АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

КӨМЕК Ұ. Д.

Қазақ Технология және Бизнес Университеті, Нұр-Сұлтан қ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

Соңғы жылдары Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық белсенділікті жандандыру - тұрақты экономикалық өсу мен бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі жолы болып табылады. Алғашқы кезеңде бұл үрдіс қаржы құралдарының жеткіліксіздігінен тежелді және ұзаққа созылды. Сондықтан, қазіргі таңда халық шаруашылығын реформалаудағы маңызды міндеттердің бірі инвестициялық қызметтің белсенділігі және экономиканы сауықтыру мен дағдарыстан шығу талаптарына жауап бере алатын оның жаңа механизмдерін жасау болып табылады.

Ауыл шаруашылығы еліміздің экономикасында маңызды салалардың бірі болып саналғандықтан, көп жағдайда инвестициялық климатты бағалауда оның қолайсыз жақтарын айғақтайды, ал бұл өз кезегінде аймақтағы инвестицияның жеткіліксіздігі мен белсенділіктің төмендеуіне және жұмыс істейтін капитал салымдарының төменгі деңгейдегі тиімділігіне әсер етеді.

Сондықтан, нарықтық экономиканың ерекшеліктерін ескере отырып, ауыл шаруашылығында инвестициялық үрдісті қалыптастыруда әлемдік технологияларды және менеджмент пен маркетингтің озық әдістерін қолдануға негізделген, оның механизмдерін қалыптастыруда ең тиімді инвестициялық жобаларды нарықтық механизмдер арқылы дайындау ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан өзекті мәселе болып табылады.

Нарықтық экономиканың дамуы шаруашылық тұлғалардан, біріншіден, оның бәсекеқабілеттілігін ұлғайту, екіншіден, өзгермелі экономика жағдайында оның қызмет жасауындағы тұрақтылығын қамтамасыз етуді талап етеді. Жалпы қоғамның және жеке шаруашылық тұлғалардың дамуы ұлттық табыс өсімін қамтамасыз етуде ұдайы өндірістің материалдық құндылықтарына негізделеді. Осы өсімді қамтамасыз ететін құралдардың бірі инвестициялық қызмет болып табылады.

Инвестициялар - бұл ақшалай құралдар, мақсатты банк салымдары, пайлар, акциялар және басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, құрал-жабдықтар, лицензиялар, сол сияқты кәсіпкерлік қызмет нысанына салынатын несиелер, кез келген мүлік құқығы, интеллектуалды құндылықтар және тағы да басқа пайда алу мақсатындағы қызмет түрлері.

Инвестиция қызметіндегі нысан барлық салалар мен халық шаруашылығы салалары бойынша қайта құралған қорлар және айналым құралдары, құнды қағаздар, мақсатты қаржы салымдары, ғылыми-техникалық өнімдер, сол сияқты мүлік құқығы және интеллектуалды меншік құқығы болып табылады.

Инвестициялық қызмет инвестиция нарығында жүзеге асырылады, ол өз кезегінде ұдайы өндірістің негізгі қорына күрделі қаржы салымын, қозғалмайтын нарықты, құнды қағаздар нарығын, интеллектуалдық құқық және меншік нарығын, инвестициялық жоба нарығын қамтитын жеке бөліктерден тұрады.

Инвестиция нарығының жағдайы және оның бөлігі сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке сияқты көрсеткіштермен сипатталады. Көбісі өз бөліктерінде инвестиция нарығының қалыптасу кезеңінде болғандықтан, жоғарыдағы көрсеткіштер әрдайым өзгеріп отырады [1] .

Инвестиция нарығында нарық коньюнктурасын зерттеу әсіресе, инвесторлар үшін маңызды. Бұл тәуекелділік себебінен келген төмен табыс немесе инвестицияланатын капиталдың жоғалуына байланысты болады. Барлық нарықтағы сияқты, инвестициялық нарық бөлігі дамудың төрт негізгі сатысымен - коньюнктуралық көтерілу, коньюнктуралық тойтарыс, тұрақтылық кезеңі, коньюнктуралық құлдыраумен сипатталады. Барлық нарықтар үшін инвестициялық нарық құрамының сатылары бірдей емес (кесте 1) .

Кәсіпорын инвестиция нарығының коньюнктурасын зерттеу үшін оның мониторинг жүйесін құру керек. Әлемдік тәжірибеде инвестиция нарығында жұмыс істеу жүйесі дамыған, әрдайым инвестицияланатын нысанның рейтингісі жарияланып отырады. Біздің елде бұл тәжірибе енді ғана даму үстінде.

Инвестициялық нарықта макроэкономикалық зерттеу елдің инвестициялық ахуалын бағалауға бағытталған және келесідей болжамды зерттейді:

  • жалпы ішкі өнім серпінін, ұлттық табыс және өнеркәсіп өнімінің өндірістік көлемі;
  • ұлттық табысты бөлу серпіні (қор жинау және тұтыну) ;
  • жекешелендіру үрдісін дамыту;
  • инвестициялық қызметті заңды түрде зерттеу;
  • жеке инвестиция нарығын, оның ішінде, қор және ақшалай.

Экономиканың жеке салаларына инвестицияны тартуды зерттеу осы салаларға деген өнім қажеттілігін, келешегін, серпінін және коньюнктурасын зерттеумен сипатталады. Кәсіпорынның әрбір өнім түрі белгілі тіршілік циклінен, оның ішінде туылуы, өсім, кеңейту және құлдыраудан өтеді. Қоғамның қажеттілігі жеке салаларды дамытуды анықтайды, яғни олар

отын-энергетикалық кешен, машина құрылысы, көлік, құрылыс және ауыл шаруашылығы.

Салаларға инвестицияны тартуды бағалаудың негізгі көрсеткіштері ретінде екі вариантпен есептеуде қолданатын активтердің табыстылық деңгейі қолданылады:

  • қолданылатын активтердің жалпы сомасына жататын өнімді өткізуден түсетін пайда (тауар, қызмет түрлері) ;
  • қолданылатын активтердің жалпы сомасына жататын баланс пайдасы.

Салалар бойынша инвестицияны тарту барысында талдау жасау осы көрсеткіштер бойынша ретімен жүзеге асырылады [2, 3] .

Осы келтірілген көрсеткіштер бойынша зерттеу жүргізуде инвестициялық тарту несие бойынша банктің пайыздық мөлшерінің өзгеру серпінін және инфляциялық үрдісті есепке ала отырып, қарастыруы қажет. Келешекте салалардың дамуын (даму тұрақтылығы, қаржы ресурстарының дамуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдау дәрежесі, өнімді өткізудегі пайда және тағы басқа), инвестициялық тәуекел дәрежесін (кәсіпорындар мен салалар өнімінің бәсекеқабілеттілігі, саладағы әлеуметтік деңгейін) бағалау қажет. Салаларға инвестицияны тартуды жалпы бағалау интегралды көрсеткіштер түрінде жүреді, яғни жеке көрсеткіштердің маңыздылығы инвестициялық шешім қабылдаудың мәнінің сомасымен есептеледі. Бағалауда оның факторларын есепке алу қажет.

Инвестициялық қызметті мемлекетпен қаржыландыру және несиелеу міндеттерінің шешілуі осылайша инвестициялау формасын және бағытын таңдауды талап етеді.

Қаржыландыру және несиелеу ақша құралын беру шарттарына тәуелді өзара ерекшеленетіндігі белгілі [4] . Қаржыландыру қайтару шартынсыз ақша құралын пайдалануға беруді қарастырады. Сол сияқты несиелеу белгілі уақыт аралығы өткенде оны қайтару шартымен, белгілі бір ақша сомасын пайдаланумен түсіндіріледі. Экономикалық баламаға тәуелді несиелеу қайтарымды немесе қайтарымсыз болуы мүмкін.

Мемлекет мақсатты бағдарламаны, мемлекеттік қажеттілікті қаржыландырады, сондай- ақ ұлттық экономиканың өмірлік мақсаттағы салаларын қолдау мен қаржылық көмек көрсету бойынша шараларды жүзеге асырады.

Қаржыландыру бүтіндей салалар мен кәсіпорындардың белгілі бір шығынын төлеу арқылы жүзеге асырылады, яғни дотация, субсидия, орнын толтыру арқылы.

Мемлекеттік қаржыландыру шаруашылық жүргізуші тұлғаларға қажетті ақша сомасын тікелей бөлуді қарастырады. Бұған қоса ол жергілікті басқару және билік органдарының бюджеті арқылы жүргізіледі. Мұндай орталықтандырылған қаржылық көмек көрсету түріне субвенцияны жатқызуға болады. Дамыған елдерде мемлекеттен берілетін қаржылық көмек субвенция түрінде көрсетіледі [5] .

Және де бұл заңды құбылыс: біріншіден, субвенцияның бір бөлігі «инвестицияның» статусына ие, екіншіден, субвенциялық қаржыландыру орталық және аймақтық бюджеттерден үлестік қатысу формасында жүзеге асырылады, сонымен қатар қатаң мақсатты пайдалануды және мақсатсыз пайдаланған жағдайда қаржыны қайтаруды көздейді. Мемлекеттік несие отандық және шетелдік заңды, жеке тұлғаларға мемлекеттің басқару тұлғаларымен беріледі. Мемлекеттік басқару тұлғаларының әр түрлі деңгейде болуы мүмкін. Мемлекеттік несие нақты несие алушыға банк жүйесі арқылы немесе тікелей мемлекеттік басқарудың сәйкес органдарымен беріледі. Бірінші жағдайда бөлінген бюджет қаржылары мемлекеттік банкіге беріліп, коммерциялық банкіге несие ресурсы түрінде сатылады.

Екінші жағдайда мемлекеттік несие - несие алушыға мемлекеттің басқару органдарымен тікелей мемлекеттің бюджетінен беріледі. Бірақ несиені беру тәсілдері әртүрлі болуы мүмкін.

Ауыл шаруашылық өндірісінде инвестицияны тарту бойынша жүргізілген зерттеулер бірқатар қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді.

Ауыл шаруашылық саласына инвестицияны тарту мен тиімді пайдалану - кәсіпорынның инвестициялық қызмет саласындағы шешімдерді жасау, қабылдау және жүзеге асыру үрдісі. Қарастырылған факторлар жиынтығымен анықталады. Бұл үрдіс белгілі бір қағидаларды сақтау арқылы ұйымдастырылуын инвестициялық қызметті жүзеге асырылуда оның теориялық және әдістемелік негіздерін құрайды.

Ауыл шаруашылығында қалыптасқан экономикалық жағдай әзірге инвестициялық үрдіс белсенділігін арттыру үшін нақты алғышарттарға ие емес. Инвестициялық белсенділікті арттыру механизмі салықтық, бюджет және қаржы-несиелік реттеу құралдарының бүкіл жиынтығын қосуы тиіс, экономиканы инвестициялау үшін қажетті қаржы құралдарының ұлғаюы қамтамасыз етілуі тиіс, ауыл шаруашылық өндірісін инвестициялау үшін жағдай жасауы тиіс. Бұл жағдайда мемлекеттің басты міндеті - инвестициялық үрдісті арттыру үшін қолайлы жағдай құру мен икемді экономикалық саясат жүргізу жолымен инвестициялық үрдісті реттеу болуы тиіс.

Ауыл шаруашылығы саласына инвестицияны тарту механизмнің факторлары анықталып, мемлекет тарапынан қолдаудың қажеттілігі ғылыми-тәжірибелік тұрғыда негізделді. Тікелей мемлекеттік инвестициялар мен жеке инвесторлардың салу белсенділігін арттыру үшін тиімді экономика - қаржылық құралдарын пайдалану мүмкіндігімен ерекшелінеді.

Ауыл шаруашылығы саласындағы инвестицияны тарту мен пайдалану дамыған елдердің тәжірибесі бойынша зерттеліп, Қазақстан мен оның аймақтары үшін тиімді бағыттары ұсынылды. Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығында инвестициялық тартымдылықты жақсарту мақсатында келесідей іс-шаралады жүзеге асыру қажет:

  • нарықтық қатынастарды дамыта отырып, экономикалық құрылымдарды қайта құруда инвестицияны тарту қағидаларын қарастырып отыру;
  • бәсекеқабілеттілік ортаны дамыту;
  • өндіріске жаңа технологиялар мен техникалар, әдістер мен ноу-хоу енгізу;
  • облыста өндірілетін бәсекеқабілеттілігі жоғары өнімдердің көлемін арттыру;
  • өндірістің ғылыми-техникалық деңгейін жоғарылату;
  • ішкі нарықтағы сапалы өнімдер мен қызметтер есебінен қанағаттандыру;
  • нарық жүйесіне сәйкестендірілген жергілікті мамандар даярлау және олардың біліктілігін жетілдіру;
  • нарыққа жоғары дәрежедегі менеджмент пен маркетинг әдістерін енгізу;
  • жаңа жұмыс орындарын ашу.

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне кешенді инвестицияларды тарту және қолдану нәтижесінде инвесторға агроөнеркәсіп кешеніндегі тауар және ақша ағымдарын бақылауға мүмкіндік береді. Мұндай механизм барлық қатысушылардың қаржылық тәуекелін азайтуға, ағымдағы іс-әрекетке қатысты операцияларды жүргізу шығындарын кемітуге, жерлерді едәуір оңтайлы пайдалануға, қаржы қозғалысының көлемін арттыруға және нақты қажеттіліктерге сүйене отырып, аймақтар бойынша үлестірілетін инвестиция шектерін белгілеуге мүмкіндік береді. Шаруашылық тұлғалардың экономикалық мүдделері арасындағы өзара байланысы және аймақтық инвестициялық бағдарлама құрамындағы инвестициялық жобаларды іске асыратын әр түрлі деңгейдегі инвесторлар мен кәсіпорындар арасындағы қаржы ағымдары қозғалысын сипаттайтын аймақтық инвестициялық бағдарлама үлгісі ұсынылды. Аймақтағы ауыл шаруашылығын инвестициялау механизмін қалыптастырудың мұндай әдісі ең тиімді инвестициялық жобаларды конкурс негізінде іріктеу жүйесіне нарықтық құралдар (тетіктер) мен технологияларды ендіруге және аймақтағы ауылдық тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылық өндірісіне инвестиция тартудың экономикалық механизмін пайдалану оның қормен жарақтандырылуын арттыруға, ауыл шаруашылығын жүргізудің ғылыми негізделген жүйесін енгізуге, жоғары сапалы, бәсекелік қабілетті өнім өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығына инвесторлар қолайлы жағдай туғызу негізінде инвестиция тартудың барлық тұлғаларының іс-әрекеттерін ауылдық әлеуметтік дамуының жалпы бағыттылығымен сипатталатын экономикалық мүддесінің үйлесімділігін және олардың инвестициялық қызметінің белсенділігін арттыруды қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды.

Мемлекеттік және аймақтық деңгейде әр түрлі механизмдерді қолдану арқылы ауыл шаруашылығында қолайлы инвестицияны қалыптастыру үлгісі ұсынылды. Инвестиция тарту механизмдерін жүзеге асыру мемлекеттік қаржылық қолдау, инвестициялық жеңілдіктер енгізу, жеңілдетілген несиелеуді қолдану, амортизациялық саясат, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының тұрақтылығын жоғарылату жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру жолымен мүмкін болады.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылық саласына инвестиция тартудың шетелдік тәжірибесі
Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығына инвестиция тарту механизімін жетілдіру жолдары
ЖЕРДІ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖӘНЕ ҚОРҒАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар
Қазақстандағы инвестициялық қызметтің тиімділігі
Қазақстан Республикасындағы инвестициялар
Қазақстандағы инвестициялық қызметтің дамуы
Лизингтік операцияларды ұйымдастыру
Ауыл шаруашылық саласын дамытудағы инвестицияның рөлі және олардың мәні
Аймақтың инвестициялық тартымдылығын бағалау мен мемлекеттік реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz