Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасын психологиялық қолдау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасын психологиялық қолдау

Аңдатпа.
Бұл мақалада мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасына психологиялық қолдау көрсетіп, кеңестер беру жайлы сонымен қатар ата-аналармен балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері жайлы айтылған.

Кілтті сөздер: инклюзив, педагогикалық конференция, сауалнама, бағалау, тұрмыстық дербестік, психотерапиялық қолдау,

Отбасында мүмкіндігі шектеулі баланың дүниеге келуі ата-аналар үшін әрқашан ауыр психологиялық стресс болып табылады. Балалардың дамуындағы бұзылулардың қолайсыз динамикасы ата-аналардың психикасының қатты деформациялануына әсер етеді, себебі ата-аналар ұзақ уақыт бойы психотравмалық жағдайда болады. Нәтижесінде, ата-аналардың эмоциялық тұрақсыздығынан, түрлі эмоционалдық жағдайлар мен реакцияларда пайда болатын тұлғалық бұзылулар қалыптасады.
Е. Г. Силяева мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасына психологиялық көмек бір уақытта бірнеше бағытта жүзеге асырылуы тиіс деп санайды:
1. Ата-аналар клубтарын, мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының қоғамдарын құру. Мұнда олар қарым-қатынас аясын кеңейте алады, осыған ұқсас проблемалары бар басқа отбасылардың өмірі туралы біліп, қолдау мен түсіністікті таба алады.
2. Осындай отбасыларды ақпараттық қамтамасыз ету: мамандандырылған журналдарды немесе жеке мақалаларды медициналық немесе білім беру басылымдарында шығару. Ата-аналарға ауру балаларды күту бойынша практикалық кеңестер, баланы тәрбиелеу үдерісімен байланысты күнделікті мәселелерді шешу бойынша мамандардың түсініктемелері мен ұсыныстарын, қиындықтарды жеңе алатын және отбасында мейірімді қарым-қатынас жасай алатындардың тәжірибесімен таныстыру қажет.
3. Отбасына қолдау көздерін іздестіруге көмектесу (материалдық, әлеуметтік, медициналық, білім беру, рухани).
4. Өзінің жасырын резервтерін түсінудегі алғашқы қадам ретінде күрес стилін анықтау. Отбасы қолданатын әрекеттің түрін, түзету немесе басқа неғұрлым лайықты әдісті таңдауда тек мамандар ғана көмектесе алатын ескеру. Стрессті азайту мақсатында проблемаларды қайта бағалау мүмкін: басқа отбасылардың өмірімен салыстыру және өз жағдайында қандай да бір артықшылықты табу; қалыптасқан жағдайда жоғары мағынаны рухани тұрғыдан іздеу; достар мен таныстардың арасында қолдау табу, дәрігерлердің, заңгерлердің, әлеуметтік қызметкерлердің кеңестеріне жүгіну.
5. Психологиялық-педагогикалық қолдау. Ол қатаң сараланған және ауру баланың отбасы тұратын шындыққа барынша жақын болуы тиіс. Кеңес беру барысында ата-аналарға оның өмірінің әртүрлі кезеңдерінде қандай қиындықтар туындауы мүмкін екенін хабарлау қажет. Баланың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастырып, оны отбасының тыныс-тіршілігіне қосу, дене немесе интеллектуалдық ауқаттылықты ескере отырып, тұрмыстық дербестікке тәрбиелеу қажет. Баланың өсіп-жетілуіне қарай ата-аналар балалар бастамасы үшін кең ауқым беруде сезімталдық пен икемділік танытуы қажет. Сондықтан психологиялық консультациялар жекелеген жағдайларды талқылау және қиын жағдайларда ата-аналардың мінез-құлқының стратегиясы мен тактикасын әзірлеу мақсатында жүйелі түрде өткізілуі тиіс.
6. Ата-аналар мен қоршаған адамдардың баланың физикалық кемістігін қабылдау мәселесін шешу. Ата-аналар жиі зақымдалған органдағы ақауға назар аударады және өзінің барлық күш-жігерін оны өтеуге немесе мүмкін болатын емдеуге жұмсауға тырысады. Бұл ретте баланың қоғамға кірігуінде маңызды рөл атқара алатын әлеуметтік қатынастардың тұтас қыры жоғалады. Ата-аналар баланы тәрбиелеу стратегиясында мыналарды басымдылыққа алу тиіс: болашақта мүмкіндігі шектеулі ұлы немесе қызы қоғамға кіре алуы үшін, не балаға бүгінде өмір сүре алу үшін, өзінің қадір-қасиетін, батылдығын дамыту үшін аурумен күресу. Ата-аналарды мүмкіндігі шектеулі өз баласын жасырын мүмкіндігі бар адам ретінде қабылдауға үйрету қажет. Мамандар ата-аналарға науқас баланың ықтимал мүмкіндіктері туралы адекватты түсінік жасауға, оның келешегін ашуға көмектесуі тиіс [27].
В.В. Ткачеваның пікірінше, психологтың мүмкіндігі шектеулі баланың отбасымен жасалатын жұмыстың негізгі мақсаты - бұл:
1. Үй жағдайында баламен сабақ өткізу үшін қажетті арнайы түзету және әдістемелік тәсілдерді анаға оқыту;
1. Аномальды баланың жеке басын түзету үшін қажетті арнайы тәрбиелеу тәсілдеріне анаға оқыту;
3. Ананың ішкі психологиялық жағдайын түзету;
4. Ана мен оның баласы арасындағы қарым-қатынасты түзету.
Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасын қолдау және психологиялық көмек көрсетудің келесі негізгі бағыттарын атап өтуге болады:
oo ата-аналарға педагогикалық көмек көрсетуге ғана емес, сонымен қатар жалпы отбасын психотерапиялық қолдауға деген сұранысын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-ағартушылық жұмыс;
oo ерекше баланың тууымен байланысты психологиялық жарақатпен жұмыс істеуге бағытталған ананы (және отбасының басқа да мүшелерін) психологиялық және психотерапиялық қолдау;
oo баланың әлеуметтік-эмоциялық дамуын қолдауға бағытталған ана мен ерте жастағы бала арасындағы өзара іс-қимылды оңтайландыру бойынша психологиялық-педагогикалық жұмыс;
oo баланың психомоторлық дағдыларын дамытуға бағытталған балаға түзету-педагогикалық көмек.
Бастапқыда отбасы мүмкіндігі шектеулі баланың жеке дамуы үшін ресурс болып табылатындықтан, осындай баласы бар отбасы мүшелерінің психикалық және психологиялық денсаулығын сақтау және қолдау қажеттілігі туындайды.
Әдетте, отбасында күрделі диагнозы бар бала туған кезде (даун, ЕБА, БЦП синдромы және т. б.) көбінесе ата-аналар баланы дұрыс қабылдап, оған жауап бере алмайды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары көбінесе қолайсыз психологиялық жай-күйде болады. Осыған байланыстыең алдымен, психологиялық жұмысты мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының психологиялық жағдайын оңтайландыруға бағыттаған жөн.
Екінші кезекте - саналы деңгейде әрекет ететін денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға ата-ана қарым-қатынасының жетекші себептерімен қатар, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық сауатсыздығын жою.
Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасына психологиялық көмектің үшінші кезеңінде - ата-ана мен бала қарым-қатынасын тікелей оңтайландыру, отбасындағы психологиялық ахуалды үйлестіру.
Осыған байланысты ата-аналардың жүйке жүйесінің бұзылуының алдын алу мен түзетудің тиімді шараларын әзірлеу мақсатында, сондай-ақ осындай отбасылармен жұмыстың негізгі бағыттары мен нысандарын сипаттау мақсатында жалпы алғанда балалар мүгедектігі туралы және мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасылар туралы ақпаратты жинақтау және жүйелеу қажеттілігі туындайды.
Осылайша, мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасылардың ерекшеліктерін зерттеу ғана емес, сондай-ақ осындай отбасыларға психологиялық көмек пен қолдау көрсету жүйесін әзірлеу қажет. Осы сипаттағы отбасына көмектің бір жолы мамандармен бірлесе отырып тиімді жолдарды іздеу, яғни балаларды әлеуметтік бейімдеу, олардың болашағына қамқорлық жасау, мүмкіндіктеріне сәйкес келетін білім алуға тәрбиелеу бойынша жұмыстар ұсынылады [30].
Баланың отбасылық микроорталығын зерттеу үшін, ата-аналармен диагностика-аналитикалық жұмыс:
1. Диагностиканың ең кең тараған түрі - сауалнама жүргізу. Ол отбасының жалпы жоспарын, ата-ана жастарын, білім деңгейлерін, баланың ата-анамен қарым-қатынасын анықтауға көмектеседі. Бірақ кейде сауалнаманың да баланың өзі жайлы, оның отбасындағы рөлі жайлы толық ақпарат бермей жататын кездері де болады.
2. Индивидуалды жұмыста маңызды әрекет ретінде отбасымен кездесу өткізу саналады. Бұл ата-аналармен индивидуалды жұмыстағы эффективті форма. Мұндағы басты мақсат - баланың өзі және отбасымен оған ыңғайлы жерде танысу. Баланың ата-аналарымен әңгімесінің өзінен-ақ оның қызығушылығы, денсаулық жағдайы, әдеттері, қабілеттері, мінез-құлқы жайлы көп мәлімет алуға болады.
3. Индивидуалды жұмыстың тағы бір формасына - кеңес беру мен әңгімелесу жатады. Мүмкіндігі шектеулі бала мен оның отбасына көмектескіміз келсе олармен әңгіме құрып, кеңес бергеніміз дұрыс. Кеңес беру ата-аналардың мазасыздықтарының, өз балалары жайлы әңгімеден қашудың алдын алу үшін қолданылады. Сауатты әңгіме мен пайдалы кеңес ата-ана мен маманның жақсы қарым-қатынасқа келуіне, отбасылық өмірді жақынырақ тануға әкеледі.
Ата-аналармен қарым-қатынаста маман өзін дұрыс ұстай білуі керек. Ол ата-аналарға қысылып, қымтырылатын сұрақтар қоймауы тиіс. Тиімді тәсіл мысалға мынадай болуы керек: Біздің алдымызда ортақ мәселе тұр. Оны шешу жолында қандай іс-шара қолданғанымыз дұрыс деп ойлайсыздар? деген тәрізді.
4. Ата-ана, бала және маман (мысалға, педагог) біріккен іс-шараларды да өткізу де тиімді әдістердің бірі. Мұндай іс-шараларда ата-аналар балаларының оқу процестеріне белсенді араласып, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін қадағалап, олардың болашақта алдын алуларына мүмкіндіктері болады.
5. Ата-аналарға балаларының іс-әрекеттеріндегі сурет, бейнежазбаларын көрсетіп тұру.
6. Ата-аналардың да балаларының үй жағдайындағы жетістіктері мен кемшіліктері жайлы бейнежазбаларын мамандарға көрсетіп тұруы [31].
Мүмкіндігі шектеулі балалы отбасылармен топтық немесе ұжымдық жұмыс:
1. Ата-аналармен бірге дәрістер өткізу. Бұл ата-аналардың балалармен жұмыстағы педагогикалық қабілеттерін қалыптастырудың бірден-бір жолы.
2. Ата-ана жиналыстары. Бала білім алатын орталық пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты жақсартудың ең әмбебап әрі негізгі формасы.
3. Біріккен іс-шаралар. Балалар мен олардың ата-аналарының белсенділігін арттыруға септігін көп тигізеді. Бұл іс-шара ойын-сауық түрінде не болмаса, туған күн кештері, мерекелер түрінде өтуі мүмкін. Мысалға: балаларға ата-аналарына деген қандай да бір бағдарламалар, әдеби-музыкалық кештер өткізуге болады. Мұндай іс-шаралардан балалардың да, ата-аналардың алатын әсері мол болары сөзсіз. Бала өзін жаңа қырынан көрсетіп, жаңа қабілеттері шыңдалса, ата-ана қоғамға еніп, өзгелермен қарым-қатынаста ашылып, баласы үшін бойын мақтаныш сезімі билейтін болады.
Топтық және ұжымдық жұмыстың ата-аналармен мына түрлерін да өткізуге болады:
1. Педагогикалық қонақ үй. Мұндай кездесуді жыл басында немесе соңында өткізуге кеңес беріледі. Кездесулерде ата-аналардың түрлі іс-шараларға қатысулары жайлы сөз қозғалады. Ата-ана-бала-мектеп сауалнамасы жүргізіледі. Жыл басында сауалнама ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дамуында ауытқулары бар балалары бар отбасылардың негізгі проблемалары
Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстар
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау
Отбасында бала тәрбиелеу әдістері
Мүмкіндігі шектеулі балаларды отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері
Баламен қарым - қатынасты түзету
Жетім балалар тәрбиесі
ТОЛЫҚ ЕМЕС ОТБАСЫНАН ШЫҚҚАН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ҮРДІСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕТЕРМИНАНТЫ
Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстары
Әлеуметтік қызметкер және отбасы
Пәндер