Зерттеудің негізгі компоненттері


1-ші деңгей
Зерттеудің негізгі компоненттері
Компонент дегенде менің ойыма тамақ дайындау есіме түседі біз кез-кеген тағам дайындау үшін ең алдымен қандай тағам жасайтынымызды және оған қажетті компоненнтерін білу керек. Сол сияқты белгілі бір ғылыми жұмысты аларда ең алдымен оның тақырыбы менен өзектілігін анықтап аламыз. тақырыбын таңдап алғаннан кейін зерттейін деп отырған тақырып аясында, тақырыптың өзектілігі, объект пен пәні, мақсат пен міндеті, болжамы мен зерттеу әдісі, теориялық маңызы және практикалық мәні бойынша анықтап алуымыз керек. Міне дәл осылар зерттеудің негізгі әрі маңызды компоненттері болып табылады. Енді оларға жеке-жеке тоқталатын болсам, ең біріші тақырыптың өзектілігі - оның берілген сәтте және белгілі бір жағдайда берілген мәселені, сұрақты немесе тапсырманы шешудегі маңыздылық дәрежесі. Келесі кезекте өзектілігін тапқаннан кейін бізде тақырыбы шығады ол- өзекті болуы керек, яғни оның дамуына уақыттың объективті талаптары себеп болуы керек. Тақырыбын анықтап алғаннан соң обьектісі тақырып таңдап алынғаннан кейін сол тақырыптың аясындағы жаңа мағлұматтар іздеп, жалпы айтканда іздену кезеңі. Обьектісін тапқаннан кейін пәні , зерттеу обьектісінің жалғасы болып табылады. Обьект таңдалғаннан кейін оның таралуы мен байланысын зерттейді. Және ең маңыздысы ол мақсаты . Мақсатын білмей біз жұмысты дұрыс жүргізе алмаймыз оған анықтама бере кетсем-жұмысты не үшін жүргіземіз, яғни алдымызға қойған нәтижеге қол жеткізу үшін бағытталған негізгі әрекет болып табылады. . Зерттеу аяқталған соң алынатын қорытынды. Мақсатын білмей біз жұмысты дұрыс жүргізе алмаймыз. Мақсаты анықтап алғанымыздан соң міндеті -зерттеу мақсатына жету үшін не істеу қажеттілігін айқындайды. Мақсаты менен міндетін алдымызға қойдық енді біз осы жұмыстан күтілетін нәтижені , яғни болжамын білуіміз керек. Болжамы -бұл объектінің болашақтағы белгілі бір уақыттағы күйі туралы немесе осы күйге жетудің балама жолдары туралы болжау. Болжам әлі анықталмаған және дәлелденбеген сонымен қатар тәжербиеде қолданылмаған білім болып табылады, яғни өзі айтып тұрғандай тек болжам ретінде қарастырылады. Зерттеу болжамы егер, өйткені және онда деген сөздермен жасалады. Осы жұмысымыздың негізгі логикасына келер болсақ -бұл біздің таңдаған тақырыбымыздың құрылымыменен даму логикасын зерттеуге арналған философиялық әдістің бір түрі. Ең соңғысы әрі маңыздысы ол жаңалық болып табылады, жүргізілген жұмыс бойынша сол тақырып аясында біз оған қандай жаңа леп бере аламыз немесе жаңа білім еңгізе аламыз. Жаңалық дегенде ең алдыымен бізге бұрын-соңды ешкім айтпаған, жазбаған, елең еткізерлік шешімін тауып ұсынбаған ақпарат есімізге түседі . Жаңалықтың мақсаты жаңа ақпараттар мен ережелер, ұсыныстар ғылымға еңгізуді іске асыратын негізгі компонент.
2-ші деңгей
Педагогикалық сауалнама әдісін қолдану әдістемесі
Сауалнама дегенде біз есімізге мектеп кезіңдегі психологтар мен сынып жетекшілердің бізге беретін сауалнамалары еске түседі. Педагогикадағы сауалнама дегеніміз мұғалімнің немесе психологтың алдың-ала дайындаған сұрақтарына оқушы өзінің пікірін білдіріп, жауап беруі болып табылады. Сауалнама жүргізу типіне байланысты 2 түрге бөлінеді, яғни ашық және жабық сауалнама болып. Ашық сауалнамада оқушы өз ойын, пікірін және де идеясын айтуға мүмкіндігі болады, ал жабық сауалнамада оқушы өз жауабына қарай Иә/Жоқ/Қиналамын деген жауап қайтарады.
Сауалнаманың қою орнына байланысты : телефон, почта, көзбе-көз, жеке және сырттай сауалнама және қазіргі кезде актуалды ол онлайн сауалнама болып табылады. Ал сауалнама сұрақтың қойылуына байланысты :формальді және де формальді емес, жартылай формальді болып бөлінеді. Енді оларға жеке-жеке тоқталатын болсақ ; Формальді сауалнама дегеніміз мұғалім алдын-ала дайындаған сұрағын рет-ретімен орындарын ауыстырмай сұрақ қоюы болса, формальді емес бұл мұғалім алдын-ала сұрақ дайындамайды, барлық сұрақтар еркін жүргізіледі. Оқушы сұраққа байланысты өз ойын және пікірін еркін жеткізе алады. Ал жартылай формальді дегеніміз мұғалім сұрақтардың орның ауыстыра алады және қосымша туындаған сұрақтар қою арқылы, оқушы жайында оданда көп ақпарат ала алады.
Мұғалім сауалнамаға сұрақтар дайындар алдында бірнеше критерийлерді ескеруі шарт. Сұрақтар бір мәселенің төңірегінде ғана болуы керек, сұрақтар нақты және де оқушы жауап бере алатындай болуы керек, сауалнамада сұрақтар қарапайым тілде болуы шарт және термин сөздерді көбіне қолданбаған жөн болып табылады. Сұрақтарды қойғанда жеңілден қиынға, жалпыдан жекеге қарай қойылуы керек. Және сауалнаманың өзінің құрылымы бар сол құрылым сақталуы тиіс олар кіріспе/деректеме/негізгі болып бөлінеді. Сауалнама белгілі бір уақыт шектеуімен жасалады; сыртта-3 мин, үйде-5 мин және үйде сыйақымен-15 минуттан аспауы шарт.
3-ші деңгей
Зерттеу тақырыбын таңдау алгоритмін құрастыру
Дипломдық жұмыс, кандидаттық жұмыс және ғылыми мақала жазар алдында ең алдымен өзекті мәселе бұл зерттейін деп отырған мәселенің тақырыбын таңдау болып табылады. Зерттеу тақырыбын таңдау бұл қиын әрі ұзақ уақытты алатын жұмыс. Ең алдымен ол мына сұраққа жауап беруі керек «өзекті тақырыппа?» Және де тақырыпты жәй ғана таңдап ала салуға болмайды, оның өзінің бірнеше алгоритімі бар. Яғни сол алгоритммен жүрсек, тақырыпты тез, сапалы, актуалды және қызықты тақарыпты таңдап алуға мүмкіндік бар. Олар; Ең алдымен жоғарыда айтып өткенімдей тақырып өзекті болуы керек; Маңыздысы теория және практика жүзінде маңызды тақырып болуы керек; Болашағы бар тақырып, яғни келешекте керек болатын және тақырып маңызды болуы шарт; Проблеммалы тақырып болса, зерттеушінің қызығушылығын тудырып одан әрі тақырыпты зерттей түсуіне әсер етеді. Қоғам, адам, қоршаған ортаны дамуына түрткі болатын тақырып болса, қазіргіні және болашақты өзгертуге себепкер болар еді;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz