Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жолдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жолдары

  1. Қашықтан оқыту форматын таңдау

- телесабақ арқылы;

- интернет-платформаларды пайдалану;

- пошта арқылы немесе қолма-қол қағаз тасымалдаушылармен жіберу.

  1. Білім алушылар мен олардың ата-аналарын

-қашықтан оқыту қызметін ұйымдастыру барша мектептерге қатаң белгіленген дәстүрлі кесте бойынша емес, тиімді, ыңғайлы, жеке кесте бойынша өтетіні;

- мектеп ұжымының оқу жұмыс жоспарына сәйкес әр күн сайын қанша оқыту пәні оқылатыны;

- бір пәндегі сабақтың ұзақтығы көрсетілмейді, және оның оқушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуіне және тапсырмаларды орындауына байланысты болатыны;

- «ELАRNА», «БАЛАПАH» телеарналарынан телесабақтарды көрсетілетіні;

- телесабақтарды кез келген тиімді уақытта BilimLand платформасынан, youtube-арналарынан қайта көруге болатыны;

- қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін интернет ресурстарының - BilimLand, Kundelik. Kz, Daryn. online, MicrosoftTEAMS, GoogleClassRoom мүмкіндіктері;

- бір күн ішінде оқушыларды оқытудың жеке жоспары;

- әр күнге оқу тапсырмасын алу тәсілдері мен құралдары және оларды оқушыға ыңғайлы уақытта орындау;

- электрондық журналдар немесе мұғалім белгілеген басқа да қолжетімді байланыс түрлері, оның ішінде мессенджерлер арқылы кері байланысты орнату;

- электронды күнделікке сабаққа қатысу туралы ақпарат енгізілмейтіндігі; қашықтықтан өткізілетін сабақтар ата-аналардың қолдауын және қатысуын, білім алушының тапсырмаларды өздігінен орындауын талап ететіні туралы хабардар ету.

3. Мектептің оқу жұмыс жоспарына сәйкес төртінші тоқсанның барлық оқу пәндері бойынша сабақтар 100% өткізіледі («Дене шынықтыру», «Көркем еңбек» және т. б. ) .

4. Сабақты қашықтан өткізу кезеңінде жұмысты ұйымдастыруда төмендегіні ескеру маңызды:

- Ата-аналардан білім алушылардың тапсырмаларды орындауын фото, бейне арқылы растауын талап етуге болмайды;

- Электрондық журналдарды толтыру қажет болған жағдайда жүргізіледі;

- Қашықтықтан оқытуға қатысты мұғалімдерден есептердің қосымша түрлерін толтыруы және тапсыруы талап етілмейді;

- Білім алушыларға арналған оқу тапсырмаларының көлемі ҚР БҒМ ұсынған көлемдерден аспауы тиіс;

- Білім беру процесіне қатысушылардың психоэмоционалдық жағдайын ескеру қажет.

5. Педагогикалық қызметті қашықтан оқытудың қолайлы, қолжетімді және ыңғайлы форматын ескере отырып ұйымдастыру

1 ТЕЛЕСАБАҚ ФОРМАТЫН ҚОЛДАНҒАН УАҚЫТТА (аудио-сабақ) :

▪ сабақ жоспары негізінде телесабақтарды міндетті түрде қарауды ұсыну;

▪ білім алушыларға телесабақтарды көргеннен кейін өз бетінше оқу/орындау үшін тапсырмалар беру, қолжетімді платформалар мен арналардағы цифрлық білім беру ресурстарына сілтемелер беру (техникалық мүмкіндіктер болған жағдайда) ;

▪ электронды журналдар жүйесінде электрондық пошта, WhatsApp, өзге де мессенджерлер арқылы өздігінен орындауға тапсырма беру;

▪︎ kundelik. kz электрондық журналы, bilimal. kz, mektep. edu. kz жүйелері арқылы, электрондық журналдар болмаған жағдайда - педагогтің қалауы бойынша байланыстың қолжетімді түрлері арқылы кері байланысты жүзеге асыру (кері байланысты ұсыну кезеңділігін мұғалім өзі анықтайды)

Контентті әзірлеу және қашықтан сабақ өткізу алгоритмі:

1. Сабақтың тақырыбы мен түрін анықтау (жаңа тақырыпты зерделеу, қайталау, тереңдету, бақылау және т. б. ) .

2. Сабақтың ұйымдастыру моделін пысықтау

3. Оқу құралдарының тізбесін анықтау:

4. Білім алушыға оқу материалдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету: электрондық пошта; WhatsApp, Telegram және т. б. мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі топтық/жеке чаттар («Қашықтан оқу, сыныбы, литері»; оның Whatsapp-та оның барлық қатысушылары үшін жұмыс істеу ережелерін белгілеу) ;

5. Әртүрлі ақпараттық оқыту материалдарын пайдалану (мәтіндік, презентациялар, графикалық, медиа, суреттер, кестелер, инфоргафика және т. б. ) .

6. Сабақты ұйымдастырудың әртүрлі әдістерін қолдану (ішінара-іздеу, материалдың проблемалық тұсын түсіндірудің эвристикалық әдісі, зерттеу және т. б. ) .

7. Білім алушыларға мұғалімнің бейне сабағын (егер ол бұрын жазылған болса) кез келген уақытта қарауға мүмкіндік беру (офлайн режимі) .

8. Білім алушыларға:

  • барлық білім алушылардың жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескеру;
  • шығармашылық (жазба жазу, кейіпкердің сипаттамасы, кітапқа аннотация және т. б. ), жобалау жұмыстарды, зерттеу және т. б. ;
  • әлеуметтік желі чатында, поштада топпен хат алысуда білім алушылардың топтық жұмыстарды (рөлдерді бөлу) ;
  • дидактикалық принциптерге сәйкес оқу материалын және үй тапсырмасын эстетикалық жағынан да оқылуы бойынша да сапалы дайындауын;
  • ЦБР -ының сілтемелерін көрсете отырып, өздігінен оқу және орындау үшін үй тапсырмасын беру.

9. Білім алушылармен кері байланысты ұйымдастыру:

  • оқушылардың орындаған жұмыстарының нәтижелерін қабылдау;
  • орындалған тапсырмаға талдау жүргізу; пікір жазу және ұсыныстар беру;
  • білім алушыны тексеру нәтижелерімен таныстыру;
  • оқушылар үшін, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жеке консультациялар өткізу;

кері байланыс:

  • электрондық журналдар, интернет-платформалар;
  • электрондық пошта; whatsapp, telegram мессенджерері және т. б. ;
  • ұялы және стационарлық телефон байланысы; пошта байланысы арқылы жүзеге асырылады.

6. Білім алушының болжамды күн тәртібі:

- Оқу пәндері материалдар мен оқу тапсырмаларын қарау (әркім уақытын өзі анықтайды) ;

- білім алушы сынып жетекшісімен байланыста болады (қажетт жағдайда) ;

- оқушы алған тапсырмаларды өзіне ыңғайлы уақытта орындайды және орындап болған соң мұғалімдерге жібереді;

- кез-келген қолжетімді режимде мұғаліммен бірге жұмыс істейді немесе туындаған сұрақтарын жазады;

- келесі күнді жоспарлайды.

7. Білім беру процесіне қатысушылардың қызметі

Пән мұғалімі:

- электрондық журналдар мен күнделіктерді, басқа да қолжетімді байланыс қызметтерін пайдалана отырып, қолданылатын жұмыс түрлері туралы ақпаратты білім алушыларға, олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) дер кезінде жеткізеді;

- сабақ жоспарын және оқу материалдарын құрылымдауды уақтылы жүзеге асырады; оңтайлы және әр түрлі жұмыс түрлерін (телесабақтар, интернет - платформалар арқылы, өзіндік жұмыс, чат-сабақтар және т. б. ), қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

- үй тапсырмасы көлемінің нормаларына сәйкес тапсырмалар береді;

- білім алушының өзіндік жұмысын бақылауды жүзеге асырады, кері байланыс ұсынады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздері
Инновациялық технологиялар негізінде қашықтықтан оқыту жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Электрондық оқулықтардың маңыздылығы
Қашықтықтан оқыту жүйесі және электронды оқулықтар
Қашықтық оқыту технологиялары
Қашықтықтан оқыту технологиялары
Қашықтықтан оқыту жүйесі
Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар пәнінен оқу-әдістемелік кешен
MAGISTER қашықтықтықтан оқыту жүйесіне қысқаша сипаттама
Шет тілі және оны оқытудың әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz