойынша талдау. Әбу Насыр әл-Фарабидың трактатынан үзінді. Оқу бағдарламасына берілген кезде бес-алты сабақты құрайтын көлемді еңбек болатынын айтып өтейін.
Асқан игілік пен ең биік кемелділік дәрежесіне ең алдымен қала жетпек, ал кемелділіктің ең төмен дәрежесінде тұрған қоғам бұған әсте жете алмайды. Шынында игілік жаратылысынан сондай, оған адам өзінің қалауын және еркінше таңдауы арқылы жетуге болады (ал зұлымдыққа да адам қалауы мен таңдауы арқылы жетеді, сондықтан зұлымдық болып табылатын кейбір мақсатқа жетуге қала септігін тигізе алады), әрбір қала бақытқа жеткізу үшін қызмет ете ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz