Мұқағали шығармасының танымдық мәні


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Орындаған: Сыдықбек Мейрамбек

Эссе: «Мұқағали шығармасының танымдық мәні»

Хан тәңірдің мұзбалағы, поэзия әлемінің көгінде қалықтаған қыран, халық ақыны Мұқағали Мақатаев «Көшеді өлең немесе өшеді өлең» дегендей артына өшпес мұра қалдырып кетті. Ақынның кез-келген өлеңіне үңілген оқырман ерекше сезім мен қаны қазақтың бойында бар рухты сезетіні анық.

Халық арасында мұзбалақ ақын Мұқағалиға неге Мұзбалақ деген жалғау қосып айтады деген сұрақ туандауы мүмкін? Мұзбалақ деген не? Мұзбалақ- деп айбыны асқақ, қайратты, көк аспанда қалықтаған өжет мінезді, алдына келгенді жайпап өтетін қыранды айтады. Міне Мұқағалидың да мінез құлқы, өлеңінің мағыналары, тұлғалық қасиеті мұзбалақтың аласармас ахлағымен ұқсас егіз ұғымдай.

Оның шығармашылығы қанаты бекімей тұрып та басталған, советтік дәуір, жас бала кезінен алғаш қалам түртуі «Қырман басында», «Інімнің ойы», «Қойшы бала-Әкітай», «Шебер» сынды өлеңдермен бастау алған.

Жарық дүниемен қоштаспай тұрып үш аударма кітабы жарық көрді, алты жүз елуден астам лирикалық өлеңі, көптеген поэмалары халық жүрегінен орын тапқан.

Қазақия даласында жазылған өлеңдер аз емес соның ішінде ғасыр ақыны Мұқағалидың өлеңдерінің жұлдызы жарық, шоқтығы биік. Тебірентер поэзиялар арсынан «Мен-дағы өлең жазбаймын» деп аталатын өлеңге үңілейік. Лирик ақын өз ғұмырында өлеңі арқылы сан алуан сезімдерді суреттеп өтті, бозбала шағы да шамамен он жас кезінде, соғыс кезеңінде өткені дүйім жұртқа мәлім. Әкесі Сүлеймен де осы соғыстан мерт болды.

Өлеңнің көлемі төрт шумақ, он алты жол. Төрт шумаққа төрткіл дүниенің тағылымын сиғызатын ақын тақырыптың танымын терең сипаттаған

«Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін,

Ермек үшін немесе өлмеу үшін » -деген өлең жолдарына зер салар болсақ ақынның саналы ғұмырында өлеңді ермектен емес бәлки ерліктен, ашыну мен күйіну, табиғатқа тамсану, сағыну мен сүйуден жырлағанын айтып тұр.

Жанды да жансыз әрбір заттың сырын ақтару, оның мәнін түсіну түйсігін ақтару ақындардың болмысынан. Мұқағали бір сарынды ақын емес, кез-келген тақырып арқылы адамдардың жүрегіне жол таба білетін қасиеті бар ақын.

Елінің ертеңіне елеңдеген ердің сөзін Мұқағалидың өлеңдерінен табуға болады, өзінің қара басы емес оқырманының жаралы жаны, елеңдеулі жүректеріне жәрдем беруші бейне бір дәрігер секілді өз өлеңінде: жырды бекерден-бекер емес, жазсам жаралы жүректерді емдеймін, ойыма маза бермей жүрегімнің түкпірінде жатқан ойды жасырмаймын деп тұрғандай. Найзағайдай бір жақ еткен өмірінің кейбір көлеңке тұстары ауру-сырқаумен өтіп жатса да, жаралы Мұқағали өлеңдерін тоқтатпады, келте ғұмырының қысқа бөлігі қалғанын дәрігерлерден естіген ақынның ауруханада жазылған есті өлеңдері талғампаз оқырманның патша көңілінен орын алды.

Мұқағали әділдікті сөйлейтін ақын еді, атеистік дәуірде де бір Алланың бар екендігін ешкімнен қаймықпай жырлаған дін тақырыбындағы өлеңдері де аз емес. Сондықтан да Алла оның беделін ел алдында көтерген болар. Осы тақырып туралы «Бірігіңдер әлемнің мұсылманы» атты өлеңінде әдемі баяндаған. Бұл да өлеңді ермек үшін жырламайтындығына тағы бір үлкен дәлел десек де артық емес шығар.

«Ермек үшін белгілі жырламасым,

Ермек десе, ел мейлі тыңдамасын.

Өтсем болды арқалап адамдардың,

Қуанышын, шаттығын, мұң наласын. »

Көрсетілген бір шумақта ақын өзінің ойын оқырманға одан да терең одан да айшықтап жырлайды. Ермек үшін жырламайтындығына көзі жеткен оқырманға, ермек үшін жыр жазып жүр деп түсінген бұқара топ тыңдамаса тыңдамасын, өз өлеңімен елдің жүгін арқам жауыр болғанша арқалаймын деген мақсатты мағынаны жеткізіп тұрғандай.

Зер салып қарайтын болсақ Мұқағали өлеңдерін оқығанда тілге икемді, жанға жағымды, миға қонымды екенін аңғаруға болады. Бүгінде еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін мұзбалақ ақыннын кем дегенде бір өлеңін жатқа біледі, оған дәлел ақынның туған жері құтты мекен Қарасаз ға ат басын бұрып, кез-келген тұрғынынан ақын өлеңдерін сұрай қалсаңыз мүдірместен жатқа айтары анық. Мұқағали өлеңдерінің тез жаттамдылық қабілетін мен өз басым бала кезімнен ұғынып келемін.

«Қуат алып Абайдың тіл күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден»

Өлеңнің негізгі, тақырыпты аша тұсетін бөлігінде Мұқағалидың қазақтың бас ақыны һәкім Абай Құнанбайұлына деген ерекше құрметін, Абайды пір тұтатыны туралы ой түйеміз. Абайдың аты аталса бірден есімізге ұйқыдағы қазақты оятумен күрескен, елінің еңсесін көтере білген алып тұлға түседі. Құнанбайдың құлыны, қазақтың маңдайына біткен жұртының тәрбиешісі Абай өз заманында адамның, оның ішінде қазақ деген елдің руханияты, мінез құлқы, діні мен ділі, кешесі, бүгіні, ертеңі туралы терең зерттеп насихаттап өтті. Қазақ халқының өткеніндегі қателігін түзетіп, болашағына жарқын бағдар берді. Адамдарды бейбітшілікке, әділдікке, адалдық, имандылық, білімге шақыруға ғұмырын сарп еткен бір ғасырда бір туар ақын.

Қазақта Абайды құрметтеген, үлгі тұтқан ақындар көп, оның ішінде Мұқағалидың шығармашылығында дана Абайдың алар орны төр. Мұқағали Абай секілді өз заманында Абайдың сара жолымен саф өнерді жалғап Абайды үлгі тұтып оқырманына өнегелі жол тастап кетті. Абай мен Мұқағалидың қазаққа деген үндеулерінің, өмір салтының ұқсас тұстары көп, әрқайсысы өзінше дара тұлға. Тілге тиек ете кетер болсақ таңдап отырған аталмыш өлеңді Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты өлеңінің жалғасы ретінде, өз нұсқасымен жеткізген. Ол Абайды қайталады деген ойға бармауымыз керек себебі: Мұқағали Абай, Абай Мұқағали бола алмайды екі тұлғаны салыстыру мүмкін емес. Мұқағали Абайды қайталаған жоқ, ол Абайдың өлеңінен шабыт алды, өзінің шығармашылығына серпіліс алды. Абайдың қазаққа тастап кеткен азығы, мұрасының ішінде қара сөздерің өкше басар ұрпаққа деген орны таптырмас, көл-көсір дария. Қара сөзде кез-келген тұрғыдан қарағанда жақсы мен жаманды айыру, адам басындағы жаман қасиетті жақсы мінезбен жуып шаю туралы кеңінен айтып кеткен.

«Өлмеу үшін-құлқынды жемдеу үшін,

Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін.

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,

Абай жаққан бір сауле сөнбеу үшін»

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұқағали Мақатаев шығармасының танымдық мәні
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖӘНЕ ЖАЗУ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЗУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ (ЭССЕ, МАҚАЛА, ТЕЗИС)
Роза Мұқанованың шығармашылық лабораториясы
Қара шал сондай кейіпкер
Поэзия шеңберінің тәңір табынарлықтай құдіреті өлеңді
Мұқағали поэзиясындағы ішкі сезім иірімдері
Кітап оқушылар конференциясы
Көркем мәтін тіліндегі сөз-символ қолданысы
Мұқағали Мақатаевтың экспрессионизмі және поэтикалық ойлауы
Абайдың қазақ педагогикасының тереңірек дамуына қосқан үлесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz