Әл-Фарабидың Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті: География және табиғатты пайдалану
Кафедрасы: Картография және геоинформатика
СӨЖ
Тақырыбы: . Әл-Фарабидың Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, Бақытқа жету туралы кітап, Бақытқа жол сілтеу еңбектерінің негізінде бақыт жайлы эссе дайындау.

Орындаған:Жақсылық Ернұр 2 топ
Тексерген: Асқар Лесхан
Күн сайын тарылып бара жатқан мына заманда тарихи тамыры, рухы мықтылардың ғана болашағы барлығына көзіміз жеткендей. Түрлі обьективтік, субьективтік жағдайларға байланысты тарихын біле бермейтін, ұлттық рухы әлсіреген ұлтқа айнала бастапыз. Тәуелсіз ел болған соң, шынайы тарихымызды түгелдеуге, ұлттық идеологиямызды жасауға кірісіп жатқан жайымыз бар. Сөйтсек, біз де өзге халықтар сияқты әлемдік тарихта, әлемдік өркениетте өзіндік орны бар іргелі мемлекеттердің бірі екенбіз.
Тарихтың құм басқан көне рухани күмбездерінің ішінде алыстан мұнартып, жақындаған сайын жарқырай түсетін Әбу Насыр Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фарабидің тұлғасы биіктей түседі. Қазақ елі көп уақытқа дейін Әл-Фарабиді біле бермеді. Оның есімі шығыстанушылардың еңбектерінде аталып жүргенімен де ол өзіне лайықты бағасын өз дәрежесінде толық ала алмай келді. 1975 жылы жарық көрген өзбек ғалымы М. Хайруллаевтың Мироввоззрение Фараби и его значение в истории философии (Ташкент, 1967), М. Фараби: эпоха и учение (Ташкент, 1975) атты монографиялық зерттеулері шығып, осы тақырыпта докторлық диссертация қорғағаннан кейін барып, қазақ ғалымдары бұл мәселеге назар аудара бастады.
Әл-Фарабиді қазақ даласына алып келген қазақтың біртуар ғұламаларының бірі Ақжан Машанов болды. Ол Әл-Фараби мұрасын қазақ халқының ұлттық дүниетанымымен сабақтастыра зерттеу нәтижесінде Фарабитанудың негізін қалады. Әл-Фараби тарихи романында оның көркем бейнесін сомдады. Әл-Фараби және Абай (Алматы, 1994) еңбегінде әр дәуірде жасаған қазақтың екі ғұламасы арасындағы ғылыми және рухани байланыстар мәселесін зерделеді. Ұлы ғұламаның артында қалған ғылыми мұрасын жан-жақты қарастырған Әл-Фараби (Алматы, 1971), Әл-Фараби және бүгінгі ғылым (Алматы, 2004) кітаптары жарық көрді.
Әр жылдарда екінші ұстаздың ғылыми мұрасын түрлі жақтарынан қарастырған А. Көбесовтің, А. Қасымжановтың, А. Қасымжанованың, С. Дәукееваның, т. б. зерттеулері кітап болып шықты. Сонымен бірге, Әл-Фарабиге арналған ұжымдық монографиялар, конференция материалдарының жинақтары жарық көрді. Ә. Әлімжановтың Ұстаздың оралуы (1975) романында ғұламаның көркем бейнесі сомдалды. Әл-Фараби жайлы зерттеулер шетелдерде де, әсіресе араб, түркі елдерінде жалғасып жатыр.
Әл-Фараби ғылым салаларын жүйелегенде, ең алдына тіл білімін қояды. Өйткені, Бұл айтылғандардың барлығын пайымдау жолымен - өз ойымызды қалай жеткізу керектігінен, үйрету немесе үйрену керектігінен, қалай баяндау, сұрау, жауап беру керектігінен абстракциялану арқылы таптық. Осы себепті барлық ғылымдардың ішіндегі ең бірінші ғылым тіл туралы ғылым деймін. Ол заттарға, яғни субстанция мен акциденцияларға атау береді. Екінші ғылым - грамматика, ол атауларды қалай реттеу керектігіне, субстанциялар мен акциденциялардың орналасуын білдіретін сөздер мен сөйлемдерді және содан шығатын салдарларды құрастыруға үйретеді. Бұл жерде ғұламаның адамның адам ретіндегі саналы тіршілігінде, адамның өмірдің құпияларын танып-білуіне көмектесетін ғылыми ізденістерінде тілдің айрықша орнына ерекше мән бергендігі көрінеді.
Әл-Фарабидің анықтауынша, тілдің сан қырлы қызметі тікелей логикамен байланысты: Ол қорытынды алу үшін логикалық фигураларға сай баяндауыш сөйлемдерді қалай орналастыру керектігіне үйретеді. Солардың арқасында біз танымағанды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бақытқа жету туралы кітап және Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат
Әл-Фарабидың Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, Бақытқа жету туралы кітап, Бақытқа жол сілтеу еңбектерінің негізінде бақыт түсінігі
Бақыт туралы кітап
Әл-Фарабидың Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, Бақытқа жету туралы кітап, Бақытқа жол сілтеу еңбектерінің негізінде бақыт жайлы эссе дайындау
Әбу Насыр әл-Фарабидың лингвистикалық семантикасын оқыту
Әл-Фарабидің рухани мұрасы
Әл–Фарабидің Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, Бақытқа жету туралы кітап, Бақытқа жол сілтеу еңбектері негізінде эссе
Араб философиясы
Жантану жайлы ілім-білімнің ілкі басталуы
Қала бір, бірак типтері әрқилы
Пәндер