Жан - Жак Руссоның педагогикалық теориясы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жан - Жак Руссоның педагогикалық теориясы

Жоспар

  1. Жан - Жак Руссоның әлеуметтік саяси көзқарастары.
  2. Еркін тәрбие теориясы.
  3. Руссоның педагогикалық теориясының мәні.

"Болжамалы, болжам! Мен қайталап айта бергім келеді. ешқашан тоқталмаспын, біз сөздің маңызына ерекше, артық тоқталып жүрміз. Біздің бос сөзділігіміз, құрғақ жаттауымыз, мылжың сөздігіміз, тәрбиеміз - тек мылжыңдар тәрбиелеуге жарап жүр". (Ж. Ж. Руссо) .

Педагогикадағы догматизммен, схоластикамен, бос сөзділікпен - XVII ғасырда француз материалистері және ағартушылар Д. Дидро (1713-84), К. Гелвеций (1715-1771), Л. Гольбах (1723-1789), әсіресе Ж. Ж. Руссо (1712-1778), қажымай күрес жүргізді.

Ж. Ж. Руссо баланың табиғатпен байланыста жетілетінін жақтады. Оның пікірінше тәрбие, "Баланың табиғи ерекшелігіне араласпай, оның өсуіне ерік беруі қажет" деді. Оның айнала қызығушылығын, еліктеушілігін, дарындылығын табиғи тұрғыда зерттеуді ұйғарды. Руссо тәрбиедегі қаталдықты (ұрып соғу, зомбылық), сүйіспеншілікпен ұштастыруды ұйғарды. Тәрбиедегі жоғары идеалдықты жақтады. Тәрбиешінің қолы, қолөнершінің қолындай, ол оның басының жұмыс істеуі - (ақылы, дарыны, ой-өрісі) сол дәуірдегі философтардан бір кем болмауын уағыздады. Оның теориясы - оқу тәрбие туралы өзінен бұрынғы ілімге негізделіп жасалды. Ең бастысы ол баланың айнала ортаға, өмірге ерекше білім құмарлығының болуын, оның өсуін, дамуын ұдайы мұғалім бақылап отыру тәсілдерін ұсынды. Тәрбие нәтижесі - білімді меңгеру процесінен туындайтынын атап көрсетті. Қол өнермен айналысу, пайдалы заттарды жасау, қоғамдық пайдалы еңбекпен айналысу - бұл таза, адал еңбек жалғасы болып есептеледі. Оның еңбек туралы ойлары прогрессивтік бағыт ұстады.

Француз буржуазиялық революциясы кезінде оның ең революцияшыл партиясы якобиншілер Руссоны өздерінің идеялық көсемі ретінде бағалады. Руссо өлгеннен кейін оның саркофагіне "Бұл жерде табиғат пен шындықтың адамы жатыр" деген сөздердің жазылуы кездейсоқ беріле салған баға емес еді. Француз бен швейцар еңбекшілерінің атынан ұлы ойшылға асқан құрмет ретінде әдейі сол екі елде де (Франция, Швейцария) Руссоға ескерткіш орнатылған, кейін оның аты бүкіл дүние жүзіне әйгілі болды.

Саяси пікірлерінде Руссо батыл түрде ескі қоғамның негізіне қарсы, әділетсіздік, екі жүзділік атаулыға қарсы қажырлы күресші ретінде көрінді. Өзі төменгі сословиеде шыққан Руссо қарапайым еңбеккерлерді ғана сүйіп, басқалардың еңбегі арқылы өмір сүруші арамтамақтардан жаны түршіге жиіркенді.

Руссо өзінің саяси пікірлері баяндалған "Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы туралы" атты еңбегінде теңсіздік цивилизацияның дамуымен күшейе бермек деп дәлелдеді. "Қоғамдық шарт" деген шығармасында Руссо мемлекеттің пайда болуы жөніндегі бұрыннан ұсынылып келе жатқан қоғамдық шарт теориясы дегенді қолдай отыра, феодалдық қоғамға өзінің болжаған бір қоғамы - "Адамдардың табиғи жағдайда болуы" дегенді ұсынады. Оның ойынша, бұл қоғамда адамдар бірімен-бірі тең және бостандықта болуға тиіс, ал олар кейіннен өздерінің "табиғи праволарын", еңбекке негізделген меншіктерін қорғап сақтау үшін ғана уақытша өз еріктерінше праволарынан бас тартқан. Осы ойымен байланыстыра отыра, Руссо асқан жігерлілікпен, бойды кернеген ызамен тирандықты, эксплуататорлардың озбырлығын әшкереледі; халық тілегін қанағаттандырмайтын үкімет заңсыз, себебі ол қоғамдық шарт негізінде адамдардың өзі қалаған халыққа қызмет етеді деп сенген үкімет, сондықтан да ол үкіметке шарт бойынша адамдар өз праволарын тапсырған. Ал қазір сол бастапқы қоғамдық шарт бұзылып отыр, егер үкімет халыққа қызмет ете алмаса, үкіметгің халыққа қажеті де жоқ деп дәлелдеді.

Әрине, бұл ойлар көркем әдеби түрде баяндалған корольді тайдыру және феодалдықты жою жөніндегі жігерлі құран еді.

Руссо адамда-адам қанау болмайтын, барлық адамдар өз еңбектерімен өмір сүретін бостандық теңдік және бауырмалдық орнаған қоғамдық құрылысты арман етті.

Жан-Жак Руссоның педагогикалық теориясы негізінен көркем шығармасы "Эмиль" атты романында баяндалады, бірақ бұл әдеби мұра болуына қарамастан, онда ағартушы өзінің тәрбин жөніндегі пікірлерін жүйелі теория дәрежесіне жеткізді, тәрбиенің тым нәзік проблемаларына жете көңіл бөле отыра зерттеп, заманының арасынан шығып жатқан топшылаулар жасап, ұсыныстар айтты.

Өз өмірінде гуманистік бағытты берік ұстаған ағартушы-педагог Руссо жаңа қоғамды аңсауына байланысты феодалдық салт-сананы түбірімен жою үшін, жаңа қоғамды орнату үшін кімді қалай тәрбиелеу қажет деген сұрақпен тәрбиенің міндеті мен өзгешеліктері жөніндегі мәселені зор педагогикалық проблема ретінде ұсынды. Бұл мәселелер негізінен адам еңбек арқылы өмір сүреді, еңбексіз өмір жоқ деген пікірлерге саяды. Ал азғындаған феодалдық қоғамда мықтылар басқа адамдар еңбегін пайдалануда, нағыз ерікті адам - өз еңбегімен өмір сүрушілер ғана. Мұнан шығатын қорытынды - өз еңбегінің жемісімен өмір сүретін, ешкімге тәуелсіз, бостандықты қадірлей де қорғай да білетін адамдарды тәрбиелеу.

Демек, Руссоның педагогикалық концепсиясының негізіне феодалдық әдет-ғұрыптардан арылған, бостандықтағы, толық адамгершілігі бар адамды өсіру талабы жатады. Әрине, Руссоның педагогикалық теориясының шеңберінің кеңдігі терең адамшылығы осыңдай жаңа адамды тәрбиелеу талабын ұсынуында болды.

Осындай келелі міндеттерді шешудің жолдарын қарастыра келе феодалдық қоғамдағы бала тәрбиесі табиғатқа қарсы қойылған. сондықтан дамуын ескеріп, оның жас ерекшеліктеріне лайықтап жүргізілуге тиіс. "Табиғат балалардың кәмелетке жеткенше болуын талап етеді", - дейді Руссо.

Тәрбие бағыты жөніндегі Руссоның негізгі педагогикалық талаптары - баланы қадірлей отыра, оның қызығушылықтары мен тікелей талаптарын зерттеу. Еріктілік, баланың табиғатына айналуға тиіс. Ал тәрбиеші баланың дамуын ұқыпты түрде дұрыс бағыттайтындай, ойланып, толғануына жөн сілтейтіндей жағдайлар жасай білуі ғана тиіс. Сөйтіп, Руссо жаңа тәрбиені балаға үстемдік етуге оның еркінің дамуына тез зәбірлік жасауға тырысатын феодалдық ескі тәрбиеге тікелей қарсы қойды.

Баланың өсу кезеңдері және әр кезеңдегі тәрбие ерекшеліктері. Руссо баланың өмірін 4 кезеңге бөледі:

1- кезең - баланың туған күнінен 2 жасқа дейінгі;

2- кезең - 2 ден 12 жасқа дейінгі;

3- кезең - 12 ден 15 жасқа дейінгі;

4- қезең - 15 жастан ер жетуіне дейінгі өсу дәуірлері.

Баланың осындай жетілу дәуірінің әрқайсысына тәрбиенің негізгі бір саласын кеңінен және негізгі түрде жүргізуді ұсынды.

Баланың жетілуінің әр дәуірін Руссо өзінің саяси және философиялық пікірлерімен тығыз байланысты қарастырды.

Екі жасқа дейінгі бала тәрбиесінің негізі дене тәрбиесі болуға тиіс. Бұл дәуірде тәрбиешілердің баланы табиғат кеңшілігінен тым алшақ ұстауға тырысатындығына, табиғи жетілуіне кедергі жасайтындығына қарсы болды. Руссо: "Қаршадайынан-ақ баланың еркіне қиянат келеді, ал оған сол еркіндікті беру қажет. Оның денесінің өсуіне мүмкіндік беріңдер, табиғатқа кедергі жасамандар", - деген талап ұсынады. Келесі дәуірде де (2-ден 12 жасқа дейін) баланың денсаулығын шынықтыруды жедел түрде жүргізе беру қажет, бірақ бұл кезде тәрбиешінің негізгі міндеті - баланың сыртқы сезім мүшелерін жетілдіру. Руссоның кеңесі бойынша, бала өзінің керегінше, өз бетінше әр нәрсенің көлемі мен салмағын өлшесін, санаумен де айналысып, нәрселерді өзара салыстырсын. Бірақ, оның дәлелінше, бұл кезеңде баланы оқуға баулудың, жаттаудың, ойлантып, оған талқылаудың керегі жоқ. Бұл кезде бала ешбір адамгершілік, ешбір абстрактылық ұғымдарға да түсінбейді деп есептеді ол. Бірақ, Руссоның ойынша, бала өте маңызды бір идеяны - жеке меншік идеясын толық меңгере алады деді. Әрине, бұл жерде Руссо педагогикасының буржуазиялық ерекшелігі айқын байқалады.

Романда 12 жастағы тәрбиеленуші Эмильдің денесі шынығып, өзін-өзі билеу дәрежесіне де жеткен, маңызды оқиғаларды байқай алады, сыртқы сезімдері арқылы өзін қоршап тұрған дүниені де түсінеді, сондықтан оның (12-15 жастар аралығында) ақыл-ой және еңбек тәрбиесі басталады.

Ақыл-ой тәрбиесі мен білім беру мәселелерінде Руссо ең алдымен дінге негізделген шіркеулік мектептермен күресе отыра, білім мазмұнының түпкілікті жаңаруын талап етті. Оқу пәндерін іріктеп таңдауда негіз болатын нәрсе - баланың қызығушылығы, талабының болуы. Бала "Бұл не үшін қажет?" деген сұрақтарға жауап бере алатындай болуы тиіс. Бала психологиясына жетік Руссоның көрсетуінше, баланың ынтасы, қызығушылығы ең алдымен өзінің айналасын қоршаған дүниеге байқағанына бағытталады, сондықтан ең алғашқы пәндер география, астрономия, табиғаттану болуы керск. Мұнан кейін Руссо осы пәндерді оқытудың ерекше бір әдістемесін бағдарлап, түсіне білуіне негізделді. Руссо шығармаларында оқушыларды ғылыми шындықты ашушы, тіптен компасты ойлап шығарушы т. б. осы сияқты зерттеуші ретінде суреттеді. Бұл жерде Руссоның осындай бала табиғатын тым асыра дәріптеушілігін ескермегенде, бала дербестігін дамыту әдісі арқылы схоластикалық мектептің методикасына оның күшті тойтарыс бергенін көреміз. Оның ойынша оқу ештеңені де жаттатпау, бүкіл білімді баланың өз бетінше бақылап, ой таразысына салуы арқылы меңгерту деген мәселенің төңірегінде болды.

Руссо дидактикасының негізі баланың өзіндік әрекетін, зеректігін, зейінділігін, байқампаздығын дамыту мақсатын көздеді. Барлық оқылатын пәндер мейлінше көрнектілікпен баланың қабылдауына бейімделуі тиіс. Руссоның талап етуінде "көрнекілік" деген тек әдеттегі: суреттер, картиналар, приборлар т. б. ғана емес, ол - табиғаттың өзі, тікелей өмірдегі деректер. Сондықтан романның кейіпкері Эмильдің сабақтары сыныпта емес, табиғат аясында жүргізілген. Руссо осылай жүйелі білім мен ғылымды жеткілікті бағалай алмаса да, Эмильдің шашыранды түрде меңгерген білімдерін өмірмен, практикамен байланыстыруы, сөз жоқ, оның педагогикасындағы жаңа, соны бағыт еді.

Руссоның әдеби және педагогикалық мұраларында дене еңбегі адамнан ажыралмайтын, оның негізгі борышы делінді. Сондықтан, оның пікірінше, бостандықтағы адам қолөнершілік және ауыл шаруашылық еңбегінің салаларын, әр түрлі еңбек мамандықтарын меңгере білуі тиіс, сонда ғана ол өзіне тамақ та табады, өзінің бостандығын да қорғай алады. Осыған байланысты Эмиль әр түрлі қолөнеріне үйретіледі, өздігінше тұрмыс құруға үйренеді, еңбек адамын сыйлауға, еңбекті, еңбекке негізделген демалысты бағалауға дағдыланады. Руссоның суреттеуінше және педагогикалық жағынан қорытуынша Эмиль еңбек үстінде шыныққан, енді оған азғындаған феодалдық цивилизацияның ықпалы қауіпсіз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАН ЖАК РУССОНЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ ІЛІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨЗҚАРАСТАРЫ
Француз материалистері мен ағартушыларының педагогикалық көзқарастары
Руссоның педагогикалық теориясы мен көзқарастары
Қоғамдық келісім теориясы қоғамның мәні және пайда болуы туралы (XVII-XVIII ғасырлар)
Педагогика тарихы пәнінен лекция тезистері
Иоганн Генрих Песталоццидің педагогикалық теориясы
ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАҢДАҒЫ ТӘРБИЕ, ОҚЫТУ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕР
И. Г. Песталоццидің педагогикалық қызметі мен теориясы
Оқытудың жаңа әдісінің қажеттілігі
XVII – XVIII ғасырлардағы демократиялық педагогиканың дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz