Ағылшын тілі оқытуында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Ағылшын тілі пәнінің басты міндеті - білімгерлердің тілдік қарым-қатынас жасай алу біліктілігін жетілдіру. Ағылшын тілі пәні мектепте білім, тәрбие берумен қатар жасөспірімдердің жеке бас қасиеттерін тұлға ретінде жетелдіруге қоғамдағы өз орнын табуға ерекше ықпал етеді. Ағылшын тілін оқыту кезінде кез келген бір әдістемені қолдану әртүрлі шарттарға байланысты болып келеді. Ең басты шарттары: ағылшын тілін оқытудың алдына қойылатын мақсаты, оны оқып-үйренуге бөлінген уақыт, сағат саны жатады . Осы шарттардың ішінде аса маңызды роль атқаратын-оқыту болып келеді.

Бүгінгі күнде ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім беру саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы жетістіктерді пайдаланып, білімнің жаңа деңгейі мен сапасына қол жеткізуге ұмтылу алға қойған мақсаттардың бірі. Тілді ақпараттық- коммуникативтік технология арқылы оқыту - тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады. Қазіргі заманда ғылымсыз жан-жақты дамыған өркениетті елдердің қатарына қосылу мүмкін емес. Ал мектеп мұғалімдерінің бүгінгі заманға сай берген білімдері осы мәселелерді шешуші күш болып отыр. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі мектеп өміріне енуде. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі -жаңа ақпараттық-коммуникациялық технология негіздері болып табылады. Ал біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында компьютерлік техниканы, интернетті, компьютерлік желі, электрондық оқулықтарды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімділігін арттыру және білім сапасын көтеру керек. Соған орай білім жүйесі де дайын білімді игеруге ғана емес, интеллектуалдылықты қалыптастыруға, жеке танымдық әрекетті қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Адам әрекетінің әр түрлі саласында озық ақпараттық технологияларды пайдалану өзекті болып барады.

Тіл үйрену барысында жаңа технологияларды қолдана отырып, педагогикалық қалыптасқан жазу, тыңдау, түсіну, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға әбден болады. Ал енді психологиялық жағына келетін болсақ, қазіргі уақыт ағымындағы оқушылардың әрқайсысының үйлерінде әдетте көптеген ойындары бар компьютерлер, ноутбуктар, видеолар мен телевизорлары бар болғандықтан, олар қоршаған ортаны осындай тәсілмен қабылдауға үйренген. Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері оқушыларға оқу бағдарламаларын оқып тіл үйренуде де сәтті қолданылатынын түсіндіруге мүмкіндік беріп, шығармашылық белсенділікті дамытуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын үйренуге ең жақсы жағдайларды жасауға әсер етіп, нәтижесінде сапалы білім алуын қамтамасыз етеді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды әдістемелік, дидактикалық, педагогикалық және психологиялық принциптердің тұтас комплексін жүзеге асыруға көмектеседі, таным процесін қызықты және шығармашыл етеді, әрбір оқушы үшін жеке дара жұмыс қабілетін ескеруге мүмкіндік береді. Жаңа технологияларды практикада қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жаңа түрін ашады, нәтижесінде оқушылардың танымдық белсенділігі дамиды, білімді өз беттерінше толықтырады, ақпараттар ағымында іздеу және бағдарлауға үйренеді. Жаңа технологияларды ағылшын тілі сабақтарында қолдану тәжірибесін талдай отырып, мынандай қорытынды жасауға болады: оқыту сапасы артады, тұлғаның үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді, ақпараттық кеңістікте адаспайтын, ақпарат мәдениетін жетік білетін тұлға болып қалыптасуына көмектеседі, тіл тосқауылының кедергілері азаяды. Мектептегі технологияларға мыналар жатады: теледидар бағдарламалары, сандық теледидар, интернет/ WWW, ұялы телефон, ұтқыр қондырғылар, компьютер/ноутбук. Сандық бейнені (видео) қолдану Бағдарламалық жасақтама (БЖ) Windows-тың көшірмелерінің көбісінде бейнені редакциялауға мүмкіндік беретін тегін және қолданыста өте жеңіл Windows MovieMaker бағдарламалық жасақтамасы бірге жүреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
Ағылшын тілі сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың ерекшеліктері
Ағылшын тілі сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігі
Ағылшын тілі сабағында ақпараттық-коммуникациялық және мультимедиялық технологияларды қолданудың әдістемесі
Ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігі мен әдістемесі
Мектептегі ағылшын тілі сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігі мен әдістемесі
Жаңартылған білім беру жағдайында ағылшын тілін оқытуда инновациялық ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
Ағылшын тілі сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Бастауыш сыныптарында математика сабағында көрнекі құралдар мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану
Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолданудың тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz