Қылмыстың субъективтік жағы. Қылмыстық құқықтық норманың құрылымы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Орындаған: Досжан Анель 206-топ

Қылмыстың субъективтік жағы. Қылмыстық құқықтық норманың құрылымы ( Эссе )

Кез келген қылмыстық әрекет немесе әрекетсіздік -бұл тек дененің қимылының болмауы ғана емес, ол адамның сыртқы ортаға, қоғамға, қоғамның өзге де мүшелеріне деген қатынасы. Осы қатынас қылмыстың психологиялық мазмұны болып табылады, яғни адамның өзі жасаған іс-әрекетінің қоғамға қауіпті зардаптарын ұғынуы немесе ұғынбауы, оларға деген ерікті қатынасы, қылмыс жасау кезіндегі субьектінің басшылыққа алатын ниеттері, алдына қойған мақсаттары, сол кездегі сезімдері-бұлардың бәрі қылмыстың субьективтік жағын құрайды. Қылмыстың субьективтік жағы қылмыстың ішкі мәні болып табылады 1 .

«Субективтік жақ» термині қылмыстық заңда қолданылмайды. Алайда, заңшығарушы оның мәнін кінә, ниет, мақсат ұғымдары арқылы ашады. Осы аталған ұғымдардың әрқайсысы қылмыстың психикалық мәнін әр жағынан сипаттайды.

Кінә адамның өзі жасаған қоғамға қауіпті іс әрекетіне деген психикалық қатынасын білдіре отырып, кез-келген қылмыс құрамының міндетті және негізгі белгісі болып табылады. Кінә қасақаналық немесе абайсыздық түрінде көрінуі мүмкін. Алайда, кінәлі адам жауап бермейді. Бұл сұрақтарға жауапты қылмыс қүрамының факультативиі белгілері болып табылатын қылмыстың ниеті мен мақсаты береді. Ниет бұл адамды қылмыс жасауға итермелейтін ішкі сезім. Ал, мақсат бұл қылмыс жасаушы адамның қылмыс жасау арқылы қол жеткізуге ұмтылатын нәтижесі. Қылмыстың ниеті мен мақсаты қылмыстық заң диспозициясында тікелей көрсетілген жағдайларда қылмыс құрамының міндетті белгілерінің қатарына қосылады 2 .

Мысалы: Қылмыстық Кодекстің 237-бабындағы «бандитизм» құрамының субективтік жағының міндетті белгісі болып азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсаты табылады.

Қылмыстың субьективтік жағында эмоцияналдық жағдайлар да ерекше орын алады. Заңшығарушы бұл жағдайда қылмыс құрамының белгілерін қоспайды. Дегенмен, Қылмыстық Кодекстің 98-бабы «жан күйзелісі жағдайында адам өлтіру», Қылмыстық Кодексінің 108-бабы «денсаулыққа жан күйзеліс жағдайында зиян келтіру» қылмыстарында жәбірленушінің заңсыз әрекеттері тарапынан туындаған терең эмоционалдық жағдай жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән жай ретінде қарастырылады.

Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің кейбір баптарында субьективтік жақтың белгілері тікелей көрсетілген. Мысалы, Қылмыстық Кодекстің 103-бабы «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» немесе Қылмыстық Кодекстің 101-бабы «адамға абайсызда қаза келтіру» қылмыстары.

Қылмыстың субьективтік жағының қылмыстық-құқықтық маңызы ерекше. Ең алдымен, қылмыстың субьективтік жағының барлық белгілерін нақты анықтау қоғамға қауіпті іс әрекетті дұрыс саралаудың қажетті алғы шарты болып табылады.

Екіншіден, обьективті белгілері бойынша бір біріне ұқсас қылмыстарды ажырату кезінде субьективтік жақтың белгілері негізге алынады. Мысалы, Қылмыстық Кодекстің 187-бабы «бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» және 188-бабы «бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру» қылмыстары тек кінәнің нысандары бойынша ғана ажыратылады.

Үшіншіден, қылмыстың субьективтік жағы белгілі бір шамада қылмыстық іс әрекеттің және оны жасаған адамның қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтайды. Мысалы, алдын-ала жан жақты дайындалып жасалған қылмыс кенеттен пайда болған жан күйзелісі жағдайында жасалған қылмысқа қарағанда жоғары қауіптілік дәрежесімен ерекшеленеді.

Сонымен, субьективтік жақты дұрыс анықтаудың қылмысты саралау және жазаны жеке даралау кезінде құқықтық мағынасы едәуір. Сондай\ақ, субьективтік жақ қылмыстық құқықтың заңдылық, кінәлі жауаптылық, ізгілік, әділеттілік сияқты қағидаларын сақтаудың қажетті шарты болып табылады.

Егер қылмыстың объективті жағы - қылмыстың сыртқы сипаты болса, субъективті жағы оның ішкі сипаты. Бұл қылмыскердің өзі жасаған қылмысқа ішкі, яғни кінәмен, ниетпен және мақсатпен сипатталатын адамның қылмыс жасау кезіндегі психикалық қатынасы

Қылмыстың субъективті жағын құрайтын белгілерге, аталып өткендей, қылмыстың кінәсі, себебі мен мақсаты, сонымен қатар, қылмыс жасау кезіндегі тұлғаның сезім күйі жатады.

Қылмыстың субъективтік жағын құрайтын белгілердің әр қайсысы қылмыстың психикалық мазмұнын сипаттайды, бірақ әр қайсысы өзінше сипаттайды. Мысалы, кінә - бұл тұлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекетіне ( әрекетіне немесе әрекетсіздігіне ) және оның қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы салдарына психикалық қатынасы.

Қылмыстың сыртқы жағын бейнелейтін объективтік жаққа карағанда субъективтік жақ қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді. Бұл жерден шығатын қорытынды кылмыстың объективтік және субъективтік жағының белгілері өзара тығыз байланысты, белгілі бір бірлікте болады. Сондықтан да қылмыстың субъективтік жағына барынша тығыз талдау жасау қажет.

Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық, белгілері: кінә, қылмыстық ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы кьілмыс істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан-дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелеп береді.

Аталып өткен қылмыстың субъективтік жағының осы белгілерінің зандылық маңызы біркелкі емес, керісінше әр түрлі. Кінә кез келген қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетгі белгісі болып табылады. Кінәсіз қылмыстың құрамы болмайды. Мұның езі кінәсіз жағдайда қылмыстык, жауаптылық туралы сез болуы мүмкін емес дегенді білдірді. Қылмыстық ниет және мақсат, кінәға карағанда, кейбір құрамдар үшін занда көрсетілген реттерде қажетті белгі болады. Ал олай болмаған жағдайларда, ниет пен мақсат қылмыс кұрамының факультативті белгісі ғана болып саналады.

Қылмыстың субъективтік жағының белгілері - кінәні, ниет пен мақсатты дұрыс анықтаудың маңызы мынада: біріншіден, қылмыстық жауаптылық негізінің құрамдас бөлігі ретінде ол кылмысты қылмыс болып табылмайтын іс-әрекеттен ажыратуға мүмкіндік береді. Екіншіден, қылмыстың субъективтік жағы объективтік жағынан өзара ұқсас құрамдарды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қыл-мыстың субъективтік жағының мазмұны істелген қылмыстың, сондай-ақ оны істеген адамның қоғамға қауіптілік дәрежесінің деңгейін анықтауға себеп болады. Мұның өзі жауаптылықтың негізділігін және мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

Қылмыстың мақсаты, себебі мен қылмыс жасау кезіндегі тұлғаның сезім күйінің кінәдан айырмашылығы - олар қылмыс құрамының қажетті белгілері болып табылмайды.

Заң шығарушы оларды барлығы емес, тек кейбір қылмыстардың ғана құрамының белгілерінің қатарына қосады және бұл жағдайларды оларда қылмыстық жауаптылықтың негізіне айналады. Қылмыс құрамының белгілері болмаған күнде де олар жеңілдетуші не ауырлатушы жағдай ретінде, жазаның тағайындалуына айтарлықтай ықпал жасайды.

Орыстың көрнекті әдебиет сыншысы В. Г. Белинский әр түрлі адамдардың қылығын бағалау үшін бірдей тәсіл қолдануға мүлдем қарсы. «Тұлғалар сансыз және алуан түрлі . . . Сондықтан біреудің тұлғасын басқаның тұлғасына шақтаудан асқан әділетсіздік жоқ, ол бәрібір ешқашан дәл келмейді, бәрібір одан өзгешелігі болады» дейді ол. Яғни, қылмыстың субьективті жағын бағалауға біркелкі келу өте өрескел қателерге соқтыруы мүмкін 3 .

Сонымен қылмыстың субъективтік жағының қылмыстық жауаптылықтың бар-жоғын анықтау үшін, істелген кылмысты дұрыс саралау үшін және әділ жаза тағайындау үшін маңызы ерекше. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының пленумы көптеген қаулыларында қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын, кінәнің нысандарын, кылмыстық каскүнемдік пен арам ниетгің және оның мақсатының мазмұны мен бағытын терең зерттеуді талап етеді 4 .

Қылмыс, қоғамдық қауіпті әрекет бола тұрып, ол - мінез-кұлықтың сыртқы көрінісі (әрекет немесе әрекетсіздік) және олар туғызған объективтік тіршіліктегі өзгерістердің (қылмыстың объективтік жағы) ішкі белгілермен, яғни адамның мінез құлығын туғызатын, реттейтін және бағыттайтын (қылмыстың субъективтік жағы) психикалық процестсрмен тығыз байланысының психофизикалық бірлігі болып табылады. Сонымен кез келген қылмыстық әрекет немссе әрекетсіздік - бұл тек қана дененің қимылы немесе дене кимылының болмауы емес ол адамның сыртқы ортаға, қоғамға, қоғамның өзге де мүшелеріне деген қатынасы деп түсіну керек. Осы қатынас қылмыстың психологиялық мазмұны болып табылады яғни адамның іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті зардаптарын ұғынуы немссе ұғынбауы, оларға деген срікті қатынасы, қылмысты жасау кезінде субъектінің басшылыққа алған ниеттері, алдына қойған мақсаттары, сол кездегі сезімдері -бұлардың бәрі қылмыстың субъективтік жақтарын кұрайды, яғни қылмыстың субьективтік жағы қылмыстьгң ішкі мәні болып табылады. Сөйтіп, біздің пікірімізше, кінә қылмыстың субъективтік жағына жатады, бірақ өкінішке орай, заң ғылымында кінә мен қылмыстың субъективтік жағының арақатынасы жөніндегі пікірлер әртүрлі. Кейбір авторлар кінә - қылмыстың субъективтік жағы болып табылады, яғни кінәнің мазмұны қылмыстың субъективтік жағының мазмұнымен барабар деген ойды қолдайды 7 .

Өзге авторлар қылмыстың субъективтік жағына қасақаналық пен абайсыздық нысанындағы - кінәмен қатар ниет, мақсат, эмоция сияқты өзге де психикалық кезеңдер кіреді деп есептейді 8 . Бұл пікір көптсген қылмыстық кұқық оқулықтарында келтірілген. Мұны қолдаушылар ниет, мақсат және эмоцияны кінәнің мазмұнына кіргізу кінәнің заң жүзіндегі анықтамасының шегін кеңейтіп жібереді 9 , ал екіншіден, ниет пен мақсат әрқашанда әшкерелеуге жататын болуы мүмкін емес, сондықтан олар кінәнің түсінгімен қамтылмайды дейді 10 .

Бұл бағыттардың қайсысы дұрыс деген сұраққа нақты жауап беру кінәнің түсінігін терең зерттеуді қажет етеді. 40-50-жылдарда жарық көрген жоғары оқу орындарына арналған оқулықтардың көпшілігінде кінә - адамның өзінің жасаған қылмысына деген қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы психикалық қатынасы ретінде анықталады. Бұл анықтамамен кейбір ғалымдар келіспеді, олардың ойынша кінәға мұндай анықтама беру оның таза формальды-психологиялық мәнін ғана ашады, ал таптық-саяси мәні ашылмаған.

Кінәнің түсінігі жөніндегі бұл пікірталастардын барысында кінәні қылмысқа байланысты объективті және субъективті белгілерге, қылмысксрдің жеке басына соттың берген бағасы ретінде түсіну теориясың (өзге сөзбсн айтқанда, бұл теория соттың "мен сенің іс-әрекетіне берген бағам сенің кінәң" дегенін білдіретін еді, мұндай теория, әрине, сот әділдігін жұргізгенде көптеген әділетсіз шешім шығаруға әкелетіні сөзсіз) заң ғылымының ғалымдары сол кезде-ақ жоққа шығарды, сөйтіп бұл теория қылмыстық құқық ғылымында мұлдем жойылды. Кінә түсінгіне соңғы нүкте қойғысы келген А. Я. Вышинский, кінә дегеніміз - "қылмысты жасаушы мен жасалған қылмыстың объектісінің арасындағы себепті байланыс" деген пікір айтты 11 . Алайда, жауаптылықтың негізі ретінде себспті байланысты тану кінәні анықтауда біржақтылыққа әкелер еді, қорытындысында - объективті айыптауды жақтау болып табылар еді, сондықтан бұл көзқарас ғалым-криминалистердің тарапынан колдау таппады.

Соңғы жылдары да кінә мәселесі жөнінідегі пікірталастар толастаған жоқ, солардың ішіндегі В. И. Ткаченконың "кінә адамның жасаған қылмысының объективтік белгілеріне деген психикалық қатынасы ретінде анықтауға болар еді" деген пөзициясы назар аударуға түрарлық 12 . Алайда, "Кінәнін қылмыстык-құқықтық түсінгі ойлау процестерінің сипатына ғана сәйкес емес - оған еріктілік компоненті де кіреді, яғни "кінә- . . . процесс, ал процестің өтуі кезінде қауіпті әрекетті жасауға шешім қабылданады" 13 .

Кінәнің қылмыстық-құқықтық принципіне және зандық анықтамасына сәйкес, кінә - қылмысты әрекетгің немесе әрекетсіздіктің ажырамайтын бөлігі және кез келген қылмыс құрамының міндетті белгісі. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 19, 22- және өзге де баптарында, өзге нормативті актілерінде аталғанмен, бұлардың ешқайсысында кінәнің анықтамасы жоқ. Сондықтан жауаптылыққа тартудағы субъективтік қабілеттілікте кінәнің маңызы мен мәнін есепке ала отырып заңға кінәнің түсінгінің анықтамасын енгізуге болар еді . . .

Мысалы мынадай редакцияда: Кінә - қылмыстық заңмен қарастырьшған, соттың шешімімен мемлекеттің атынан әшкереленетін, сәйкес нысандарымен анық-талатын, адамның өзінің қоғамдық қауіпті әрекетіне (әрекетсіздігіне) және олардың қорытындыларына деген психикалық қатынасы.

Бұл анықтама қылмыстық құқык бойынша кінәнің психикалық мазмұнын, әлеуметтік саяси мәнін де ашып берер еді . . .

Сонымен, ең алдымен, біз кінәні субъектінің психикалық қатынасы ретінде ажыратып алуымыз керек, яғни кінә-бұл адамның жасаған қылмысында көрсетілген қасақаналық немесе абайсыздық. Қасақаналық немесе абайсыздық белгілі бір ниеттердің негізінде туады да белгілі бір мақсаттарға бағыттайтын әрекеттерді кездейді. Бұдан шығатын қорытынды: ниет, мақсат және эмоция кінәні құрайтын психикалық қатынастың міндетті компоненттері. Бұл психологиялық элементтердің әрқайсысының өзінің әртүрлі зандық мәні бар. Мысалы, мақсатты алайық, қылмыстық зардаптарға жету мақсаты - тікелей қасақаналықтың белгісі, ал құрамның шегінен тыс қорытындыларға бағытталған мақсат қасақаналықтың бағыггылығын, ниет пен эмоция қасақаналықтың мазмұнын көрсетеді және т. б. Яғни кінәнің мазмұнына ретіннің бәрі оның нысандарына, нысандарының заңдағы аныктамаларына өз әсерін тигізе бермейді. Сондықтанда қылмыстың субъективтік жағының аракатынасын зерттегенде кінәнің мазмұнын оның нысандарымен шатастырмауымыз керек.

Құқық құрылымының бастапқы бөлімі қылмыстық-атқару нормасы болып табылады. Норма - ереже, мінез-құлық ережесі. Сонымен, қылмыстық-атқару құқығының нормасы деп субъектілердің тиісті мінез-құлық үлгісін және қатысушылардың (мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, қоғамдық құрылымдардың, лауазымды адамдардың, сотталғандардың және жеке адамдардың) құқықтық қатынасын айтамыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
Қылмысты саралаудың қылмыстық құқықтағы орны
Нормалар бәсекелестігінің түсінігі және түрлері
Аяқталмаған қылмысты саралау
Қылмысты саралаудың теориялық негіздері және оны жүзеге асырудың практикалық мәселелері жайында
Қылмысты саралаудың қылмыстық заңнаманы жүзеге асырудағы маңызын ашып жан-жақты зерттеу
Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы
Қазақстан Республикасы қылмыстық қүқығындағы қылмысты саралаудың жалпы түсінігі мен маңызы
Қылмыс құрамының ұғымы және оның маңызы
Қылмыс және қылмыстық құқық жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz