Компьютер жұмыс істеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Компьютер жұмыс істеу үшін оған керекті програмаларды програмалаушы адам жасайды.
Программалаушы мамандығы дүние жүзіндегі ең бір тапшы мамандықтардың бірі. Программалау
мамандығын таңдаған адам өмір бойы үйренеді. Оқып шығып бірден программалаушы бола
салатын ешқандай оқу құралы жоқ.
Программалаушының дайындығы негізгі ұғымдарды оқып үйренуден және қарапайым прграммалау
тәсілдерін меңгеруден басталады. Компьютер командаларға бағынып жұмыс істейді. Біздер бұл
командаларды пернетақтаның көмегімен жазу машинкасында жазу жазғандай теріп ендіреміз.
Бірінші команданы ендірдік, компьютер оны қалай орындайды, қарап шықтық, екінші команданы
ендірдік, нәтижесін бағаладық, үшінші команданы ендірдік. Осылайша, ендірілетін командалар көп
әрі біртектес болған сайын оларды ендіру адамның шыдамын тауысып жалықтырып жібереді. Терт-
бес команданы есте сақтай отырып ендіруге, ал он команданы ендіру үшін қағазға жазып алуға
болады. Жүзден астам командаларды ендіру үшін өте жоғары шыдамдалық қажет.
Ал егер жиі қайталанатын командалар тізбегін компьютерде файл түрінде қатаң немесе иілгіш
магниттік дискіге жазып сақтап қойып, командаларды біздің пернетақтадан ендіруімізді күтпей-ақ сол
дискідегі файлдан енгізуді компьютердің өзіне жүктесек, қалай болған болар еді? Әрине, қолмен
қайта-қайта теріп отырғаннан горі ыңғайлы болар еді. Программаларды жасау осылайша
басталады. Жоғарыда айтылғандай дискіге жазылған командалардан тұратын файл нағыз
прграмманың өзі болып табылады. Сонымен, прграмма дегеніміз командалардың реттелген тізімі.
Программа үшін оған қандай командалардың кіретіндігі ғана емес, сонымен бірге олардың қандай
ретпен берілетіндігі де маңызды.
Хат жазғанда да адамдар оларды әр түрлі тілдерде жазады. Мысалы, қазақ тілінде , ағылшын
тілінде т.с.с. Ағылшын мен қазақ тілінде жазылған хаттардың сыртқы көрінісі тіптен бөлек болады.
Программаларды да программалаушылар арнай тілдердің көмегімен жазады, оларды программалау тілдері деп те атайды. Әр түрлі тілдерде жазылған бірдей программалардың көрінісінің өзі де
түрліше болатындығы табиғи нәрсе.
Жүздеген программалау тілдері және олардың әрқайсының бірнеше нұсқасы бар. Программалаушы
адам программаны өзіне ыңғайлы тілде жазады. Барлық жағдайда жарамды әмбебап программалау
тілі жоқ.
Бірақ барлық программалау тілдерінің бір ортақ қасиеті бар. Олар програмалаушыларға түсінікті,
бірақ процессорға түсініксіз. Процессор тек сандармен ғана жұмыс істей алады, сондықтан тек
машиналық кодта жазылған программаларды ғана түсінеді, сондықтан кез-келген тілде жазылған
программа алдымен процессор тіліне аударылады, яғни машиналық кодқа айналады. Бұл аудару
жұмысын арнайы аудармашы программа орындайды. Оның жұмысын мына схемадан көруге
болады.
Java - бағдарламашылардың (программистердің арасында кең таралған, танымал ОБ (объектіге
бағытталған бағдарламалау тілдердің бірі. Sun Microsystems 1995 жылы шығарған Java 1.0
версиясы бағдарламалауда жаңа стандарттар орнатып, революция жасады. Нәтижесінде Web нағыз
интерактивті ортаға айналды. Әрине ғаламдық тордың дамуы есептеуіш жүйелердің қалыптасуына
үлкен әсерін тигізді. Web пайда болмаған кезде көпшілік қолданушыларда бір-бірімен
байланыспаған дербес компьтерлер болған. Ал қазіргі кезде компьтерлердің барлығына жуығы
Интернетке қосылған, ал ол, өз кезегінде есептеуіш жүйелердің жаңадан қалыптасуына және
ақпатарты бірлесіп қолдануға мүмкіндік береді. Сол жаңа жүйелердің қалыптасуы мен Интернеттің
дамуы бағдарламалауда Java-ға негізделген жаңа көз-қарас, шешім алып келді. Бұл тіл тек қана
Web-бағдарламалауды жеңілдеткен жоқ, оған қоса желілік бағдарламалаудағы жаңа типке, аплетке,
жол ашты.
Java-да "аплет" ұғымы web бетте орындалатын кішкентай бағдарлама ретінде қарастырылады.
Қолданушының компьютеріне жүктелген соң, ол браузер арқылы қолданушымен өзара әрекет
жасап белгілі бір тапсырмалардыJava бағдарламалау тілі бұл Internet желісінде жұмыс істейтінJava тілі объектілі-бағытталған,
платформалы - тәуелсіз, желі ішінде жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютер құрылымдары
Информация, информатика
Ақпараттық желілерді оқу үрдесіне пайдалану
Эем архитектурасы
Есептеу жүйесі
Ашық операциялық жүйелер
ЭЕМ құрылымы
Компьютер торабының адресі
Жергілікті жүйелер топологиясы
Микропроцессор жүйесінің құрылғылары
Пәндер