Сюжеттік рөлдік ойын педагогикалық негіздері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Семей қаласы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университет

Сюжеттік рөлдік ойын педагогикалық негіздері

Орындаған: Тобытаева Б.С.
Тексерген:Кошкимбаева Р.Х.

Ойын - бала іс-әрекетінің түрі. Кез келген іс-әрекет сияқты ойынның
құрылымы бар. Оған іс-әрекет құрылымының барлық компоненттері
тән: мотив, мақсат, жоспарлау, орындау құралдары, ойын амалдары,
нәтиже. Сюжеттік-рөлдік ойындар шығармашылдық бола тұрып, өз
ерекшелігін құрылымдық компонентерге жүктейді.
Т. А. Куликова сюжеттік-рөлдік ойында мынадай құрылымдық
компоненттерді анықтайды: сюжет, мазмұн, рөлдер, ойын амалдары.
Ойын сюжеті баланың өмірдегі қарым-қатынастарының және
айналасындағылардың іс-әрекетіндегі белгілі бір амалдардың,
оқиғалардың бейнесі. Ойын сюжеттері әртүрлі: тұрмыстық ойындар
- жанұя, балабақша; адамдардың кәсіби еңбегін көрсететін өндірістік
ойындар; аурухана, дүкен ойнау және т.б., қала күнін мерекелеуге
арналған қоғамдық ойындар және т.с.с.
Сюжетті орындаудың негізгі құралдарының бірі ойын амалдары. В.
И. Логинова, П. Г. Саморукова ойын амалдарының екі түрін атайды:
оперативтік және бейнелеу - солай сияқты.
Педагогтар мен психологтардың (Д. В. Менджерицкая, П. Г.
Саморукова, Д. Б. Эльконин) көптеген зерттеулері сюжеттік-рөлдік
ойындардың негізгі мазмұны үлкендердің әртүрлі жағдайда көрініс
беретін қоғамдық өмірі: адамдардың заттарға амалы мен қатынастары,
олардың еңбектерінің мазмұны, адамдардың тұрмыстағы, еңбектегі
және т.б. қарым-қатынастары деп көрсетті.
Рөл - сюжеттік-рөлдік ойынның негізгі діңгегі болып табыла-
ды. Ойында рөлдің болуы бала санасында өзін қандай да бір адаммен
теңестіреді де, ойында соның атынан әрекет жасайды, соған сәйкес
қажетті заттарды пайдаланып, басқа ойыншылармен түрлі қарым-
қатынасқа түседі.
Ойындағы рөлді дамыту проблемаларымен Д. Б. Эльконин
шұғылданды. Зерттеулер негізінде ол ойында бала өзіне алған рөлді
орындау ең басты деген қорытындыға келді. Даму барысында бала
өзінің рөлін түсінеді, өзінің немесе жолдастарының ойнаған рөліне
сыни көзбен қарайды немесе рөлдердің мазмұны өзгереді - амалдарды
бейнелеуден адамдар арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге ауыса-
ды.
В. И. Ядэшко, В. В. Сохин сюжеттік-рөлдік ойынның тағы да екі
компонентін көрсетеді: ойынның түпкі ойы, ережелер.
Ойынның түпкі ойы - бұл балалар нені және қалай ойнайтындығын
анықтау: дүкенді ме, балабақшаны ма және т.б.
Ойын процесіндегі ережелерді балалар өздері қояды, ал кейбір
ойындарда - үлкендер, олар ойнаушылардың тәртібі мен өзара қарым-
қатынасын анықтайды және реттейді. Олар ойынға ұйымшылдықты,
беріктікті тілейді, мазмұнын бекітеді және ары қарай дамуын, қарым-
қатынас пен өзара қарым-қатынастың күрделіленуін анықтайды.
Проблема бойынша түрлі әдебиеттерге талдау жасау сюжеттік-
рөлдік ойындардың мынадай құрылымдық компоненттерін анықтауға
мүмкіндік берді: ойынның түпкі ойы, сюжеті, мазмұны, ролдер, ойын
Aмалдары, ережелері. Бұл компоненттер, балалардың үлкендермен
біріккен іс-әрекетінде мектепке дейінгі балалық шақтың барлық
кезеңдерінде балалар өмірінде маңызды орын алатын көптеген
сюжеттік-рөлдік ойындарда кездеседі.
Сюжеттік-рөлдік ойындарды дамытудың кезеңдері мен
деңгейлері
Сюжеттік-рөлдік ойындар бала іс-әрекетінде бірден пайда бол-
майды. Ол дамудың кезеңдерінен өтеді. Ойынды даму кезеңдерінде
қарастырайық.
Т. А. Куликова ойын әрекетінің дамуын мынадай кезеңдерге бөледі,
олар, оның ойынша, сюжеттік-рөлдік ойындардың алғышарттары бо-
лады.
Бірінші кезең - таныстыру ойыны. Оның мазмұнын заттардың
қасиеттері мен сапасын тексере отырып, баланың үлкендермен бірге
жасаған амал-манипуляция құрайды.
Ойын әрекетінің дамуының екінші кезеңінде бейнелеу ойындары
пайда болады, онда баланың іс-қымылы заттың ерекше қасиеттерін
анықтауға және оның көмегімен белгілі бір эффектіге қол жеткізуге
бағытталады. Бұл кезеңде бала назары ойыншықтардың қасиеттеріне
ауады және оны соларға сәйкес әрекет жасауға үйретеді: шарикті до-
малату, ұсақ ойыншықтарды қорапшаға салу; заттарды пішініне,
физикалық қасиеттеріне қарай бөлуге үйретеді. Сюжеттік-рөлдік ойын-
дарды қалыптастыру үшін баланы амалдарды қорытуға, яғни үйренген
амалдарын бір заттан екінші затқа көшіруді үйрету маңызды.
Үшінші кезең - сюжеттік-бейнелеу ойыны. Ойынды дамытудың
бұл кезеңі бірішінің аяғына - өмірінің екінші жылының басына келеді.
Балалар күнделікті өмірден алған әсерін белсенді түрде бейнелей ба-
стайды (қуыршақты әлдилейді, қонжықты тамақтандырады және т.с.с.).
3-7 жастағы балалардың сюжеттік-рөлдік ойындарын терең зерт-
теу негізінде Д. Б. Эльконин ойынды дамытудың төрт деңгейін бөліп
көрсетіп, оларға сипаттама берді, оның пікірінше, бұлар даму сатылары
да болады.
Бірінші деңгей. Мазмұнды ойындар - бірге ойнаушыға бағытталған
заттармен амалдар жасау.
Рөлдер бар, бірақ олар амалдарды анықтамайды, амалдардың
сипатымен анықталады. Ережеге сай рөлдер айтылмайды.
Амалдар біртекті және бірнеше қайталанатын операциялардан
тұрады. Ойын амалдар жағынан тек қоректендіру актілерімен шектеулі,
олар логикалық тұрғыда өзінің алдындағы амалдармен болғандағыдай,
өзінен кейінгі амалдарға жете алмайды.
Екінші деңгей. Ойынның мазмұны - заттар арқылы амалдарды
орындау, бірақ ойын амалдарының шынайылыққа сәйкес болуы бірінші
кезекте тұрады.
Рөлдерді балалар атайды. Функциялар бөлінеді. Рөлдерді орындау
онымен байланысты амалдарды орындауға әкеледі.
Амалдарды орындау сапасы кеңейеді және амалдардың белгілі бір
типінің шеңберінен шығады. Амалдар логикасы өмірдегі ретпен, яғни
нақты шындық ретімен анықталады.
Үшінші деңгей. Рөлдің негізгі мазмұны рөлді және содан туындай-
тын амалдарды орындау болады, олардың ішінен басқа ойыншылармен
қарым-қатынас сипатын беретін арнайы амалдар бөлініп шыға бастай-
ды.
Рөлдер айқын кезекке қойылған және анықталған. Балалар
өздерінің рөлдерін ойын басталғанға дейін атайды және іс-қимылын
бағыттайды. Амалдардың логикасы мен сипаты өзіне алған роліне
қарай анықталады.
Амалдар әртүрлі болады. Өзінің және жолдасының ойындағы
роліне байланысты жолдасына қаратып рөлдік сөз сөйлеу, бірақ кейде
кәдімгі ойыннан тыс қарым-қатынас та үзіледі.
Төртінші деңгей. Ойынның негізгі мазмұны рөлде басқа балалар
орындайтын басқа адамдарға қарым-қатынаспен байланысты амалдар-
ды орындау болады.
Рөлдер нақты белгіленген және айқындалған. Балалардың рөлдік
функциялары өзара байланысты. Сөйлеушінің сөзі оның өзі мен ой-
найтын адамның ролімен анықталатын рөлдік сипатта болады.
Балалар сюжеттік-рөлдік ойынын қалыптастырудың жоғары
деңгейіне қол жеткізу үшін балалардың ойын білігі мен дағдыларын,
білімін және үлкендер тарапынан алатын әсерін дамыту қажет.
Т. А. Куликова, П. Г. Саморукова атап көрсеткендей, сюжеттік-
рөлдік ойындарды дамыту екі бағытта жүреді: ойынды әрекет ретінде
қалыптастыру; ойынды балаларды тәрбиелеу және балалар ұжымын
қалыптастыру құралы ретінде пайдалану.
Бірінші бағытты кеңірек қарастырайық.
Мектепке дейінгі педагогикада балалар ойынын басқарудың бай
тәжірибесі бар (Р. И. Жуковская, Н. Ф. Комарова, Д. В. Менджерицкая,
Н. Я. Михайленко, П. Г. Саморукова және т.б.). Қазіргі кезде ойын-
ды басқару термині мектеп жасына дейінгі балалар ойынын дамы-
ту ұғымымен ауыстырылған. Ойын - балалардың шығармашылық
және өзіндік әрекеті екендігін түсіне отырып, педагогтар үлкендердің
қатысуымен балалардың ойын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы балалардың тілін дамыту
Шетел тілін оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі балалардың адамгершілік қасиетін дамытудың мәні
Мектеп жасына дейінгі балаларда коммуникативтік дағдыларының ерекшеліктері
Балаларды мектепке дайындау
ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЫН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың сюжеттік-ролдік әрекеті негізінде шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындық факторы ретінде сюжетті рөлдік ойында өзара әрекеттесу қабілетін дамыту
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойынының зерттелуі
Пәндер