Евгеника: тарихы, зардаптары және медициналық-генетикалық кеңестің рөлі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

СӨЖ: Евгеника ғылымы және медико-генетикалық кеңес

Орындаған: Қойшыбай. А

Тексерген: Спанкулова. Г

Евгеника адамның тұқым қуалау белгілері мен қасиеттерін жақсарту және ұрпақтары кемтар болатын некелерді болдырмау туралы ғылым. «Евгеника» (грек. «evgenes» - жақсы тұқым) деген терминді 1883 жылы осы ғылымның негізін калаушы ағылшын зерттеушісі Ф. Гальтон енгізді. XX ғасырдың басында Еуропа мен АҚШ-та евгеника дами бастады. Бірак көптеген зерттеулердің деңгейі төмен болды. Мысалы, адамның ашуланшақ мінезі, адамдардың дуанашылыкка бейімділіғі Мендельдің зандарына сәйкес тұқым куалайтын қасиет деп түсіндірді. Американың бір қатар штаттарында евгеникалық зандар енгізілді. Бұл заң бойынша психикасы бұзылған, кемакыл адамдарға некелесуге рұқсат берілмеді. Қылмыс жасауға бейім деген адамдардың барлығын міндетті түрде ұрықсыздандыратын болған. Сол кездегі евгениканың басты мақсаты - малдардың асыл тұқымын шығару әдісін адамға колдана отырып, адамның таза, ак сүйек нәсілін шығару болды. Нобель сыйлығының иегері америка ғалымы Г. Меллер 1929 жылы адамның түқымын жақсарту үшін және атакты адамдардың генін ұрпактарға беру үшін, әйелдерді қолдан ұрыктандырудың тәсілін ұсынды. 30-жылдары Германияда евгеника ілімі ұлтшылдык идеологияға айналып, 1933 жылы адамды ұрықсыздандыру туралы заң қабылданды. Арнайы сот органдары құрылып, ұрықсыздандыру туралы істерді қарады. Тұқым куалайтын ауруы бар адамдарды міндетті түрде ұрықсыздандырды. «Бір нәсілдің басқа нәсілдерге қарағанда рухани және ақыл-ойы жағынан артыкшылығы бар» деген нәсілдік теория құрылды. Кеңестер Одағында 20-жылдары евгеника қоғам ретінде құрылып, өзінің журналы болған. Бірак кейіннен евгеникалық көзқарастар мемлекеттік идеологиямен сәйкес келмей, зерттеулер тоқтатылды. Евгеника саласында істеген ғалымдар есімдік пен жануарлар генетикасына ауысты.

Медициналық-генетикалық кеңес. Болашақ ұрпақты тұқым қуалайтын түрлі ауыр зардаптардан сақтандыру үшін адам генетикасы мен медициналық генетикада жүргізілген зерттеулер қолданылады. Дүниеге ауру ұрпақты келтірмеу үшін ата-ананың екеуінің де дендері сау болу керек. Кейде ерлі-зайыптылардың екеуінің де дендері сау болғанымен, олардың тегінде тұқым қуалайтын ауру болса ол келесі ұрпаққа беріледі. Мысалы, жігіттің шешесі эпилепсия (қояншық) ауруымен ауырса, ал әкесі сау болса, ол жігіт эпилепсик болмайды. Себебі оның әкесінен алған доминантты гені эпилепсияны анықтайтын шешесінен алған рецессивті генді жеңіп шығады. Егер дәл осындай жағдайдағы қыз жоғарыда келтірілген жігітке тұрмысқа шықса, өздері ауру болмағанымен, олардан ауру балалар дүниеге келуі мүмкін. Себебі оларда эпилепсияның гені бар.

Жалпы ауру немесе кеміс ұрпақтың дүниеге келуі отбасы мен ата-ана үшін үлкен қайғы-қасірет. Сондықтан отбасын құратын, әсіресе, тегінде тұқым қуалайтын кемістіктер бар адамдар медициналық-генетикалық кеңес алғаны жөн. Мұндай кеңес беретін орталықтар қазір Қазақстанның көптеген қалаларында бар.

Қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, әсіресе, судың, ауаның және азық-түліктің мутагендік және канцерогендік әсерлері бар заттармен ластанбауына соңғы кездері көп көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, дәрі-дәрмектер мен тұрмыстық химиялық препараттардың және түрлі косметикалық заттардың “генетикалық залалсыздығы” мұқият тексеріледі. Сайып келгенде, мұның барлығы адамда тұқым қуалайтын кемістіктердің мөлшерін азайту мақсатында жасалады.

Тағы бір ескертетін нәрсе, алкогольді ішімдіктерді ішу мен темекі тарту, әсіресе, есірткіні қабылдау болашақ ұрпақ үшін өте қауіпті. Себебі, олар гендер мен хромосомаларды улап, өзгертеді. Соның салдарынан тұқым қуалайтын аурулар мен кемістіктер пайда болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Генетиканың этикалық мәселелері: жаңа евгеника, гендік инженерия және генетикалық ақпарат
Семей және Батыс Қазақстан полигондары: тарихы және экологиялық-медициналық зардаптары
Семей ядролық полигоны: сынақтар тарихы, экологиялық-медициналық зардаптары және жабылуы
Қазақстандағы ядролық сынақтардың тарихы мен зардаптары: Семей полигонының экологиялық және медициналық әсерлері
Семей ядролық полигонының сынақтары және экологиялық-медициналық зардаптары
Қазақстандағы қоршаған ортаның ластануы мен генетикалық зардаптары: Семей полигоны мысалында
Ұлттық педагогикаға негізделген жас ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық код пен медициналық-генетикалық білімнің рөлі
Психологиялық аурулардың тұқымқуалауы: психогенетика және медициналық-генетикалық кеңес
Медициналық биохимияның мәселелері: жасушалық, генетикалық және экологиялық аспектілер
Пренатальды диагностикалау әдістері және медициналық генетикалық кеңес берудің негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz