Географиялық қабықтың құрылысы және қасиеттері



Мазмұны

1. Географиялық қабықтың құрылысы және қасиеттері
2. Географиялық қабықтың заңдылықтары
3. Географиялық белдеулер мен зоналар

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1. Географиялық қабықтың құрылысы және қасиеттері
2. Географиялық қабықтың заңдылықтары
3. Географиялық белдеулер мен зоналар

1. Географиялық қабықтың құрылысы және қасиеттері
Табиғат – Жер мен Әлем кеңістігі аралығын жалғастырушы, тұрақтандырушы
болмыс. Оның құрамдас бөліктері: Әлем кеңістігі, литосфера, гидросфера,
атмосфера, биосфера. Бұл аталған төртеуі – қоршаған ортаны құрайтын,
бірімен бірі сабақтас, бір-бірімен әрекеттес, бір-бірінен туындайтын
табиғит болмысы. Оларды зерттейтін ғылым – география. Табиғатты тану –
қоршаған орта мен адамның арақатынасын және де олардың дамуын, өзгеруін
зерттейтін ғылымдар жүйесі. Қоғамның дамуымен байланысты адамның табиғатты
игеруі де біртіндеп күрделене түседі.
Құрлық пен мұхиттардың бірге алынған барлық табиғат комплекстері – Жер
бетін тұтас қамтып жататын, біртұтас планетарлық табиғат комплексі –
географиялық қабық деп аталады. Атмосфера, литосфера, гидросфера мен
биосфера – бұл географиялық қабықтың құрамдас бөліктері. Барлық осы
қабықтар тұйық өмір сүрмейді, олар бір-біріне өзара әсер етеді.
Географиялық қабық – адамзат қоғамы өмір сүріп, дамитын табиғи орта.
Географиялық қабық – атмосфераның төменгі қабаты, литосфераның жоғарғы
бөлігі, бүкіл гидросфера мен биосфера өзара бір-біріне енетін және өзара
әсер ететін Жер қабығы. Георафиялық қабықтың жоғарғы және төменгі шекарасын
түрлі ғалымдар әр түрлі белгілейді. Оның нақты шекарасы жоқ. Көптеген
ғалымдар оның қалыңдығы орта есеппен 40-55 км аралығы болар деп есептейді.
Жердің көлемімен салыстырғанда ол жұқа қабық.
Компоненттердің өзара әсер етуінің нәтижесінде географиялық қабықтың
өзіне ғана тән қасиеттеріне ие болады. Мұнда тірі организмдер бар, топырақ,
жасыл өсімдіктер күн энергиясын сіңіріп, онда органикалық заттарды
бейорганикалық заттарға айналдыру процесі жүріп жатады. Заттар қатты, сұйық
және газ түрінде болады, мұның Жер бетінде тіршілікті дамыту үшін зор
маңызы бар.
Атмосфера (көне грекше: ἀτμός — бу, шар) - Жерді қоршаған газ
қабықшасы. Атмосфера 78% азоттан, 21% оттегіден және болымсыз мөлшердегі
басқа газдардан тұрады. Атмосфераның төменгі қабаты тропосфера деп аталады,
ол 10-12 км биіктікке дейін (орта ендіктерде) созылып жатады. Одан
биіктеген сайын температура төмендейді. Онан жоғары стратосферада
температура тұрақты дерлік болып қалады (-40С маңында). Ал шамамен 25 км-
дей биіктіктен бастап бұл қабат Күннің ультракүлгін сәулелерін
жұтатындығынан температура баяу артып отырады.
Жер атмосферасының жоғарғы қабаттарында күн сәулелері күшті иондану
туғызады. Атмосфераның ионданған қабаты ионосфера деп аталады. Атмосфера
ғарыш кеңістігінен Жерге келетін сәулелерден басым бөлігін шағылдырады
немесе жұтады. Мысалы, ол Күннің рентген сәулелерін жібермей, ұстап қалады.
Атмосфера бізді микрометеориттердің үздіксіз атқылауынан және ғарыш
сәулелерінің – жедел қозғалатын бөлшектердің ағынының бүлдіру әрекетінен де
сақтайды. Атмосфера Жердің жылу балансында маңызды роль атқарады. Көрінетін
Күн сәулелері атмосфера арқылы ешбір бәсеңсімей өте алады. Оларды Жер беті
жұтады, осыдан келіп ол жылынады да, инфрақызыл сәулелер шығарады. Осы
күнгі көзқарастар бойынша гидросфераның және атмосфераның болуы арқасында
ғана жерде тіршілік пайда болған. Міне, сондықтан да экология мәселесі,
біздің бірегей ғаламшарымыздың табиғатын қорғау ерекше маңыз алуда.
Гидросфера – табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден,
көлдерден, өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатыр.
Гидросфераның көлемі 400 млн шаршы км. 
Литосфера — жер қабығы (грекше: λίθος — тас және σφαίρα — шар, сфера) —
жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі.
Жер қабығының жоғарғы бөлімі — шөгінді қабық; ол шегінді тау жыныстарынан
тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының
тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның калыңдығы әр орында әр түрлі
болып келеді. Швгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл
қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық
немесе базальттық аса тығыз жыныстар қабаты жатады.
Биосфера - грек тілінде "bios" - өмір және тіршілік, "sphaira" (сфера)
- шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған. Биосфераға литосфераның
жоғарғы қабаты , бүкіл гидросфера және атмосфераның төменгі қабаты жатады,
мұнда жануарлар, өсімдіктер және басқа да тірі организмдер тіршілік етеді.
Биосфера - жер бетінде кездесетін барлық тірі ағзалардың және заттардың
жиынтығын ең ірісі болып табылады. Биосфера - заттар айналымын үзбей
сүйемелдеп тұратын ғаламшардың ең үлкен экожүйесі, яғни тіршіліктің өніп-
өсіп, көбеюіне мүмкіндік бар қабат.Оның шикарасы жербетіндегі 20-25 км.
Деңгейден ( атмосфераның озон қабатына дейінгі бөлігі кіреді) 11 км. Мұхит
тереңдігіне және жер астына 6 км тереңдікке дейін созылады.
Палеонтологиялық зерттеулер нәтижесінде, яғни қазбалардан табылған
өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын тануға сүйене отырып, ғалымдар
биосфераның негізгі пайда болу жолдарын анықтады. Ғалымдар, жердің және
сондағы тіршіліктің даму тарихын басты-басты бес эраларға (архей,
протерозой, палеозой, мезозой, кайнозой), ал эраларды дәуірлерге,
кезеңдерге бөлді.
Архей - биосфераның ең бірінші эрасы. Болжаумен айтқанда, мұнда алғашқы
қарапайым тіршіліктің түрі пайда болған. Ал тіршіліктің ең тұңғыш іздері
протерозой эрасында болған.
Протерозой эрасында өмір сүрген тіршілік иелерінің қалдықтарынан
радиоляриялардың, фораминифералардың іздері, губкалардың қаңқалары, буылтық
құрттардың түтікшелері, моллюскалардың бақалшақтары, тіпті буынаяқтылардың
да қалдықтары табылған. Осындай қазбалардың қалдықтарын анықтай отырып,
протерозой эрасында жануарлардың біраз типтерінің өкілдері өмір сүргенін
дәлелдеуге болады.
Палеозой эрасы - ертедегі тіршілік эрасы. Бұл эра 6 дәуірге бөлінеді:
кембрий, ордовик, силур, девон, тас көмір, пермь.
Мезозой ортаңғы тіршілік эрасы 3 дәуірге бөлінеді: триас, юра, бор.
Жануарлар тарихында мезозойды жорғалаушылар эрасы деп атайды.
Кайнозой эрасы - жаңа тіршілік уақыты. Бұл эра 3 дәуірге бөлінеді:
палеоген, неоген, антропоген. Антропоген қазіргі біздің заманымызбен
жалғасып отыр.
Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетіндегі тірі организмдердің
дамуы сыртқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасады.
Эволюциялық өзгерістер әрқашанда сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің
бейімделуімен ұштасады. Бейімделушілік организмнің әр түрлі орта
жағдайларында өмір сүруіне мүмкіндік бере отырып, сонымен қатар дене
құрылысының өзгермелілігін қамтамасыз етіп отырады
Литосфера – жердің қатты қабаты . Ол екі қабаттан құралған. Үстіңгі
қабаты граниттен, оның қалыңдығы 10 км-ден 40 км-ге дейін жетеді. Ал
астыңғысы базольттан тұрады. Қалыңдығы 30-80 км. Жоғарыда айтылғандай
минералды қабаттардан басқа, жерді ерекше тағы бір қабат – биосфера қоршап
тұрады. Ол тірі органимдер тараған аймақтардың бәрін қамтиды. Биосфераның
пайда болуымен бірге, жер бетінде тірі организмдер өсіп-өніп, сыртқы
қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасады. Биосфера теңіз
деңгейінен бастап, тау жоталарының шыңдарына дейін бүкіл құрғақ жерді алып
жатыр.
Атмосферадағы биосфераның жоғары шегі 20 км биіктікке дейін жетеді.
Онда микробтардың споралары (өршігіш тұқымы) кездеседі. Бактериялар
атмосфералардың азон қабатында да өсіп-өнеді. Биосферада мол кездесетін
микроорганизмдер жер бетінен 50-70 метрге дейінгі биіктікке ғана тарайды.
Литосферадағы биосфераның төменгі шегі 2000 – 3000 м-ге дейін
тереңдікке жетеді. Олар онаэробта бактериялар. Гидросферадағы биосфераның
шегі 11 км-ге дейінгі тереңдікке жетеді. Теңіз жануарлары және өсімдіктері
(қызыл, жасыл, қоңыр балдырлар) үшін су өте қолайлы орта. Таза, мөлдір
болғандықтан күн сәулесі оның 200 метр тереңдігіне дейін тарайды. Бұдан
кейінгі судың қабаттарын мәңгілік қараңғылық басып тұрады. Мұндай
қабаттарда да тіршілік ететін организмдер болады. 
Географиялық қабықта адам қоғамы өмір сүріп, дамиды. Мұндағы барлық
процестер күн энергиясының әсерімен және бұдан аз деңгейде ішкі жер қуаты
көздерінің әсерімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материктердің физикалық географиясының зерттеу обьектісі
Географиялық қабық
Географиялық қабықтың құрылысы және қасиеттері туралы
Қазақстанның мұнай өнеркәсібі және оның экологиясы
Географиялық қабықтың құрылысы және қасиеттері туралы ақпарат
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған География пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Жалпы жер туралы түсінік
Жердің тарихы, жердің ішкі құрылысы
Жалпы жертану (сұрақ-жауап түрінде)
«Қазіргі жаратылыстану концепциялары» курсы бойынша дәрістер
Пәндер