Ауыл шаруашылығына салынатын салықтар ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Ауыл шаруашылығы мемлекеттің негізгі бір бөлшегі болып саналады, себебі ауыл шаруашылығы өніміне өздері өндіретін ауыл-аймақтар ғана емес, сонымен қатар барлық қазақстандықтардың тұрмыс деңгейі де тәуелді. Ауыл шаруашылығында өндірілетін өнімдер арқылы еліміздің ішкі өңірлерінде ғана емес экспортқа шығару арқылы мемлекеттің экономикалық әл-ауқатын қалыптастырып, шетел елдеріне тәуелсіздігімізді айқындап отырмыз. Ауыл шаруашылығын реформалау ауылшаруашылық кәсіпорындарының қаржы-экономикалық жағдайын нығайтуға негізделген экономикалық салаларды қалыптаcтыруға бағытталуы қажет. Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттің фискалдық қызметін зерттеу аcа өзекті зерттеу объектілерінің бірі болып табылaды. Сондықтaн мемлекет тарапынан экономикалық әдістердің рөлін күшейту агрaрлық рeформаның негізі және ауыл шaруашылығының әрі қарай дaмуына әcер eтуші фактор болып табылады. Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттің экономикалық жағдайына әсер ететін факторлардың бірі ретінде, салық салу жүйесін қарастыруға болады. Ауыл шаруашылығы өндірісіне салық салу жүйесіне жан - жақты зерттеулер мен талдаулар жасалуы қажет, себебі осындай іс-шаралар арқылы аграрлық саланы жетілдіріп мемлекеттің экономикалық дамуына септігін тигізеді. Салық саясаты аграрлық өндірісті ынталандырушы және тежеуші экономикалық тетіктердің бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығына салық салу тек бюджетті толықтыру емес, сонымен қатар ауылшаруашылық өндірістің жетілуіне қызметін атқаруы керек. Қазіргі таңда дамыған елдерде олардың экономикалық өмірінің барлық салаларына мемлекеттің белсенді араласуы тән, соның ішінде негізгі құралы ретінде салық саясаты мен кәсіпкерлікке қаржылық көмек көрсету болып табылады. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің қызметін ынталандыру үшін салық ауыртпалығы төмен, ал салықты есептеу және төлеу механизмі түсінікті және қарапайым болуы керек. Осыған байланысты мемлекеттік реттеуді жүзеге асырудың принциптері, оның экономикалық әдістерін жетілдіру, аграрлық өндірісті жоғарылату және дамытуда салық жеңілдіктерін пайдалану, салық салуды реформалаудың басымдықтарын анықтауға байланысты сұрақтар аса өзекті болуда. Зерттеу әдістері және материалдары Ауыл шаруашылығына салық салудың ерекшеліктерін қарастыру барысында зерттеудің мынадай әдістері қолданылды:
- экономиканың аграрлық секторындағы мемлекеттің фискалдық ролін негіздеу тұжырымдамасын қалыптастыруға бағытталған зерттеу мақсаты мен міндеттерін анықтау кезінде абстрактты-логикалық;
- мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдеріне және ауыл шаруашылығынан салықтық түсімдердің жағдайына талдау жасау барысында экономикастатистикалық әдіс;
- ауыл шаруашылығына сaлық салу ауыртпалығын төмендету арқылы бюджет кірістерін толықтыру ғана емес, сондай-ақ иновациялық және экологиялықэкономикалық қолдауға бағытталған ұсыныстарды өңдеу барысында монографиялық әдіс қолданылды. Зерттеу барысында ауыл шаруашылығына салық салудың ерекшеліктеріне сипаттама беріп, жағдайына талдау жасау негізінде салық жеңілдіктерін ауыл шаруашылық кәсіпорындарының техникалық инновациясын ынталандыруға, сонымен қатар экологиялық - экономикалық тиімділікке бағыттауға байланысты өңделген ұсыныстар жұмыстың ғылыми жаңалығы болып табылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге салық деңгейін оңтайландыру және салықтық жоспарлау арқылы салық ауыртпалығын азайту бойынша ұсыныстар берілді. Талдау нәтижелері бойынша сaлық салу жүйесін және ауыл шaруашылығындaғы салық сaяcатын жeтілдіру бoйынша ұсыныcтардың aуыл шаруaшылық кәcіпорындары үшін, сoнымен қатaр агрaрлық экономиканы мемлeкеттік рeттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер үшін міндетте мақсаттар болып саналады.

Ауыл шаруашылығына салынатын салықтар ерекшеліктері.

Ауыл шаруашылығына салық салуға келетін болсақ, ауыл шаруашылығы субъектілері төлем көзінен ұсталатын салықтардан басқа салықтар бойынша өзіндік жеңілдіктерді қолданады. Ал ауыл шаруашылығында өзінің бизнесін жүргізетін шаруашылық жүргізуші субъектілер салық салудың мынадай режимдерінің бірін қолдануы мүмкін:
- шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі;
- ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі;
- оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі;
- жалпыға бірдей белгіленген тәртіп. Салық салудың жалпыға белгіленген тәртібі негізінде қызметін жүргізетін шаруашылық жүргізуші субъект салық заңнамасына сәйкес салықтарды есептеу және төлеуді жүзеге асырады. Тек жер салығын есептеу және төлеуде өзіндік ерекшелік бар. Олар:
1) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық мөлшерлемелері бір гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады:
- Жазық аумақтардағы далалық және қуаң далалық аймақтардың кәдімгі және оңтүстік қара топырақты, күңгірт қызыл, қоңыр және қызыл қоңыр топырақты, сондай-ақ тау бөктеріндегі күңгірт, қызыл қоңыр, сұр топырақты және тау бөктеріндегі қара топырақты жерлеріне бонитет балына сәйкес жер салығының базалық ставкалары белгіленеді.

1-10
0,48-2,41
11-20
2,89-4,82
21-30
5,31-9,65
31-40
14,47-24,12
41-50
28,95-38,60
51-60
43,42-53,07
61-70
57,90-82,02
71-80
86,85-110,97
81-90
115,80-144,75
91-100
149,57-193,00
100-ден жоғары
202,65

- Жартылай шөлейт, шөлейт және тау бөктеріндегі шөлейт аумақтардағы бозғылт қызыл қоңыр, қоңыр, сұр қоңыр, бозғылт және кәдімгі сұр топырақты, сондай-ақ таулы-далалық, таулы-шалғындық-далалық таулы альпілік және субальпіліктопырақты таулы аймақтардағы жерлерге бонитет балына бара-бар жер салығының базалық ставкалары белгіленеді.

1-10
0,48-0,96
11-20
1,45-4,82
21-30
5,31-9,65
31-40
10,13-14,47
41-50
14,96-19,30
51-60
19,78-24,12
61-70
24,61-30,07
71-80
30,69-36,15
81-90
36,71-42,17
91-100
42,18-48,25
100-ден жоғары
50,18

Мысалы: жалпы көлемі 500 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер АЙС ЖШС-на тиесілі. Топырақтың орташа бонитет балы-10 балл. Өндірістік жері Мартөк ауданында орналасқан. Бұл жағдайда жер салығының сомасы 480 теңгені (500 га * 0,96 теңге\га) құрайды.
Мұндағы, 500-жер учаскесінің алаңы, га;
0,96-10 бонитет балы кезінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерге жер салығының базалық ставкасы.
2) Жеке тұлғаларға қорақопсы салынған жердi қоса алғанда, өзiндiк (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшiн берiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері мынадай мөлшерде белгiленедi:
көлемi 0,50 гектарға дейiн қоса алғанда - 0,01 гектар үшiн 20 теңге;
көлемi 0,50 гектардан асатын алаңға - 0,01 гектар үшiн 100 теңге. Сонымен қатар, жер салығы бойынша енгізілген басты өзгеріс жергілікті өкілетті органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін жергілікті атқарушы органдардың он еседен асырмай жоғарылатуға құқығының берілуі болып табылады.
Ауыл шаруашылығына салық салуда шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданудың өзіндік ерекшеліктері төмендегі кестеде келтірілген:

Кесте 1 Ауыл шаруашылығына салынатын салықтар ерекшеліктері

Элементтері
Бірыңғай жер салығы (Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі)
Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі
төлеушілер
Шаруа немесе фермер қожалықтары
-ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер -ауыл шаруашылық кооперативтері
Төлеушілерге қойылатын талаптар
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы мыналар үшін:
1-аумақтық аймақ - 5000 га;
2-аумақтық аймақ - 3500 га;
3-аумақтық аймақ - 1500 га;
4-аумақтық аймақ - 500 га жер учаскесінің шекті алаңынан аспайды
-жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру өнімін өндіру, өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу -мал, құс, ара шаруашылығы, акваөсіру өнімін өндіру, сондай-ақ өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызмет
объектісі
жер учаскелерінің жиынтық бағалау құны
корпоративтік табыс салығын (КТС) жеке табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтiк салықты, мүлiк салығын, көлiк құралы салығы үшін салық объектілері
ставкасы
- Егістік бойынша 0,15 % тен 0,6 % аралығында өспелі шәкіл
- Жайылымдар, табиғи шабындықтар бойынша 0,2% мөлшерлемесі
корпоративтік табыс салығының (КТС) немесе жеке табыс салығының, қосылған құн салығының, әлеуметтік салықтың, мүлік салығының, көлік құралы салығының бюджетке төленуге жататын сомалары 70 пайызға азайтылуға жатады

Ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін жер учаскелерін мынадай аймақтарға бөлу қолданылады:
1-аумақтық аймақ: Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарының, Алматы және Шымкент қалаларының топырақ-климаттық аймақтарындағы шөлді, жартылай шөлді және тау бөктеріндегі шөлді-далалық жерлеріндегі жайылымдар;
2-аумақтық аймақ: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Нұр-Сұлтан қаласының, сондай-ақ 1-аумақтық аймақтың жерін қоспағанда, Ақтөбе облысының жерлері;
3-аумақтық аймақ: 1-аумақтық аймақтың жерiн қоспағанда, суармалы жерлерін қоса алғанда, Атырау, Маңғыстау облыстарының жерлері;
4-аумақтық аймақ: 1-аумақтық аймақтың жерін қоспағанда, суармалы жерлерін қоса алғанда, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының жерлері.

Арнайы салық режимінің ауыл шаруашылық қожалықтарына қолдану тәртібі

Ауыл шаруашылық қожалықтарының арнайы салық режимі бюджетке ерекше біріңғай жер салығы есебінде аударылады және мынадай кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалар: ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін, өңдейтін, өнімдерді өздері шығаратын кәсіпкерлер төлейді. Ауыл шаруашылық қожалықтары біріңғай жер салығын қолдану үшін олардың жекеменшігінде жер учаскесі және жерді қолдануға рұқсатнамасы болуы керек.
Салық кезеңі біріңғай жер салығы бойынша күнтізбелік жыл болып есептеледі.
Ауыл шаруашылық қожалықтары арнайы салық режимін қолдану үшін осы режим қолданылған бірінші жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей, жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтініш береді. Айтылған мерзімде салықтық өтінішті табыс етпеуі, салық төлеушінің бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға келісімі деп есептеледі. Осы бапта өзгеше белгіленбесе, таңдап алынған салық салу режимі салық кезеңі ішінде өзгертуге жатпайды.
Салықтық өтінішпен бір мезгілде мынадай құжаттарды:
1) нотариат куәландырған немесе селолық (кенттік) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелеріне құқық белгілеу, сәйкестендіру құжаттарын;
2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген, нотариат немесе селолық (кенттік) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелерінің бағаланатын құнын айқындайтын актілердің көшірмелерін тапсыру керек.
Акт болмаған жағдайда, жер учаскелерінің бағаланатын құны жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берегн деректе арқылы 1 гектар жердің аудан бойынша орташа бағалау құны негізге алына отырып айқындалады.
20 ақпаннан кейін құрылған ауыл шарувшылық қожалықтары дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алғаннан кейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, салық органына арнаулы салық режимін қолдану құқығына салықтық өтінішті табыс етеді.
20 ақпаннан кейін басқа әкімшілікөаумақтық бірліктің аумығындағы жер учаскесіне құқық туындаған жағдайда, ауыл шаруашылық қожалығы осы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған кезден бастап, күнтізбелік отыз күн ішінде салық органын арныулы салық режимін қолдану құқығына салықтық өтініш береді.
Арнайы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіде 20 ақпаннан кейін жер учаскесіне құқық туындаған жағдайда, арнайы салық режимін қолдану құқығына салықтық өтініш салық органына осы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде табыс етіледі.
Арнайы салық режимін қолданатын ауыл шаруашылық қожалықтары ондағы деректер өзгерген не басқа жер учаскілеріне құқық туындаған кезде, салық заңнамасында аталған құжаттарды жаңадан өткізеді.
Салық органына салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті орган белгіліген нысан бойынша оның арнайы салық режимін қолдану туралы немесе арнайы салық режимін бас қолданудан бас тарту туралы шешім шығарады. Шешім екі данада рәсімделеді.
Бір данасы салық төлеушіге өзінің қолы қойылып тапсырылады немес салық органы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде салық төлеуші шешімді алу үшін салық органына келмеген жағдайда, хабарламасы бар тапсырыстар хатпен пошта арқылы жіберіледі.
Хабарламасы бар тапсырыс хат пен пошта арқылы жіберілген шешім салық төлеуші пошта байланысының немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап, салық төлеушіге тапсырады деп есептеледі.
Салық төлеушінің салық заңнамасында аталған талаптарға сәйкес келмеуі және құжаттарды табыс етпеуі арнайы салық режимін қолданудан бас тартуға негіз болады.
Арнайы салық режимін қолдануды тоқтату салық заңнамасында көзделген тәртіппен салықтық өтініштің негізінде не салық заңнамасында көзделген жағдайларда, салық органының шешімі бойынша жүргізіледі.
Оны қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған кезде салық төлеуші бес жұмыс күнінде салық органына салықтық өтінішті табыс етеді және кейінгі айдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысады.
Арнайы салық режимін қолдану ерікті түрде тоқтатылған кезде жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауыстыру есепті кезеңнен кейінгі айдан бастап осы режимді тоқтататын жыл алдынғы салық кезеңінің 31 желтоқсанынан кешіктірмей табыс етілетін салық төлеушінің салықтық өтінішінің негізінде жүргізіледі.
Салық органы салық төлеушінің осы режимді қолдану шарттарына сәйкес келмеу фактісін анықтығын кезде, қабылданған шешім негізінде оны кейінгі айдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауыстыру туралы салық төлеушіні хабардар етеді.
Арнайы салық режимін қолдану ерікті түрде тоқтатылған кезде жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолдануды бастайтын жылдың алдындағы салық кезеңінің 31 желтоқсанынан кешіктірмей табыс етілетін салықтық өтінішінің негізінде жүргізіледі.
Бұл ретте:
1) салықтық өтініш табыс етілетін салық кезеңінің 31 желтоқсаны арнайы салық режимінқолдануды тоқтату күні;
2) салықтық өтініш табыс етілген кезеңнен кейінгі салық кезеңінің 1 қаңтары жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолдануды бастау күні болып есептеледі.
Жоғарыда айтылған талаптарға сәйкессіздік туындаған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде салық органына салықтық өтініш табыс етіліп, кейінгі айдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысады.
Салық органы салық төлеушінің салық заңнамасында белгілінген талаптарға сәйкес келмеу фактісін анықтаған кезде, осындай сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысады.
Біріңғай жер салығын төлеушілер салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің мынадай түрлерін:
1) арнайы салық режимі қолданылатын ауыл шаруашылық қожалықтарының қізметінен түскен табыстан алынатын жеке табыс салығын;
2) арнайы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түскен айналым бойынша қосылған құн салығын;
3) осындай қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны;
4) көлік құралдары салығын, оның ішінде салық төлеушінің меншігіндегі бір жеңіл автокөлік қозғалтқышының 2500 текше см-ден аспайтын және жүк көліктерінің жалпы қуаты 10000 гектар шабындыққа 1000 кВт;
5) ауылшаруашылық мақсатында қолданылған және ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу негізіндегі мүлік салық салу обьектісі болмағандықтан төлемейді.
Аталмаған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу, төлеу және олар бойынша салық есебін табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Біріңғай жер салығын төлеушілер қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына салықтық өтінішті ерікті түрде беруге құқылы.
Ауыл шаруашылық қожалықтары үшін арнайы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде, біріңғай жер салығын төлеушілер кірістер мен шығыстардың, мүліктің бөлек есебін жүргізуге және салық заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілген қызмет түрлері бойынша тиісті салық пен бюджетке төленетін басқа да төлемдерге міндетті.

Біріңғай жер салығын есептеу тәртібі

Жер учаскесін бағалау құны біріңғай жер салығын салу обьектісі болып табылады.Егістік бойынша біріңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық ауданын негізге ала отырып, мынадай ставкаларды қолдану жолымен жүргізіледі.

Біріңғай жер салығының ставкасы


Жер учаскелерінің көлемі(гектар)
Салық ставкасы
1
500-ге дейін
0,1%
2
501-ден 1000-ды қоса алғанда
500 гектардан бағалау құнының 0,1% + 500-ден асатын гектарлардың бағалау құнының 0,2%
3
1001-ден 1500-ді қоса алғанда
1000 гектардан бағалау құнының 0,2% + 1000-нан асатын гектардың бағалау құнының 0,3%
4
1501-ден 3000-ды қоса алғанда
1500 гектардан бағалау құнының 0,3% +1500-ден асатын гетарлардың бағалау құнының 0,4%
5
3000-нан жоғары
3000 гектардан бағалау құнының 0,4% + 3000-нан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,5%

Жайлаулар, табиғи шабындықтар және арнайы салық режимін қолданатын басқа да жер учаскелері бойынша біріңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнының 0,1% ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.
Мысалы: шаруа қожалығы жерінің бағалау құны 23000000 теңге. Жер учаскесінің көлемі 450-га болса, онда есептелетін салық сомасы 23000 теңге болады.
Ауыл шаруашылық қожалықтары жер пайдалану құқығындағы біріңғай жер салығын жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі үшін есептейді.
Жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі үшін жер учаскесін бағалаудың құны жер учаскесін бағалау құнын он екіге бөлу және жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі айларының санына көбейту арқылы айқындалады.
Ауыл шаруашылық қожалықтары жер учаскесін басқа қожалыққа жаға берген кезде, тараптардың әрқайсысы біріңғай жер салығын жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі үшін есептейді.
Жалға алушының біріңғай жер салығын есептеуі жер учаскесін жалға алған айдан кейінгі айдан бастап жүргізіледі. Біріңғай жер салығын есептеу кезінде жалға берушінің жер учаскесін нақты пайдалану кезеңіне оны жалға берген ай қосылады.
Мұндай салық төлеушілер әрбір қызметкерлер, сондай-ақ ауыл шаруашылық қожалығының басшысы мен кәмілетке толған мүшелері үшін Республикалық бюджет туралы Заңда белгіленген және әлеуметтік салықты есептеу жүргізілетін айдың бірінші күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 20 пайыз ставкасы бойынша әлеуметтік салық сомасын ай сайын есептеп отырады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмілетке толған мүшелерінің әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелері олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік басынан бастап туындайды.
Әлеуметтік салықтың есептелген сомасы Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылады.
Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде, оның сомасы нөлге тең болады.
Біріңғай жер салығын, әлеуметтік салықты, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақыны, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мынадай тәртіппен:
1) салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейін есептелген соманы төлеу ағымдағы салық кезеңінің 10 қарашасына кешіктірілмей;
2) салық кезеңінің 1 қазанына 31 желтоқсанына дейін есептелген соманы төлеу есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 10 сәуірінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Әлеуметтік салықты және төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын жер учасклерінің орналасқан жері бойынша төлейді.
Біріңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияда біріңғай жер салығыныңб әлеуметтік салықтың, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, жер беті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрініс табады.
Біріңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.

Біріңғай жер салығы бойынша салықтық есебін жасау ережесі
(920.00 нысан)
Салық төлеуші туралы жалпы мәлімет бөлімінде салық төлеуші мына ақпараттарды көрсетуі тиіс:
1) СТН-салық төлеушінің тіркеу нөмірін;
2) ЖСН(БСН)-салық төлеушінің жеке идентификациялық нөмірін;
3) есеп беру жылына Декларация қосылып берілетін салық кезеңін;
4) салық төлеушінің аты-жөні немесе атауын;
5) Декларация түрін;
6) нөмір мен ескерту мерзімін;
7) егер деклария сенімді басқарушымен жасалған жағдайда, ұяшық белгіленеді;
8) валюта кодын.
Кедендік істі әзірлеуде қолданылатын классификаторы 10-қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі. 2003 жылғы 20 мамырдағы Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау басқармасының басшысы бұйрығымен бекітілген №219 Ережелеріне сәйкес тіркелген тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау, №2355 Рестрінде нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеуде тұрады.
9) АЕК-айлық есептік көрсеткішін;
10) қосымшалар санын.
Біріңғай жер салығы бөлімінде:
1) 920.00.001 1 жолында Қазақстан Республикасының салық кезеңі ішінде ауыл шаруашылық қожалықтарының иелігіндегі егістіктің біріңғай аумағы көрсетілген.
920.00.001 2 жолында жайлаулардың біріңғай аумағы, шөп орылатын және басқа да жер учаскелері;
2) 920.00.002 1 жолында егістіктің біріңғай бағалау құны;
920.00.002 2 жолында егістіктің біріңғай бағалау құны, шөп орылатын және басқа да жер учаскелері;
3) 920.00.003 1 жолында егістік бойынша біріңғай жер салығының айырма сомасы;
920.00.003 2 жолында біріңғай жер салығы бойынша айырма сомасы;
4) 920.00.004 жолында ауыл шаруашылық қожалықтарының иелігі салық кезеңі ішіндегі 920.00.004 1 және 920.00.004 2 бойынша егістік пен жайлау орналасқан орны бойынша біріңғай жер салығының жалпы сомасы, шөп орылатын және басқа да жер учаскелері. 920.00.004 жолында 920.00.005 1 және 920.00.005 2 жолдарының сомасына тең, сонымен қоса өзіне 920.00.006 жолының сомасын қоса алғанда.
920.00.004 1 жолында егістіктің орналасқан орны бойынша салық кезеңі ішіндегі, 920.00.008 жолындағы сомасында көрсетілген 920.01 барлық формаларында анықталғандай, салық кодексінің 1 - тарау 444-бабына сәйкес біріңғай жер салығы айырма сомасы.
920.00.004 2 жолында егістіктің орналасқан орны бойынша салық кезеңі ішіндегі, 920.01.008 жолындағы сомасында көрсетілген 920.01 барлық формаларында анықталғандай, салық кодексінің 1-тарау 444-бабына сәйкес біріңғай жер салығы айырма сомасы;
5) 920.00.005 1 жолында біріңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем сомасының айырмасы көрсетілген (920.00.004 жолында), салық кезеңінде 10 қарашадан кешіктірмей жер учаскелерінің орналасқан орны бойынша бюджетке төленуі тиіс.
920.00.005 2 жолында біріңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлемнің айырма сомасы көрсетіліп (920.00.004 жолы), салықтық кезеңінен кейінгі салықтық кезеңінің қ сәуірінен кешіктірілмей жер учаскелерінің орналасқан жерлеріне сәйкес бюджетке төленуі міндетті;
6) 920.00.006 жолы егер салықтық міндеттерді орындау сенімгерлік басқару келісімшартаына сәйкес, сенімгерлікпен басқарушыға табысталса, толтырылады.920.00.006 жолында біріңғай жер салығының сомасы салықтық кезең ішінде сенімгерлікпен басқарушының айырмасы ретінде көрсетіледі.
Жеке табыс салығын төлем көздерінен салу бөлімінде:
7) 920.00.007 жолында салық агенттігімен есептелген, салық кезеңі ішінде анықталған табыстар, міндетті және ерікті зейнетақы аударымдарын қосқанда сақтандыру сыйақылары мен жеке табыс салығы беріледі, 920.00.007 1 және 920.00.007 2 жолдарында анықталған сом ретінде 920.00.007 жолы өзіне 920.00.008 жолының сомасын өзіне қосады.
920.00.007 1 жолында салық агентінің 1 қаңтардан 1 қазанға дейінгі кезеңде есептелген табыстары жазылады. 920.00.007 1 жолы өзіне 920.00.008 1 жолының сомасын;
920.00.007 2 жолында салық агентінің 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде есептелген табыстары жазылады. 920.00.007 2 жолы өзіне 920.00.008 2 жолының сомасын қосады;
2) 920.00.008 жолында табыстар, салық кезеңі ішінде төлем көздеріне салынатын жеке табыс салығын салу сомасы 920.00.008 1 және 920.00.008 2 жолдарында анықталғандай көрсетіледі.
920.00.008 1 жолында табыстар 1 қаңтардан 1 қазанға дейінгі кезеңді қамтитын салық салу және оның есептелуі жазылады.
920.00.008 2 табыстар 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейінгі кезеңді қамтитын салық салу және оның есептелуі беріледі;
3) 920.00.009 жолында табыстар, салық кезеңі ішінде төлем көздеріне салынатын жеке табыс салығын салу сомасы 920.00.009 1 және 920.00.009 2 жолдарында анықталғандай көрсетіледі.
920.00.009 1 жолында табыстар 1 қаңтардан 1 қазанға дейінгі салық кезеңі ішіндегі салықтың айырма сомасы көрсетіледі.
920.00.009 2 табыстар 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейінгі салық кезеңі ішіндегі салықтың айырма сомасы беріледі;
4) 920.00.010 жолында жеке тұлғамен есептелінген табыс, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлғаларға салық салу
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА САЛЫҚ САЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ауыл шаруашылығына салық салудың теориялық негіздері
Ауыл шаруашылықты өндiрiсiндегі фермерлік шаруа қожалықтары
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы ұйымдарына салық салу:мәселелері мен болашағы
Жер салығының мәні мен маңызы
Меншікке салынатын салықтар
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер
Жер салығының қазіргі кездегі жағдайы
Салықтың экономикалық мақсаты
Пәндер