Мұхтар Әуезовтың аударма туралы ойлары


Тұран университеті
Мақала авторы: Шамахунов Зухруллам
Тақырыбы:
Мұхтар Әуезовтың аударма туралы ойлары
Бағыты: «М. Әуезовтың шығамрашылығына терең тоқталып, аударма жөніндегі пікіріне назар салу»
2021 жыл
Қазақ әдебиетінде шоқтығы биік тұлғалардың бірі әрі бірегейі Мұхтар Әуезов деп айтсақ, әсте жаңылыспағанымыз болар. Өзіне тән ерекше жазу стилі бар, оқырманын жіпсіз байлап алатын, тамаша туындылардың авторы жайлы үздіксіз сыр шертуге болады.
Қазақ халқына Абай қаншалықты құнды болса, сол жауһар қазынаны жалпақ жұртқа жан-жақты баяндап, том-томымен кітап қылып жариялаған тұлғаның қазақ қоғамына қалдырған мұрасы шексіз. Құнды дүниелер қатарында М. Әуезовтың аударма өнерін де ауыз толтырып айтуға болады. Шетелдік жазбаларды шебер аудара білген азамат, әр шығармаға өзінің жан дүниесін қоса салып, өзіндік үнін де байқата білген.
Жалпы, Мұхтар Әуезов алғаш рет Л. Толстойдың «Будда» деген әңгімесін қазақ тіліне аударып, аталмыш дүние «Абай» журналының алғашқы санында жаряланған. Бұл жазушы үшін де ең маңызды оқиғалар қатарынан табылады. Себебі, бұл әңгіме Әуезовтың баспасөз бетінде жарияланған тұңғыш туындысы болатын. Сәтті шыққан аударма жазушының одан әрі шығармашылығын дамытуға ықпал етіп, қоғам арасында үлкен қызығушылық тудырды. Осының нәтижесінде, 1924 жылы Ленинградта білім алып жүрген кезінде Ю. Венгердің «Жер жаратылысы жайындағы» әңгімелер ана тіліне аударылып, аталмыш туынды Түркістан мемлекет баспасында жарық көрген.
Айта кетейік, арада шамалы уақыт өткен кезде, қазақ қоғамында аударма ісі бір жолға бағыт алып, қарқынды түрде жүргізіле бастаған болатын. Бұл әрине, әдебиетке шоқтығы биік туындылардың жарық келуіне түрткі болып, тұрғындар шетелдік жазушылардың ойын, тұрмыс-тіршілігін аударма көмегімен тани бастады. Осы орайда, М. Әуезов те өзінің шеберлігін паш етіп, тіл білуі, сауаттылығы арқасында көркемдік аударма жанрын жетілдіріліп, өзінің мұрасын толықтыра берді. Сонымен қатар ол еңбектерді тек қазақ тіліне аударып қана қоймай, халыққа түсінікті болу үшін, ілім-білімге ынтық болсын деген мақсатта өзінің аудармаларын ұлттық сахна төрінде қойылуына жағдай жасады. Мәселен, 1933 жылы желтоқсанда Б. Пруттың «Жойқын князь Мстислав» пьессасы («Мстислав удалой», О. Бековпен бірігіп) сахнаға шығарылды. Ал, араға екі жыл салып Н. Погодиннің «Ақсүйектер» пьесасының қазақша премьерасы көрсетілді. Сонымен қатар, Н. Гогольдің «Ревизор», К. Треневтің «Любовь Яровая» пьессалары, Шекспирдің «Отелло» трагедиясының премьерасы, Шекспирдің «Асауға тұсау» («Укрощение строптивой») комедиясы аударылып, Қазақ академиялық драма театрының және бірсыпыра облыстық театрлардың сахнасында көрсетіле бастады.
Әсіресе, «Оттело» трагедиясы қалың жұртшылықтың көп уақытқа дейін талқылауында болып, үлкен әсер қалдырған болатын. Бас кейіпкер «Отелло» - әлемдік әдебиет тарихында ерекше сипатталған, мықты қаһармандардың бірі. Ол ер жігітке тән сипаттары бола тұра, нақақтан нақақ жабылған жалған жаланың құрбаны болған. Қойылымдағы басты ой, адамдардың қызғанышы, көңіл күдігі салдарынан ажырасып тынатын жас отбасылардың көптігін көрсетеді. Бұл қай қоғамда болсын, маңызды мәселелер болғандықтан, аталмыш шығарма, спектакль өзінің өзектілігін жоймай келеді. 1939 жылы Мұхтар Әуезов сахнаға әкелген қойылым, кейінірек М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрында 1964 және 2014 жылдары сахнада көрермендер назарына қайта ұсынылды. Ал, кейінірек, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына жаңа «Отелло» Қазақстанның Халық артисі, профессор Талғат Теменовтің режиссерлігімен жарыққа шықты. Бұл М. Әуезовтың аудармасының қаншалықты құнды екендігінің айғағы. Күні бүгінге дейін сахна төрінде қойылып келе жатқан туынды, көпшіліктің көңілінен шығуда.
Бұл әрине, қазақ қоғамындағы өнерге деген серпіннің артуына ықпал етіп, қойылымға деген қызығушылықты арттыра түсті. Аударма тек оқу шеберлігін ғана дамытып қоймай, театр жұмысының жандануына өз әсерін тигізді. Бұл көріністер әсіресе, өзге елдің өмірінен, тұрмыс-тіршіліген сыр шертетін болғандықтан, көрермендерді оң ықыласқа бөледі.
Театр әлемін терең дамыта жүре М. Әуезов өзінің тырнақалды туындыларын жазуды жалғастыра берді. Ол дүние жүзі әдебиеттерінің таңдаулы шығармаларын қазақ тілінде тәржімалап, прозалық шығармаларды да қалың оқырманға ұсына білді. Мәселен, Л. Толстойдың «Той тарқар», «Булька», А. Чеховтың «Лұқасқа», Дж. Лондонның «Қасқыр» атты әңгімелерін, И. Тургеневтің «Дворян ұясы» романын ана тілінде аударды.
Жоғарыда аталған туындылардың арасында көлемі жағынан да, аудару стилі бойынша да ерекшеленген шығармасы «Дворян ұясы» романы болды. И. Тургеневтің туындыларын жоғары бағалайтын азамат, оны қазақ қоғамы да тануы тиіс деп есептеді. Жалпы, бұл роман көктемнің жайма шуақ күндерін баяндаудан бастау алады. 1842 жыл, губерниялық шаһар жөнінде айтылып, екі әйел жөнінде әңгіме өрбиді. Бірі Мария Дмитриевна Калитина болса, екіншісі егде жастағы Марфа Тимофеевна Пестова болатын. Романда губернияның күнделікті өмірі, қимыл-әрекеті көрініс тапқан. Оған қоса, кейіпкерлердің жастық шағы, бастан кешкен оқиғалары баяндалған. Шығармада өлең жолдары да көрініс тауып, автордың қаншалықты жан-жақты екендігін тағы бір дәлелдеп өткендей.
Аталмыш шығарманы аудару барысында Мұхтар Омарханұлы талай жылдық тәжірибесін жинақтай келе, өзінің бар өнерін төге салғандай көрінеді. Ой-пікір, теңеу, сөз саптауы, қоғамның айшықты тұстарын шебер баяндау, барлығы үздік көрсетілген.
Ол «Дворян ұясы» романының аудармасы туралы» жазған мақаласында былай деп баяндайды:
«Мен шамам келгенше ең алдымен романды дәл аударуға тырыстым. Тек дәл аудару ғана үлкен жазушының тіл, стиль, сөйлем ерекшеліктерін бере алатын болады, бұл жөніндегі дәл аударуды мен сөйлеміне сөйлем орай етіп аудару деп түсінемін . . . Сөйлемін дәл беру жазушының стилін дәл беруге төтелей себепші болады. Стилін білсе, сол жазушының өзгешелік, ерекшелік қасиеттерін де толық танитын болады».
Мұхтар Әуезов тәржімаға әрқашан оң көзқараспен қарап, аударма ісіне құлшына кіріскен жандардың бірі. Ол сонымен қатар, «Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері», «Пушкинді қазақшаға аудару тәжірибелері» деген мақалаларды жариялап, өз пікірін білдірген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz