Иран мәдениеті


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Иран мәдениеті

Әлемдік өркениеттер тізбегінде ерекше орын алған, Батыс пен Шығысқа бірдей үлкен ықпал жасаған ертедегі мәдениеттің бірі - Иран өркениеті. Ол Афроазия мен Еуразияның арасындағы көпір тәрізді. Иран өркениетінің пайда болуы б. з. б. ІІІ-мыңжылдықтағы күрделі тарихи - мәдени қозғалыстарға байланысты.

Бұл ретте Иран өркениетінің қалыптасуына шешуші ықпал еткен факторлардың ішінде халықтар мен тайпалардың қоныс аударуын баса көрсеткен жөн. Б. з. б. ІІ мың жыл бқрын арийлік тайпалар Еуразия даласынан қазіргі Иран мен Үндістан жеріне басып кірді. Батыс Иран жеріне негізінен парсы және мидиялық тайпалар орнықты. Алайда, Иран мәдениетінің бастауын тек үндіеуропалықтарға тіреген сыңаржақтылық болар еді. Иран мәдениеті Шумер өркениетінің әсерімен қалыптасқан. «Иран - дейді А. Тойнби - шумерлік өркениеттің екінші үйі болып табылады». Иран өркениетінің гүлденген уақыты б. з. б. VI-IV ғ. Ахеменидтер мемлекетімен қатысты.

Иран өркениетінің негізгі тірегі - зороастризм діні. Ол тек таза діни сенім-наным жүйесінен терең философиялық, дүниетанымдық мәдени феноменге жақын. Зороастризм антикалық дүниенің философиялық жүйелерінің қалыптасуына, христиан және ислам діндерінде жорамалдық ілімдерге үлкен әсер етті.

Зороастризм негізін салушы Заратуштраның өмірі мен ілімі туралы ғылымда әр түрлі пікірлер бар, әлі күнге дейін оның өмір сүрген кезі белгісіз. Зерттеушілердің көбі ол Александр Македонскийге дейін 2-3 ғасыр бұрын, яғни біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырдың екінші жартысында - VI ғасырдың орта кезінде өмір сүрген деген ортақ пікірді ұстанады. Зерттеушілердің осы діннің пайда болуына қатысты тұжырымдары қатты ерекшеленеді, бірақ оның пайда болу кезеңі біздің заманымызға дейінгі 1700 ж. ерте емес. Зороастризмнің отанын анықтауға қатысты да пікірлер әртүрлі: көбіне Еділ-Каспийдің шығысына қарай Иран тауларына дейінгі аймақ аталады. Бұл да Зороастрдың өмір сүрген кезеңімен тікелей байланысты. Күмән тудырмайтын бір тұжырым - бұл дін ежелгі иран тайпаларының діни нанымдары мен мифологиялық түсініктерінің негізінде пайда болған. Заратуштра «түйелі адам», «түйе жетектеген» адам деген мағына береді. Сондықтан қазақ философы Ағын Қасымжановтың Заратуштра көшпелі тайпасынан шығып, кейін өз елінде қуғынға түскендіктен шығыс-ирандық патша Виштаспаның қол астына ауысқандеген сөзінің жаны бар. Зороастризмнің қасиетті кітабының аты - «Авеста». Оның ең көне бөлігі «Гат» деп аталады және Заратуштрамен тікелей байланыстырылады.

Фараваһар. Персеполис, Иран. Фараваһар - Зороастризмнің негізгі рәмізі

Заратуштралық - отқа табыну дінінің есімі оны бастаушысы Заратуштра атына байланысты қойылған.

Бұл дін Заратуштра пайғамбардың насихаттық кітабі Авестада айтылған Ахұра Мазда ұғымын өзек етіп өрбиді. Кейде бұл дінді Маздалық дін деп те атайды.

Заратуштралық діні әлде бір жаратушы бар екенін, от оның бейнесі екенін айтады, сол үшін де олар маздаған отқа табынады. Авестадағы басты ұғым Мазда қазақ тіліндегі маздаған отпен байланысты дейді, қазақ этимологтары. Ол ғана емес, батыс тіл танушылары үшін түсініксіз болып келген Авеста сөздері қазақ тілінде, түп түркілік тілнде өзінің әуелгі мағынасын шығарып сарнап кетеді. Сондықтан да Авеста зерттеуші қазақ ғалымдары қазақ аңыздарында айтылатын Бабай түкті шашты әзіз бабаны осы Зардұшт пайғамбармен бір адам деген ойды алға қояды.

Зороастризм бойынша, әлемде бір-біріне қарам-қарсы екі негіздің - жақсылық пен игіліктің құдайы, нұрдың, өмірдің, ақиқаттың рәмізі Ахура-Мазда мен зұлымдықтың белгісі, қараңғылық пен өлім таңбасы. Анхра-Майньюдің арасында толастамайтын күрес жүріп жатады. Өз қарсыласына қарсы күресте Ахура-мазда адамды жаратады. Адам құдайлық туынды, алайда өз өмірінде жақсылық пен жамандықты таңдауға ерікті.

Осы діннің аңыздары болашақ туралы күрделі ілімді уағыздайды. Дүние жүзілік тарих, дейді олар, 12 мың жылға созылады, оның ІІІ мың жылы «алтын ғасыр» еді. Ол кезде «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман» болды, ауру да, аштық та адамды қинамады. Бірақ алтын ғасырдың аяғында Анхра-Майнью келіп, адамзатқа аштық ауру және өлім әкелді. Алайда, Заратуштра руынан құтқарушы шығып, түбінде зұлымдықты жеңеді, әділетті Ахура-Мазданың патшалығы мәңгі орнйды.

Иран өркениетінің тағы бір жетістігі - ондағы ексі парсылық сыналы жазу. Вавилондық сына жазуда 300 таңба болса, парсыларда қазір бар - жоғы 43 таңба ғана. Осы жазудан біз Дарий патшаның бұйрығымен Нілден Қызыл теңізге дейін канал қазу басталғанын білеміз. Иран мәдениеті аә күнтізбесін қолданды, ол күнтізбеден 11 күн кем болды және әр айдың аты ауыл шаруашылық маусымдық жұмыстарымен байланыстырылды. Қазақтардың ай аттары осы парсылық күнтізбемен сабақтас. Пасаргад, Персопль, Суза қалаларында ертедегі Иранның тамаша сәулет өнері өз кемеліне жетті. Сол кезде салынған сарайлар мен өнер туындылары көрермендерді әлі күнге дейін таңғалдырады.

Теңгелер не дейді?

Иран елінің тарихы мен мәдениеті саласындағы танымал маман Ричард Фрай Орталық Азия тарихын зерттеудегі нумизматикалық зерттеу жұмыстарының ерекше маңызы жайлы атап өткен. Археология мен нумизматиканы ол осы аймақтың ислам діні таралғанға дейінгі тарихы туралы білімдердің негізделетін екі басты тұғыры деп атайды. Біздің заманымызға дейінгі екінші ғасырдан кейін ғана, үзік-үзік батыс мәліметтерімен (сына жазулары, арамей және грек жазбалары) қатар, қытай дерек көздерінде виртуалды terra incognita деген атпен белгілі аймақ жайлы ақпарат кездеседі. Ғалымның пікірінше ерте дәуірдегі осы аймақтың моңғол дәуірін қоса алғандағы тарихын зерттеудегі нумизматиканың маңызы орасан зор.
Нумизматикалық материал қаланың, аймақтың, елдің сауда-экономикалық байланыстары, саяси тарих пен әулеттердің ауысу тарихы туралы неғұрлым нақты және сенімді дерек көзі болып табылады және өңірдің дамыған орталықтарға тәуелділігін көрсетеді. Археология үшін, басқа да олжалармен қатар, теңгелер қатаң хронологиялық байланысы жоқ мәдени қабат пен басқа да артефакттердің, атап айтқанда қыш бұйымдардың тарихи кезеңін анықтаудағы неғұрлым нақты материал болып табылады. Теңгелердің табылуы қашанда үлкен оқиға, мыс, немесе қола теңгені тазартудың нәтижесінде (алтын және күміс теңгелер әдетте тек шамалы тазартуды ғана қажет етеді) маңызды мәселелердің шешімі табылады. Осылайша, Отырар мен Сарайшықтағы бірнеше теңге көмбесінің табылуының нәтижесінде көптеген мақалалар жарияланып, нақты тарихи қорытындылар жасау мүмкін болды.

Біздің қызығушылығымызды тудырған Оңтүстік Қазақстандағы Күнгүй, Кенжида деп аталған аймақ туралы әзірше қытай елшісі Сюань-Цзяннің жолжазбаларындағы жалғыз ерте (араб дәуіріне дейінгі) мәлімет белгілі 629 жылғы сапархатында ғана баяндалады, онда Гунюй (Кунгуй) қаласы жайлы сөз болып, қала мен осы өңірдің қысқаша сипаттамасы беріледі.

Оңтүстік Қазақстанның шұрайлы аймағында орналасқан Кангюй мемлекеті өзінің гүлденген дәуірінде (б. з. д. I-II ғ. ) табиғи ресурстарға бай болатын. Ол мықты мемлекеттермен одақтық ұйымдарды нығайту жолымен (Үйсін, Яньцай), вассалдық және бағыныштылық қатынастар мен далалық аймақ тайпаларына шапқыншылық жасаудың арқасында дамыды. Кангюй өмірінің түрлі жақтары, оның шыққан тамырлары мен орталықтарының орналасуы туралы дау әлі күнге дейін шешілмеген. Көбіне көшпелі келетін осы мемлекеттің тарихы тарихи деректерде жеткілікті мөлшерде сипатталмаған, мұның себебі кангюйлердің тіпті өзінің жақын көршілерімен қатынастарында тұйық болуында. Жалпы алғанда, Кангюй мемлекеті - нақты мемлекеттік шекаралары болмағанына қарамастан, Қазақстанның аумағындағы бай материалдық және рухани мәдниеттің негізін салған алғашқы мемлекет. Өкінішке орай, көшпелі Кангюй мемлекетінің мәдениеті осы уақытқа дейін Соғда, Хорезмнің отырықшы егінші мәдениеттерімен салыстырғанда аса қызықты емес болып көрінетін, басқаларына қарағанда терең зерттелмей, көбіне жергілікті ғалымдармен зерттеліп, көшпелілердің мәдениетін зерттеу шығынды болғандығына байланысты қаражат жеткілікті мөлшерде бөлінбейтін.

Бастапқы кезде иелігінде екі орталық қала болған - Кунгуй (Гунюй - қытай деректері бойынша), екіншісі араб деректері бойынша Арсубаникет/Субаникет/Усбаникет, кейіннен Қарасаман, Халадж, Қараспан деп аталған. Қала атауларының жиі өзгеруі көршілес Отырар, Түркістан оазистерімен және ежелден бері халық саны көп Сайрам мен Шымкент қалаларына қарағанда аса көп көңіл бөлінбеген осы аймақты тарихи зерттеуде көп қиындық тудыратын.
VIII-IX ғғ. этнонимі Кангха атты аңыздағы Авеста жерінен тамыр алатын орталық қала Күнгүйдің орнына енді көршілес Арыс қалашығы орталыққа айналған деп пайымдауға негіз бар, ал жалпы алғанда Кенжида аумағының өз атауы болмаған. Кунгуй - VIII ғасырға дейін Қангюйлардың орталық иелігі болған Жуантөбе қаласының тарихи атауы деген тұжырымдар жиі айтылады, ал көрші Қараспан, араб дәуіріне дейін «жылдам өзен үстіндегі қала» - Арыс (Арыскент, немесе, ертедегі араб деректері бойынша Арсубаникет) деген пайымдау жасауға болады. Зерттеулердің ұзақ уақыт жүргізілгеніне қарамастан, Қараспан қаласы әлі де жете зерттелмеген. Кездейсоқ табылған және салыстырмалы түрде саны аз нумизматикалық олжалар көптеген мәселелердің көзін аша алар еді. Олар оқиғаларға бай тарихты нақты сипаттайды, осы өлкенің тұрғандарының сауда және дипломатиялық қатынастарының гүлдену және даму кезеңдерін сипаттайды.
Бізде әлі Кенжида облысындағы теңге шығару ісі ерте пайда болды деген мәліметтер жоқ, тек осы мәселені зерттеуді жалғастыру XIII ғ. осы аймақта теңге шығарудың пайда болғаны туралы шағын мәліметтерді толықтыра түседі деген үміттеміз.

Адамдардың күнделікті өміріндегі теңгелердің жүйелі түрде айналымы тіпті Сырдарияның оң жағасымен көршілес экономикалық тұрғыда едәуір жоғары дамыған аймақтарда, мәселен, Хорезмде мемлекеттің және оның негізгі институттарының пайда болуымен бір уақытта бастау алып, жетіле қоймады. Бұл өңірде мемлекеттік ақшалай эмиссиялардың бас кезінде (б. з. д. I мыңжылдық) тек құны жоғары күміс теңгелер шығарылатын, олар патша әмірін жария ету мақсатында қолданылатын (олардың өте аз көлемде шығарылуын ескере келе, ғалымдар осы теңгелер тек ескерткіш медальдары қызметін атқарды деген түйін жасайды) .

Ұзақ уақыт бойы өзінің теңгелері болмаған Кенджида секілді аумақтарда нумизматика ең алдымен аймақтың сыртқы байланыстары, сауда-қаржы қатынастарының даму ауқымдары, сондай-ақ аймақтың саяси және басқа да тәуелділігі мәселелеріне жауап табады. Себебі әдетте теңге саяси орталықтарда шығарылатын, ал ақша қатынастарының құралы қызметін атқаратын немесе дипломатиялық миссиялар, саяхатшылар, тұтқындар әкелетін теңгелер айналыста жүретін шет аймақтар белгілі шамада митрополияларға тәуелді болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иран Ислам Республикасы
Сасанид дәуіріндегі Иран мәдениеті
Шет елдік Азия археологиясы
Ежелгі Месопотамия және Иран мәдениеті
ИранТүркілері
Гүржістан, Грузия Республикасы
Исламияттың Түркістанда таралуы және Иран мәдениеті
Мәдениеттану туралы
Орталық Азия халықтарының өзара байланыстары және түркі жеріндегі Ислам дініне дейінгі діндер
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар тарихы зерттеулерде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz