БАЛАБАҚШАДАҒЫ МЕРЕКЕЛЕР - БАЛАЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУДЫҢ МАҢЫЗДЫ АСПЕКТІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
БАЛАБАҚШАДАҒЫ МЕРЕКЕЛЕР - БАЛАЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУДЫҢ МАҢЫЗДЫ АСПЕКТІ

Сарбақыш Жамиля. 0108000 Музыкалық білім беру мамандығының 3курс студенті
Жумабаева Ғ.А. Музыкалық пәндер оқытушысы
Астана Халықаралық Университетінің Педагогикалық колледжі

Аннотация
Праздничные утренники играют важную роль в социализации и формировании разносторонне развитой личности. В данном докладе затрагиваются воросы организации праздничных утренников в детском саду как один из значимых аспектов в прививании творческого начала у детей дошкольного возраста.

Annotation
Holiday matinees play an important role in socialization and the formation of a versatile personality. This report touches upon the issues of organizing holiday parties in kindergarten as one of the significant aspects in instilling creativity in preschool children.
Ключевые слова: Детский сад. Воспитание ребенка. Праздничные утренники. Социализация. Пение. Игры. Творчество. Развитая личность.

Key words: Kindergarten. Child education. Festive matinees. Socialization. Singing. Games. Creation. Developed personality.

Балабақшадағы мерекелер - баланы әлеуметтендірудің бірден-бір құралы. Ол бір жағынан тұлғаның қалыптасуына, құрбы-құрдастарына, қоғамға тән рухани құндылықтар мен нормаларды, білімді игеруге мақсатты түрде бағытталса, екінші жағынан адамның қалыптасуына аяқ астынан әсер ететін әлеуметтік бақылау үрдістері болып табылады. Мерекелердің әлеуметтік-мәдени белгісі мәдени байлықты, тәрбиені игерген ұжымның толыққанды мүшесі бола алатын баланың тұлға ретінде қалыптасуының көрсеткіші.
Балаға мерекенің өзін іс жүзінде көрсетіп, оған қатыстыру тұлға ретінде қалыптасуы үшін маңызы зор. Сол себептен мерекеге қатысу, өзін көрсету бала үшін маңызды. Мерекеге қатысу барысында бала өзін іс жүзінде көрсетеді. Мерекелер арқылы адамның ой-өрісінің дамуы көрінеді.
Мерекелік іс-шара адамның тәртібіндегі өзін қоршаған басқа адамдармен қарым-қатынасын және туындаға әртүрлі қиындықтарды жеңу үшін де пайдаланылады. Д.Б.Эльконин мереке тәсілдерінің емдік мағынасын бағалай келе, былай деді: Мерекенің эффектісі бала рөлдік ойын кезінде алған жаңа әлеуметтік қарым-қатынастың тәжірибесімен анықталады.[1] Мерекелік кештер баланы үлкендермен, құрдастарымен нағыз қарым-қатынасқа үйретеді. Әр түрлі сатыдағы қарым-қатынастың емдік эффектісі болады.
Балабақшадағы мерекелер және олардың балалар шығармашылығын дамытуға тигізетін ықпалы зор. ҚР президненті Н.Ә. Назарбаев 2008 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан халқына жолдауында: Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы мектепке дейінгі білім беруге аса назар аударған жөн және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту - деп баса назар аударған еді.[2]
Біз өз зерттеуімізде көздейтін мақсатымыз - балабақшадағы мерекелердің тақырыптары мен мазмұнына терең үңіле отырып, олардың балалар шығармашылығын дамытуға қосатын үлесін салмақтау, маңыздылығын ашу.
Жан-жақты дамыған тәрбиелі, талантты ұрпақ тәрбиелеу мәселесі қай кезеңде болмасын өзектілігін жоймайтыны анық. Болашақ ұрпақ тәрбиесін жүргізу, оның маңыздылығын арттыру және тәрбие құралдары мен жүзеге асыру амалдарын жетілдіру мәселесі педагог-ғалымдарды қашаннан толғандырып келе жатқан өзекті мәселе. Ақыл-ойдың және физикалық дамудың, адамгершілік тазалық пен өмірге және өнерге деген эстетикалық көзқарастар - бірбұтас жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастырудың бірден бір қажетті шарттары.
Мектепке дейінгі музыкалық тәрбие беру мәселелері және оның педагогикалық негіздерін кеңестік педагогтар: В.А. Сухомлинский, Б.В. Асафьев, А.П. Усова, В.Н. Шацкая, М. Румерд, Н.А. Ветлугинаның және т.б. көптеген ғылыми педагогикалық еңбектерінен білеміз және сол қалыптасқан педагогикалық концепцияларға музыкалық тәрбие беру үрдісінде үнемі табан тірейтініміз анық. Дегенмен, жаңа заман талаптарына сай Қазақстандағы білім-ғылымды қалыптастыру және дамыту саясатын жүзеге асыруда отандық педагогиканың үнемі ізденістер үстінде екенін байқаймыз. Қазіргі білім берудің жаңартылған негіздерін қалыптастыру жолында музыкалық педагогикада оқытудың мазмұнында: ұлттық болмыс, мазмұн, сипаттың орын алуы заңды көрініс. Біздің міндетіміз - ... .ұлтжандылықты дамытуға аса көңіл бөлу - делінген ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы Қазақстан халқына жолдауында.[3]
Мектепке дейінгі жастағы балаларға музыкалық тәрбие - талғамдық, эстетикалық тәрбие беру ісінің негізгі саласы болып табылады. Эстетикалық тәрбиелеу мәселелерін мектепке дейінгі жастағы балаларға Құлжанова Н., Меңжанова К., Меңдаяқова Қ.М., Левченко Т.А., Жұмабекова Ф.Н. және т.б. зерттеген. Балабақшадағы музыкалық тәрбие берудің әдістемелік негіздерін жасауда: Р.К. Дүйсембинованың, Г.А. Праслованың оқу-әдістемелік кұралдарының, Д.К. Ксенова, Ш.К. Есмамаганбетова, А.А. Маулетовалардың Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру оқу құралының, А.Қ. Досмағамбет пен В. Франктың Өлең музыкалық-зерттеушілік орталығынан шығарылған жыл мезгілдеріне арналған балаларған арналған әндердің Күз, Қыз, Көктем, Жаз атты Зерек ботақан Альманахтар топтамасы. Көкшетау-Санкт-Петербург, 2012, 2013. Және тағы да басқа ғылыми-зерттеу баяндамалардың да үлесі зор. Дегенмен, балабақшадағы музыкалық тәрбие беру әдістемесіне арналған қазақ тіліндегі оқу және оқу-әдістемелік құралдар саны әлі де болса аз. Біздің зерттеу нысанымызға байланысты баяндамамыз осы мәселенің аталмыш аспектіне қосатын аз да болса үлесіміз деп есептейміз.
Балабақшадағы мерекелер, олардың жыл мезгілдеріне бөлінуі және атаулары
Күз: 1 қырқүйек ,Алтын күз
Қыс: Тәуелсіздік мерекесі, Жаңа Жыл
Көктем: 8 наурыз, Қош келдің, Әз Наурыз!, 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірілігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейіңгі ұйымдағы мерекелер мен сауықтар
Балаларды мектепке шығарып салу мерекесі
Балабақшадағы мерекелік ертеңгіліктің түрлері
Барлық дауысты дыбыстарды анық айту
Балабақшадағы мерекелер балалар өмірінде
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің әдістемесі
Музыкалық тәрбие
Балалардың еңбек тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбекке бейімдеудің педагогикалық шарттары
Мектепке дейінгі балаларға ән салуды үйрету
Пәндер