Қазіргі экономикадағы ақпарат рөлі және ақпараттық қызмет нарығы


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
ЭССЕ
Тақырыбы:
Қазіргі экономикадағы ақпарат рөлі және ақпараттық қызмет нарығы
Орындаған: Рахымбай Асел
Мамандығы: Қазақ филологиясы
Тобы: ҚФ103
Қабылдаған: Андабаева Г. К
Бүгінгі ақпараттандыру заманында қазіргі өмірді ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Ақпараттық революцияның екпінді дамуы нәтижесінде ақпарат мемлекеттік басқарудың басты ресурсына айналды. Тіпті ақпараттық мемлекет деген жаңа термин пайда болды. Ақпараттық қоғамда басты ресурс ақпарат болып табылады, дәл осы ақпаратқа ие болу негізінде әр түрлі процестер және құбылыстар туралы кез келген қызметті тиімді және оңтайлы құруға болады. Ақпараттық қоғамды дамытудың негізгі белгілері компьютерлердің болуы, компьютерлік желілерді және сондай-ақ күнделікті қызметте ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдаланатын, ақпараттық салада қамтылған халықтың санын дамыту деңгейі болып табылады.
Деңгейi нарықтық құрылымның әртүрлi үлгілерi үшiн өзгешеленетiн бәсеке қазiргi заманғы ақпарат нарығының аса маңызды сипаттамасы болып табылады. Бәсекеге қабiлеттiлiк - күрделi экономикалық санат, ол мынадай бiрнеше деңгейде:
тауардың немесе көрсетілетiн қызметтiң бәсекеге қабілеттiлiгi;
тауар өндiрушiнiң немесе қызмет көрсетушiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi;
салалық бәсекеге қабiлеттiлiк;
елдердiң бәсекеге қабiлеттiлiгi ретiнде қарастырылуы мүмкiн.
Бүкiл осы деңгейлердiң арасында тығыз iшкi және сыртқы тәуелдiлiк бар.
Елдегi және саладағы бәсекеге қабiлеттiлiк түптеп келгенде нақты тауар өндiрушiнiң немесе қызмет көрсетушiнiң бәсекеге қабiлеттi тауар шығарудағы немесе қызмет көрсетудегi қабiлетiне байланысты. Әлемдiк тәжiрибеде дамыған бәсекеге қабілеттi ақпарат кеңiстiгiнде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
бәсекелестiк артықшылық - бәсекелес шаруашылық субъектiлерiнiң тиiстi көрсеткiштерiмен салыстыру арқылы нарықта анықталатын артықшылық және шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн айқындайды.
Маңызды бәсекелестiк артықшылыққа: өндiрiстiң табыстылығы, инновациялық қызметтiң сипаты, еңбек өнiмдiлiгiнiң деңгейi, стратегиялық жоспарлау мен менеджмент тиiмдiлiгi, нарықтың өзгермелi талаптары мен жағдайларына жылдам бейiмделу қабiлетi жатқызылады. Шаруашылық субъектiсiнде (фирмада), оның iшiнде қазiргi ақпарат өрiсiнде бәсекелестiк артықшылықтары жиынтығы мен олардың сапалық сипаттамалары жоғары болған сайын, оның нарықта жемiстi қызмет iстеуi үшiн неғұрлым қолайлы алғышарттар мен жекелеген нарықтық сегменттерде барынша орнықты тұғырларды иеленедi;
ақпарат өнiмiнiң (көрсетiлетiн қызметтiң) бәсекеге қабілеттiлiгi ақпараттық өнiмнiң (көрсетiлетiн қызметтiң) iшкi, сондай-ақ сыртқы нарықта табысы ретiнде анықталатын тұтынушылық, бағалық және сапалық сипаттамаларының кешенi. Тауардың (көрсетiлетiн қызметтiң) бәсекеге қабiлеттiлiгiн ұқсас тауарлармен (көрсетiлетiн қызметтермен) салыстыру арқылы ғана анықтауға болады;
тiк өсiм - бiр өнiмдi түрлi сатыда өңдеушi өндiрiстi кеңейтуге байланысты өсiм. Мысал ретiнде меншiктегi баспахана базасын, көтерме-бөлшек саудада тарату желiсiн құру есебiнен кеңейтiлетiн баспалық бұқаралық ақпарат құралдарын (бұдан әрi - БАҚ) келтiруге болады. Тiк өсiм бiр медиа-кәсiпорын шеңберiнде барлық өндiрiстiк-маркетингтiк тiзбектердi бiрiктiрудi көздейдi; Ақпарат саласында осы стратегия негiзiнде iрi медиа-кәсiпорындар құрылады оларға телерадио хабарларын тарату компаниялары, баспа өнімдерi, баспаханалар, компьютерлiк және желілiк ақпараттық қызметтер ұсыну жөнiндегi компаниялар, медиалық емес кәсiпорындар кiруi мүмкiн. Осының нәтижесiнде бiр немесе көптеген мемлекеттер аумақтарында түрлi бейiндегi кәсiпорындарды иеленетiн және оларға бақылауды жүзеге асыратын ұлттық конгломераттар мен трансұлттық корпорациялар құрылады;
жергiлiктi нарық бiр елдi мекеннiң (ең бастысы, қаланың) және сонымен iргелес аудандар нарығын бiлдiредi. Осы нарықта Қазақстанда "Казахстанская правда", "Егемен Қазақстан", "Панорама" сияқты газеттер, "Континент", "Мысль" сияқты журналдар, "Қазақстан", "Хабар", "Ел арна" сияқты телеарналар, "Мир" ХТРА-сы және басқалар жұмыс iстейдi;
өңiрлiк сыртқы нарық - екi және одан да көп мемлекеттермен iргелес аумақтардың аудиториялары үшiн ақпарат тарататын БАҚ-тар жұмыс iстейдi. Осы нарықта iшiнара алғанда "Қазақстан", "Хабар", "Ел арна" телеарналары сияқты отандық БАҚ-тар жұмыс iстейдi, "Мир" ХТРА Қазақстан Республикасының оңды бет-бейнесiн жасауда 10 жылдан астам уақыт жемiстi жұмыс iстеп келедi. Құрлықтық нарықта - бiрнеше iргелес өңiрлер деңгейiнде ақпарат тарататын БАҚ-тар жұмыс iстейдi.
Бұқаралық ақпарат құралы (БАҚ) - мерзiмдi баспасөз басылымдары, радио- және телебағдарлама, киноқұжаттама дыбыс және бейнежазба мен көпшілiк қол жеткiзе алатын телекоммуникациялық желілердегi (Интернет және басқалары) WЕВ-сайттарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз жария таратудың басқа да нысаны;
елдiң бәсекеге қабiлеттiлiгi - елдiң еркiн бәсеке жағдайында әлемдiк нарықтың талаптарына сәйкес тауарлар шығару мен қызметтер көрсету, оларды өткiзу арқылы елдiң және оның жекелеген азаматтарының әл-ауқатын арттыру қабiлетi. Елдiң бәсекеге қабілеттiлiгi тауар (көрсетiлетiн қызметтер) мен тауар (көрсетiлетiн қызметтер) өндiрушiнiң бәсекеге қабiлеттілiгiн бiрiктiретiн және елдiң әлемдiк нарықтағы жағдайын сипаттайтын жиынтық көрсеткiш болып табылады;
Қазiргi уақытта әлемдiк бәсекеге қабiлеттiлiкте бағалық емес факторлар алғы шепке шығып отыр, оның iшiнде тауардың (көрсетiлетiн қызметтердiң) сапасы, оның жаңалығы мен ғылымды қажетсiнуi аса маңызды сипат алуда. Сондықтан әлемнiң көптеген елдерi өз тауарларының (көрсетiлетiн қызметтердiң) бәсекеге қабiлеттілiгiн ғылыми-техникалық әлеуетiн дамытпайынша оларды жасау мүмкiн болмайтын инновацияларды пайдалану жоғары технологиялы өнiмдер әзiрлеу есебiнен қамтамасыз етедi.
Әлемдiк ақпарат нарығы өзiнiң мәнi жағынан тауарлар мен қызметтердiң дәстүрлi нарығы болып табылмайды. Оның сыры мынада - оған стратегиялық сипаттағы саяси, идеологиялық, мәдени-дүниетанымдық себептер бойынша мазмұны әлемдiк экономикалық (ақпараттық) қатынастар субъектiлерi арасында еңбекке мамандану және сонымен ілесе жүретiн бiрiктiру болып табылатын классикалық халықаралық еңбек бөлiнiсi тән емес.
Осыған байланысты ақпарат нарығында экономикалық бәсекенiң классикалық формуласы барлық уақытта бiрдей әрекет ете бермейдi, әдеттегiдей, бiрiншiден нарық талап ететiн өнiмдердi - тауар немесе қызметтерді; екiншiден, сапасы өте жоғары және үшiншiден, өткiзу құны ең төмен өнiмдi кiм шығарса, сол ұтады.
Бұл ақпарат саласындағы бәсекеге қабiлеттiлiк (ақпараттық бәсекеге қабiлеттiлiк) ұлттық бәсекеге қабiлеттiлiкпен ұштасып жататынын бiлдiредi және тұтастай алғанда сол арқылы айқындалады.
Тұтас алғанда мемлекеттердiң ақпарат кеңiстiгiндегi және атап айтқанда, ақпарат нарығына кәсiби қатысушылардың жеделдете ғаламдану мен ақпараттық қоғам құрудың қазiргi заманғы жағдайында бәсекеге қабiлеттiлiгiне тiкелей әсер ететiн шешушi жаңа факторлар мыналар болып табылады:
адам ойының бүкiл сана шегiнен және биологиялық мүмкiндiктерiнен де тысқары қолжетiмдi ақпараттың ұлғаюы. Ол ақпарат шоғырының үзiндiсi, бiр жағынан қалың жұртшылықты қамту, екiншi жағынан адамдар үшiн ақпараттар ағысын тез және тиiмдi сұрыптау мүмкiндiгiн жасау мақсатында ақпараттың барынша қарапайым және егжей-тегжейлi берiлу үрдiсiн айқындайды, яғни жеке адамның саналы түрде (және санаға бағынбай) таңдау құқығы өте нақты iске асырылады;
ақпараттар ағынының трансшекарасы мезеттiк және сапалы ақпарат хабарларын таратуға арналған мейлiнше жетiлдiрiлген арналар арқылы ұсынылатын ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен көрсетiлетiн қызметтердiң арзандауы есебiнен жұртшылықтың кез келген ақпаратқа шектеусiз қолжетiмдігiнiң кеңеюi:
iшкi (ұлттық) ақпараттық кеңiстiктi қатар жұмыс iстейтiн екi бұқаралық (тек қана жергiлiктi жерге тән қолжетiмдi және кейде кабельдi теледидар; жергiлiктi баспалық БАҚ) және элиталық (ғаламдық спутниктiк теледидар, ақпарат агенттiктерi, баспа басылымдары) бөлiкке бiртiндеп сегменттеу. Қазiрдiң өзiнде, әлемнiң барлық елдерiнде қоғамда принциптi түрдегi әр түрлi екi дүниетанымның және ұстанымның - бұқаралық және элиталық ұстаным үлгілерiнiң бар екенi анық;
ақпараттың мазмұнды бөлiгiн (контенттi) көпшілiктiң қабылдауына қолайлы ойын-сауық, оның iшiнде жаңалық, саяси, әлеуметтiк, мәдени шоу нысанына көшiру. Сонымен бiрге контенттiң ойын-сауық (әзіл-оспақ, ток-шоу, танымдық бағдарламалар) форматындағы зияткерлiк әсерi күшейтiледi, ол саясилану үрдiсiне ие болады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz