Ы. АЛТЫНСАРИН ХАТТАРЫ - ҚҰНДЫ ДЕРЕК


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ы. АЛТЫНСАРИН ХАТТАРЫ - ҚҰНДЫ ДЕРЕК

Амантай АқботаҚалбергенқызы

Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті

Ғылыми жетекшісі: Еришева Толкын Амантаевна

В статье рассматриваются взгляды, высказанные И. Алтынсариным в его письмах. Письма И. Алтынсарина дают много информации из жизни общества того времени. В письмах в основном обсуждались вопросы образования и науки.

Ключевые слова: письма, образование, школа.

The article examines the views expressed by I. Altynsarin in his letters. The letters of I. Altynsarin give a lot of information about the life of society at that time. The letters mainly discussed issues of education and science.

Keywords:letters, education, school.

Ыбырай Алтынсариннің кейінгі ұрпаққа қалдырған мұраларының ішінде хаттарының маңызы орасан зор. Ы. Алтынсариннің хаттары - ағартушының өмірі мен педагогтік, ағартушылық қызметінен мол ақпарат беретін құнды дерек.

«Ыбырай қалдырған мұралардың құнды бір саласы - оның хаттары. Жазушының хаттары - үлкен суретшісінің зор бейнесін айқындай түсетін мәнді еңбектер. Бұлар, әсіресе, ақынның дүниеге көзқарасын, қоғамдық ойларын, әлеуметтік бетін, саяси бағытын айқындау үшін қажетті материал» [1, 833 б. ] .

Қазақ даласында білім беру ісінің негізін қалаған ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы қазіргі кезеңге дейін әр қырынан ғылыми зерттеулерде талданды. Ы. Алтынсариннің хаттарының мазмұныХ. Сүйіншіәлиевтің [1], Н. Ғабдуллиннің [2], С. Оспановтың [3], П. Сүйінкина мен М. Нұртазаеваның [4] еңбектерінде қарастырылған.

Ы. Алтынсарин өз хаттары арқылы айналасында орын алып жатқан жайттар мен қоршаған ортаға деген көзқарасын, сондай-ақ туған халқының келешегі туралы ой-арманын білдіріп отырды. Ағартушының мазмұны аса терең қай хаты да оңай оқылады. Əрбір хат ойыңа ой қосып, сол кездегі қоғам өмірінен сыр тартады. Ыбырайдың хаттарында мектеп ашу, оқыту əдістері, оқытушыларға қамқорлық жасау сияқты мəселелер үнемі кең көлемде сөз болады [5, 62 б. ] .

Ыбырайдың Н. И. Ильминскийге, А. А. Бобровниковке, Е. С. Ильминскаяға, В. В. Катаринскийге, А. А. Мозохинге, Ф. Д. Соколовқа жазған хаттарының бәрінде дерлік қазақ балаларының, қазақ мектептерінің, елдің қамы, оқу-ағарту ісі, мектеп ашу, оқулық жазу, тәлім-тәрбие мәселелері сөз болды.

Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің жазған хаттарынан оның «зор адамгершілік келбетін»көруге болады. Ақтөбе екі сыныптық орыс-қазақ мектебінің мұғалімі А. А. Мозохинге жазған бір хатында: «Я, айтпақшы, мен Сізге бір кішкене сөгіс берейін деген едім, - деп жазады. - Сіз маған жазған хатыңызды «Ұлы мәртебелі» деп лауазымнан бастайтын сұмдығыңыз не? Достар арасында және олардың хаттарында лауазым айтылушы ма еді? Ондай сөздермен мені ендігәрі ұялтып, қызартып жүрмеңіз, әйтпесе мен де Сізге хатымды «сіздің ұлы мәртебеңізге» деп бастайтын боламын». Бұл хаттан біз Ы. Алтынсариннің кішіпейіл адам болғанын байқай аламыз.

Ы. Алтынсариннің хаттарының арасында Н. И. Ильминскийге жазған хаттарының маңызы ерекше. Қазір бізге белгілі Ы. Алтынсариннің Н. И. Ильминскийге жазған 29 хаты бар, солардың алғашқысы 1860 жылдың 22 шілде күні Торғайдан жазылған. Соңғысы 1889 жылы 6 наурызда жазылған екен.

Ы. Алтынсарин қазақ даласындағы ұлттық мектептердің негізін қалаған тұлға. Барлық саналы ғұмырын қазақ халқының көзін ашуға арнады. Н. И. Ильминскийге жолдаған бір хатында: «Мен балаларды оқытуға «қойға шапқан аш қасқырдай» қызу кірістім», - деп жазады. Ағартушы алдына биік мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолында қиындықтарға төтеп берді. Тек жаратушыдан ғана көмек сұрағанын хаттары дәлелдейді. 1884 жылғы 14 қыркүйекте Н. И. Ильминскийге жазған хатында: «Ал енді құдай басыма не салса да мен күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойымнан, талабымнан еш уақытта да қайтпаймын. Құдайым тек адам баласының жауыздық қылықтарына қарсы тұруға, нахақ жала-жапсардың күйігінен арманда кетпеуге дем берсін», - деп Алла тағаладан медет сұрайды [3, 11 б. ] .

Ыбырай оқушының бойында жақсы қасиеттерді тәрбиелеуге үлкен мән берген. Н. И. Ильминскийге 1864 жылы 16 наурызда жолдаған хатында «Кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік жағынан да әсер етуге бар күшімді салып отырмын», - деп жазады. Бала тәрбиесіне қатысты хаттарында жазған пікірлері қазіргі қазақ қоғамы үшін әлі көкейтесті болып отыр.

Ы. Алтынсариннің мектеп туралы ХІХ ғасырда хаттарында жазған ойлары әлі өзектілігін жойған жоқ. «Ал біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы, тек қана осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы (бір жөні тәуір) білім беретін болсын, артта қалған халықты мектепке қызықтырып тарту үшін мектеп бітіргендерге не жөнінен болса да артықшылық берілетін болсын, сонда ғана оқушылардың саны ешбір күмәнсіз өте тез өседі. Осылай еткенде ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады . . . ». Ыбырайдың бұл ой-мақсаттары қазір де маңызды, елімізде бəсекеге қабілетті мамандар дайындау, білім-ғылымды дамыту, интеллектуалды ұлт қалыптастыру Президент жолдаулары мен мақалаларының, «Қазақстан-2050» стартегиясының басты мәселелерінің бірі.

Ы. Алтынсарин хаттарының ішінде түрлі тақырыптар қозғалады. Мәселен, 1886 жылы 9 қазандағы Ф. Д. Соколовқа жолдаған хатында тері бояу үшін Ыбырай «Кермек» деген шөп іздеп тапқанын, бұл шөптің Түркістан өлкесінен әкелініп жүргенін ескертіп: «Кермекті» алдыру туралы Алекең судьяға жазыңыз, оған бұл жөнінде өзім де айтқанмын, - дейді. Ұлы ағартушының Алекең деп отырғаны - Алмұхамет Сейдалин. Ыбырай хаттарында Тілеу Сейдалин, Алмұхамет Сейдалин деген кісі аттары жиі ұшырасады [6, 294] .

Ыбырай 1889 жылы 15 маусымда В. В. Катаринскийге жазған хатында ауырып жүргенін, дәрігерлер қарап, дәрі-дәрмек беріп емдеп жатқанын алайда, жағдайы әлі жақсара қоймағанын айтып: «Өзімді бір Құдайға тапсырдым, тағдырда жазылғаннан артық ештеңе болмайды ғой», - деп жазады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресми құжат тілінің функциональдық формасы жазба тілі
Жеке мұрағат қорларының қалыптасуы және дамуы
Б.С. Сүлейменовтің өмірі мен ғылыми мұрасы
Ы. Алтынсариннің әңгімелеріндегі педагогикалық - психологиялық идеялар
Ыбырай Алтынсариннің еңбектеріне психологиялық тұрғыда талдау жасау
Ыбырайдың бар өмірін жастарға білім беруге арнауы
Орыс Географиялық Қоғамы
Қазақ халқының ақын-күйшілері
Б.Сүлейменов тарихшы ғалым және оның ғылыми мұралары
«Деректану теориясы» пәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz