Топырақ түрлері. Қазақстанның таулы аудандарының топырағы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Топырақ түрлері. Қазақстанның таулы аудандарының топырағы

І. Әлемнің топырағының таралуы

ІІ. Қазақстанның таулы аймақтарының топырақтары

ІІІ. Қазақстандағы топырақ түрлері

І. Әлемнің топырағының таралуы

Жер шары құрлығында тегістік және таулық топырақтар тараған. Тегістік топырқтары 6 географиялық топқа біріктіріледі.

I топқа полярлық белдеудің топырақтары кіреді, полярлық тундра және полярлыға таяу тундраның глейлі топырақтары. Олардың кескінінде бұзылу үрдісі сәл дамыған, жиектері жұқа және онда айқын тоңды құбылыс белгілірі бар. / Скандинавия елдері мен Канада/.

II-III топтарға қоңырсалқын жайлы /бореалды/ аймақ топырақтары кіреді, олар тау жыныстарының сиалитті бұзылу жағдайында дамыған; Топырақ құралуында маусымдық ырғақ басым, кескіні жақсы дамыған; кейде тіпті қарашірінді шоғырланған. Топырақтары: күлгін, шымды күлгін, тоңды тайгалы /бореалды/, қоңыр, сұр ормандық топырақтар, прерилік қара топырақ / баріалдыға таяу /, қара, қара қоңыр, қоңыр, сұр-қоңыр топырақтар/аридті обылыстар/. Қоңыржай белдеудің мухиттық ылғалды өлкелерінде қоңыр орман топырақтары кең тараған. / Батыс Европа, Шығыс Азия мен Оңтүстік Америкада тараған/.

IV топқа тропикке таяу белдеу топырақтары кіреді, олар қызыл, сары, сары - күрең субтропикалық ормандар және қызғылт қара субтропикалық прерилер топырағы, сұр-күрең субтропикалық дала топырағы, құба субтропикалық шөл дала және жартылай шөл топырақтары /Батыс Европа, Шығыс және Таяу Азия, Африка мен Солтүстік Америкада тараған/.

V топ тропикалық белдеу топырақтарын біріктіреді онда экваторлық ормандардың фералит топырағынан бастап, шөлділеу /биік шөптесінді / саванналардың қызғылт-қоңыр топырағына дейін /Орталық Африка, Оңтүстік Азия, Австралия, мен Оңтүстік Америкада/ тараған.

VI топ ішкі аймақтың топырақ типтерін біріктіреді, ол үш қара топырақ типтерін қамтиды: шымды корбанатты /рендзиндер/, тропикалық қара және далалық шабынды қара топырақтар.

Таулы облыстарға негізінен терістікте тараған топырақтар тән, бірақ мұнда өзгеше биік таулы шалғынды топырақтар дамыған.

Бұрынғы КСРО территориясы 15 агротехникалық зоналарға бөлінген, олар солтүстіктен оңтүстікке қарай орналасып, ендік бағытта /батыстан шығысқа қарай/ созылып, ретті, кең белдеулі жайғасқан: полярлық тундра зонасы, солтүстік тайга зонасы, орталық тайга зонасы, оңтүстік тайга зонасы, қоңыр топырақты орман зонасы, орманды дала зонасы, дала зонасы, құрғақ дала зонасы, қоңыржай белдеудің шөлейт зонасы, шөл зонасы, тау етегіндегі жартылай шөлді зона, субтропиктік белдеудің шөлді зонасы, субтропиктік тау етегіндегі жартылай шөлді зона, субтропиктік бұталы дала және құрғақ орманды зона, субтропиктік ылғалды орман зонасы.

Олардан өзге 5 таулы облыстары бар. (Розов, 1973) . Карпат-Кавказдық (жылы, ылғалды)

Орта Азиялық (құрғақ, жылы)

Оңтүстік Сібірлік (суық, ылғалды)

Солтүстік Сібірлік (өте суық, орташа ылғалды)

Камчаткалық-Курильдік (өте ылғалды суық)

Бұл өңірлердің топырақ зоналары - тау беткейлерінде биіктік бағытта құралған.

ІІ. Қазақстандағы топырақ түрлері

Қазақстанда өзге елдерде кездесетiн топырақ түрлерiнiң түгелдей дерлiгi тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейiн бар, тек ылғалды субтропик белдемiне тән топырақ қана жоқ.

Солтүстік Қазақстандағы Батыс Сiбiр ойпатынан оңт-тегi Алатау өңiрлерiне дейiнгi аралық 1500 - 1600 км, Батыстағы Атырау алқабынан Алтай тауларына дейiнгi 3000 км-ге жуық өңiрлердi әр түрлi топырақтар жамылғысы басқан. Бұл топырақ жамылғысының әр аймақтарда түзiлiп, орналасуы геогр. белдемдiлiк заңына байланысты. Мыс., Қазақстанның 86% жерiн алып жатқан жазық алқаптарында климаттың, топырақтың солт-тен оңт-ке қарай өзгеруi көлденең белдемдiк заңына сәйкес өзгерсе, Қазақстанның 14% жерiн алып жатқан оңт., оңт. -шығыс таулы алқаптарында - тiк белдемдiк (биiктiк белдеулiк) заңына сәйкес болады.
Жазық алқап топырағы. Ауд. 235 млн. га. Қазақстанның жазық аймақтарында солт-тен оңт-ке қарай мынадай топырақ белдемдерi кездеседi: 1) республиканың қиыр солт-н орманды дала белдемi алып жатыр. Негiзiнен бұл жерлер Батыс Сiбiр ойпатында орналасқандықтан жер бетi жазық, ойпатты, сондықтан орманның шайылған сұр топырағы мен шайылған сiлтiсiзденген қара топырағы тән. Бұл аймақтың топырақтары құнарлы, негiзiнен жаздық бидай егiледi. Қалған жерлерiн орман, шабындық пен жайылымдар алып жатыр. Ауд. 400 мың га; 2) осы белдемнен оңт-ке қарай даланың қара топырақты белдемi (Жалпы Сырттан Ертiс өңiрi жазықтығына дейiн 2000 км-ге созылған) жалғасып жатыр. Аум. 25, 7 млн. га, оның 15 млн. га-сы жыртылған жерлер, негiзiнен астық дақылдары егiледi. Қара топырақты белдем солт-тен оңт-ке қарай 2 белдем аралығына бөлiнедi: кәдiмгi қара топырақты белдем аралығы Батыс Сiбiр ойпатының оңт-н Сарыарқа өңiрiнiң және Жайық биiк шығыс жазығының солт. бөлiктерiн қамтып (енi 100 - 140 км-дей), батыстан шығысқа созылып жатыр. Аум. 11, 8 млн. га. Жер бетi жазық, топырағы құнарлы, негiзiнен астық дақылдары егiлiп, еттi-сүттi мал өсiрiледi; оңтүстiктiк қара топырақты белдем аралығы - кәдiмгi қара топырақты белдем аралығының оңт-н бойлап батыстан шығысқа созылып жатыр, енi 50 - 125 км-дей, аум. 13, 9 млн. га. Жер бетi жазық, топырағы құнарлы. Бұл негiзiнен ылғалы жеткiлiктi, дәндi дақылдар егуге қолайлы жерлер. Құрғақшылық әрбiр 7 - 9 жылда бiр-екi рет қайталанады.

Республиканың оңт. бөлiгiндегi шөлдi белдемге дейiнгi орт. аймақты құрғақ-далалы және шөлдi-далалы қара-қоңыр топырақты белдем алып жатыр. Аум. 90, 5 млн. га, яғни республика жерiнiң 33, 2%-ы. Мұнда солт-тен оңт-ке қарай 3 белдем аралығына бөлiнедi: күңгiрт қара-қоңыр топырақты белдем аралығы - қоңыржай қуаң дала, мұнда жыл сайын егiннен тұрақты өнiм алынбайды. Топырақтағы қара шiрiк мөлш. 3 - 4%-дай. Аум. 27, 7 млн. га. Топырақ құнары жап-жақсы болғанымен құрғақшылық әрбiр 3 - 4 жылда бiр қайталанып болып тұрады. Соңғы 10 жылда бұл белдем аралығындағы жыртылған жер көлемi оларды пайдаланудың тиiмсiздiгiнен, бұрынғы 10 млн. га-дан 3 - 4 млн. га-ға азайтылған; жай қара-қоңыр топырақ орын алған алқаптың аум. 24, 4 млн. га. Топырақтың беткi қабатындағы қарашiрiк мөлш. 2 - 3%. Құрғақшылық кейде жыл сайын, кейде 2 жылда бiр рет қайталанады, сондықтан суарылмайтын егiншiлiкпен айналысу тиiмсiз, ал суару үшiн тұрақты су көздерi жоқ. Тың игеру кезiндегi асыра сiлтеушiлiкпен бұл белдем аралығында астық үшiн игерiлген 4 - 5 млн. га жерге соңғы 10 - 12 жылда егiс егiлмейтiн болды, тек аз ғана малазықтық жем-шөп егiлетiн жерлер қалдырылды. Мұнда соңғы жылдары тек мал өсiрiледi; ашық қара-қоңыр топырақты белдем аралығы - өте қуаң шөл (шөлейт) дала, негiзiнен мал ш-на жарамды. Аум. 38, 4 млн. га.

Шөл дала белдемiнiң аум. 119, 4 млн. га, немесе республика аумағының 44%-ы. Мұнда 2 белдем аралығы бар. Қоңыр топырақты белдем аралығы - шөлдi аймақ, оның жусаны мол, жайылымы жұтаң жерлер. Аум. 57, 4 млн. га. Жылдық жауын-шашын мөлш. 120 - 150 мм. Топырақтың беткi қабатындағы қарашiрiк мөлш. 1 - 1, 5%. Сұр қоңыр топырақты белдем аралығы шөлдi аймақ, жусан мен эфемерлi өсiмдiктер басым. Аум. 61, 8 млн. га. Жылына түсетiн жауын-шашын мөлш. 80 - 130 мм. Топырақта қарашiрiк мөлш. 1%-дай. Алқапта құмды, тақыр, сор жерлер жиi кездеседi. Бұл жерлерде мал ш. дамыған, егiншiлiк суармалы жерлерде ғана шоғырланған.

ІІІ. Қазақстанның таулы аймақтарының топырақтары

Қазақстан территориясында жазық жерлердің көлемі таулы алқаптармен салыстырғанда көп. Дегенмен республиканың шығысы мен оңтүстік шығысында біраз жерлерді таулар алып жатыр. Олар - Шығыс Қазақстандағы Алтай таулары, Алматы облысының оңтүстігіндегі Жоңғар және Іле Алатаулары, Жамбыл облысындағы Қырғыз Алатауы, Оңтүстік Қазақстандағы өгем, Қазығұрт пен Қаратау таулары. Енді Іле Алатауы мысалында тау етегінен жоғарыланған сайын топырақ түрлерінің сипаттамасына тоқталайық. Себебі Іле Алатауы биік, онда табиғаттың белдеулік зоналары түгел кездеседі. Бұл жайындағы алғашқы толық мәлімет Аболиннің (1930 ж. ) Ленинградта шыққан «Балхаш өңірінің шөл даласынан Хан Тәңірінің қарлы биіктігіне шейін» деген классикалық еңбегінде келтірілген. Сондықтан топырақтың биіктік зоналығы жайындағы халықаралық жиналыстар мен экскурсиялардың Алматы аймағында өтетіні тегін емес.

Биiк таулы аймақтың топырағы республиканың оңт. -шығысын алып жатыр. Аум. 37 млн. га, республика жерiнiң 14%-ын құрайды. Қазақстанда топырағы мен климаты жағынан ерекшеленетiн 4 биiктiк белдеу бар: 1) тау етегiндегi шөлдi-далалы белдеу теңiз деңгейiнен 450 - 750 м (кейбiр аймақтарда 300 - 1000 м) биiктiкте орналасқан. Тянь-Шань тау етектерiнде негiзiнен сұр, Батыс Тянь-Шань тау етегiнде сұр-қоңыр, Солт. Тянь-Шань мен Алтай таулары етектерiнде ашық қара-қоңыр топырақ таралған. Бұл жерлерде суармалы және тәлiмi егiншiлiк және мал ш. дамыған. 2) Аласа таулы дала белдеуi - әр түрлi таулы аймақта 600 - 2200 м биiктiкте орналасқан алқап. Алтай мен Солт. Тянь-Шаньда таудың күңгiрт қара-қоңыр және қара топырағы таралған. Ал Бат. Тянь-Шаньда (Оңт. Қазақстанда) сұр қоңыр және таудың қоңыр топырағы басым. Қарашiрiк мөлш. 10 - 15%-дай. Жайылымы - шүйгiн, ағашы қалың алқап, мал ш. жақсы дамыған. 3) Орташа таулы орманды-далалы және шалғынды-орманды белдеулерi әр түрлi таулы аймақтарды 1000 - 2500 м-ге дейiнгi деңгейдi қамтиды. Негiзiнен таудың шайылған, сiлтiсiз қара топырақтары мен орманның сұр топырақтары және таулы-шалғынды топырақ тараған. Бат. Тянь-Шаньда таудың қоңыр, Алтайда күлгiн топырақтар түзiлген. Жайылымы - шүйгiн, орман ш. жақсы дамыған. 4) Биiк таулы альпiлiк, субальпiлiк шалғынды және қарлы-мұзды белдеулерi Батыс Тянь-Шань мен Алтай аралығындағы биiк таулы аумақтардың 1800 - 3800 м кейде одан да биiк деңгейлердi алып жатыр. Топырағы альпiлiк, субальпiлiк, шалғынды-шымды. Көпшiлiк жерi топырақсыз тасты шыңдар мен мәңгi мұз, қар басқан шыңдардың үлесiне тиедi. Шалғынды жерлерi - жазғы жайлау ретiнде пайдаланылады.

Таулы алқаптарды ені әр жерде әр түрлі, батыстан шығысқа қарай созылған тау етегіндегі шөлді дала зонасы - белдеуі орын алған. Жазықтағы шөлді-дала зонашасына қарағанда тау етектерінде жатқандықтан, бұл аймақтың табиғи жағдайы өзгеше келеді. Бұл белдеу - таулық белдеулік зоналығының ең төменгі сатысы. Сондықтан бұл алқапты пайдалану жағдайы да басқаша.

Тау етегіндегі шөлді далалы аймақтағы ылғал мөлшері жазық территориядағы шөлді-дала зонасына қарағанда әлдеқайда мол. Ылғалдың орташа мөлшері 250-360 мм-ге дейін жетеді. Ылғал көбінесе жылдың көктемгі және қысқы айларында түседі де, жаз, күз айлары құрғақ болады. Бұл аймақта қысқы, көктемгі ылғалды дұрыс пайдаланып, ерте пісетін астық дақылдары - күздік және жаздық бидай, арпа егіледі. Ал суармалы жерлерде астықтан басқа бағалы дақылдар: қант қызылшасы, мақта, жүгері, беде мен көкөністер, бау ағаштары мен жүзімдіктер, темекі жақсы өседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орманды дала зонасы
Азияның өсімдік жамылғысына сипаттама
Қазақстанның климатына әсер етуші факторлар
Ақмола болысының іргетасы
Шығыс Қазақстан аумағының геоглогиялық құрылымы
Шығыс Қазақстан облысының топонимдер қалыптасуындағы рөлі
Сұлы дақылының технологиясы
Облыс бойынша ауа температурасының өзгеруі
Ауданның ірі өзендері
Қазақстан топырақ типтері және оны тиімді пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz