Жаһандану жағдайындағы қазақ мәдениеті
Жаһандану жағдайындағы қазақ мәдениеті
Жаһандануды әмбебап мәдениетке қол жеткізу процесі ретінде танитындар мен бұның жүзеге асуының мүмкін еместігін өздерінше дәләлдеп жүргендер көп.
Әуел баста бұл дүниедегі мәдениет атаулының әртүрлі болғандығын, кейіннен этникалық топтардың бірігіп, айырмашылықтарының азайып келе жатқандығын, ғылым мен технология көмегі арқылы да бұл айырмашылықтар жойылып, ортақ саяси, экономикалық және мәдени негізге қол жеткізуге болатындығын айтып жүргендер де кездеседі.
Негізінде этникалық топтар арасындағы айырмашылықтар сырт көзге ғана солай көрінеді, ал шындығында, негізгі құрылымдық мәселелерде топтардың әрдайым бір-бірлеріне ұқсас екендіктерін дәләлдеп жүрген теоретиктер де әрбір қоғамның бірыңғай процестерден өту арқылы нәтижесінде бір ғана адамзат қоғамына, яғни, әмбебап мәдениетке жететіндігіне сенеді.
Болашақтағы осындай әмбебап мәдениеттің діңгегі Батыс Өркениеті деген пікір кең етек алып келеді. Бұл теорияның төркінінде Батыс империализмі мен әмбебап мәдениеттің көзі Батыс Өркениеті деген түсінік жатыр. Бұл процессті Батыстың бүгінгі жүйесін сақтап қалу, капиталистік өндіріс, нарық пен капитал арасындағы кедергілер мен тығырықты кешеуілдету үшін ойлап тапқан шара деп білетіндер де кездеседі.
Міне, осындай оғаш түрдегі өзгеру процесі - идеологияға айналып, қашып құтыла алмайтын процестің ішіндеміз деген сияқты үгіт-насихат белең алып барады. Олар, жаһандану арқылы барлық лаңкестіктер, соғыстар бітеді, бейбіт-мамыржай тіршілік басталады деп сендіруде. Жаңадан бас көтеріп келе жатқан соғыстар - халықаралық дәрежеде емес, мемлекет ішінде аймақтық-этникалық соғыстар болады дейді. Бұл жағдайда, жаһандануға қарсы бөгет болып тұрған ұлттық мемлекеттер, ұлттық мораль және мәдениет сияқты құрылымдарды жою, бөлу, ал аймақтық болмыстарды қолдау арқылы, жаһандану үшін оңай жұтылатын күлшеге айналдыру қажет екен.
Міне, көріп отырғанымыздай қазақ ұлты үшін, жаһанданудың аранына жұтылып кететін күлше болмау үшін, ұлттық сана мен ұлттық ізденістер және шешімдер үшін ең алдымен ұлттық саясат қажет болып тұр. Өйткені, қазақ болмысына қауіп төніп тұр, жаһандану идеологтары ұлттық бірлік пен мемлекеттің уақыты бітті деп жар салуда. Енді ғана ұлтымызды, қазақтық болмысымызды сезініп келе жатқан кезімізде бұл үлкен мәселе. Сондықтан алдымен мәдениеттік тұғырдың мәні мен ұстандарына көңіл бөлу шарт.
Адамның шыр етіп дүниеге келген уақыттан бастап өскен ортасы, кеңістігінен алған мәліметтері мен танымдары негізінде қабылдаған құндылықтар дүниесі мен қам қарекетіне кең мағынада мәдениет деп қараймыз. Мәдениеттің ең басты күретамырлары дін, дүниетаным, мағлұмат, тарихи сана мен жад.
Біздің қолданатын заттық (материалдық) және рухани дүниелеріміз бен қам қарекеттеріміз мәдениетіміздің көрінісі болып табылады. Осы мәдениеттің қанға сіңуі және келесі ұрпаққа аманат ретінде берілуіндегі ең басты қызметті тіл атқарады. Егер ана тіл шұбарланып тұншығар болса, ой да көмескеленіп, мәдениет те өледі дей беріңіз. Онда ұлттық мен немесе ұлттық болмыс та жойылды деген сөз. Ана тілі - ұлттық болмыстың еркін ойлауы мен тыныстауын, ұлттық сананың үздіксіз жаңғыруы мен түлеуін, оның ғарышпен үндесуін реттеп отыратын рухани шабыт көзі - ұлттық құндылықтарымыздың өрісі.
Мәдениет сол қоғамның заттық-рухани салалары тарапынан жасампаздықпен дүниеге келген перзенті, яғни мирасы болса, сол мирасты иемденушілер әр дәуірде әрбір ғасырлар тоғысында оған қамқор болып, төл мәдениетінің жанашырлары екендігін тілімен емес ділімен, ісімен дәлелдей білулері қажет. Әйтпесе ондай қоғам өз мирасының иесі емес жетімегі болып шыға келеді. Мұндай жағдай қоғам үшін берекетсіздік пен хаостың туындауына әкеліп соғады. Ал хаос дегеніңіз ешқашан ұзаққа созылмайды. Оның бостығы басқа мәдениеттер тарапынан оп-оңай толтырыла салады. Бұл құбылыс құлағы тілік мәлім жайды, яғни мен немесе ұлттық болмыс мәселесін өзімен қоса қабат әкеледі. Өзінің менін ұмытқан адам - қаңбақ. Оның мақсаты мен бағытын тек жел ғана анықтайды. Мәдениетін ұмытқан қоғамның да ахуалы осындай. Шығыстың ойшылы, Нобель сыйлығының иегері М.Иқбал езілген ұлттардың менін, болмысын ұмыттыру, оларды тарих бетінен жойып жіберудің астыртын жүргізген әдісі мен ойыны екенін айтып, ...менін жоғалтқысы келмейтін ұлт өзінің өткені, бүгіні мен ертеңі арасындағы қан тамырларын үзіп алмауы керектігін ескертеді. Сондықтан әрбір ұлт қуатты тарихи сана арқылы төл тарихымен үлкен махаббат арқылы тұтастықта болу керек десе, тағы бірде тарих мәдениеттің жұлыны, оның тіршілігі сақталып, жаңғыртылуында деп айтпақшы болған ойымызды нықтай түседі. Дегенмен тіл, дін, дәстүр, әдет-ғұрып, құндылықтар, тарихи сана мен сезім т.с.с. ұғымдармен берілген әрбір мәдениет ағзаларының ұлттық болмысты қалыптастыратын арналарын аршып, шынайлықпен білек түріп, сын көзбен елеп-екшеп әлі де болса кәдемізге жарата алмағанымыз да шындық.
Енді осы орайда ұлттық болмыс өзінің ойлау әлемінің төл ұғымдары мен оның мазмұнын өзінің киіз туырлықты мәдениетінен алуға арналып, басқалардың ойлау қорындағы танымдық-құндылықтық ұғымдарынан қарызға ала сала, сәл жұмсартып айтар болсақ, төл ұғымдары мен құндылықтарын осы заманға, оның талабына сай негіздеп ұлт әжетіне жарата алмай, қолда барды ұқсата алмаса, онда ұлттық болмыс қаласаң да қаламасаң да сенен жатсынап, өзінің берекетсіздігін (хаос) басқа бір мәдениет тарапынан толтырып, оның жетегінде жегіліп, ой сандығын тербетіп, сойылын соғып кете барады. Қандай да бір мәдениеттің басқа бір мәдениеттің шылауы мен қанжығасындағы өңгеріліп кете баруы оның әлсіздігінен емес, Ш.Айтматовтың тілімен түйетін болсақ, сол мәдениетті тасушы төл перзенттерінің мәңгүрттігі мен салғырттығынан. Бәлкім, бұл құбылыс басқа мәдениет қорындағы құндылықтық-танымдық ұғымдарды өзіне еншілеп алған сол әлжуаз перзенттеріне өкпешіл мәдениетке үлкен септігі мен көмегін тигізуі де мүмкін... Дегенмен, осындай күйге душар болған мен өз болмысынан безіп, қағынан жеріген құландай болып, басқалардың болмыстық қомына кіріптар болмай ма? Мен қанша дамып түрленсе де өзі ретінде емес, басқаның арнасын қуалай ағып негізінен аулақ жарықтап, өзіндік ерекшелігі мен табиғатынан ажырамас па екен? Өзінің Сары арқасы мен ел жайлауы қара шаңырағына жат болып кетпей ме екен деген сияқты қос құлақты сұрақтар шыға келеді.
Мәдениет ұлттың үздіксіз тарихи сабақтастығының жемісі мен жеңісі. Сондықтан мәдениет дегенде ойымызға ұллтық дәстүріміз келеді. Өйткені, ойымызды жеткізетін ұғымдарды дәстүріміздегі дүниетанымдық ұстындардан аламыз. Олар арқылы ана тіліміздегі ұғымдармен ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырамыз. Осы ұстындар арқылы тек қана ойларымызды ғана емес ой-пікір, дүниетанымдық құндылықтар жиынтығынан тұратын мәдениетімізді де мирас етіп келешек ұрпаққа аманат етіп қалдыра аламыз. Басқаша айтқанда адам мәдениет тасушы болмыс болса, мәдениет те сол адамдық менді тасушы аруана сияқты.
Қандай да бір ұлттың басқа ұлт мәдениетіне еліктеуі, біле тұрып барлық боқшасын одан алуы жақсылықтың нышаны емес. Әрине мен, басқа мәдениеттің озық әрі өскелең қырларымен сұхбатта (диалогта) болуы керек оның ешқандай зияны жоқ. Дегенмен осы сұхбатты сылтауратып, бүгінгі ашық қоғамымыздың құбыласы болып отырған Батысқа бас шұлғи беруге болмас. Тарихымызды аяқ асты етіп, Батысқа қарап тұлыпқа мөңіреген бұзаудың күйіне түссек, олар ертең өзіңді өзің қадірлей алмадың, енді құл болғаның болған десе, мұны тарих-атамыз, мәдениет-анамыз келер ұрпақ кешпес. Бұл жерде мен тарих-атамен тұтастықта, үндестікте болғанда ғана мәдениет-анамыз құлпырып, жандана алады. Басқаша айтқанда тарихсыз мәдениет, мәдениетсіз ұлттық болмыс ешқашан түлеп, көгере алмайды. Бүгін әлем кішірейіп бір ауылға, мәдениеттер де тек мәдениетке айналды деген жайдақ ойшылдар көбейген кезең. Олай болса мені Мен қылып, басқалардан ерекшелеп, әлемдегі орнымды анықтап тұрған мәдениет пен тарихи сана жойылғаны емес пе? Мен де өлді дей беріңіз. Батыстың бір ойшылы осы мәселе бойынша былай дейді: ...егер бір ұлттың зиялылары тарихи санадан мақрұм қалса, олардан өз мәдениетінің қадіріне жетеді деп қалай үміттенесің? Тәңір басқа салмасын, ондай қоғам мәдени жағынан өз-өзін дарға асты дей беріңіз дейді. Батыстың зиялысы осылай ой түйеді. Тағы бір Батыстың әйгілі Кандерра деген ойшылы Еуропа күретамыры жағынан либералдық-демократия мен латын христиан мәдениетінен сусындап отырғанын айтса, біздің қазақтың маңдайындағы бетке ұстар тарихшылары ұлтымыздың негізгі күретамырын мәдениет арнасынан емес, этногенез қаңқасынан іздеумен әлек. Тарихқа мұндай көзқарас, кешегі измнен қалған историцизм деген мезі қыңырлық әлі жалбағай тонын жалпылдатып қалар емес. Қайран Абайдың өткен ғасырдағы ...сөз түзелді тыңдаушы сен де түзел! деп, салған жанайқайы әлі Шыңғыстауда жаңғырып, бізге әлі жетпей жүр ме қалай?
Төл мәдениетіміздің айнымастан үздіксіз дамуын қамтамасыз ету керек десеңіз күл астындағы қордай сақталуы тиіс мәдени заңдылықтар мен қағидаларды анықтап алғанда ғана ұлттық мәдени дамуымыз соған орайлас бағытталып, реттеліп отырары сөзсіз. Осы орайда, Туркияның өткен ғасырдағы атақты ұлтшыл жазушысы Пейами Сафа өткенін ұмытатындай жады жоқ, келешегін қиялдайтындай жаны жоқ, армансыз, үмітсіз ұлт үшін тарих керуенінде орын жоқ, дейді. Сірә, мәдениет ұлттық болмысты анықтайтын Мен субстанцияға өз бояуы нәрімен сипат беріп отыратын ең негізгі ұйытқы күш. Ол меннің өмір сүруінің ең басты шарты.
Терең ойлау ана тілдің дамуына ықпал ететіндігі сияқты, ана тілді қолдану да терең ой мен тұнық пікірлерді жаратудың алтын бесігі. Яғни Гумбольдтың айтқанындай, ғылым мен философияда алға басу жаратушы күшке ие болу тек ана тілімен табысып, үндесе білуге байланысты, Ана тілдегі жаратылған әлемді басқа әлемге жеткізу тәржімалау үшін басқа тілді қолданамыз. Сондықтан әсіресе философиядағы ұғымдарды ана тілімізден тулетуге мән беру еркін ойлау көзінің ашылуына,, тарихи санадағы ой желілерінің жаңғыруына, негізгі дүниетанымдық күретамырлармен байланысты нығаюына ықпал етеді. Ана тілі білім беру және ғылым тілі болғанда ғана дамып, жанданады. Осы салаларда ана тілі қолданылмайтын қоғамда дені дұрыс ой иелерінің шығуы да екіталай. Сондықтан жаңа, еркін елдің қоғамдық санасындағы серпілістің жүзеге асуы үшін оған тек сол ұлттың философиясы ой жүйесі ықпал етіп, ертеңіне есік аша алады.
Өз мәдениетінің үш уақыт ішіндегі күретамырларын, ой-пікір қазыналарынан тұратын дәстүрлі арналарының ізін, тұла бойын тұтастай көктеп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz