XVIII ғ. - ХІХ ғасырдың аяғындағы қазақ мәдениеті


XVIII ғ. - ХІХ ғасырдың аяғындағы қазақ мәдениеті
XVIII ғасырларда Қазақстан мәдениеті өткен уақыт дәстүрімен жалғаса дамыды. Бұл көбінесе ақын-жыраулардың шығармашылығынан көрінді.
Сол тарихи кезенде елге танымал жырау Бұқар Қалқаманұлы (1693-1787) болды. Ол Баянауылда туып-өсті. Оның жырларының непзп тақырыбы: Отанға деген сүйіспеншілік, халық бірлігі мен батырлық идеясына тоғысып жатты. Ол өз жырларында жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақтың үлт азаттық күресінің батырлары: Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек сынды батырлардың ерліпн жырларына арқау етіп, оларды жастарға үлп етті. Бұхар жырау бір орталықтан басқаратын күшті мемлекет құруды мақсат еткен, үш жүздің басын біріктіру жолына күш-қайратын сарп еткен Абылай ханның қызметін дәріптеді. Өзінің «Сабалақ» атты жырында Абылайдың көрегендігін жырлады. Ол Абылайдың кеңесшісі болды, оны ісімен де, ақылымен де қолдап отырды. Оның: «Әй, Абылай, Абылай!», «Ей, заман-ай, заман-ай!», «Ашуланба, Абылай!» т. б. жырларынан біз сол замандағы тарихи оқиғалардың қыр-сыры жайлы мәліметтер аламыз. Буқар жырау өз халқына: «таусылмас мал азабы үшін өзіңді-өзің қинама, мал өледі, жер сен өлген соң да қалады. Алланың бергеніне разы бол, өзіңнің беделіңді сақта», - деп береке-бірлікке шақырады.
Сол уақыттағы ақын, жыршы Тәттіқара, эпикалық ақын Ақтамберді жырау (1675-1768), әйплі Шал ақын (1748-1819) т. б. жыршы, жыраулар халқының мұң-мұқтажын пенделіктен жоғары қойған ұстанымдарымен танымал болды. Олар батырлардың ерліпн дәріптеді, ал ел басына қауіп төнген көзде халықты ерлікке, батырлыққа, күреске шақырды. Халық ауыз әдебиетіндеп «Елім-ай!», «Қап қағылған», «Шаңды жорық» сияқты туындыларда қазақ халқының жоңғарларға қарсы жүрпзген Отан соғысының оқиғалары баяндалды.
Қазақ халқы музыка өнеріне ерекше мән берген. Халықтық ән-күйі енөрі жақсы дамыды. Сырым Датүлы көтерілісіне «Сырым сазы» күиі арналды. Сол заманның атақты домбырашы сазгері Байжігіт халық арасында кеңшен танымал болды. Ол «Ақтабан шұбырынды», «Қайыңсауған» (ақтабан шұбырынды кезінде аштықтан аман қалу үшін халық қайың шырынын ішкен) т. б. тарихи тақырыпқа арналған күйлер шығарды.
XIX ғасырдың басындағы музыкалық және ақындық енерде Исатай батыр бастаған көтеріліске, оның серігі батыр, ақын Махамбетке арналған өлең-жырлар халық арасында кең тараған. Ал еркіндік, Отанға деген махаббат тақырыбы Махамбеттің «¥лы арман», «Сұлтан Баймағанбетке», «Жәңпрге», «Қызғыш құс» және т. б. өлең-жырларына арқау болған. Ол көтерілісшілердің қайсарлығын, Исатайдың көзсіз ерлігін жырлады. Сол кезде шығармашылық өнерін жаңа бастаған атақты күйші композитор Құрманғазы Сағырбайұлы (1806-1879) өзінің алғашқы шығармасы - «Кішкентай» күйін Исатай Тайманұлына арнады.
Қазақ жерінің Ресейге қосылуы елдің географиялық жағдайы мен қазба байлықтарын, экономикасын, тарихын, этнографиясын зерттеу үшін орыстың ғалымдары мен саяхатшыларының жүйелі түрде жұмыстар жүрпзуіне мүмкіндіктер ашылды. 1779жылы Қазақжеріне алғашқы ғылыми экспедицияның бірін П. С. Паллас басқарып келді. Оның экседициясының жемісі «Ресей империясының әртүрлі аймақтарына саяхат» (1773 ж. ) атты еңбеп болды. 1772 жылы Н. Рычков «1771 жылғы қырғыз-қайсақ даласына капитан Н. Рычков саяхатының күнделік жазбалары» атты еңбепн жариялады. Орыс ғалымдарының Қазақ жерін зерттеудегі ірі жетістік 1832 жылы шыққан А. И. Левшиннің «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мөн далаларының сипаттамасы» дөген еңбегі болып табылады.
Қазақ өлкесін зерттеуде баға жетпес үлес қосқан орыс мәдениетінің кәрнекті өкілдерінің ішінде В. И. Дальдың алатын орны ерекше. Ол 1833-1841 жылдары Орынбор губернаторы жанындағы ерекше тапсырмалар жөніндегі қызметкер болып істеген көзінде қазақ халқының ауыз әдебиетін, әдет-ғұрпы мен тұрмыс тіршілігін зерттеді. 1833 жылы А. С. Пушкин Орынбор мөн Оралға Е. Пугачев көтерілісі туралы материал жинау үшін арнайы келіп, бұл аймақта қазақ халқының мәдениетімен де танысады. Осы сапарында Пушкин «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының бір нұсқасын жазып алған.
ХІХғасырда Қазақстанды зерттеушілердің ішінде әлемдікдеңгейдеп ғалым П. П. Семенов-Тянь-Шаньский (1827-1914) болды. Ол Орталық Тянь-Шань-ды зерттеді, Алтай, Жетісу, Орта Азияға саяхат жасады. Оның басшылығы-мен «Ресей. Біздің Отанымыздың толық географиялық жазбалары» деген көптомдық зерттеулері жарық көрді. Бұл еңбектің «Қырғыз өлкесі» және «Түркістан елкесі» деген екі томы Қазақстан мен Орта Азияға арналған. Мұнда географиялық орта, табиғат, қазба байлық, тарих, қазақтардың тұрмыстіршілігі жөнінде ғылыми мәліметтер топтастырылды. Қазақстанның географиясын, өсімдіктер және жануарлар дүниесін, оның қазба байлығын зерттегендердің келесі бір өкілдері Н. А. Северцев пен И. В. Мушкетов болды. Сондай-ақ қазақ халқының мәдениеті мен этнографиясының беймәлім сырларын ашуда белгілі шығыстанушы, түркітанушы, этнограф, Петербор академиясының академип В. В. Радлов (1837-1918) та қомақты үлес қосты. Ол Алтай, Солтүстік Қазақстан, Жетісу қазақтары мен басқа да халықтарының салтдәстүрі мен әдет-ғұрыптары, фольклоры туралы құнды еңбектер қалдырды. Оның « үлплерінде» қазақтың ертеплері, эпикалық шығармалары мен лирикасы жинақталған. Қазақ халқының тарихы туралы қүнды деректерді ірі шығыстанушы ғалым, археолог, лингвист, академик В. В. Вельяминов-Зерновтың (1830-1904) еңбектерінен ала аламыз. Ол «Қасымдық патшалар мен ханзадалар туралы зерттеу», «Қырғыз-қайсақтар туралы тарихи мәліметтер» және басқа да еңбектерінде Қазақ тарихының езекті мәселелері талданады. Қазақ өлкесінің тарихын А. И. Добросмыслов, Н. Н. Аристов, М Красовский сынды ғалымдар да зерттеді. Еліміздіңтарихы, этнографиясы, географиясы туралы мәліметтерді саяси жер аударылғандар, патшалық әкімшіліктің қызметкерлері, Бас штабтың офицерлері жинастырды.
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы қоғамдық ой мен мәдениетті дамытуда мәдени-ағарту мекемелері мен ғылыми қоғамдар маңызды рөп атқарды. Орыс Орынборда (1868 ж. ), Омбыда (1867 ж. ), ал кейінірек Семей бөлімшесі мен Түркютанда (1897 ж. ) бөлімі ашылды. Олар жиналған мәліметтер бойынша тарих, этнография, география туралы жинақгар жариялап отырды. Қоғам жүмысына қазақ зиялылары да белсене араласты. Мысалы, Орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлімінің корреспондент мүшесі Ы. Алтынсарин болды және ол өзінің ғылыми зерттеулерін осы жинақтарда жариялады.
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда облыстық статистикалық комитеттері қүрылды. Бүл комитеттер статистика, тарих, этнография, мәдениет жайлы мәліметтер жинақтап, әрбір облыс бойынша шолу жасап отырды. Семей облыстық статистикалық комитет жүмысына Абай да қатынасты.
Қазақстанды зерттеумен Ресейдің басқа да ғылыми ұйымдары - Ауыл шаруашылық қоғамы, Шығыс тарихы мен археологиясының әуесқойлары, жаратылыстану, шығыстану мен антропология әуесқойлары қоғамы т. б. айналысты. Бұл кезеңде Қазақстанда қоғамдық кітапханалар ашыла бастады. 1883 жылы Семейде көпшілікке арналған алғашқы кітапхана ашылды.
Қазақстанның Ресейге қосылуы білім беру жүйесінің дамуына да үлкен ықпал жасады. Ауқатты адамдардың балалары Бұхара, Самарқанд, Хиуа, Ташкент қалаларындағы медреселерде білім алды. Қарапайым көшпелі адамдардың балалары сауаттарын мұсылман мектептерінде немесе ауыл молдаларынан ашты. Діни емес оқу орындары жерплікті патша әкімшіпіпнің қызметкерлерін: тілмаштар мен хатшылар дайындау қажеттілігіне байланысты ашылды. Ондай оқу орындарына 1786 жылы Омбыда ашылған Азиялық мектебі, 1789 жылы ашылған Орынбордағы Үкіметтік мектеп жатты. Онда орыс балаларымен бірге, қазақ шәкірттері де оқыды. 1825 жылы Орынборда, ал 1846 жылы Омбыда әскери мамандар мен әкімшілік чиновниктерін дайындайтын Кадет корпусы ашылды. Қазақ балаларына арналған зайырлы мектеп 1841 жылы Бекей хандығында, 1850 жылы Орынборда Шекаралық комиссия жанынан ашылды. Қазақ даласында әйелдерге білім беру өте нашар дамыды. 1887 жылы Ырғызда Ы. Алтынсариннің белсенді педагогикалық қызметінің нәтижесінде қыздарға арналған училище ашылды. 1890-1896 жылдары Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтебеде орыс-қазақ қыздар училищелері пайда болды. Алғашқы кәсіби білім беретін оқу орындарынан 1879 жылы негізі қаланған Түркютан мұғалімдер семинариясы мен 1883 жылы ашылған Орынбордағы қазақ мұғалімдер мектебі болды.
Кейіннен мұғалімдер семинариясы Ақтөбе, Верный, Семей, Орал қалаларында жұмыс істей бастады. Қазан төңкерісіне дейінп уақытта олар 300-ге жуық қаэақ мұғалімдерін даярлап шығарды. Сондай-ақ XIX ғасырда ауыл шаруашылық және фельдшерлік мектептер де пайда болды. Бірақ қазақ
өлкесінде бірде-бір жоғары оқу орны болмады. Сол уақытта емір сүріп, қазақ мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан қазақтың көрнекті қайраткерлері Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ тарихында өшпес із қалдырды
Шоқан Уәлиханов (1835-1865) Құсмүрын бекінісінде дүниеге келген. 12 жасына дейін жекеменшік мектепте білім алады 1847 жылы Омбыдағы Сібір кадет корпусына оқуға түсіп, 1853 жылы оны кавалерия корнеті деген әскери шенмен бітіріп шығады.
Ш Уәлихановтың алған білім деңгейінің қаншалықты терең екенін Кадет корпусында оқытылған пәндерден кәруге болады. Әскери тактика, әскери бекіністер құрылысы пәндерінен басқа, философия непздері, орыстарихы және жалпы тарих, орыс және батыс еуропа әдебиеті, география, ботаника, зоопогия, физика, математика, геодезия, архитектура, сурет, сызу, еуропа және шығыс тілдері оқытылған. Сібір, Қазақстан, Қытай, Иран, Ауғанстан, Үндістан сияқты елдер туралы арнайы оқытылды. 1855 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорттың адъютанты ретінде Ш. Уәлиханов Омбыдан Верный бекінісі қаланған Іле Алатауына дейінгі саяхатқа қатысты Осы уақыт ішінде ол қазақтардың тарихы, діні, дәстүрі, ауыз әдебиеті туралы құнды мағлұматтар жинады. 1856 жылы ол Алакөлден Ыстықкөлге дейінп және Құлжа экспедицияларына қатысады. Осы саяхаттан алған әсері мен көңілге түйгендерін: «Ыстықкөл сапарының күнделіпнде», «Қырғыздар туралы жазбаларында», сондай-ақ «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы» туралы еңбепнде жан-жақты баяндаган. Халық ауыз әдебиеті үлплерін зерттеудегі Ш. Уәлихановтың үлкен еңбеп, оның қырғыз халқының белплі «Манас» жырының үзінділерін жазып алуы болды. Оның ғалым-зерттеуші ретінде танылуының дәлелі - жас ғалымның 1857 жылдың ақпанында Орыс географиялық қоғамның толық мүшесі болып қабылдануы еді.
1858-1859 жылдары Ш. Уәлиханов Марко Полодан кейін алғаш рет Қашқарға саяхат жасап, аса құнды тарихи және этнографиялық материалдар, қолжазбалар, грамоталар, өнер туындыларын ғылыми айналымға енгізді. Ол Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидщ «Тарих-и Рашиди», «Шығыс Түркістандағы қожалар әулетінің тарихы», Қарахан әулетінің негізін қалаушы «Сатуқ Богра хан сұлтанныңөмірнамасы» сияқты аса құнды тарихи еңбектерді тапты. Сапар қорытындысы ретінде «Алтышар немесе Қытай провинциясы Нанлудың (Кіші Бұхара) алты шығыс қалаларының жағдайы туралы» тарихи еңбепн жазды. Бұл еңбекте Ш. Уәлиханов мұсылман түрік халықтары: ұйғыр, қазақ, қырғыз, езбек және дүнгендер мекендеген Шығыс Түркістанды Қытай үкіметінің отарлық басқару жүйесінің ерекшеліктеріне алғаш рет талдау жасады. Кіші Бұхараның алты қаласы - Жаркент. Хотан,
Қашқар, Ақсу, Жанысар, Туфан бір-біріне тәуелсіз болды. Өйткені, Қытай үкіметі халықты отарлық саясатқа қарсы күреске шығармаудың барлық амалдарын жасаған болатын. Бүл округтарды басқару жүйесі осы мақсатқа қызмет етті.
1856-1861 жылдары Ш. Уәлиханов Петербургте қызмететті. Ол Бас штабтың Әскери-есеп комитетінде, Азиялық департаментте, Орыс географиялық қоғамында жұмыс істеді. Ш. Уәлиханов мұнда шығыстанушылар В. В. Григорьев және В. В. Вельяминов-Зерновпен, ғалымдар А. Н. Бекетов, В. П. Васильевтермен, достығы Семейде басталған жазушы Ф. М. Достаевскиймен, ақындар А. Н. Майков және Я. П. Полонскийлермен тығыз шығармашылық әрі достық байланыста болды.
1861 жылы көктемде ол қатты науқастанып, еліне қайтады. 1865 жылы 10 сәуірде Тезек ауылында Көшентоған шатқалында қайтыс болды. Ш. Уәлиханов халқына бай ғылыми мұра қалдырып кетті. Жоғарыда айтылған еңбектерден басқа, «Абылай», «Қырғыз шежіресі», «Ежелп қырғыздардың қарулары және олардың әскери сауыт-саймандары», «Сот реформасы туралы жазбалары», «Даладағы мұсылмандық туралы», «Қырғыздардағы шамандықтың ізі», «Көшпелі қырғыздар» т. б. еңбектерін атауға болады. Ол жан-жақты әрі терең білімді азамат болды. Шоқан қайда жүрсе де көргендерін суретке салып, эскиздер жасап отырған.
Орталық Азияның аз зерттелген аймақтары Жетісу, Қырғызстан, Шығыс Түркістанның тарихы, этнографиясы, фольклоры, әдебиеті, саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуы туралы құнды материалдар жинады Ол осындай ғылыми ізденістері арқылы орыс және әлемдік ғылымдағы «ақтаңдақтарды» азайтуға езіндік үлесін қосып кетті.
Ш. Уәлиханов алғашқылардың бірі болып қазақ және қырғыз эпостары, фольклоры туралы тарихи деректердің үлкен тобын ғылыми айналымға енгізді, түркі халықтары тарихыныңтүиінді мәселелері: этногенез, әлеуметтік қүрылымы, саяси жағдайы, ұлт-азаттық күресі, олардың өміріндегі исламның орны туралы ғылыми түжырымдары мен көзқарастарын негіздеді.
Осы кезеңде қазақтың ағартушы-педагог әрі қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) белсенді қызмет атқарды. Әкесінен ерте айырылған ол өзінің атасы, белплі би, Орынбор Шекаралық комиссиясының әскери старшыны Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленеді. Содан кейін шекара комиссиясы жанында қазақ мектебінде оқыды. Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы түңғыш бастауыш және кәсіптік білім беруге арналған мектептер ашқан қайраткер. Оның белсенді қызметі нәтижесінде өлкеде қазақ қыздарына арналған қолөнер, ауыл шаруашылық училищелері ашылды. 1879 жылы Ы. Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалды.
Қажырлы ағартушылық қызметінің барысында педагогика, этнография, ауыз әдебиеті саласында мынадай оқу құралдарын жазды: «Қыргыз хрестоматиясы», «Қырғыздарға орыс тілін үйретудің бастапқы жетекшісі», сонымен қатар қазақ халқының эпостық жырлары «Қобыланды батыр», «Жәнібек батырдан» үзінділер, тарихи материалдар - «Қыпшақ Сейітқұл», «Байұлы» және т. б. жариялады.
Орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлімінің «Жазбаларында» Ы. Алтынсарин қазақ халқының этнографиясына қатысты «Орынборға қарайтын қырғыздардың құда түсу, той жасау салт-дәстүрі туралы очерк», «Орынбор өлкесі қырғыздарының жерлеу және ас беру дәстүрлерінің очеркі» атты зерттеулерін жариялады. Ы. Алтынсарин қазақ халқын оқу-ағарту ісі арқылы ғана өркениетке жеткізуге болатынын жақсы түсінді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz