Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту технологиясы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қазақстан Республикасының білім басқармасының мектепке дейінгі,
жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының
республикалық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып,
республика педагогтарына таратуға ұсынылды.
Әдебиет және қазақ тілі пәндері бойынша функционалды сауаттылықты дамытатын тапсырмалар жинағы
Авторлары:
Полатова Айнур Муслимбековна
2019 жыл
«МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ АГЕНТТІК»
ҚАБЫЛДАНДЫ ЖӘНЕ БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕДЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ
«СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЕ БИБЛИОГРАФИЧЕСКОЕ АГЕНСТВО»
ПРИНЯТО И ПРОВЕДЕНО БИБЛИОГРАФИЧЕСКОЕ СОПРОВОЖДЕНИЕ
ӘОЖ 823
КБЖ 369
Қ 46
Полатова А. М.
Қ 46 Әдебиет және қазақ тілі пәндері бойынша функционалды сауаттылықты дамытатын тапсырмалар жинағы // Полатова Айнур Муслимбековна//Алматы: «Атамекен», 2019 ж. - 36 бет
«ҚР ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ»
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТЫҚ КІТАП НӨМІРІ ISBN
ӘМБЕБАП ОНДЫҚ ЖІКТЕУ КІТАПХАНАЛЫҚ-БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ЖІКТЕУ
ШТРИХ КОДЫ БЕРІЛДІ
«НАЦИОНАЛЬНАЯ КНИЖНАЯ ПАЛАТА РК»
ПРИСВОЕНЫ (ЗАРЕГИСТРИРОВАНЫ) МЕЖДУНАРОДНЫЙ
СТАНДАРТНЫЙ НОМЕР ISBN
УНИФИЦИРОВАННЫЙ ДЕСЯТИЧНЫЙ КЛАССИФИКАТОР
БИБЛИОТЕЧНО-БИБЛИОГРАФИЧЕСКИЙ КЛАССИФИКАТОР ШТРИХ-КОД
Полатова А. М., 2019 ж.
© «Атамекен». 2019 ж
Баспаға «Атамекен» және «Өрлеу» әдістемелік оқыту, педагогикалық шеберлік орталықтарымен хаттамалық кеңесте №310
26 тамыз 2019 жылы баспаға бекітілген
Рецензенттер:
ф. ғ. к. Калиева А. Қ. - «Атамекен» әдістемелік оқыту, педагогикалық шеберлік орталығының бас маманы
Г. Б. Туребекова - «Атамекен» әдістемелік оқыту, педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері
А. Б. Аульбекова - Төле би аудандық білім бөлімінің бастауыш сынып әдіскері
Полатова А. М.
Қ 46 Әдебиет және қазақ тілі пәндері бойынша функционалды сауаттылықты дамытатын тапсырмалар жинағы // Полатова Айнур Муслимбековна//Алматы: «Атамекен», 2019 ж. - 36 бет
ISBN 978-6-3-207-4
EAN: 978632074
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымы да лингвистика, педагогика, психология ғылымдарындағы жаңа зерттеулер негізінде үнемі дамып, өзгеріп отырады. Қазақ тілін оқытудағы осындай тиімді оқыту технологияларының бірі - сөз таптарын оқыту негізінде оқушылардың сын тұрғыдан ойлауын қалыптастыру.
Педагогикалық технологиялар көмегімен күнделікті оқытудағы педагогикалық оқу-тәрбие үрдісін алдын ала жобалау жолына асуыстыру, оларды ізбе-із сыныпта қолдану көзделінді. Мұғалім үшін жызылатын дәстүрлі сабақ жоспарларынан өзгеше жұмыс ретінде педагогикалық технологияда оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие үрдісінің жобасы жасалады. Ол мақсат нәтижелерінің нақтылығымен, білім мазмұнының сұрыпталуымен, оны меңгерудің әдіс-құралдарының және оқу түрлерінің біртұтастылығымен анықталады. Мақсат қою мен тұрақтылықты сақтау басты қағидалары ретінде анықталады.
Жинақ Алматы қаласының «Атамекен» оқу орталығының мамандары мен мамандырылған «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының кеңесімен ұсынылған.
Нуришова А. К., Кашкеева М. Ч., 2019 ж.
© «Атамекен». 2019 ж
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Орыс тіліндегі сыныптарға қазақ тілінен деңгейлік тапсырмалар
1. 1 Бастауыш сыныптарында мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту технологиясы . . . 5
1. 2 Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында деңгейлік тапсырмалар мен тірек сызбаларды қолдану жолдары . . . 11
1. 3 Деңгейлеп оқытудағы деңгейлік тапсырмалар мен оқушылардың
даму мониторингі. . 13
2. Орыс сыныптарына қазақ тілі пәнінен тапсырмалар
2. 1 Қазақ тілі пәні бойынша құрастырылған деңгейлік тапсырмалар . . . 16
2. 2 Ойын сабақ құрылымы . . . 22
Қорытынды . . . 25
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 28
Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие болды. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту процесін технологияландырудың қажеттігінен туып отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп практикасына енгізілуде. Атап айтқанда, академик В. М. Монаховтың оқыту технологиясы жұмыстарында айтылғанда оқытудың ұжымдық тәсілі
Бүгінгі таңдағы басты мәселелердің бірі басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолдану аясын кеңейту- баршамыздың басты парызымыз. Осындай күрделі міндетті ойдағыдай орындау үшін мұғалімге бұрыңғыдан да зор талаптар қойылады.
Оқытудың жаңа технологиясының бірі-педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі іліміне сүйене оқыту болып табылады. Нәтижеге жету үшін оқушылардың білімі мен деңгейіне байланысты тапсырмалар құрастыру қажет. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру үшін ойлай білетін, өз ойын қазақ тілінде жеткізе алатын, сауатты, еліне еңбек ете білетін, қабілетті жастар керек. Оқушының ойлау және сөйлеу тілін дамыту мақсатында деңгейлік тапсырмалар беру ұсынылады. Сол арқылы оқушының деңгейі анықталып, білімін тереңдетіп, белсенділігін күшейтеді. Деңгейлік тапсырмаларды дайындап, оқушылармен жұмыс жүргізудегі негізгі мақсат: баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушының қабілеті, ақылы, біліктілігі, сөздік қоры жетіледі. Әр деңгейлік тапсырманы орындаған сайын оқушы жақсы орындауға талпынады. Мұғалім де, оқушы да шығармашылықпен жұмыс жасайды, сондықтан да оқушыларды өз бетімен жұмыс істеп, білімін тереңдетуі үшін оларды іздендіру керек.
Бірінші деңгейлік тапсырма оқушының есінде қалуға ыңғайлы, өмірмен байланысты болуы керек.
Екінші деңгейлік тапсырма түрленіп, күрделене түседі. Мазмұны өткен тақырыпқа байланысты түрленген, ойлауды қажет ететін, оқушы өз бетімен жұмыс жасауға лайықты тапсырмалар.
Үшінші деңгейдегі тапсырмалар орындау арқылы оқушы өзі тұжырым жасайды. Мұғалім нұсқаушы, бағыт беруші, кеңесуші ретінде болады. Оқушының өзі сөздіктерді пайдаланып, мәтіндерді аударады. Берілген мәтіндерге сұрақ ойлап жазады. Өзіне керек материалдарды іздеп, тауып оқиды.
Төртінші деңгейлік тапсырма дарынды, қабілеті жоғары балаға арналады, тақырып бероіп, ізденуге өзі мақсат қояды. Мұғалімнің көмегісіз барлығын өзі орындай біледі.
Функционалды - тілді оқытуТілдік білім - тілдік мәдениет - тілдік тұлға үш тағаны бүгінгі таңда түбірлі түзетуді талап етеді: бәрінен бұрын коммуникативтік тұлғаны қалыптастыру негізі болып табылатын тілдік тәрбие туралы айту керек. Нақ тәрбиенің (оқыту емес, білім беру емес) қажеттігі туралы чех ғалымы А. Едличка жазған еді. Яғни оқытудың мазмұндық, коммуникативтік басымдығы ретінде, бірінші кезекте сөйлеуші мен жазбаша жұмыста қатысым практикасында қажеттіні үйрету тұрады. Лингвистикалық білім берудің басты мақсаты - коммуникативтік тұлғаны тәрбиелеу, қалыптастыру.
Коммуникативтік оқытудың саналы бағыты тілді оқытып үйретудің басқа жүйесін талап етеді. Қазіргі мектептің маңызды мәселелерінің бірі - сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, қатысым біліктілігін қалыптастыру, (тек қана сөйлеу, өзгені тыңдау ғана емес), өз көзқарасын мәнерлі жеткізуге, пікір таласқа қатысуға, тілді еркін меңгеруге алғы шарт жасау.
Тілдік тәрбие жүйесін жетілдірудің болашақты жолдарының бірі - лингвистика ғылымының жетістіктерін белсенді пайдалана білу. Оқытудың функционалдық, коммуникативтік бағытының күшеюі қазіргі лингвистиканың осы бағыттағы дамуының нәтижесіне де байланысты.
Н. Д. Арутюнова, А. В. Бондарко, Г. А. Золотова, Н. Ю. Шведова және тағы басқа лингвистердің еңбектері тілдегі функционалды, коммуникативтік бағытта дамытып, тереңдетіп келеді. Бұл ғалымдардың теориялық ойлары барлық тілге ортақ мәселені көтерген. Шет тілдерін оқытып, үйрету барысында функционалды коммуникативтік бағыт табысты пайдаланылуда. Осы бағытты қазақ тілін оқыту барысында да, оқу құралдарын жазу барысында да негіз етіп алатын кез келді.
Функционалдылық - тілді оқытуда мағынадан -тұлғаға - функцияға жүйесімен байланысты. Осындай тілге деген жүйелілік - интеграциялық көзқарас тіл жүйесінің концентрлік модельін құрайды. Бұл бағыт тілдің дәстүрлі деңгейлік құрылымына сүйене отырып, мағынадан оның берілуіне, одан әрі сөйлеудегі функциясына барады. Осылайша «функционалды семантикалық категория мен өрістің» грамматикасы қалыптасады. (А. В. Бондарко мектебі) Функционалды семантикалық категория сөз сөйлеуде берілетін негізгі логикалық, ұғымдық категориялармен сәйкес келеді. Олардың тізіміне субъект (жеке неиесе заттық), предикат (әрекет, қалып күй, сын белгілер және т. б. ), обьект, сан, мезгіл, себеп және басқалар жатады. Мұндай категориялардың негіздемесі - сөз, (речь) сөйлеу.
Функционалдық грамматика тіл жүйесінде «өрістік» жолды пайдаланады, өріс ұғымы кең қолданыста болады. Тіл мұнда деңгейлік (фонетика, лексика, фразеология, морфема, морфология, синтаксис) тұрғыда емес, функционалды семантикалық өріс (ФСӨ) жүйесі ретінде қарастырылады, Жүйедегі әрбір өріс тілдегі жақын немесе ұқсас мағыналарды білдіретін әр түрлі деңгейдегі тілдік құралдарды біріктіреді. Әрбір өрістің өз ішінде тек қана мағыналық ұқсастығымен ғана емес, сондай - ақ қызметтерінің сәйкестігімен де біріккен белгілі бір реттілік, әр түрлі деңгей құралдарының иерархиясы бар.
ФСӨ аясында негізгі, орталық болып бөлінуі нақты сөйлеу актісінде тілдік бірлікті таңдауға мүмкіндік беріледі. Тілді оқыту практикасында, әсіресе мектепте тілдің дәстүрлі деңгейлік жүйесінен бас тартудың мағынасы жоқ, алайда, функционалды және коммуникативтік грамматика саласындағы қазіргі зерттеулердің нәтижелерін де беру лингвистикалық білім беру мен тәрбиелеу жүйесінің жақсаруына жақсы импулсь беруі тиіс.
Тілдік бірліктерді жеке, бір - бірінен алшақ оқыту ұстанымы мектеп және жоғары оқу орнында тілді оқыту жүйесінде қалып алып кеткен. Біз оқушыларға тіл жүйесінің әрбір деңгейін - қабатын (фонетикалық, морфемалық, сөзжасамдық, лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық), бірізділікпен таныстырамыз.
Бастауыш мектепте, одан кейін орта буынға көтерілгенде осындай деңгейлік, кезеңдік оқыту түсінікті, заңдылықты да, ал бұл оқытудың кейінгі сатыларында тілді меңгерудің белсенділігін баяулатады. Бір орынды басу - үш дүркін қайталанатын сияқты әсер қалдырады: бастауыш мектепте, орта буында, жоғары сыныптарда. Оқу материалдары сыныптан сыныпқа көшкен сайын өзгеретіні, күрделілігіне қарай ажыратылатыны түсінікті, бірақ қайталау ұстанымы тілге деген қызығушылықты төмендетеді, сөйлеу әрекетін дамытуға көмектеспейді. Осындай бірізділікпен тіл ( фонетикадан синтаксиске және мәтінге дейін) жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде де оқытылады.
Бастауыш мектеп функционалды коммуникативтік тұрғыда оқыту үшін база бола алатын тіл туралы теориялық мәліметтердің қажетті көлемін беретіні анық. Осы негізде сөйлеу талабына байланысты тілді концентрлікпен оқу қажет және мүмкін. Осылайша біз сөйлеу( речь) мен тілдің арасындағы алшақтықты жою мәселесінің шешілуіне жақындаймыз. Тілді оқудың осы екі жағы бірлестікте оқытылмай келді. Енді оның сөйлеудегі қызметін талдау негізінде тілді меңгерудің болашағы бар.
Мектептік және жоғары оқу орындарында оқытудың коммуникативтік бағдары тілдік жүйені басқаша сипаттауды талап етеді. Мектептік, Жоо практикасында тілдік бірліктерді талдау тілдің шынайы функциясын түсіну үшін синтезбен қатар жүргізілмейді. Ал осындай синтездік амалға уақыттың, өмірдің өзі алып келіп отыр: сөйлеуді, жазуды еркін меңгеру - тіл туралы білім интеграциясының жоғарырақ деңгейін талап етеді.
Жаңа бағдардың негіздемелері
Функционалды грамматиканың негіздерін оқу әр түрлі деңгейдегі тілдік бірліктердің өзара әрекетін ғана көрсетпейді, сонымен бірге осы тілдік бірліктерді тілдік қатысым үшін таңдауды үйретеді.
Мысалы, бұйрықтың берілу құралдары жүйесін біле отырып, біз қатысым жағдаятына қарай тиістісін таңдай аламыз. Шақыруды - ақ алайық. Осының өзі әр түрлі нұсқамен берілуі мүмкін: Маған сағат 5 - те кел. Маған келіп кете аласың ба? Маған келесің бе? Маған келіп кетсең болар еді. Маған келіп кетсеңші. Берілу құралдарын бірінен бірін артық көруде біз нені жетекшілікке аламыз? Сөз сөйлеу жағдаятының ерекшелігі ( ресми - ресми емес), әңгімелесушімен қатынасы, (жақын - жақын емес), коммуникация бойынша әңгімелесушілердің жас ерекшелігі, әлеуметтік немесе кәсіби мәртебесі (мысалы, бастық - оның қарамағыңдағылар), тіпті, шақыру әрекетіне сөйлеушінің қызығушылығы да қатысты. Нәтижесінде, жақын нұсқалар қатарынан сөйлеушінің пікірінше жарамдысы, тиімдісі таңдалады.
Функционалды семантикалық бағдардың қажеттілігін пайдалануды қазіргі лингвистика, сөйлеу психологиясы, сабақ жүргізу әдістемесі тұрғысынан негіздеуге болады.
Лингвистикалық негіздеме: тілді үйрену үрдісінде тілдік бірліктерді коммуникация логикасы бойынша да, мағынасы бойынша да байланыстылығын үзуге болмайды. Мезгілдік қатынастың берілу амалдарының бәрі шашыраңқы бір-бірінен алшақ жүргізіледі: етістіктің шақтық тұлғалары бір бөлек, мезгілдік құрылымды білдіретін септіктер жүйесі бір бөлек, мезгілдік үстеу бір бөлек, мезгіл мағыналы тұрақты тіркестер де мезгіл бағыныңқылы сабақтас та курстың әр түрлі бөлімдерінде беріледі. Ал сөйлеу практикасында біз ылғи қалай айту керек деген таңдаудың алдында тұрамыз.
Біздің байқауымызда оқушылар, тіл үйренушілер қажетті таңдауды интуициясына, қатысым тәжірибесіне, тілдік сезімталдығына сүйене отырып, қажетті таңдауды жүзеге асыра алады. Сонымен қалайша осы мағыналық байланыстарды оқыту үрдісінде көрсетуге, пайдалануға болады. Мағыналық жағынан байланысты осындай бірліктерді өрісте біріктіру, содан кейін олардың қолданысын коммуникативтік міндетке сәйкес таңдауға үйрету - сөйлеуде осы білімді пайдалануға көмектеседі. Функционалды сауаттылық теориясы тілді оқытып үйретудің осындай ғылыми және әдістемелік негізін береді.
Әдістемелік негіздемесі: тілдің құрылымдық деңгейін оқи отырып, оған қозғалыссыз, статикалық жүйе ретінде қараймыз, сонымен бірге саналы түрде тілдің шынайы өмірінен алыстаймыз. Тілдің белсенді, динамикалы жүйесін оқуға көшу біздерді оның қызметінің шынайы жағдайына жақындастыра түседі. Сөйлеуде біз тілдің деңгейлеріне (қабаттарына) кездеспейміз, біздің пікірімізше осы жағдаят үшін сәйкесірек келетін, әр түрлі деңгейдегі мағынасы жағынан ұқсас, жақын келетін бірліктерді таңдау ережесіне кездесеміз.
Тілдік деңгейлер арасындағы бар логикалық, мағыналық байланысты жандандыру тіл үйренушінің де ассоциативтік, логикалық ойлауының да дамуына әсер етеді. Әр түрлі деңгейдегі мағыналық жағынан байланысты тілдік бірліктерді бір блокқа(өріске) біріктіру семантикалық жағынан жақын компоненттерді іздеу дағдысын тудырады, таңдау механизмдерін де оятады, тіл байлығын тиімді меңгеруге ықпал етеді. әр түрлі тілдік бірліктер арасындағы байланысты аңғарғанда, оны оқытудың да жүйесі құрылады. Семантиканың бір түрін білдіруге қатыстының бәрі бір грамматикалық тақырыпқа, бір блокқа концентрленеді. Мұндай семантикалық жақындық тілдің шынайы өмірін түсіну үшін қызметін түсіну үшін ең бастысы осы білімді сөйлеу, сөйленім практикасында қолдана алуы үшін қажет.
Грамматикалық жүйені концентрмен ұсыну тілді оқытып үйретуде маңызды орында болуы тиіс. Мысалы сан категориясын сөз табы ретінде оқыған кезде, сандық ұғымды білдіретін басқа құралдардың бай жүйесін ұсынуға болады. Сан есіммен танысқан кезде сандық ұғымды білдіретін өріске «саяхат» жасау тақырыпқа оқушыларды бірден өрістік жолмен бағыттауға мүмкіндік береді.
Сандық ұғымды білдіретін өрістің екі орталығы бар. Бірі - лексика грамматикалық, сан идеясын білдіруге арналған сөз табы ретінде. Екінші орталық - грамматикалық, барлық сөз таптарындағы сан ұғымына қатысты сан категориясы: үй - үйлер, ол - олар. Ал периферияда лексикалық, сөзжасамдық, фразеологиялық құралдар болады.
Сандық ұғымды семантика сөз таптарының бәрінде дерлік кездеседі (екілік, екі еселеу, екеуміз, екіншіден, екі есе, екі - екіден, екеулеп), өлшеу бірліктерінде ( литр, метр, минут т. б. ) белгісіз үлкен немесе аз санды атайтын сөздерде ( теңіздегі тамшыдай, жұмыс шаш етектен, телегей теңіз молшылық т. б . ), сан ұғымына есімдіктер де қатысты: мұнша, сонша, қаншама. Сан ұғымын сөзжасамдық деңгей де білдіре алады: мая - мая шөп, жарым - жарты бір нәрсе т. б. Сан мағыналы фразеологизмдер де қазақ тілінде көптеп кездеседі, заттың көптігі немесе аздығын білдіретін тіркестер: көп - ат көпір, құмырсқадай быжынау, бырдай болып жату, есеп жоқ; аз - ат төбеліндей, бір түйір, бір уыс, бір шөкім, қасқалдақтың қанындай ( тапшы зат), саусақпен санарлықтай.
Сандық өрісті білдіретін өрістің ішінде сан ұғымды қатынасты білдіретін микроөрістер бар: жекелік/ көптік, белгісіздік/ белгілі, нақты/жуық шама, бөлектеу/ жинақтау, бүтін/бөлшек.
Тіпті осы мағыналарды білдіретін толық емес сипаттама да олардың бар екенін, қолданыста екендігін білдіреді.
Осындай амал тек біріктіруге ғана әкелмейді, сан ұғымын білдіретін құралдар туралы кешенді ұсынады және әр түрлі деңгей арасындағы жүйелі байланысты көруге мүмкіндік береді. Бастысы - әр түрлі құралдардың мағыналық, логикалық байланысын көруді үйретеді, сөйлеудегі өзара байланысын, қызметін көрсетеді.
Осылайша заттың сынын білдіретін өрісті, функционалдық талдау үшін есімдікті, етістікті, етістік тұлғаларын, үстеуді сипаттауға болады.
Сондай-ақ, грамматиканы оқытудағы функционалдық бағыт оқытушы әрекетін тек үстемелеу емес, ол тілге деген көзқарасты қайта ұйымдастырады, нәтижесі - өзге тілді аудиторияда пайдаланылатын әдістемелік амал болып табылады. Тіл үйренуші мен оқытушының күші семантиканы анықтауға бағытталуы керек. Грамматиканы оқытудағы функционалдық бағыт негізінде тіл үйренушіде тіл құралдарымен сөз сөйлеу(речь) мазмұнында байланыс орнайды. Оқытудың функционалдылық ұстанымы - оқыту материалының кешенді синтаксистік негізде берілуінде. Ал синтаксистік негізде ұсынылуы - тілдік факт ғана емес, оның коммуникативтік мағынасы да қоса ұсынылады. Негізгі коммуникативтік бірлік - сөйленім. Сөйленімнің негізгі бірлігі дейтін болсақ, сөйлем -сөйленімді құраудың ең кіші бірлігі. Тек қана сөйлемде тілдік бірлік коммуникативтік мағыналы, мазмұнды болады.
Өзге тілді аудиторияда грамматиканы оқыту мақсаты - тіл үйренушінің тілдік бірлікті коммуникацияда қолдана білуі. Мазмұндық, тілдік жағынан толықтырылып немесе кеңеюі оқыту мақсаты, мерзімі, контингентке байланысты.
Грамматикалық құралдарды жүйелеу - негізгі коммуникативтік-функционалдық белгілерді ескере отырып жүргізіледі. Тіл үйренушілердің грамматикалық дағдылары - тілдік және сөйлеу болып бөлінеді. Олар бір-бірімен өзара байланысты. Тілдік дағды - коммуникациядан тыс, ал сөйлеу дағдысы - грамматикалық құбылысты сөйлеуде қолдана алуы.
Жалғастырушы кезеңде грамматикалық материалды семантикалық блоктар негізінде оқыту тиімді.
Сонымен концентрлік, интеграцияланған ұстаным тіл жүйесін сипаттаудың жоғары деңгейіне сәйкес келеді, оқытуға қажетті пассивті грамматикадан динамикалы грамматикаға өту болып табылады.
Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту технологиясыТіл - адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлесу - адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлесу тек адамға ғана тән. Адам баласы бірнеше тілде сөйлеседі.
Жер бетінде бар адамзат тілдерін күнделікті өмірдегі қарым- қатынас барысында үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп огтырады.
Қазақстан Республикасының «Тілдерді дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемелекеттік бағдармаларының негізгі талабы - мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек».
Орыс мектептерінде өтілетін қазақ тілі сабақтарының мақсаты - оқушылардың сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, сөйлем құрлысын меңгерту, қазақ тіліне тән дыбыстарын айтып, сөз ішінен ажырата білуге үйрету.
Сондықтан да оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта жаңа технологияларды қолдана білу керек.
«Технология» гректің «teche»- өнер, шеберлік және «logos»- ғылым деген сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағнаны білдіреді.
Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.
Бүгінгі таңда оқу процесінде оқытудың қалыптасқан негізгі әдістерімен қатар оқытудың жаңа әдістері, яғни инновациялық әдістері де жиі қолданылады.
Оқу процесінде оқытудың озық технологиясын қолдану - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан да біздің мектептің мұғалімдері үнемі ізденіс үстінде. Олар заман талабына сай оқушылардың білімін тереңдету үшін, тілге деген қызығушылығын арттыру үшін көп еңбек етуде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz