Қазақстандағы рухани жаңғыру үерістерінің әлеуметтік - мәдени аспектілері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстандағы рухани жаңғыру үерістерінің әлеуметтік -мәдени аспектілері
Тарихқа үңілсеңіз, әр елдің кемел келешекке ұмтылу жолындағы ізденістері әртүрлі. Әлем мойындаған, тарихи тамыры мықты, жасампаз ұлтқа айналу - сол мемлекетті құраушы кез келген халықтың арман-тілегі. Осындай үлкен жауапкершілік, ұлы мұраттар жолында жаңа идеялар бой көтереді, ізденістер мен жаңаша мақсат-мүдделер тоғысады.

Egemen Qazaqstan

Қазақстандай жас мемлекет үшін өркениетті елдердің қатарына қосылу, қосылып қана қоймай жаһандану процессінде көшбасшы елге айналу міндеті тұрды. 25 жылдық кезеңді артқа тастаған жас мемлекет өнер мен білімде, мәдениет пен әдебиетте, ғылым мен жаңа технологияларда, медицина мен спортта, саясат пен экономикада үлкен ізденістерді басынан өткерді. Болашағы айқындала бастаған ел экономикалық жолын нақтылап, саясат пен руханият көкжиегін кеңейтіп, өнер-білімін өркендетті, медицинасын жаңартып, білім-білігін арттырды. Жаңа инновацияларға бет бұрып, озық технология тілін меңгерді. Барлық салада жасарып, жаңарған елдің алдына енді өзге де мұраттар шықты. Танымалдығы ұлғайып, әлем елдерінің алдындағы беделі артқан Қазақстандай жас мемлекет үшін енді халқының ұлттық тұрғыда жаңғырып, жасампаз, жаңашыл елге айналуы керек-ті. Ел президенті Н.Назарбаев өз халқының дәл бүгінгі таңда сусап отырған осындай қажеттілігін тамыршыдай тап басты. Мемлекет басшысының Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласының бүкілхалықтық қолдауға ие болуының сыры да осында. Жаңа тұрпатты Қазақстанға қажеті Елбасымыз айтқан ұлттық код еді. Расында, ұлттық кодсыз рухани жаңғыру жоқ. Президент Қазақстан халқына жыл сайын өзінің Жолдауын үндейді. Талай жылдардан келе жатқан бұл үрдіс Қазақстанның жолбастаушысы қызметін атқарды. Осындай нақты бағыт-бағдар жас мемлекетті экономикалық салада, әлеуметтік ортада, саяси кеңістікте үздік нәтижелерге жетеледі. Елді сауатты стратегиялық жоспарлармен алдыңғы қатарға шығару, саяси-экономикалық тұрғыда тұрақты елге айналдыру кез келген басшының қолынан келе бермейтін шаруа. Ендеше бұл мәселеде ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз халқы үшін еткен еңбегін, төккен терін сараптай беріңіз. Толағай табыс, биік абыроймен көшбасшылық сапқа іліккен мемлекет үшін енді жаңа көкжиектер көрінді.
Ол әрине, ең алдымен, ұлттық идея, ұлттық код, рухани жаңғыру. Бұл дегеніңіз , Елбасы айқындап бергендей: ... ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыс - ты - рып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл - тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле - сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр - намасы. Латын графикасына көшу, 100 кітап, 100 есім идеяларның қолға алынып, іске асырыла бастауы да рухани жаңғырудың бастауы. Латын графикасы әу бастан қазаққа жат емес. Оның қолданысқа енуі үлкен жеңіс. 100 кітап жаңа қаламгерлердің, жас қаламгерлердің қатарын көбейтеді, қазақ әдебиеті, мәдениеті мен ғылымының тынысын кеңейтеді. Ал, 100 есім елдегі жаңа жұлдыздардың жарқырауына мүмкіндік. Ол жұлдыз әр саладан, әр өңірден жарқырайды. Яғни, бәсекеге қабілетті, талантты, идеяға бай, бойындағы жігері жалындап тұрған кез келген қазақстандыққа танымал болудың, ісін, идеясын алға ілгерлетудің жаңа мүмкіндігі. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру адамзаттың рухани кемелденуіне арналған жоба.
Елбасымыздың сарабдал саясаты ұлтты тағы бір мәрте марқайтты. Ұлттық идея қазақстандықтарды бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық жолмен дамуы секілді ұлы мұраттар жолында тоғыстырды. Ендігі жерде Қазақстан халқы замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыруға ұмтылады.
Бәсекеге қабілеттілікті біз бұған дейін экономикалық тұрғыда озық болу, саяси тұрғыда алғыр болу өлшемімен таразылап келсек, енді бұл бәсекеге қабілеттілік таза адами факторлармен сараланатын кезеңге аяқ басты. Біз енді табиғи қазба байлықтарымызбен емес, интеллектуальдық қабілет қарымымызбен бәсекелесетін боламыз. Бұл болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қа - бі - летімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақ - стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, ком - пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә - дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана - тында. Сол себепті, Цифрлы Қазақстан, Үш тілде білім беру, Мәдени және конфессияаралық келісім сияқты бағдарламалар - ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы-деген сөз.
Елбасы өз мақаласында баса айтқан тағы бір мәселе, қазақ халқына ауадай қажет прагматизм. Прагматизм - өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі - орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді. Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану - мінез-құлықтың прагматизмі деген осы. Бұл - заманауи әлемдегі бірден-бір табысты үлгі. Ұлт немесе жеке адам нақты бір межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең іске аспақ түгілі, елді құрдымға бастайтын популистік идеологиялар пайда болады. Бұл мәселеде де білім алдыға шығады. Білім-білігі озық ұлт қана көшбасшыға айналады. Мейлі, ол мәдениет пен өнер-білімде болсын, мейлі, ол ғылымда болсын көкірегінде нұр, жүрегінде сәуле болмаса бәсекеге қабілетті болу қиынның қиыны.
Рухани жаңғырудың Елбасы атап көрсеткен, Ұлттық бірегейлікті сақтау бөлімінде ұлт үшін қажет өте өзекті жайлар қамтылған. Өркениет көшіне ілесуді әр мемлекет әрқалай, өзінің ұлттық құндылықтарына қарай лайықтап алады. Бүкіл ізгілік әлем халықтарына ортақ, жер шарын мекендейтін бүкіл ел тарих бетінде ең әдемі естеліктермен, ең ізгі істерімен қалғысы келеді. Ол бірақ біреудің қолынан келеді, ал, енді бір ұлт шынайы өмірге әділетті қарау теориясынан ауытқиды. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй - лері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні - бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана.Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мей - лін - ше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді.
Мәдени мінез-құлықты қалыптастырудың негізі
Мінез-құлық мәдениетінің әдеттері мен дағдыларын тәрбиелеу жөніндегі бағытты, жүйелі жұмыс балалардың мектепке келісімен басталады. Бастауыш сыныптарда мұқияттылық пен жинақтылықтың, сыпайылылықтың, дәлдіктің негіздері қаланады. Жақсы мінез, өзін мектепте, үйде, көшеде және қоғамдық орындарда мәдениетті ұстай білу әдеттері бойға сіңеді. Егерде мәдениетті мінез-құлық нормалары балаларға өте жас кезінде үйретілмеген болса, кейініректее оның орнын толтыру үшін әлдеқайда күрделі жұмыс атқаруға тура келеді, теріс әдет дағдыларға ие болған баланы қайта тәрбиелеу керек болады. Балалардың бойында бұл саладағы ең қарапайым деген әдет-дағдылардың болмауы мәдени мінез-құлықтың әдептілік, сыпайыгершілік, еркіндік, қимыл әсемдігі сияқты күрделі көріністерін тәрбиелеуді мейілінше қиынға түсіреді.
Мінез-құлық мәдениеті адамның ішкі мәдениетімен, эстетикалық талаптарымен, жалпыға ортақ бағыттармен және дәстүрлермен тығыз байланасты. Ішкі мәдениет көп ретте адамның сыртқы тәртібін анықтайды, алайда сыртқы мінез-құлық та ішкі мәдениетке әсер етіп, адамды ұстамды, іштей жинақы болып өзіне-өзі ие бола білуге бастайды.
Оқушылармен жұмыс кезінде алдымен мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін игеруге назар аудару керек. Ал бұған оқушыларды тиісті ережелерді тұрақты тұрде орындатқызып отыру арқылы қол жетеді.
Мінез деп адамның жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиенің әсерімен қалыптасып, оның ерік күшінен, өзіне және қоршаған өмірге қатынасынан байқалатын күрделі психикалық процесті айтамыз.
Адамның мінезі оның барлық қимыл-әрекетіне, қызметіне әсер етеді. Оның сырын терең талдай отырып, адамныц өмір тіршілігіндегі қиын қыстау жағдайлардағы күресетін, жолдарын іздеу ерте дүниедегі ғалымдардың зерттеулерінде де бар болатын.
Мінездің қалыптасуына ең негізгі әсер ететін объективтік факторлар -- қоғамдық орта, тәрбиелеу, оқыту.
Мінез басқа психикалық процестер сияқты объективтік дүниедегі заттар мен құбылыстардың адамның сезім мүшелеріне әсер етуі нәтижесінде қалыптасады. Мұнда ең негізгі шешуші факторлар -- тәрбие, оқыту, қоғамдық орта.
Мінездің физиологиялық негізіне жоғары нерв қызметінің тума қасиеттер мен өмір жағдайларының әсер етуі нәтижесінде қалыптасқан мидағы уақытша нерв байланыстары жатады.
Бірақ мінез ерекшеліктерінің қалыптасуында биологиялық факторлардан гөрі тәрбиенің ролі күшті. Бұл жөнінде академик И.П.Павлов: адамның мінез-құлқының бейнесі нерв жүйесінің туа біткен қасиеттеріне ғана байланысты болып қоймайды. Сонымен бірге организмнің жеке өмір сүру барысында болатын ықпалдарға да байланысты, демек, кең мағынасында айтқанда, үнемі тәрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да байланысты болады.
И.П.Павлов өзінің жоғары нерв қызметі туралы ілімінде адамның мінез ерекшеліктері оның өмірлік әсерін, ой-түйінін білдіретін жоғары нерв қызметінің типтік ерекшеліктері мен уақытша нерв байланыстары жүйесінің құйындысы деп түсіндірген болатын.
Жоғары нерв қызметінің типтік ерекшеліктері мен динамикалық стереотип әр уақытта бір бірімен байланысты болып, бірін-бірі толықтырып тұрады. Өйткені: 1) динамикалық стереотиптің жылдамдығы тұрақтылығы жоғары нерв қызметінің тума типтік ерекшеліктеріне байланысты; 2) өмір тәжірибесінің нәтижесінде қалыптасқан динамикалык стереотип жоғары нерв қызметінің типтік ерекшеліктеріндегі кемістіктерін жөндеуге жәрдем етеді.
И.П.Павловтың айтуы бойынша динамикалық стереотиптің қалыптасуы өмірдегі заттар мен құбылыстардың күшіне, маңыздылығына, жаңалығына және адам нерв жүйесінің жеке типтік ерекшелігіне, адамның хал-жағдайына байланысты. Мидағы уақытша нерв байланыстарының оңай немесе қиын тұрде қалыптасуы адам нерв жүйесінің типіне байланысты.
Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың әсерімен пайда болған мидағы уақытша нерв байланыстары, олардың күрделі жүйелі тұрде қалыптасуы -- дикамикалық стереотип және нерв жүйесінің типтік ерекшеліктері мінез-құлықтың физиологиялық негізі болады.
Ерте дүниедегі ойшылдардың айтуы бойынша қалыптасқан мінез -- адам мөрі. Шынында да адам мінезі қандай болса, оның өмірдегі іс-әрекеті де сондай болады. Мінез негізінде адамның өмір тәжірибесінен алған әсерлі нәтижесінде қалыптасатындығын бұрын да айтқан болатынбыз. Бірақ адам барлық нәрсеге бірдей жауап бере алмайды. Өзіне керекті, кажетті нәрселерге айырықша қызыға қарап, олардың мазмұнын, мәнін терең қабылдайды. Ал өзіне керексіз нәрселерге мән бермейді. Демек, адамдағы өмір тәжірибесінің қалыптасуы оның мұрат-мақсатына, арман-тілегіне, ниетіне байланысты екендігі айқын. Осыған орай адамның мінез ерекшеліктерін зерттеуде ең алдымен оның мақсатына байланысты туған қызығуын, қажеттілігін анықтап алған жөн.
Ал мінез құрамына нелер жатады. Мінез құрамына адамның сенімі, қажеттілігі, қызығуы, ақылы, ерік күші, сезімі, темпераменті жатады. Сенім деп адамның өмір мектебі және тәрбие әсерімен белгілі жағдайдағы қалыптасқан берік көзқарасын айтамыз.
Сенімнің күштілігі, тұрақтылығы адамның түсінігіне, ой-өрісіне, бір мақсаттылығына байланысты. Адамның өз әрекетіне сенімділігі оның сол әрекетінің орындалу негізіндегі тындырымдылығын, принциптілігін, тиянақтылығын байқатады. Күшті сенім адам әрекетінде алдына қойған мақсатына жету үшін батыл шешім қабылдауға, кездескен қиыншылықтарды жеңуге мүмкіндік туғызады.
Сенімнің мықты, тұрақты болуы адамның дене және ақыл-ой әрекетінің жемісті аяқталуына негіз бола алады.
Адам мінезінің ерекшеліктерін анықтауда оның неге қызығатынын, қандай нәрселерге айрықша назар аударып қарайтындығын байқау қажет. Әрине, қызығу адамның қажеттілігіне, арман-тілегіне, мақсатына байланысты мазмұны жағынан әртұрлі болып келеді. Адам қоғам талаптарына сай келетін ізгі ниетімен, талап тілегімен өз бойындағы қызығудың терең, тиянақты болуына мүмкіндік жасайды. Танымдық қызығудың саналылығы адам мінезінің байсалды, салмақты болуына әсерін тигізеді.
Эстетикалық қызығулар мінездің сынық, сыпайы, жібектей болуына өз үлесін қосатындығын байқауға болады.
Адамның қызығуы оның қажеттілігі мен тығыз байланысты болады. Қажеттілік негізінде материалдлқ және рухани болып екіге бөлінеді. Қажеттіліктің тууы, өсуі және қалыптасуы қоғамнын тарихи дамуына, Қоғамдық қатынастардың әсер етуіне, адамыың жеке талап-тілектеріне байланысты. Қоғамда адамдар қажеттілігі қоғамдық, ұжымдық, талаптарға сай келіп, мазмұны жағынан қоғамдағы негізгі жеке адамның мақсатына сай келетін эгоистік қажеттіліктен бүтіндей басқаша.
Еліміздің адамдарының материалдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Уақыт және тарих
Елбасының осы мақалада көтерген тағы бір маңызды, өзекті мәселесі - туған жерге деген махаббат
Жаһандану мен жергілікті мәдениет
Май өңірінде туризмді дамытуға арналған жобалар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНДЕРДІҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУЫ
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ИДЕЯСЫНЫҢ ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Жәнібек ауданында балалар және жасөспірімдер туризмін дамыту мүмкіндіктері
Алтын адамның монументалды кескіндемесінің маңызы
Қазақстандағы ұлттық этникалық және әлеуметтік құрылымдарының негізгі қазіргі күнгі проблемаларының зерттелуі аспектілері
Туризмді дамытудың шетелдік тәжірибесі
Пәндер