Қазақ диалектологиясының лексикалық ерекшеліктері


М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті
Эссе
Тақырыбы: Қазақ диалектологиясының лексикалық ерекшеліктері
Орындаған:Көлбай Аяжан
Тобы: ФИ-19-1К2
Қабылдаған:Бескемпірова Гүлжан Кеңесқызы
Шымкент 2020жыл
Қазақ диалектологиясының лексикалық ерекшеліктері
Лексикалық ерекшеліктер - басқа ерекшеліктерден қарағанда говордағы ерекшеліктердің ең молы. Бұл лексикалық ерекшеліктердің көпшілігі әр түрлі шаруашылық салаларына ыдыс-аяқ, киім-кешек, әдет-ғұрыпқа байланысты сөздер болып келеді.
Лексикалық ерекшеліктер де жалпыхалықтық лексиканың және ұлттық лексиканың бір бөлігі. Қазақ тілінің лексикасы Қазақстанның әр түкпіріндегі халық тілінде бірдей болғанымен, кейде сөз қолдануда, сөз саптауда кейбір айырмашылықтар кездесіп отырады. Мысалы, бір жерде қолданылатын сөз екінші бір жерде қолданылмауы мүмкін немесе бір сөз әр түрлі мағынада жұмсалуы мүмкін.
Кейбір диалектілік қолданылымдардың әдеби сыңары, яғни әдеби тілде баламасы жоқтығын да мүлде жоққа шығаруға бллмайды. Сонымен қатар әдеби тілдегі кей сөздер диалектілерде мүлде басқа мағынаны білдіруі мүмкін.
Киім-кешекке қатысты атаулар көп кездеседі. Мысалы : жалбай - тымақ сыртынан киетін күләпара (жалаң қабат бас киім) ; далбай - күн өтпеу, маса шақпау үшін істелетін күләпара тәрізді бас киім, шылауыш - ақ орамал; бажай, тобатай - тақия, төбетей, топы; байтаба - жүннен тоқылған шұлғау; шетік - мәсі, ату; аралық - етік тіккенде қалып пен мұрыншаның арасына қағылатын сыналық ағаш, екше - кимешек, екшек; күрме - жеңсіз киім; тіз киім - іш киім; кебенек - сулық, шекпен; жұрын / қырпу - тон немесе бөріктің айналасына теріден қаптап істелген жиек, шарқа - шалма; мойыншұлық - шарф, бөкебай, бастырма - костюм, пальтоға тағатын ірі түйме, тиек, ілгек - түйме; сым - шалбар, ақманар шапан - жібек шапан. Ал үй жиһазына байланысты атауларға: чалча - алаша; шашық - орамал; қылауыш - тұс киіз; бөстек - көрпе, көрпеше, ат көрпе; көпшік - жастық, шаршау - перде; жастық ағаш - жастық астына салатын ағаш, жабын - терезе пердесі, жуырқан - көрпе, жайма - ас жаулық; леген - табақ, көзгелдек - кішкентай тостаған, қазиек - шелек түбінің айнала шығып тұрған жиегі, қылды қазан - кішкентай қазан, жұмыр - ешкі, қой терісінен не қойдың қарнынан жасалған ыдыс, мескей - кастрюля, кесе - кәсе, летір кесе, пиала, пиалай; бал қасық - шай қазақ, бөрдек - құдықтан су алуға арналған кенеп не теріден істелген шелек сияқты ыдыс, шымшуыр - көсеу, қысқаш; үшаяқ - ошақ, белкүрек - кішкентай күрек, нәлбек - тарелка, чашка деген сөздерді жатқызамыз. Арыс қаласында тамақ құятын құрал ожау деп аталады. Ал басқа жерлерде шөміш деп аталады екен. Сонымен қатар маталар да әр жерде әр түрлі айтылады. Мысалға: ләмбөк - сәтен, тайғақ - атлас, қышым - велюр, мәндәла - бешпент, күрте тігетін қалың мата, биқасап - түсті жібек; шарқат - шашағы төгілген, кең, үлкен жібек мата шәлі, бірдүздеме - матаның бір түрі, ақзон // ақсүп - жұқа ақ мата, борлақ - қызыл түсті мата; қыл сәтен - плащ тіккізуге арналған сулық мата, бөлең, дәке немесе сүзгі - марлі, тысқол - драп, бөз - қалың мата түрі. Уақытты, мерзімді білдіретін сөздер: сәресі - таң ата, зауал - түс ауған шақ; алаң-елең - таң ата, ; бес ешкі - 8 мен 13 сәуір аралығы; бес қонақ - 13 мен 18 сәуір аралығы (Бес ешкіден соң бес қонақ келеді, содан соң күн жылиды) ; көріс айт - 14 наурыз, яғни ескіше жыл басы мерекесі; өңеш - құйын (¤ңеш суырғанда, су ортайып қалады) ; шайтан - ала көбең, таң алакеуім уақыт, таң атар-атпас шақ, кейді жалған таң деп те аталады. Мысалы, өзім тұратын Арыс қаласында таң атар уақытты- азан деп атайды. Сонымен қатар, 14наурыз- көрісу күні.
Қорыта айтқанда, лексикалық ерекшеліктер мұнымен шектеліп қалмайды. Бұл мысалдар тек бір бөлігі ғана. Лексикалық ерекшеліктердің айырмашылығы көбіне сол облыс халқының айналысатын кәсібі не болмаса өндіріс орындарында шығарылатын заттарға байланысты болып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz