Мәңгілік Ел идеясының маңызы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Мәңгілік Ел идеясының маңызы және оның мемлекетіміздің дамуына қатысты ықпалы туралы кеңінен пайымдау және сараптамалық өзіндік пікір ұсыну.

« . . . БІЗДІҢ БІР ҒАНА ОТАНЫМЫЗ - ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН . БІЗ БОЛАШАҚҚА КӨЗ ТІГІП, ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗДІ « МӘҢГІЛІК ЕЛІ ЕТУДІ МҰРАТ ҚЫЛДЫҚ . ОСЫ ИДЕЯНЫ ӘРҚАЙСЫСЫМЫЗ СЕЗIНIП, ӨМІРЛІК САБАҚ РЕТІНДЕ ТҮЙСЕК, ОСЫ ЖОЛДА БАР ӘЛЕУЕТІМІЗДІ САЛСАҚ, 2050 ЖЫЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН « МӘҢГІЛІК ЕЛГЕ ЖЕТЕТІНІМІЗГЕ СЕНІМДІМІН! ӨТКЕН ТАРИХЫМЫЗҒА ТАҒЗЫМ ДА, БҮГІНГІ БАҒЫТЫМЫЗҒА МАҚТАНЫШ ТА, ГҮЛДЕНГЕН КЕЛЕШЕККЕ СЕНІМ ДЕ « МӘҢГІЛІК ЕЛ » . Н. Ә. НАЗАРБАЕВ

Бұл жолдау Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария етті.
Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - Мәңгілік Қазақстан жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті . . . Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де Мәңгілік Ел деген құдіретті ұғымға сыйып тұр деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктеді.
Адам - қашанда еркіндікті, бостандықты аңсайды, тек аңсап қана қоймай, сол үшін әдіс-тәсіл іздейді, күреседі.
Бостандық, еркіндік, тәуелсіздік - асыл арман. Оған жетудің жолы әрқилы. Негізгісі екеу. Бірі - күрес жолы, екіншісі келісім жолы. Ал тәуелсіздікке қол жеткізген соң оны сақтап қалу, одан да қиын. Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін ел ішінде алауыздық болмау керек. Ал, ол үшін халыққа біртұтас идея, алға жұмылдыратын бағыт, мақсат - мұрат керек.
Ұлттық идея - халық мұраты. Бұл бiр көптен көтерiлiп жүрген тақырып.
Идея - грек сөзi, образ, ұғым, түсiнiк мағыналарында қолданылады. Атқаратын мiндетiне қарай идея алуан-алуан қырымен көзге түседi. Мәселен, бiрде ол сырт дүниенi бейнелейтiн қоғамдық сананың пiшiнi болса, ендi бiрде адамның басты сенiмi орнына жүредi.
« Мәңгілік ел - ата - бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз . Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді . Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді . Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық . Мәңгілік елдің іргесін қаладық . Мен қоғамда « қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек » деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін . Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар . Ол - мәңгілік ел идеясы . Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді . Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық . Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады . Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті . Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел ».
Қазақстан 2050 МӘҢГІЛІК ЕЛ Жалпы, біз ұлттың бірлігі, толеранттылық және еркіндік пен теңдік туралы халқымыздың сан ғасыр бойғы армандарының орындалуына бағытталған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың саяси бағытын қолдауымыз керек . Себебі, Қазақстан атты туған еліміз күннен - күнге көркейіп, гүлденіп келеді . Егер биік белестерді бағындырамыз десек, алдымызға ұлы мұраттар мен асыл мақсаттар қоя білгеніміз жөн . Сонда ғана Қазақстан дүниежүзінде беделді, белгілі, айшықты орынға ие болары сөзсіз . Әрине, дамыған алпауыт елдердің қатарына қосылу үшін әлі де қажырлы еңбек ету қажет . Алайда осы жолда бізге ешқандай кедергі келтірілмегенін ескерген жөн . Бүгінде Қазақстан жастары әлемнің қай елінен білім аламын десе де өз еркі . Тек жиған білімі мен талабы болса болғаны . Сол үшін ел болашағы жалынды жастардың қолында екенін естен шығармаған жөн . Ал жас ұрпақ өз кезегінде сапалы білімнен нәр алып, алға қойған мақсатына жету жолында аянбай тер төгуі қажет.
Менің ойымша бұл жолдау халықты бірлікке шақыратын, елдің басын қосатын елеулі оқиға.
Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де Мәңгілік Ел деген құдіретті ұғымға сыйып тұр деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын. Тарихи құндылығымыз болған тәуелсіздік идеясының негізінде сол ұлттың тағдыры, ұлы тұлғалардың ерен еңбегі жатыр. Тәуелсіздіктің бабаларымыздың сан ғасырғы арманымен келгенін Елбасымыз әрдайым қазіргі ұрпақтың есіне салып отырады: Мәңгілік Ел идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Ел тағдырының мәні азаттықтыққа қол жеткізіп, тәуелсіз мемлекеттілікті сақтау болса, осы жолда қаншама алаш зиялылары тәуелсіздік үшін күрес жолын жалғастырды. Кешегі кеңестік кезеңде де ғасырларға созылған тарихы бар қазақ елін жоққа шығаруға бағытталған әрекеттерге тойтарыс беріліп, қазақ жері деген ұғымның сақталып қалу жолында ерен еңбектер атқарылды. Қазақ халқының тарихында ғұндардан бастау алатын Мәңгілік ел идеясын тасқа қашалған Орхон-Енисей жазбаларынан бастап қайда барса көрге кезіккен Қорқыт ата мен өмір бойы жерұйықты іздеп өткен Асан қайғы бабамыздан кездестіруге болады. Олардың әрекеттерінің негізінде де осы мәңгілік ел болуға ұмтылған, мәңгілік елді орнатуға деген құштарлық жатты. Асан қайғы - елдің ертеңінің жарқын, еркіндігі мен бақытының баянды болғанын армандап, қазақ жерінің түкпір-түкпірін аралап, жайлы қоныс табудың жолын іздеген данышпан. Оның аңсағаны елді орнықтыратын жайлы мекен тауып, елдің мәңгілігін жаңғырту еді. Оның іздеген жерұйығының мәні халқы тәуелсіздік құндылығын ұлықтайтын, ел-жұрты бейбіт өмір сүретін, адамгершілік пен бауырластықты ту етіп, татулықта ұйысып өмір сүретін құтты қонысты табуда болды. Мәңгі ел» - арғы бабаларымыздың ұлы интеллектуалдық серпілісі. Күлтегін жазуында «Мәңгі» сөзі бес рет қолданылған. Қандай жағдайға байланысты қолданылғанына назар аударумен де мәні мен маңызына көз жеткізе аламыз. «Өтікен жерінде отырып, керуен жіберіп отырсаң, онда мұңың жоқ. Өтікен жынысында отырсаң, мәңгі ел тұтып отырар ең сен», делінген ескерткіште. Осы тектес қағидатты Білге қаған, Теркін мәтінінен де оқимыз. Мұндағы Өтікен - түркілердің астанасындай қасиетті жері. Байырғы түркілер өз мемлекетінің астанасын ерекше құрметтегенін әсте кездейсоқтыққа балауға болмайды. Ол - мемлекетшіл сана мен рухтың ажырағысыз серігі. Ендеше, мәңгілікке тірек боларлық орда керек екен. Ең кереметі - «Мәңгілік Ел» идеясы да Қазақстанның жаңа Елордасы Астанада паш етілді ғой. Күлтегін жазуы былай дейді: «Нендей бір айтар сөзім болса, мәңгі тасқа бастым. Мұны көріп біліңдер, түрік халқы, бектері, бөдке (таққа) кіріптарсыңдар ғой, жұртыңмен бірге жаңылғышсыздар ғой сіздер». Бұл қағидаттан екі қорытынды шығаруға болады: бірі - билік пен билеуші мемлекеттің даму стратегиясын, ішкі және сыртқы саясатын анықтағанда қателікке жол бермеу керектігін, екіншісі - билік пен халық арасындағы ынтымақ, түсіністік мәңгіліктің кепілі екенін баса көрсету.
Мәңгілік Ел» идеясын жариялаған «Қазақстан - 2050» Стратегиясында: «Экономикада, саясат пен әлеуметтік тұрмыста ешбір секіріске, жөнсіз сынақ пен авантюраларға жол беруге болмайды. Айналамыздағы әлем қалай тез өзгеретін болса, еліміз бен қоғамымыз да солай жылдам өзгеруге тиіс», - дегені бәріміздің есімізде. Күлтегін жазуында мынадай жолдар бар: «Көңілдегі сөзімді он-иелік ұрпағыңа, кірмелеріңе дейін бұны көріп біліңдер. Мәңгі тас тоқыттым». Бұл тұжырымның мәнісі, біздіңше, мынада: ұрпақтар жалғастығы қаншалықты маңызды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу
Бабаларымыздың арманы
Мәңгілік ел ұлттық идеясының мәні мен маңызы
Бастауыш білім деңгейінің 1-4 сынып пәндері бойынша Мәңгілік Ел жалпы ұлттық идеясының құндылықтарының енгізілу жағдайы
Оған жетудің жолы әрқилы
Мәңгілік Ел ұлттық идеясының құндылықтары және мәні
1991 жылғы Тамыз төңкерісі. КОКП қызметін тоқтатуы
Мәңгілік ел идеясы
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
Қалған ұлттар диаспора
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz