Технология пәнін оқытуда білім беру мазмұны мен сапасын көтеру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Технология пәнін оқытуда білім беру мазмұны мен сапасын көтеру
Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алып, білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.
Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.
Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау - оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс - әрекеттің нәтижесі болып табылады. Оқытудың жаңа технологияларының принциптері - оқытудың ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты жетік маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі.
Қазақстан білім беру жүйесінде жасалып жатқан талпыныстар жағдайында әр түрлі әдіс- тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, іздемпаз, барлық іс - әрекетінде шығармашылық бағыт ұсынатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру маңызды міндет. Білім саласының басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Жаңа білім мазмұнына, бәсекеге қабілетті құзыретті мамандарды оқытып тәрбиелеудің тиімді педагогикалық технологияларының бірі -ақпараттық коммуникациялық технология. Ақпараттандыру құралдарының кеңінен қолданылуы, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпалын тигізеді. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында арнайы пәндердің сапасын көтеру. Жаңа заман талаптарына сәйкес құзыретті маман дайындауда ақпараттық технологияның маңызы ерекше. Бұл оқушылармен тікелей қатынаста отырған оқытушыларға үлкен жауапкершілік жүктейді. Әр маман иесінің өзінің саласы бойынша білімін тәжірибемен ұштастыра білуінің өзектілігі. Өйткені оқушыға берілетін білімнің ғылыми негізі жан - жақты айқындалып, өзіндік нақты ұстанатын болса, әр маман өзінің қойған мақсат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш мектепте математика пәнінде жаңа инновациялық технологияларды пайдаланудың тәжірибесі
Мультимедиалық технологиялардың оқыту үрдісінде тиімділігінің көрсеткіші
Орта мектепте технология пәнін оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану
Мектептегі математика сабағында жобалау технологиясын қолдану
Математиканы оқып үйренудегі компьютерді пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА КІРІКТІРУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Биология сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану
Информатиканы оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар
Пәндер