Ертеректегі Рим республикасы



ЖОСПАР:

1. Рим патрицийлік республикасы.
2. Ерте республикалық кезеңдегі Рим.
3. Плебейлердің патрицийлік күресі.
4. Ертеректегі Рим республикасының мемлекеттік құрылысы.
5. Рим армиясы және оның ұйымдары.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ: ЕРТЕРЕКТЕГІ РИМ РЕСПУБЛИКАСЫ

ЖОСПАР:

1. Рим патрицийлік республикасы.
2. Ерте республикалық кезеңдегі Рим.
3. Плебейлердің патрицийлік күресі.
4. Ертеректегі Рим республикасының мемлекеттік құрылысы.
5. Рим армиясы және оның ұйымдары.

Рим патрицийлік республикасы. Б. э. Дейінгі V – IV ғасырлар бойында
патрицийлік аристократиялық республика конституциясының бірте – бірте
қалыптасып, даму процесі жүріп жатады.
Тек патрицийлерден ғана сайланған барлық машистраттар (қызмет бабы
адамдары) сенатқа бағынды. Ақсақалдар кеңесінен сенат бірте - бірте өзінің
құрамы жағынан патрицийлік, үнемі жұмыс істейтін мемлекеттік органға
айналады.
Сөйтіп, құрылып отырған республикада саяси өкіметтің барлық органдары
патрицийлердің қолында болып шығады. Патрицийлік құл иеленуші республиканың
жариялануы қоғамдық құрылысты елеулі өзгерістерге жеткізбеді.
Ерте республикалық кезеңдегі Рим. Рим ерте республикалық кезеңде полис,
яғни еркін құл иеленушілерден тұратын азаматтық қауым болып қалды. Құрамына
туысқандық тораптармен байланысқан адамдар және құлдар кіретін семьялардың
(fomilia) Рим қауымының өміріне зор қоғамдық және шаруашылық маңызы болды.
Семья басы семьялық меншікке жарлық етті, үй тәртібінің абызы міндетін
атқарды, семья мүшелерінің тағдырын шешетін (құлдыққа сатып, өлтіре де
алатын) бірден бір төреші болды. Мелекет семья ісіне араласа алмады, семья
басының әрекетін қайткенде де бақылай алмады.
Рим халқы егіншілікпен, мал шаруашылығымен және қолөнермен шұғылданды.
Римдіктер астық дақылдарын, жүзімдерді, зәйтүндерді егіп өсірді, бақша
шаруашылығымен шұғылданды. Диқаншылар темір еңбек қаруларын қолданды. Олар
ірі және ұсақ қара мал, шошқалар өсірдіү
Патшалық басқару кезінің өзінде – ақ басталған қолөнердің ауыл
шаруашылығынан бөлінуі б. э. Дейінгі V –IV ғасырларда жалғаса түсті.
Музыканттардың, алтын істері шеберлерінің, құрылысшылардың,
былғарышылардың, етікшілердің, жезшілердің, қышшылардың және қолөнер
коллегиялық мекемелерінің құрылуы қолөнер дамуы туралы дәлелдейді. Рим
қауымы территориясындағы археологиялық ізденістер Этрурияға тән болып
келетін көп қола және темір бұйымдарды тапты. Сірә, темір Этруриядан
әкелінсе керек, өйткені бұл Лациумда болмаған еді. Жаппай керамикалық
материалдың болуы қыш өндірісінің дамуын көрсетеді. Римде ұлкн құрылыс
жұмыстары жүргізілді: аумақты қабырғалар, храмдар (Юпитер Капитолийдің
храмы, Сатурн храмы т.б.) тұрғызылды, қалалық канализация жүйесі салынды.
Сауданың дамуы қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлінуінің салдары еді.
Форум – Римнің басты алаңы апта сайынғы базар орнына айналды. Қалада мал
және құлдар сататын арнаулы орындар пайда болды. Жыл сайын діни мерекелер
күндерінде жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Италияның ең көп кеме жүретін өзені
Тибр үстінде римнің орналасуы римдіктерге латын қалалары, этрускілер,
финикийлер мен гректер арасында делдалдық саудамен шұғылдануға мүмкіндік
берді. Ақша системасы туды. Салмағы Рим фунтының бөліктеріне тең болып
келетін мыстың, кейінірек қоланың кесектері алғашқы ақша баламасы –малды
ығыстырды. Біраз уақыттан кейін түрлі жануарлар бейнесі немесе металдың
тазалығына кепілдік беретін белгілі бір таңбалары бар құйылған шомбалдар
пайда болады. Күміс ақша соғып шығарудың басталуы б. э. Дейінгі ІІІ
ғасырдың орта кезіне жатады.
Плебейлердің патрицийлік күресі. Плебейлер барған сайын көптеп шұғылдана
түскен өолөнер мен сауданың дамуы Рим плебсінің жіктелуіне әкеп соқты.
Плебейлер арасынан бай сауда – қолөнер шонжарлары шықты.екінші жағынан,
мүліксіз плебейлер саны өсті. Патрициан рулық ұйымдарынан тыс бола отырып
плебейлер жеке меншік праволарында өте шағын жер учаскелерін иеленді.
Соғыстар, егіннің шықпай қалуы, жаулап алған аймақ тұрғындарының бір
бөлігінің Римге қоныстануы Рим жер тапшылығы жағдайында халықтың табиғи
өсімі жеріз плебейлер санын өсіре түсті. Бұлардың көбі жерін алып
сатарларға кепіл ретінде өткізді, бұл рулық аристоератияға жиі тиісті болып
келетін еді. Төлей алмайтын борышкер жерді меншіктену правосынан айрылады,
ал егер кредитордың ырқы бойыншы бұрынғы жер учаскесінде қала берсе,
өзінің жеке басының еркіндігін кепілдік етіп арендатор ретінде ғана
болады. Патрицийлер, сондай – ақ бай плебейлер өз борышкерлерін
кіріптарлыққа түсірді. Олар бұларды Тибр сыртына, яғни Рим қауымынан тыс
жерге құлдыққа сатуға праволы болды.
Плебейлердің осылай жіктелуі тап күресінің шиеленісуіне әкеп соқты.
Б. э. Дейінгі V –IV ғасырдағы Рим плебесі бүкіл рим қауымына тиімті болып
жердің қоғамдық танабын бөлуге, еркін кіруге рұқсат алуға ұмтілді. Қоғамдық
танап жеңілген халықтардан римдіктер тартып алған жер өсіп отырды барлық
жердің (13 – нен 23 – не дейінгісі алынды) . алайда патрицийлер ғана
оккупациялай, яғни жердің қоғамдық танабын, ала алатын кді. Оккпациялаудың
осындай правосын алу үшін плебейлер саяси праволарды патрицийлермен
теңдікке жетуге тиіс болды.
Сонымен, плебейлердің патрицийлермен экономикалық тұрғыдағы күресі жер
үшін күрес болды. Бұл кедейленген плебейлердің аграрлық мәселелерді
борыштық кіріптарлығымен қоса қою талаптары арқылы қиындай түсті.
Б. э. дейінгі V –IV ғасырларда плебейлер экономикалық және саяси
қатынастарда патрицийлермен теңдік жолындағы ұзақ күреске кірісті. Олар
патрицийлер ие болып отырғандай азаматтық праволарды: магистратураларды,
сенаттан орын алу праволарын талап етті. Дәстүр бойынша плебейлердің
патрицийлермен күресінің басталуы б. э. Дейінгі 494 жылға жатады.
Эквалармен соғыс кезінде борыш ауыртпалығын тартқан плебейлер әскерлерінде
қызмет етуден бас тартты, Римді тастап кетіп Әулие тау үстіндегі лагерьде
тұрды. Плебейлердің Рим армиясын әлсіретіп, кетіп қалуынан шошынған
патрицийлер кеңшілік етуге бой ұрды. Плебейлердің дербес ұйымдасу правосы
танылды. Олар өз ортасынан б. э. Дейінгі 493 жылдан бастап жыл сайын екі
лауазымды адам – халық трибундарын сайлап алды. Трибундар, плебстердің
мүдделеріне қайшы келетін, сенат пен магистраттардың шешімдеріне тыйым
(veto) салу правосын алды. Сонымен, олардың міндеті плебстерді патрициан
магистраттары мен сенаттың жүгенсіздігінен қорғау болып табылады. Алғашында
2 трибун, содан соң 4 (0ала трибтарының санына қарай), ал кейінірек 10
трибун сайланды.
Аграрлық мәселелерді шешуге жасалған плебейлердің алғашқы әрекеттерңі б.
э. Дейінгі V ғаырдың бірінші жартысына жатады. Б. э. Дейінгі 486 жылы
консул Спурий Кассий соғыс кезінде басылып алынған жерлерді плебейлер
арасында бөлгісі келді. Патрицийлер консулды зорлыққа ұмтылды деп айыптады.
Алайда, б. э. Дейінгі 456 жылы халық трибуны Ицилий Авентин төбесіндегі
жерлерді жарлы – жақыбай арасында бөлу туралы жүргізді.
Плебейлер б. э. Дейінгі V ғасырдың ортасында үлкен жеңіске ие болды.
Олар қолданылып жүрген правоны тіркеуді қорғап ала алады. Б. э. Дейінгі 451
жылы 10 патрицийлерден (децемвирлерден) комиссия сайланды, бұл заңдардың
жазба жинағын құрастыруға тиіс болды. Алайда, ол мұны бір жыл ішінде жасай
алмады да, б. э. Дейінгі 450 жылы тағы да 10 децемвирлер сайланды
(патрицийлерден -5, плебейлерден - 5), бұлар қолданылып жүрген праволық
нормаларды жинап жүйеге келтірді. Б. э. Дейінгі 449 жылы 12 мыс тақталарға
ойылып жазылған заңдар форумға қойылды.
ІІ таблица заңдарын қабылдау Рим плебсінің үлкен жеңісі болды. Патриций
мен плебске ортақ заңдар плебейлерді патрицийлердің жүгенсіздігінен
қорғауға тиіс болды.
XII таблица тексінің түп нұсқасы сақталмаған. Текст цитат және неғұрлым
кейініректегі авторлардың айтып беруі бойынша қалпына келтірілді. Дегенмен
б. э. Дейінгі 451 – 450 жылдардың заң жобалары әлі де болса рулық құрылыс
нормаларының жатқан ертеректегі Рим республикалық қоғамының әлеуметтік
экономикалық қатынастары туралы ұғым беретін бағалы түп дерек табылады.
Жер мен жылжымалы мүлік заңдарда жеке меншік ретінде алынып қаралды, бұл
өсиет бойынша мұраланып беріле алатын еді. Бірақ осындай – ақ жеке
статьяларда рулық меншіктің кейбір сипаттары тіркелген – ді. Мәселен, егер
римдік азамат өсиет қалдырмай өліп кететін болса, онда когнаттар мұрагері
болып қалады. Егерде олар жоқ болса, онда агнаттарға, ақырында агнаттары да
жоқ болса, онда меншік туыстарына ауысады. Заңдар квириттік меншіктің,
жердің жемістердің қол сұғылмайтынын ескертіп, бұзылушыларды қатаң
жазалады. Бөгденің өңделген егісін түнде таптап кеткені үшін айыпты өлім
жазасына кесіліп, күндіз ұрланғаны үшін айып салынды. Сондай –ақ заңдар
қоғамдық жер пайдалануды қорғады: учаскенің меншік иесі қолдан суару
жүйелерін тұрғыза алмады да, осы арқылы табиғи су ағысын өзгерте алмады.
Жер меншініне қатынасты статьялардың ортақ сипаты б. э. дейінгі V
ғасырдағы жерге ұсақ меншіктің басымдылығына кепілі болып табылады.
Заңдар қатал борыш правосының әрекетін тұжырымдайды. Кредитор өзінің
борышкерін қауымнан тыс жерге, Этрурияға сата алатын. Сөйтіп борышкер
өмірінің ақырына дейін жат жерде құл болуға мәжбүр болды. Бұдан басқа
борышкерді өлтіруге де болатын. Заң – жобалар құлдар мен құлдардың құрамына
кірмейтін тәуелділер: еркін жіберілгендер, клиенттер сияқты адамдардың жеке
категорияларының арасында нақтала айрық орнатуға мүмкіндік бермеді.
Мысалы, құлдың мүшесін зақымдағаны үшін төленетін айып еріктінің мүшесін
зақымдағаны үшін төленетін айыптың жартысына тең, яғни құл мен ерікті адам
біршама тең жағдайда қойылды. Басқа статья да осындай сипатта болды, мұнда
зақымның орнын толтыру оның иесіне емес, құлға салынады. Бірақ заң
–жобаларда иесінің жүгенсіздігінен құлды қорғап қалатындай статьялар жоқ
еді. Ол оның мүшелері қақында семья басының шектусіз билігін орнықтыра
берді. Ол ру ішіндегі аға адам сияқты бұлардың өміріне билік етіп, семьяның
барлық мүшелерін, сондай – ақ құлды да тері қылығы үшін жазалай алатын.
Осылай, әкесі өзінің ұлын құлдыққа үш рет сатуға праволы болды. Осыдан
кейін ғана ол оның билігінен азат бола алатын. Рим семьясында әйелдер мүлде
правосыз болды. Сонымен б. Э. дейінгі 450 жылғы заң – жобалар құлдықтың
патриархалдық сипаты туралы мәліметтер кіреді
XII таблица заңдары рим азаматының праволарын қорғады. Бұлар оны сотсыз
жазалауға тыйым салды: әлем жазасы туралы гүлім тек центуриат комицияларына
ғана шығарыла алатын. Азаматтық және қылмыс праволары заңдары алдында
патриуцйлер мен плебейлердің теңдігі орнатылды, әйтсе де сословиелік
қатынастар өте аз қозғалған болатын.
XII таблица заңдары басталғанан кейін плебейлердің патрицийлермен күресі
жаңа күшпен сабақтаса түсті. Б. э. Дейінгі 449 жылы Валерий мен гораций
консулдар кезінде плебейлер саяи жаңа праволар алған жаңа заңдар
қабылданды. Өлім жазасына кесілгендер әрбір адам халық жиналысына өтініш
бере алатын. Халық трибундарының жеке басының дербес праволығы арта түсті.
Б. э. Дейінгі 445 жылы халық трибуны канулей ұсынған заң қабылданды, бұл
заң бойынша патрицийлер мен плебейлердің арасындағы ескі неке тыйымы
жойылды. Плебейлерге жоғары магистратура - коносулдыққа жол берген.
Канулейдің екінші заң жобас қабылданбай қалды. Бірақ б. э. Дейінгі 444
жылдан бастап – ақ консульдік билігі бар әскери трибундар сайлана бастайды.
Жаңа магистраттар тең коллегиялық билікке ие болады.
Б. э. Дейінгі V ғасыр аяғында IV ғасырдың басында плебейлердің
патрицийлермен күресі біраз уақыт жітілігінен айырылды. Өйткені Рим
этрускілерге, вольстерге, экваларға, қарсы шабуыл соғыстар бастады. Б.. э.
Дейінгі IV ғасырдың басында Римге орталық Италияны қаңыратып кеткен
галлдардың шапқыншылығына төтеп беруге тура келді. Галлдар кеткеннен соң
римдіктер соғыс жолымен Лациумде және оңтүстік Этрурияда өзі ықпалын
қалпына келтірді.
Соғыстар үлкен бөлігі бөлінбей қалған мемлекеттік жер қорын көбейтті. Рим
азаматтары бұл жерлерді еркін икемденуге (аккупациялауға) право алды, бұның
негізінде патрицийлердің қолдарында болған ірі иеліктер өсіп отырды.
Ұсақ меншіктердің жұтауымен, борышкерліктің, кіріптар құлдықтың өсуімен
қосарланған жер иеленудің шоғырлануы б. э. Дейінгі 376 – 367 жылдарда
плебейлер мен патрицийлер арасындағы кұрестің жаңа шиеленісуін тудырды.
Рим дәстүріне дәстүріне сәйкес халық трибундары лициний мен Секстий жыл
сайын күрестің барысын көрсететін заң жобаларын енгізіп отырды. Б. э.
Дейінгі 367 жылғы халық жиналысында қабылданған, сенат бекіткен, жаңа
заңдарға айналған бұл жобалар қоғамдық танапқа иелікті шектеді. 500 югерден
(125 гектар0 артық жерді ешкім иемденіп, қоғамдық жайылымға 100 бас мүйізді
ірі қара мен 500 бас ұсақ малдан артық ешкім шығара алмады. Борышкерлердің
жағдайы біраз уақыт жеңілдеді. Борышкер төлеген проценттер борыш есесіне
кірді. Қалған борыш үш жыл бойында төленетін болды. Екі консул сайлауы
қалпына келтірілді. Консулдардың бірі міндетті түрде плебейлерден сайлануға
тиіс болды. Бірақ бұл заң плебей жарлы – жақыбайларының қолдауын таппады.
Аграрлық заң қоғамдық жердің негізгі ұстанушылары патрицийлерге қарсы
бағытталды. Борыштар кешірілуі туралы заң ең алдымен плебей кедейлеріне
тиімді еді. Алайда соңғы жылдарда плебейлер борышы үшін процент мөлшерін
төмендетуді талап етіп талай рет бой көрсетті.
Б. э. Дейінгі 326 жылы плебейлер жаңа заңды бекіттіріп алды, бұл заң
бойынша борыш ұшін оның денесі емес, борышкердің мүлкі жауап беруге тиіс
болоды. рим азаматтарын борыш үшін құлдыққа сатуға мүлде тыйым салынды.
Неғұрлым дамыған құл иеленушілік қатынастарға, басқа жерлік құлдарды
қанауға көшу тездей түсті. Алайда, бірқатар ғалымдар б. э. Дейінгі 326
жылы тек тайпаластарды ғана құлдыққа сату жойылды, ал іс жүзінде борыштық
кіріптарлық кейінгі республика, тіпті империя кезінде де өмір сүрді деп
санайды.
Плебейліктердің сауда – қолөнер тобы үшін б. э. Дейінгі 312 жылғы цензор
аппий клавдий Слепойдың қызметінің маңызы болды (цензорлар азаматтарды
центурия, триба бойынша бөліп отырды, сенаторлар тізімін жасады, кейінгі
заманда адамгершілік тазалығын қадағалады). Аппий Клавдий саудагерлер мен
қолөнершілердің мүдделерін көздеп жер меншігі жоқ азаматтарға қалалық және
селолық трибаларға тіркелуге рұқсат етті. Бұл шара ақша цензісіне
теңестіру деген сөз еді. Қалалық плебс пен еркін жіберілгендер өздеріне жер
тиісті ме,жоқ па оған қарамастан мемлекеттің саяси өміріне қатынасуға право
алды.
Саудагерлер мен плебстің қолөнерші жіктерінің көмегіне сүйене отырып,
аппий клавдий римнен капуяға дейінгі жолда (мұның стратегиялық және
саудалық маңызы болды) және Римге келіп отырған он бес километрлік ішетін
су құбырын салды.
Б. э. Дейінгі IV ғасырдың аяғына қарай плебейлер барлық қызметті, соның
ішінде абыздықты да атқара алатын болды. Бірақ плебейлердің экономикалық
және саяси праволар жолындағы күресі тек б. э. Дейінгі 287 жылы ғпнп
аяқталды. Бұл жылы Яникуль төбесінде (Тибрдің оң жақ жағалауы)
плебейлердің ақырғы сецессиясы болды. Плебейден шыққан диктатор Квинт
Гортензий халықты тыншыту үшін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Плебейлердің патрицийлермен күресі
Рим қаласы тарихының пайда болуы және ежелгі кезеңі
Ерте Рим тарихының деректері
Рим империясында саяси дағдарыстын шиеленісуі
Зерттеушілердің еңбектеріндегі А.Македонскийдің соғыс жылдары
Римнің алғашқы жылнамасы және рим дәстүрінің шығуы
Рим жеке құқығындағы меншік институты
ІІІ ғасырдың ақындары мен аға анналистері
Рафаэль және оның творчествосы
ХІ – ХҮ ғасырлардағы діннің халыққа әсері
Пәндер