Ұжым психологиясы мәселесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

Дәрістер

Дәріс 1. «Әлеуметтік психологияға кіріспе»

Cұрақтары: Психологиялық ғылымдар жүйесіндегі «Әлеуметтік психологияға кіріспе» пәнінің алатын орны мен рөлі. Әлеуметтік психология объектісі ретінде әлеуметтік топтар, тұлға және топтың өзара әрекеті. Бақылау, эксперимент, сауалнама - зерттеулердің негізгі әдістері ретінде. Шетелдік және кеңестік психологияда «Әлеуметтік психологияға кіріспе» ғылымының дамуы мен қалыптасуының негізгі кезеңдеріне қысқаша шолу.

Әлеуметтік немесе қоғамдық психология (гр. psyche - жан және logos - сөз, түсінік, ілім) - әлеуметтік топтарға қосылуымен байланысты адамдардың қызметі мен пәнінің заңдылықтарын, сонымен қоса ол топтардың өздерінің рухани ерекшеліктерін зерттейтін жантану ғылымдарының саласы.

Әлеуметтік психологияға кіріспе пәні отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың, тағы да басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағы алатын орнына қарай жіктелетін топтарының психологиясын зерттейді. Әлеуметтік психологияға кіріспе қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік құбылыстардың сырын түсінуге, олардан қорытынды шығарып, қоғамның даму бағытын айқындауға, ірі топтарды және тұтас қоғамды басқаруға, бағыттарды, шараларды айқындай отырып, оны стратегиялы дұрыс жолға салып отыруға көмектеседі. Сондықтан ғалымдар бұл ғылымның болашағы зор, XXI ғасырда жетекші орындарға шығады деп есептейді.

Әлеуметтік психологияның негізгі бөлімдеріне мыналар жатады:

  • әлеуметтік топтардың психологиялық мінездемесі;
  • тұлға психологиясы;
  • ақпарат алмасу заңдылықтары және бірлескен қызмет үстіндегі адамдардың өзара әрекеттесуі;
  • түрлі қауымдастықтарда қалыптасатын тұлғааралық өзара қатынастар.

Әлеуметтік психологияға кіріспе өзге ғылымдармен - социологиямен, педагогикамен, философиямен, саясаттанумен, мәдениеттанумен тығыз байланыста болады. Социология қоғамның, топтың және жеке адамның құндылықтары мен нормаларының сипатын қарастырса, әлеуметтік психология сол адамдар өмір сүретін микро және макроортаның әсерін ескере отырып, олардың қалыптасуының нақты механизмдерін және тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді. Егер социология тұлғаның әлеуметтік белсенділігінің түпкілікті қайнарларын ашатын болса, онда әлеуметтік психология олардың пайда болу жолдары мен заңдылықтарын қарастырады, белсенділікті мейлінше толық іске асырудың жағдайларын жасауға көмектеседі. Социология түрлі адамдар топтары мен қауымдастықтарының ішіндегі тұлғааралық байланыстардың әлеуметтік мәнін ашады. Ал әлеуметтік психологияны жеке адамның немесе жеке топтың қызметінен ол мәннің калай және қандай формаларда көрініс беруі, тұлғалық сапалықтардың қалыптасуына қалай әсер ететіні қызықтырады.

Әлеуметтік психологияның философия құрамында ұзаққа созылған даму тарихы бар; Батыста XVIII ғасырдағы ағартушылық кезеңде оған көбірек көңіл бөліне бастады.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында әлеуметтік психология жеке ғылым саласы ретінде орнықты. XX ғасырдың 20-жылдарынан бастап әлеуметтік психология АҚШ, Англия, Германия, Франция, Жапония сияқты дамыған елдердегі психология ғылымының жетекші бағытына айналды.

Әлеуметтік психологияға кіріспе бұрынғы Кеңес Одағында да көп көңіл бөлінген. Кеңес билігі тұсында бұл ғылым жетекші салаға айналды. Кеңестік әлеуметтік психологтардың зерттеулерінде тұлға және ұжым мәселелері Батыстағыдай топ динамикасы заңдылықтарынан өзгеше бағдарда алынып, ерекше теориялық құрылғыда қарастырылды. Ұлттардың және өзге ірі әлеуметтік топтардың психологиясы зерттелді. Олардың арасында Қазақстандық ғалымдардың да үлесі болды

Ғылым саласы ретіндегі әлеуметтік психологияның зерттеу объектісіне мыналар жатады:

  • адамдар арасындағы ақпарат алмасу және өзара әрекеттесу заңдылықтары, атап айтқанда, қоғамдық және тұлғааралық қатынастар құрылымындағы жүздесудің рөлі, оның құрылымы, атқаратын қызметі, жүздесу үдерісінде әсер ету амалдары;
  • таптар мен ұлттар сияқты ірі және еңбек ұжымы мен отбасы сияқты шағын әлеуметтік топтардың психологиялық мінездемелері, бұған қоса ұжымшылдық, басқару және жетекшілік, топ болып шешім қабылдау, топ қызметінің тиімділігі сияқты үдерістерді зерттеу;
  • тұлғаның әлеуметтік психологиясы, оның коммуникативтік сапалықтарына талдау жасау, әлеуметтену мәселелері, әлеуметтік мақсаттардың қалыптасуы және ауысуы.

«Әлеуметтік психологияның пайда болуы (ХІХ 60 жылдары - ХХ ғасырдың басы) . Бұл кезеңнің ерекшелігі әлеуметтік психологиялық ойлардың жаратылыстану қоғамдық ғылымда көрінуі мүмкін. Мұнда адамдардың психологиялық ерекшеліктеріне адамдардың топтағы қарым-қатынасына қарым-қатынасы мен бейімділігіне көп назар аударылды. Осыған орай әскери ғылымда әлеуметтік психология салалары т. б. Батыс Елдері мен қатар халықтар психологиясы дамыды. Ал медицинада ауру адамдардың басқа адамдармен қарым-қатынасы зерттелді. А. К. Михайловскийдің пікірінше әлеуметтік дамудың қозғаушы күші басшы және тобыр. Өйткені басшы тобырды қалай басқарса тобыр солай іс-әрекет жасайды. Ал оған әсер етуші негізгі психологиялық факторлар: еліктеу, қоғамдық көңіл - күй, қоғамдық мұқтаждықтар, қажеттіліктер. Ресейдегі алғашқы әлеуметтік психологияға алғаш оқу құрамын жазған. В. М. Вехтер “Ұжымдық рефлексалогия” (1921) . Ол әлеуметтік психологиялық фенолин ретінде: жерлесу, өзара қарым-қатынас, қарым-қатынас мәселелері».

2. Әлеуметтік психологияның дамуы (ХХ - ғасырдың 20 - 30 жылдары) . Бұл кезеңде әлеуметтік психологияны марксистік тұрғыдан қарастырды. Бұл мәселеге Л. Н. Вайталовский, М. Р. Рейснер, К. Н. Карнилов, Ю. В. Фракфурт т. б. өз пікірлерін айтты. Осы кезеңдегі әлеуметтік психологиялық негізгі бағыты болып ұжым мәселерін қарады. Ұжым теориясырн заңдылықтарын қарастырған әлеуметтік психологтар. Б. В. Биляев, Л. Н. Вайтоловский, т. б. Осы кезеңде балалар ұжымының құрлымын, дамуын басқару феномені, қараусыз қалған мәселесін қарастырды. Педалогия ғылымы дамыды.

3. Әлеуметтік психологияның құлдырауы (ХХ ғасырдың 30 - 50 жылдары) . 1930 жылы елдегі жағдай қүрт өзгерді. Соған байланысты ғылымда өзгеретін болды. Отандық ғылым Батыс ғылымынан бөліне бастады. Бұл кезеңде:

1. Әлеуметтік психологияның теориялық қажетсіздігі.

2. Батыс елдерінің идеологиясымен сәйкестенбеуі. Әлеуметтік психологияның зерттеу нәтижелерінің тәжірибеде қолданылмауы.

3. Әлеуметтік .

Алайда бұл кезеңдеде зерттеулер жүргізілді.

1. Әдістемелік мәселесі (Б. Г. Ананьев) .

2. С. Н. Рубинштейн әдістемелік қағидалар - детерменизм сана мен іс- әрекет бірлігі, даму қағидасы мәдени тарихи тұжырымдар әлеуметтік психологиялық теориялық әдістемелік негіздері болды) .

3. Ұжым психологиясы мәселесі. Бұл мәселені қарастырған А. С. Макаренко (“Ұстаздық дастан”. Онда ұжымдық психологияның екі түрін көрсетеді: алғашқы және кейінгі.

4. Бұл кезеңде мектеп ұжымындағы жеке адамның қалыптасуы ұжыммен жеке адамның қатынасы т. б.

Әлеуметтік психологиялық қайта өрлеуі (ХХ - ғасыр 50 - 70 жылдары) . Бұл кезең ғылымдағы идеологиялық қысымның төмендеуі мен сипатталады. Психологиялық ілім физиологиядан дербес екендігін мойындатып, өз даму жолын басқарды. Бұл кезеңде әлеуметтік психологияны ғылымының даму деңгейі анықталды. Басқа ғылымдармен байланысы зерттелді. Пәні мен зерттеу нысанасы негізгі ұғымдары мен заңдары анықталды. Жоғарғы оқу орнына пән рет-е енгізілді. Мамандықтар даярлана бастады. Ғылыми еңбектер мен оқу конференциялар мен семинарларөткізілді, арнайы журнарларшыға бастады. Шетелдік әлеуметтік психологияның даму тарихы.

Батыс елдерінің мамандары әлеуметтік психологияны адамның мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін олардың өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым деп қарастырады. Тарихқа сүйенсек әлеуметтік психология ХХ - ғасырдың бас кезеңінде пайда болды . Оның дүниеге келген жылы деп 1908 жылды есептейді. Өйткені осы жылы ағылшын психологы В. Мак- Даугаллдің “Әлеуметтік психологияға кіріспе” және Американ әлеуметтанушысы Э. Росстың “Әлеуметтік психология” еңбектері жарық көрді.

Адамдардың әлеуметтік мұқтаждықтары қажеттіліктерін зерттеу ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасып адам мен қоғамның қарым- қатынасын талдайтын “Халықтар психологиясы” пайда болды. Халық психологиясының теориясы ХІХ ғасырдың орта шенінде Германияда М. Лацарусс, Г. Штейнь, В. Вундт, ал Францияда С. Сигелия, Г. Левон зерттеді.

ХХ ғасырдың 20 жылдары (В. Моде, Ф. Оллпорт) әлеуметтік психологияны экспериментті ғылымдар қатарына еңгізіліп әртүрлі топтардағы әлеуметтік психологиялық құбылыстарды эксперименттүрінде зерттей бастады. Осы кезеңде психологияда 3 теориялық мектеп қалыптасты:

1. Гештальт (құрылым, тұтас) . 2. Психоанализ. 3. Бихевиоризм.

Бақылау сұрақтары:

  1. Психологиялық ғылымдар жүйесіндегі «Әлеуметтік психологияға кіріспе» пәнінің алатын орны мен рөліне тоқталыңыз
  2. Әлеуметтік психология объектісі ретінде әлеуметтік топтар, тұлға және топтың өзара әрекетін қарастырыңыз

«Рухани жаңғыру»

Эллиот Аронсон «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе»

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында гуманитарлық білім бағыттары бойынша әлемдегі ең таңдаулы 100 оқулықты қазақ тілінде аударып, өскелең ұрпақтың жаһан ғылымның жауһардай құндылықтарын жадына тоқып, саяси, мәдени, тарихи әлеуметтану тұрғысында жан-жақты танып білуге жағдай жасау қажеттігін атап көрсеткен болатын.

«Рухани жаңғыру» еліміздегі білім берудің бүтіндей жүйесінің, оның ішінде жоғары оқу орындары үшін айрықша «мүмкіндіктер кеңістігіне» айналуда.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында аталған алты арнайы жобаның әрқайсысы жеке мемлекеттік бағдарлама болуға лайық келетін дара бастамалар. Дегенмен, олардың бірі де бірегейі - «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы.

Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана деңгейі жетеді. Сол себептен Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Өйткені, кез келген қоғамның күші - білімде, ал кез келген тілдің қуаты - ол тілдегі мазмұнында. Олай болса, бұл бастама тілдің қауқары мен қоғамның әлеуетін де биікке көтеретін тегеурінді тетікке айналды.

Гарвард университетінің профессоры Эллиот Аронсонның бұл еңбегі әлеуметтік психологияға адам табиғаты мен болмысы арқылы жол салған ерекше туынды.

Эллиот Аронсон «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе» кітабының ағылшынша атауын тікелей аударсақ «The social animal»- «Қоғамдық жануар» (Әлеуметтік жануар) дегенді білдіреді. Ал Ресейде оны «Общественное животное» деп алған. Осыған ғалымдар да, публицистер де, жазушылар да «қазақ тілінде жануар деген сөз адамға қатысты айтылмайтынын» көлденең тартты.

Кітаптың өзінде де Аристотельдің «Адам деген - саналы жануар» деген сөзі келтіріледі. Дегенмен тікелей қазақ тілінде «Қоғамдық жануар» (Әлеуметтік жануар) деп алу киын. Шығыстанушы Ғалым Боқаш ұсынған «Көпке ұмтылған жалғыз» атты атау кітаптың табиғатын ашатын негізгі атау болып келісілген. Осы кітаптың қазақша атауының өзі Ұлттық аударма бюросында жұмыс жасаған аудармашылардың айрықша кәсібилігін дәлелдейді. Тұсаукесерде Президент те «Көпке ұмтылған жалғыз» атауын сәтті деп ерекше атап өтті.

«Эллиот Аронсон осы кітапты 1970-1971 жылдары Стэнфорд университетінде жүрген кезінде жазуға кіріскен. Содан бері 11 басылым көрген. Демек, 50 жылға жуық уақытта үнемі жаңартылып отырған. Кітаптың алтыншы басылымы Ресейде аударылған. Сол кездегі мазмұнмен салыстырғанда 11 басылымның мазмұны жаңара түскен.

Белгілі ғалым Эллиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе» атты кітабы әлеуметтік психологияның жаңа қырларын ашады. Мамандар бұл ілімді, cалыстырмалы түрде, ғылымның жас саласы деп есептегенмен, оның алғышарттары Аристотель заманында-ақ көрініс тапқан. Ал Аронсон болса, ХІХ ғасыр соңында іргетасын Триплет қалап, 1930 жылдары К. Левин одан әрі дамытқан әлеуметтік психология ғылымының көкжиегін кеңейтуге тырысады.

Жоғары оқу орындарының студенттеріне, сондай-ақ, қалың оқырман қауымға да қызықты бұл оқулық адамның сыртқы ортаға бағынуы, жағдайға мойынсұнуы, өзін-өзі ақтап алуы, көзсіз сенімге еруі, ұнатуы, ашуға бой алдыруы, үгіт-насихат жетегінде кетуі сияқты маңызды факторларды нақты мысалдар арқылы саралайды.

Кітап мазмұны 9 тарауды қамтиды. 2012 жылы Алматы қаласында басылып шықты.

1-тарау. Әлеуметтік психология дегеніміз не? деп беріліп онда 4 бөлім қарастырылады. (Бәрі өзгереді. Анықтама. Әлеуметтік әсер) .

2-тарау - конформдылық. Онда 7 бөлім қарастырылады (Конформдылық дегеніміз не? Конформдылықты ұлғайтатын және азайтатын факторлар. Ақпарат алуға бейімдік. Әлеуметтік ықпалға жауап. Мойынсұну - бағынудың бір формасы. Эксперименттер этикасы туралы ескертпелер. Іске араласпаған куәгер конформист ретінде) .

3-тарау. Бұқаралық коммуникация, үгіт-насихат және иландыру. Бұл тарау 10 бөлімнен тұрады. (Иландырудың негізгі екі жолы. Пікір мен ұстаным қайшылығы. Теледидар әсері. Иландыру әрекеттері. Ақпарат көзі. Білім беру ме, үгіт-насихат па?

4-тарау. Әлеуметтік таным. (Білім беру ме, үгіт-насихат па? Әлеуметтік бағалауға контекстің әсері. Қарым-қатынас пен сенім мінез-құлыққа қалай әсер етеді?)

5-тарау. Өзін-өзі ақтау. 14 бөлімге тоқталып өтеді (Ақылға қонымсыз ақталу психологиясы т. б. ) .

6-тарау. Адамға тән агрессия 6 бөлімнен тұрады. (Агрессияның анықтамасы. Агрессияның себептері) .

7-тарау. Біржақты түсінік 4 бөлімнен тұрады. (Стереотиптер және атрибуциялар) .

8-тарау. Ұнату, жақсы көру және тұлғааралық сезім 5 бөлімнен тұрады. (Сырт келбеттің тартымдылығы. Қадірлі болу және қадіріңді жоғалту) .

9-тарау. Әлеуметтік психология ғылымы 5 бөлімнен тұрады. (Әлеуметтік психологиядағы эксперименттің қиындығы. Этика мәселелері) .

Кітаптың 6-тарауы 5 бөлімнен тұрады. Бұл тарауда агрессияның себептері мен шеттету, алып тастау және қорқыту, зорлық-зомбылық және бұқаралық ақпарат құралдарының адам өмірінде кездесетін психологиялық қиыншылықтар мен оны адамның басынан өткеруі, қоғамдағы орын алған келеңсіз жағдайларға төтеп беруі көрсетіледі. «Агрессия пайдалы тіпті кейбір жағдайда қажет» деген пікірлер беріледі.

Зигмунд Фрейдтің ойынша егер адамдарға агрессиясын шығаруға мүмкіндік берілмесе, онда агрессия жиналып қысымға айналады. Іштегі энергия сыртқа шығу жолын іздейді, сөйтіп бір күні жарылады немесе адам психикалық ауруға душар болады деп көрсетеді. Антрополог Лорен Эйсли: «Бізге мұзды жаратын, жолбарыспен айқасып, аюмен алысатын адамнан гөрі мейірімді де, шыдамды адам қажет» деген пікірлері айтылады. Эллиот Аронсон психологтардың пікірлерін талдай отырып, өзіндік ой толғамдарын жасайды.

Мысалы, АҚШ мектептеріндегі атыстар - бір адамның қолына мылтық алып, он, жиырма, елу адамды қырып кетуі, сол секілді қоғамда кейін болып жатқан қайғылы оқиғалар ондағы адамның ішкі күйі, сезімдері толықтай қарастырылған. Психологиялық қырлары талданған.

Соның нәтижесінде Аронсон әлеуметтік психологияның ғылыми сала ретінде қалыптасып, өзіндік орнын иеленгендігін негіздеген. Бұл еңбек әлеуметтік психологияға жаңаша қарауға, ең бастысы, адам психологиясындағы ерекшеліктерге мұқият болуға үйретеді.

Әлеуметтік психологияға кіріспе оқулығы - қазіргі қазақ қауымына өте қажетті ғылым. Жаңашыл сипаттағы зертеулермен толығып, бұрынғы нұсқадағы іргелі зерттеулерді сақтап қалған. «Көпке ұмтылған жалғыз» кітабының көлемі де ықшам 11-басылымдағы өзгертулер мен толықтырулар түпнұсқаның көркемдік сапасына нұқсан келтірмеген.

Бұл оқулықтың өзіндік ерекшелігі, әлеуметтік топтағы адамдардың қоғамда өздерінің ішкі күйзелісімен, таным түйсігі, агрессия, депрессия кезеңдерінде адамның өзіндік ойлауы мен сезіну процестерімен танысып, оның жаңа қыраларын көруге жол ашады.

Қорытындылай келе, бұл кітап тек студенттерге немесе психология тақырыбына қызығатын ғалымдарға ғана емес, қарапайым оқырманға да өте қызықты, маңызы бар оқулық. Адамның ішкі рухының мықты болмауы, жеңіле салуы сияқты мәселелердің бәріне осы кітапта жауап бар. Шетелдік ғалымдар кітапты мейлінше түсінікті етіп, көпшілікке арнап жазады. Мұны ғылыми дегеннен гөрі, ғылыми-көпшілік кітаптар қатарына жатқызуымызға болады. Бұл кітап қазіргі кездегі әлеуметтік орта мәселелерін, әлеуметтік психологияның жаңа тұстарын, өзіндік ерекшелігін ашуға арналған.

Бүгінде адамтану, адам психологиясы, оның ішінде әлеуметтік психология жеке адамның жетістікке жетуін зерделейтін маңызды ғылым саласы. Яғни, біздің қоғамға өсу керек болса, осындай оқулықтармен танысу керек деп есептейміз.

Осы орайда Э. Аронсонның кітабына өзіндік тұжырым жасай келе бұл оқулықты «Педагогика және психология» мамандығында оқитын студенттерге қосымша оқулық ретінде ұсынуға болады.

Дәріс № 2. Әлеуметтік-психология дербес ғылым ретінде дамуының қалыптасу тарихы

Сұрақтары: Әлеуметтік психологиянын дербес ғылым ретінде қалыптасуының алғышарттары. Алғашқы әлеуметтік-психологиялык теориялар ("Халықтар психологиясы" М. Лацарус, Г. Штейнтал, В. Вундт: "Көпшілік психологиясы Г. Тард: В. Макдугаллдың "Әлеуметтік жүріс-тұрыс инстинкті" теориясы. Әлеуметтік психология тарихының кезеңдері (Г. М. Андреева және Я Е. С. Кузьмин бойынша) . Қазіргі американдык, европалык әлеуметтік психологияның жалпы сипаттамасы. Кеңестік әлеуметтік психологияның даму тарихы. Әлеуметтік психологияның негізгі теориялық бағдарлары және сипаттамасы. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-психологиялық идеялардын дамуы мен әлеуметтік психология аймағындағы теориялық және қолданбалы зерттеулердің өнделуі мен жүргізілуі.

Әлеуметтік психологиялық түсініктердің негіздері ертедегі грек еліндегі ғұлама ғалымдар Платонның «Республика» еңбегінде, Аристотельдің «Саясат» және «Этика» еңбектерінде қаланған. Әлемнің екінші ұстазы саналған ежелгі түрік елінен шыққан Әл-Фараби бабамыз өзінің «Қайырымды қала тұрғындары» деген еңбегінде былай деп жазған: «Адам өзінің табиғатына сәйкес өмір сүруі, дамуы және жоғарғы дәрежеге жетуі үшін көптеген заттарды қажет етеді, оларды жалғыз өзі тауып ала алмайды, ол үшін адамдардың қауымдастығы қажет».

Жаңа заман философиясында (ХУ-ХУІІғ. ғ. ) Гоббс, Локк, Гельвеций, Руссо, Гегельдерді атап кету қажет.

XIX ғ. орта тұсында, қоғамдық процестерге қатысты көптеген ғылымдар дамуында айтулы прогресс болды. Бұл кезеңде тіл білімі қарқындап дамыды. Осы кезеңде Европада капитализмнің дамуына байланысты, әр түрлі елдер арасындағы экономикалық қатынастар көбейіп, халықтар миграциясы белсенді бола түсті. Тіл арқылы қарым-қатынас жасаудың, басқа халықтың психологиялық ерекшеліктерін ескеру проблемалары туындады. Бұл проблемаларды шешу жалғыз тіл білімінің қолынан келмеді.

Сонымен бірге, осы кездерде антропология, этнография, археология ғылымдарында көптеген деректер жинақталынып, оларды түсіндіруде де әлеуметтік психологияның көмегі қажет болды.

Американ антропологы Э. Тейлор алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті туралы еңбегін тәмамдады, этнограф жөне археолог Л. Морган америка үндістерінің тұрмысын зерттесе, француз ғалымы (социолог жөне этнограф) Леви-Брюль алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдардың ойлау ерекшеліктерін зерттеді.

Бұл кезеңдегі психология, негізінен, индивидтер психологиясы тұрғысынан қалыптасқан еді. Адамның мінез-құлқын түсіндіруде психологияны қайта қарастыру бағдарламасы енді ғана дами бастады.

Социология ғылымына келсек, оның өзі дербес ғылым ретінде XIX ғасырдың орта тұсынан бастап дамыды, оның негізін қалаушы француз философ-позитивісі Огюст Кант.

Социологияда психология бағыты тез дами бастады. Сонымен екі ғылымның (психология мен социология) дамуында бір-біріне қарай қозғалыс басталды, ал ол жаңа ғылым ретіндегі проблемаларды қалыптастырумен аяқталуы қажет болды.

Көптеген алғашқы әлеуметтік - психологиялық теориялар арасынан негізгі үш бағытты бөліп алуға болады: халықтар психологиясы, көпшілік психологиясы және әлеуметтік мінез-құлықтың инстинктер теориясы.

Халықтар психологиясы әлеуметтік - психологиялық теориялардың алғашқы формасы ретінде XIX ғасырдың ортасында Германияда қалыптасты.

Халықтар психологиясы теориясын тікелей жасағандар философ М. Лацарус (1824-1893) және тіл маманы Т. Штейнталь (1823-1893) . 1859 жылы «Халықтар психологиясы жөне тіл білімі» журналы жарық көрді. «Халықтар психологиясы туралы кіріспе тұжырымдары» деген мақаласында авторлар, негізгі идеяларын - тарихтың негізгі күші - халықтың өзін мәдениет, дін, тіл, аңыз, әдет - ғұрыпта көрсетуі- деп түйіндеді.

Халықтар психологиясы идеясын ары қарай дамытқан В. Вундт (1832-1920) көзқарастары. 1900 ж. Вундтың он томдық «Халықтар психологаясы» еңбегі жарық көрді. Вундтың көзқарасы бойынша, психология екі бөліктен: физиологиялық психология және халықтар психологиясынан құрылуы керек. Физиологиялық психология эксперименттік пән, бірақ эксперимент жоғарғы психологиялық процесстер - сөйлеу мен ойлауды зерттеуге жарамайды. Міне, нақ осы жерден халықтар психологиясы басталады. Оның әдістері де басқаша: тіл, аңыз, әдет-ғұрып, мәдениет өнімдерін талдау.

Ресейде халықтар психологиясы идеясы белгілі лингвист ғалым А. А. Потебня зерттеулерінде қарастырылды. Лацарус, Штейнталь, Вундт және Потебня проблеманы әртүрлі тұрғыда қарастырғанымен, түжырымдамаларының идеясы ортақ: психология жеке индивид санасы емес, халық санасында қалыптасқан құбылыстарға тап болды, сондықтан, осындай ерекше проблемалармен айналысатын, өзіне тән әдістері бар, психологияның арнаулы саласы болуы қажет.

Қазақстанда осындай көзқарастарды әрі қарай дамытқан этникалық психология мәселелерімен айналысқан, осы ғылымның негізін қалаушылардың бірі саналагын М. Мұқанов.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік психология мақсаттары мен міндеттері
Менеджмент психологиясы бойынша дәрістер
Әлеуметтік-психологиялық идеялардың қалыптасуы
Психологиялық әдістердің түрлері
Басқару психологиясының пәні мен объектісі
Басқару психологиясының өзекті мәселелері
Спортшылардың психологиялық дайындықтары
Жалпы психологиялық дайындық
Басшы тұлғасының психологиясы.
Менеджмент психологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz