Ақпараттық технологиялар



МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ

1. ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
1.1. Компьютерлерді жүйелеу
1.2.Есептеу жүйесінің құрамы

2. КОМПЬЮТЕРДІҢ ЛОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Логикалық пікірлердің негізгі түсініктері
2.2. Логикалық операциялар
2.3. Компьютердің логикалық элементтері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ

Күні кеше ғана таңдаулылар ортасында талқыланатын «Ақпараттық технологиялар» ұғымы бүгінгі күні ауқымды көлемдегі құбылыс.
Ақпаратты өңдеу жүйелерін «демократизациялау» көптеген, мәліметтер технологиясы негіздерін «фольклорлық» әдіспен оқитын, яғни аталған пән бойынша кем дегенде жүйелік құжаттарды оқумен қиналмайтын дилетанттар клавиатурасына әкеп соқтырды.
Немқұрайды қараудың тағы бір себебі бар. Интеллектуалдық терроризм деп аталатын түсінік бар, яғни кейбіреулерді математикадан, иформатикадан, программа құрудан «нөл» деп кіналау.
Ең алдымен ЭЕМ дер өндірістін автоматтандырылған технологиясын жасауға мүмкіндік береді. Оның үстінде сол технология көмегімен ЭЕМ дермен басқарылатын жаңа машина, құрал сайман және құрылғылар жасалынады. Осылардың негізінде ХХІ ғасырдың басында есептеу машиналары «Адамсыз» жұмыс атқара алатын өндіріс технологиясын жасау мүмкіндіктерін беріп отыр. Осы сияқты болашақтың фабрикаларында қолмен істелетін жұмыстардың бәрін роботтар орындайды да, адамдардың рөлі өндірісті жоспарлау, роботтар жұмысын басқару және ЭЕМ көмегімен жаңа бұйым жасау істерін жобалау ғана болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер:

1. О.Камардинов «Информатика», Алматы 2006
2. Е.Қ.Балапанов «Информатикадан 30 сабақ», Алматы 1999
3. Байжұманов «Информатика»

Ақпараттық технологиялар

Мазмұны:

Кіріспе

1. ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
1.1. Компьютерлерді жүйелеу
1.2.Есептеу жүйесінің құрамы

2. КОМПЬЮТЕРДІҢ ЛОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Логикалық пікірлердің негізгі түсініктері
2.2. Логикалық операциялар
2.3. Компьютердің логикалық элементтері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Күні кеше ғана таңдаулылар ортасында талқыланатын Ақпараттық
технологиялар ұғымы бүгінгі күні ауқымды көлемдегі құбылыс.
Ақпаратты өңдеу жүйелерін демократизациялау көптеген, мәліметтер
технологиясы негіздерін фольклорлық әдіспен оқитын, яғни аталған пән
бойынша кем дегенде жүйелік құжаттарды оқумен қиналмайтын дилетанттар
клавиатурасына әкеп соқтырды.
Немқұрайды қараудың тағы бір себебі бар. Интеллектуалдық терроризм деп
аталатын түсінік бар, яғни кейбіреулерді математикадан, иформатикадан,
программа құрудан нөл деп кіналау.
Ең алдымен ЭЕМ дер өндірістін автоматтандырылған технологиясын жасауға
мүмкіндік береді. Оның үстінде сол технология көмегімен ЭЕМ дермен
басқарылатын жаңа машина, құрал сайман және құрылғылар жасалынады.
Осылардың негізінде ХХІ ғасырдың басында есептеу машиналары Адамсыз жұмыс
атқара алатын өндіріс технологиясын жасау мүмкіндіктерін беріп отыр. Осы
сияқты болашақтың фабрикаларында қолмен істелетін жұмыстардың бәрін
роботтар орындайды да, адамдардың рөлі өндірісті жоспарлау, роботтар
жұмысын басқару және ЭЕМ көмегімен жаңа бұйым жасау істерін жобалау ғана
болып табылады.
1. ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

1.1. Компьютерлерді жүйелеу

Мәліметтерді автоматты түрде өңдеуге арналған құрылғылардың жиынтығын
есептеу техникасы деп атайды. Өзара қарым қатынаста болатын құрылғылар мен
программалар жиынтығын есептеу жүйесі деп атайды. Есептеу жүйесінің негізгі
құрылғысы компьютер болып табылады.
Компьютерлер қолданылуына қарай мынадай топтарға бөлінеді:
Үлкен ЭЕМ;
Мини ЭЕМ;
Микро ЭЕМ;
Дербес компьютерлер;
1999 жылдан бастап дербес компьютерлер үшін халыққаралық стандарт
РС 99 спецификациясы жұмыс істейді. Жаңа стандарт бойынша дербес
компьютерлерді келесідей топтарға бөледі:
Бұқаралық дербес коппьютер (Consumer PC);
Іс дербес компьютері (Office PC);
Ықшам компьютер (Mobil PC);
Жұмыс бекеті (Workstation PC);
Ойын ДК (Entertainment PC);
Қазіргі кездегі қолданыстағы компьютерлердің көпшілігі бұқаралық
дербес компьютерлер тобына жатады. Іс дербес компьютерлерінің графиктік
бейнелеу құралдарына қойылатын талаптар шағын болады. Ықшам компьютерлердің
құрамында байланыс құралдары болуы міндетті түрде талап етіледі. Жұмыс
бекетіне жататын компьютерлердің мәліметтерді сақтау құрылғыларына жоғары
талаптар қойылады. Компьютерлерді өлшемдері бойынша үстелдік, ықшам,
қалталық деп бөлуге болады.
Үйлесімділігі бойынша жүйелеу. Әлемде компьютерлердің көптеген түрлері
мен типтері бар. Олар түрлі фирмаларда жасалып, түрлі бөлшектерден
жинақталып, әр түрлі программалармен жұмыс атқарады. Мұндай жағдайда
компьютерлердің үйлесімділігі ең басты мәселе болып табылады. Сан алуан
компьютерлерге арналған құралдардың өзара ауыспалылығы, программалардың бір
компьютерден екіншісіне тасымалдану қабілеттігі, әр типтес компьютерлердің
ортақ мәліметтерімен бірігіп жұмыс атқару мүмкіндіктері олардың
үйлесімдігіне тікелей байланысты.
Ақпараттық үйлесімдік. Ақпараттық үйлесімділігі бойынша
компьютерлер ақпараттық платформаларға бөлінеді. Дербес компьютерлер
саласында кең тараған екі негізгі ақпараттық платформа бар: IBM PC және
Apple Macintosh. Бұлардан басқа кейбір жеке алған региондар мен салалар
ғана қолданыс тапқан ақпараттық платформалар да бар. Компьютерлердің бір
ақпараттық платформаға жатуы олардың үйлесімдігін күшейтеді.
Ақпаратттық үйлесімдіктен басқа операциялық жүйе деңгейіндегі
үйлесімдік, программалық үйлесімдік, мәліметтер деңгейіндегі
үйлесімділіктер де бар.
1.2.Есептеу жүйесінің құрамы

Есептеу жүйесінің құрамын оның конфигурациясы деп атайды. Есептеу
жүйесінің аппараттық және программалық құралдары әрқайсысы өз алдына жеке
қарастырылатындықтан, сәйкесінше есептеу жүйесінің аппараттық
конфигурациясы мен программалық конфигурациясы да жеке жеке қарастырылады.
Ақпараттық жасақтамаға есептеу техникасының аппараттық
конфигурациясының құрайтын құрылғылары жатады. Қазіргі заманғы компьютерлер
мен есептеу кешендері блокты модульді құрылымнан тұрады, яғни олар нақты
бір жұмыс түрін атқаруға ыңғайландырылып дайын түйіндер мен блоктардан
жиыстырылатындай аппараттық конфигурациядан тұрады.
Орталық процессорға қатысты алған құрылғылар ішкі және сыртқы болып
екіге бөлінеді. Енгізу шығару құрылғыларының көбі және ақпаратты ұзақ
уақытсақтауға арналған құрылғылар сыртқы құрылғыларға жатады.
Жеке түйіндер мен блоктар арасындағы үндестік ақпараттық интерфейс
деп аталатын аппараттық логикалық құрылғылардың көмегімен орындалады.
Есептеу техникасындағы аппараттық интерфейс стандарттары хаттама деп
аталады.
Программалық жасақтама. Программа деп реттелген командалар тізбегін
айтады. Кез келген компьютерлік программаның негізгі атқаратын қызметі
аппараттық құралдарды басқару. Аппараттық және программалық жасақтама
үнемі өзара тығыз байланыста болады.
Программалық жасақтама бірнеше сатылардан тұрады: негізгі, жүйелік,
қызметтік және қолданбалы. Негізгі программалық жасақтама аппараттық
құралдармен өзара байланыста болады.
Ұйымдастырумен жасақтау ақпараттық жүйенің тиімді жұмыс істеуі үшін
қажет. Бұл дегеніміз, нақты обьектіні басқарудағы экономикалық негізге
сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономика
математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын,
жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы
ұйымдастырумен жабдықтаудың мақсаты, жүйені тұрғызу мен әрі қарайғы
қолданудың ұйымдастыру құқықтық негізін қалыптастыру. Оған ақпараттық
жүйенің функционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау
мен дайындауды, сондай ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның
ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады.
Белгілі ережелерге бағындыру құжаттары ақпараттық жүйені тұрғызудың, жұмыс
істеу мен модернизациялаудың барлық деңгейлерінде мемлекеттік басқару
ұйымдары және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы өзара
қатынасты белгілі ережелерге бағындыратын құжат түрінде болып бөлінеді.
Техникалық жабдықтау бұл ақпараттық жүйемен жұмыс істеуде
қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы. Басқарудағы ақпараттық кезең
жеке амалдардың, олардың жиынтығының орындалуы арқылы жүзеге асады. Барлық
амалдарды үш сатыға топтауға болады: ақпаратты алу, оны түрлендіру және
тұтыну.
Бірінші саты экономикалық обьектілердегі қызмет барысында туындайтын
бастапқы ақпаратта жинауды және тіркеуді орындайтын бастапқы ақпаратты
жинауды және тіркеуді орындайтын амалдар тобын қамтиды. Бұл амалдың мақсаты
мекемелердің, кәсіпорындардың және басқалардың қызметін бейнелейтін ақпарат
алу.
Екінші саты ақпаратты түрлендіру амалының тобы, кеңістік және уақыт бойынша
мәндердің, түрлердің, құрылымдардың өзгеруін орындайды.
Үшінші саты амалдар тобын және олардың басқарушылық шешімдерді қабылдау
үшін, әрі басқарудың ақпараттық кезеңдерін жалғастыру үшін ақпараттық
кезеңдерін жалғастыру үшін ақпаратты тұтынудағы маңызын

2. КОМПЬЮТЕРДІҢ ЛОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Логикалық пікірлердің негізгі түсініктері
ЭЕМ қатысуымен шешілетін есептердің ішінде, әдетте логикалық деп аталатын
есептер де аз емес.
Логика бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде
дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым.
Ғылыми пән ретінде логиканың бірнеше нүсқалары дараланады:
Формальды логика;
Математикалық логика;
Ықтималды логика;
Диалектикалық логика және т.б.
Адам әртүрлі кесте құрғанда, бір бірне қайшы келетін куәлар жауаптарының
дұрысын анықтағанда және басқа көптеген жағдайларда логиканың көмегіне
жүгінеді.
Формальды логика сөйлеу тілімен білдіретін біздің кәдімгі мазмұнды
пікірімізді талдаумен байланысты.
Математикалық логика формальды логиканың бөлігі болып табылады және оның
дәлме дәл анықталған обьектілері мен пікірлері бар, олардың ақиқаттығын
немесе жалғандығын бір мәнді шешуге болатын ойларды ғана зерттейді.
Математикалық логиканың саласы пікірлер алгебрасы ретінде информатикада
жақсы меңгерілген.
Логика алгебрасының математикалық аппараты компьютердің аппараттық
құралдарының жұмысын сипаттауға өте қолайлы, өйткені компьютердегі негізгі
екілік санау жүйесі болып табылады, онда екі цифр: 0 мен 1 қолданылады, ал
логикалық айнымалылардың мәндері де: 0 және 1. Бұл компьютердің бір ғана
құрылғылары екілік санау жүйесінде ұсынылған сандық ақпаратты да, логикалық
айнымалыларды да өңдеу және сақтау үшін қолданыла алады. Демек, компьютерді
конструкциялағанда, оның логикалық функциялары схемаларының жұмысы
айтарлықтай жеңілденеді және қарапайым логикалық элементтердің саны азаяды.
Компьютердің негізгі тораптары ондаған мың осындай логикалық элементтерден
тұрады.
Қазіргі кезде пікірлер алгебрасының негізгі операциялары енбейтің бірде бір
программалау тілі жоқ. Логикалық есептерде тек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сызықтық программалау есептері. Көп айнымалы үшін оңтайландыру шарты
Интербелсенді технологиялар
Қонақжайлылық индустриясындағы ақпараттық технологиялар
Байланыс құралдары
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды элементі
Ақпараттық технологияның даму кезеңдері
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Ақпараттық технологиялар туралы жалпы түсініктер
Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар пәнінің мазмұны
Болашақ педагог маман тұлғасын заманауи ақпараттық құралдар көмегімен дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Пәндер