Тарих және филология факультеттерінің 1884 жылғы Жарғыны дайындау және жүзеге асыру барысында ұйымдастырушылық негіздерінің эволюциясы
1 тарау. Тарих және филология факультеттерінің 1884 жылғы Жарғыны дайындау және жүзеге асыру барысында ұйымдастырушылық негіздерінің эволюциясы.
§ 1. 1884 жылғы Хартияны дайындау процесінде тарих және филология факультеттерінің ұйымдастырушылық принциптерін анықтау: мемлекеттік және корпоративті тәсілдер
§ 2. Университет құрылымы мен білім беру жүйесі: факультеттер мен Халық ағарту министрлігі арасында ымырашылдық іздеу
Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзілік қауымдастыққа танылып, жаңа демократиялық қоғамның дүниеге келуі, Қазақстан педагогика ғылымы тарихының жаңа мазмұнда сипат алуына кең жол ашып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: өткенді зерделеп, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны айырып, оны бүгінгі күннің кәдесіне жарату - қоғам алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі. Өйткені, айта беретін тәуелсіздігіміз, егемендігіміз осы тарихты тандауға тікелей байланысты: өткенді білмей, болашақты анықтау мүмкін емес - деген болатын.
Өткеніміздің бірі ұлттық педагогикамыздың маңызды бір бөлігі болып есептелінетін азаттық пен тәуелсіздіктің күрес жолына, ағартушылыққа шақырған ірі қоғам қайраткерлерінің педагогикалық ойларының өзіндік даму, қалыптасу жолының тұтас та толық, белгілі жүйесінің негізі - Семей мемлекеттік педагогикалық институты.
ХХ ғасыр басындағы Қазақстанда ағарту ісі мен халықтың сауаттылық деңгейі мәдениет саласының мейлінше артта қалған және берекесі қашқан учаскесі болып табылды. Ел тұрғындарының басым көпшілігі не оқи, не жаза алмады, миллиондаған балалар мектептен тыс қалды, педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігі өткір сезілді. Оқу-ағарту мақсатына бөлінген қаржы мардымсыз еді. Жалпы Қазақстан бойынша білімге жұмсалған қаржы 1913 жылы бір адамға шаққанда 40 тиынннан аспаған (Обидов, 1968, 127). Сондықтан большевиктер халық ағарту саласында кешенді және батыл шараларды жүзеге асыра отырып, ұлттық аймақта екі толағай мақсатқа жетудің ізіне түсті, біріншіден, сауаттылық пен білімнен шеттетілген қарапайым адамдардың сұранысын өтей отырып, олардың құрметі мен сеніміне ие болу мүмкіндігін жібермеді, екіншіден, білім беруді кеңейтумен қалың көпшілікке беймәлім маркстік-лениндік идеологияны еңбекші халық санасына сіңіріп, социалистік қоғамның теориясы мен практикасын өмірге енгізді. Алғашқы кезде өлкедегі әліпбилік сауаттылық мектептері мен курстары депутаттар Кеңесінің, революциялық комитеттердің және басқа да мемлекеттік құрылымдардың шешімдерімен және зиялы қауымның немесе сауатсыздардың бастамаларымен ашылды.
Түптеп келгенде, қаржы тапшылығы оқу-ағарту ісін алға бастыруға үлкен кедергі туғызды. Қаржының жетіспеуінен оқу орындары қажет мөлшерде ашылмады, оқулықтар мен оқу құралдары, мұғалімдер жетіспеді, балалар мектепке тартылмай қала берді, нәтижесінде сауатсыздық мәселесі асқына түсті.
Ресейге бодандық өлкеде, қала шаруашылығында жаңа салаларды дүниеге әкелді. Өмір талабына сәйкес білім беруді ұйымдастыруға іргелі өзгерістерді әкелуді талап етті. Алайда мемлекеттік тәуелсіздіктің жоғалуы мен жат өркениеттің танылуы білім алу, оқу, жазу ауқымын тарылтып, сауатсыздықты орнықтырды. Хат танымаушылық әлеуметтік, саяси экономикалық теңсіздік белгісіне айналды. Халықтың рухани сұранысына отарлық саясат барабар лайықты саясат жүргізуге құлықты болмады. 1917 жылдан бастап қазақтың қасиетті топырағы Семейде ғасырлар бойы арманға айналған ұлттық білім беру саласында батыл қадамдар жасалды.
Зиялы қауым Ақпан төңкерісі ала келген демократиялық өзгерістер лебімен қанаттанып, қазақ арасында мәдени-ағарту жұмысын жандандыра түсуге күш салды. Бұл жолда ұлт қамын жеген бірден-бір қоғамдық- саяси ұйым қазақ комитеттері ұлттық оқу-ағарту, мәдени, діни мәселелерді негізге алып, оның талай жыл қордаланған келелі мәселелерін шешуді қолға алды. Қоғамның рухани негізі ретінде ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыруда қазақ зиялылары оқу білімнің пайдалылығын насихаттап қана қоймай, ұйымдастырушылық, педагогикалық- шығармашылық қызметтерімен де белсенділік танытып отырған, ұлттық мектептер ашып, мәдени-ағартушылық мақсаттарын идеологиялық бағытпен сабақтастырды. Қазақ зиялыларының ұлттық білім беру жүйесінің қалыптастырудағы ең негізгі міндетті халықтың сауатын ашу, халықты білім, мәдениет жолына түсіру болса, екінші міндет - ұлттық мектеп арқылы жас ұрпаққа ұлттық намыстың дәнін себу болды. Үкімет билігінің алма-кезек ауысып, саясат райының жиі өзгеруіне қарамастан қоғамдық саяси қызметтері мен бір мезетте ағартушылық міндеттерінен тайынбады. Бірнеше ғасыр бойы орталық жүйенің рухани қысымшылығын басынан өткерген қазақ халқының алдында семинарист Мұхтар Әуезов сөзімен айтқанда: ұлт мектебін ашуға қазірде біздің алдымызда қиын асудай үш кедергі тұр. Бірі: бастауыш мектептің бәріне мұғалім жоқтығы; екіншісі: оқу құралдарының жоқтығы; үшіншісі: ілгері оқитын мектептің жоқтығы һәм тез уақытта бола алмайтындығы"230.ЗК
Большевиктердің мемлекет басшылығына әкелген 1917 жылғы Қазан революциясынан кейінгі ширек ғасырға жуық уақыт ішінде халыққа білім беру саласында қол жеткен өзгерістердің екеуі айрықша атап өтуге тұрарлық. Бірі - білім берудің сындарлы жүйесінің қалыптасуы, екіншісі - білім берудің жүйесін басқарып, реттеп отыратын партиялық, мемлекеттік және қоғамдық мекемелер жүйесінің орнағуы. Қазақстанда білім беру жүйесі 20 жылдар басында-ақ дүниеге келді. Алғашқыда ол үш бөліктен тұрды:
1. Мектепке дейінгі білім беру орындары;
2. Мектептен тыс білім беру;
3. Мектептер;
4. Кәсіптік-техникалық білім беру;
5. Жоғары және орта арнайы білім беру орындары.
Білім беру жүйесіне басшылық жасаудың екі буыны қалыптасты. Бірінші буын республикалық басқару орындары. Оған Қазақ өлкелік партия комитеті, Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен Халық комиссариаты Кеңесі, Оқу комиссариаты кірді. Екінші буынды жергілікті партия және кеңес органдары құрады.
Білім беру мен басшылық жасаушы жүйелерге тән белгі сабақтастық пен бірізділік еді. Яғни, олардың әрқайсысы жеке-жеке жұмыс істеп тұрғанмен, шектеулі ғана міндеттерді шеше алады. Бар буынды немесе бөлікті сатылап өткенде ғана қабылдаған шешім мен алған білім толыққанды дәрежеге жететін.
Бастауыш мектептер жүйесін құру үшін мұғалім кадрларын даярлау ісін қолға алу үшін алдымен Семей 1917 жылдың жазында Оқытушылар ұйымын құрды. Оның төрағасы- Мінан Тұрғанбаев, хатшысы Мұхтар Әуезов болған. Жер-жерлерде ұлт мектептері ашылып, жас ұрпаққа білім беру, ұлттық тәрбие беру жұмыстары жүргізіле бастаған соң, оқу жүйесін ретке келтіру мақсатында Семейдегі Оқытушылар ұйымы ұлт мектептері үшін "Бастауыш мектептегі оқу программасын" жасап, оны қолдану үшін газет бетінде жариялап, таратады
Оқытушыларға деген зәрулікті жоюдың бір жолы ретінде 2 айлық жедел және 2 жылдық мұғалімдер даярлайтын курстар ашылды. Аталған курстың алғашқы жетекшісі болып Биахмет Сәрсенов тағайындалған, кейін курсқа М.Тұрғанбаев жетекшілік жасады, алғашқы оқытушылар ретінде М.Тұрғанбаев, Сейтбаттал Мұстафин, Қаныш Сәтбаев білім берді.
1917 жылдық 13-тамызында Семей облыстық қазақ комитеті мен мұсылмандар комитеті, облыстық комиссариат пен мұғалімдер ұйымының біріккен мәжілісі өткізілді, онда мұсылман балаларына арналған мектеп ашу мәселесі қаралды. Мәжілісте облыста ашылар мектептер жобасы талқыланып, бірінші кезекте Семей, Өскемен, Зайсан, Баянауыл мен Алаштағы 2 кластық мектептерді жоғары бастауыш мектептерге айналдырылсын және Семей қаласы облыстық халқын біріктіретін орталық болғандықтан оқытушылар семинариясы, Семей, Кереку және Қарқаралыда жаңа негіздегі 5-кластан бастап оқытатын реалдық училище ашылсын, Семейде дәрігерлік фельдшерлік мектеп болсын деген қаулыны бекітті234.ЗК
Уақытша үкіметтің басқару органдарында қызмет еткен қазақ зиялылары оқу-ағарту мәселесін земстволық мекемелер ашу арқылы шешуге ұмтылды. Земстволық басқармасынның төрағасы - Р.Мәрсеков, мүшелері Х.Ғаббасов пен Ә.Сәтбаев сынды азаматтардың араласуының арқасында қазақтан жиналған земство салығын орыс балалары ғана пайдаланып келгені айқындап, қазақ балаларының еншісінен қағылған қаржыдан бөлінген 70 ке жуық стипендия бұдан былай Томск техникалық институтына, Семейдегі қыздар және ерлер гимназиясы, кәсіптік (реальдық) училище, Алаш қаласындағы 2 жылдық мұғалімдер курсы сияқты оқу орындарын оқушы қазақ жастарына алып берді235.
Ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыру бағытында сауатсыздыққа қарсы күресті ұйымдастыра отырып, ересектер мен қыз балалардың да оқып білім алуын назардан тыс қалдырмаған. Баспасөз бетерінде түсіндіру, үгіт насихат жұмыстары жүргізілгеннен кейін ғана әйел балаларды оқыту ісі де оң шешімін таба бастағанға ұқсайды. "Биыл Семейде Уезный Земствосы Алаш қаласында екеуі ерлерге, біреуі қыздарға арналған мектеп ашқан. Ұлдар мектебінде 120-дан аса баланы 4 мұғалім оқытады. Қыздар мектебінде 60 жақын төрт бөлім қызды екі мұғалима оқытады. Бұлар өткен жазда Мұғалімдік курстан оқып шыққан мұғалімдер.
Семей облыстық земство мекемесі 1917-1918 оқу жылында 170 степендия тағайындап, облыс жастары Омбы орталық фельдшерлік мектебінде, Омбы механика-техникалық училищесінде, Тобылдағы акушер-фельдшер мектебінде, Омбыдағы ветеринариялық фельдшер мектебінде, Том университетінде, Семейдегі қыздар гимназиясында, Өскеменде 2 жылдық педагогикалық курстар, Алаштағы қазақ мұғалімдеріне арналған жедел курстар мен 1 кластық жаздық жедел курстарда білім алуға мүмкіндік тудырады 237.ЗК
Елдегі экономикалық дағдарыс азамат соғысы шиленісіп тұрсада Земство атынан 1918-1919 оқу жылында 33250 сом, ал 1919-1920 оқу жылына 42600 сом степендия тағайындаған 235, 294.ЗК
Қазақ қоғамында сол кезеңге тән ерекше құбылыс-білім беру мәселесінде қаражатқа мұқтаж шәкірттерге жәрдем беру ісі мен кедей балаларына ақысыз оқытуға көп мүмкіндіктер жасалды. Осы мақсатпен 1917-20 жылдары қазақ комитетті Алаш қаласындағы ашылған педагогикалық курстарды қаржыладыруды өз мойындарына алды. Орталық Ресейден соғыстан төңкерістен қашқан босқындардың ағылуынан, Семейде пәтер мәселесі өте қиын екендігін ескере отырып, қазақ комитеттінің қарамағына өткен бұрынғы крестьян начальниктерінің сиез өткізетін ғимаратын қырдан келген қазақ балаларына жатақана ретінде берді 238.ЗК Мемлекеттік мекемелердің өзі қағазға зәру болып отырғанда оқулық мәселесін қашан шешілер деп алақан жаймай-ақ ауылдың бастауыш мектептеріне 10000 дана оқулық шығарып, облыс мектептеріне таратты 231, 257. ЗКОқулық мазмұны жағынан ұлт мектебіне сәйкестендіріліп, иман, ғибатат, ислам діні мен ұлттың рухани құндылықтарын негізге алынып жасалынуы, бүгінгі таңдағы қазақ мектептеріндегі бағдарлама үшін өте құнды үлгі болып табылады. Ұлт зиялыларының қоғамның рухани негізгі-ұлттық білім беру жүйесі мақсатында жүргізген қажырлы еңбектері өз дәрежесінде өрбітіп, өркендетуіне саяси өзгерістер мүмкіндіктерін шектеді. Азамат соғысынан кейін қазақ халқына білім берудің кеңестік үлгісі таңылды.
Кеңес өкіметі орнаған соң мәдени міндеттеріді іс жүзінде жүзеге асыру үшін мәдени ревалюцияны талаптарына сәикес мәдени және ағарту салаларындағы буржуазиялық мемлекеттік аппараттар жойылып, оың орнына мәдениет пен ағартудың жаңа органдары ашылды. 1919 жылдың желтоқсан айының екінші жартысында революциялық комитеттің жанынан халыққа білім беру бөлімі ашылды 239.ЗК
Кеңес өкіметі орнаған алғашқы күндері - ақ, білім беру ісін қолға алған болатын ең басты міндет әлеуметтік топтар арсындағы сауатсыздықты жою болды. Бұл дегеніміз жаңа қоғам - социализмді орнатуға негізгі жол еді. Тарихтан белгілі 1919 жылы 30 желтоқсанда В.И. Ленин РСФСР тұрғындарының арасындағы сауатсыздықты жою туралы декретке қол қойған болатын. Бұл декрет бойынша РСФР-де 8 бен 50 жас арасындағылар сауатсыздығын жою керек болды. 1920 жылы май айында сауатсыздықты жою жөніндегі Бүкілресейлік төтенше комиссиясы ұйымдастырылды. 1921 жылы 11-декарьде сауатсыздық жоюдың Семей губерниялық бөлімшесі ашылды. Семей қалалық кеңесінің жанынан құрылған халыққа білім беру бөлімі қалалық партия комитеттернің қолдауымен сауатсыздықты жоюға қарсы өз жұмысын бастады. Осы негізде Семейдегі сауатсыздардың саны анықталып, 15-20 адамнан тұратын саужойтоптары құрылды. Кез-келген мекемелерде сауатсыздық жойылсын қоғамының ұяшықтары жұмысқа кірісті. Татар мен мен қазақ тұрғындары арасындағы сауатсыздар саужой жұмысына тартылды. Мектептермен клубтарда, кәсіпорындардың асханалары, қызметкерлердің кабинеттері саужойдың пункттері орналасты.
Сауатсыздықты жою ісі толықтай 1920 жылы қолға алынып, қараша айында 143 саужой мектептері, және үлкендерге арналған бірінші оқыту қызметі жасалады. Тезірек сауатсыздықты жою мақсатында оларды оқытатын арнайы курстар ашылды. Қызыл мұғалімдер қысқа мерзімді курстары жергілікті халықты сауаттылыққа үйрететін алғашқы қазақ мұғалімдерін дайындады. Мұғалімдерді дайындау Семейдің ересек тұрғындары арасындағы сауатсыздықты жою жұмыстарын қарқынды жүргізуге негіз болды. Онда ысқа мерзім ішінде 420 адам дайындалып, тиісті жерлерге жіберіледі. Нәтижесінде 1920-1930 жж. аралығында 152 саужой пункттері жұмыс істеп, сауаттылардың санын арттыра түседі. Қазақ халқының көшпелі жағдайын ескере отырып, бүкіл республикадағыдай Семей губерниясында да қызыл керуендер жұмыс істей бастады. 1921 жылдың өзінде мұндай керуендер саны 8-ге жеткізілді 243.
Қызыл керуендердің мақсаты мен міндеті совет өкіметінің деректерінің маңызын халыққа түсіндірі, әйелдердің теңдігін алуына көмектесіп, оларды саяси-қоғамдық жұмыстарға тартты. 1924 жылы Семей мен оған қарасты елді-мекендерді қосқанда 1242 адам сауатсыздар есепке алынды. Оның ересектер арасында 552 орыс, 472 қазақ, 141 татар болса, жасөспірімдердің 45 орыс, 24 қазақ, 8 татар сауатсыздар есебінде болды 244.
Мектептердің жағдайы тым ауыр болды. Олар орналасқан ғимараттар көбінесе тар және қараңғы болды. Әрбір клас жеке үйлерге орналасқан, қысты күндері отын жетпеген кездері де болды. Кейде оқу апталар бойы болмайтын. Пайдаланатын оқу бөлмесінің жиһаздары, оқулықтар, оқу құралдары, қағаз, қалаи, қарындаш сия және басқа қажетті заттар жетіспеді.
Осы қиындықтарды жеңу үшін қала мен губернияның халыққа білім беру органдары аса үлкен күш жұмсады. 1920 жылы көктемде Семейде Кеңестік мектептің талаптарына сай бұрынғы оқытушылар кадрларын дайындайтын ерекше губерниялық педагогикалық курстары ашылды. 5 бет
Сауатсыздықпен күрес барысында жекелеп оқудың да жағымды нәтижесі болды. Мәселен 1929 жылы Семейде жекелеп оқу әдісімен 1900 адам бітіріп шыққан 248.
20-шы жылдары елдегі сауатсыздықты жою барысында жүргізілген шаралар: қызыл керуендер, саужойдар, мәдениармияшылар, сауатсыздық жойылсын қоғамы, жаңа әліпбишілер қоғамы, кешкі жастар мектебі сауатсыздықты жоюдың бригадалық жүйесі сияқты ауқымды жұмыстардың нәтижесінде және сауатсыздықты жою ісі жаппай халықтық іске айналдырудың арқасында 1930 жылы Семей облысының халқының қала тұрғындарының 75,8 %, деревняның 40 %, ауылдағылардың 10 % сауатты болды 243. Осындай көлемді шараларға қарамастан қалада сауатсыздықты жою мәселесі толық шешілмеді. Халықтың сауатсыздығын жеңу үшін жалпы бастаушы білімге қол жеткізу керек болды. 1930 жылдың қаңтар айында ВКП(б) Қазақ өлкелік комитеті 1930-1931 оқу жылында жаппай ұжымдастыруға жатқызылған аудандар мен қалаларда міндетті бастауыш білім беруді енгізу туралы шешім қабылдады 250. Қалалық кеңес, партия, комсомол, кәсіподақ ұйымдары ет комбинаты, затон, былғары заводы, жүн жуу, темір жол қызметкерлерінің сауатсыздығын жою жұмыстарына бар күш жігерін салды. 30-жылдары да сауатсыздық жою басты назарда болды. 1933 жылы -2100 адам саужой пунктеріне тартылса 1934 жылы қала бойынша сауатсыздар есебінде тұрғын 3769 адамның 3053-і осы пунктерде қамтылды. Мұнда сауатсыз 1770 адамның 1194- қазақ, 576- орыстар болса, шала сауаттылардың 803- қазақтар, 483-орыстар, яғни жалпы 1285 адам болды. 1933 жылға қарағанда 1934 жылы сауат ашушылар саны 953 адамға көбейген 225, 12-13.
Халыққа білім беру бөлімі қала тұрғындарының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz